84
Дәнекерлеу әдісіне қарамастан жапсарларды көріністер мен тіліктерде
қалыңдығы 2s тұтас сызықпен (6.55, 6.56 суреттер) кескіндейді.
Дәнекерленген біріктіру жапсарына нұсқамасы бар шығару сызығын
жүргізеді. Бұл сызықтың ортасына дәнекерлеудің доға түріндегі шартты
белгісін қояды. Периметр бойынша орындалған жапсарлар үшін (6.56 сурет)
шығару сызығын диаметрі 3-4 мм шеңбермен аяқтайды. Шығару сызығынан
сөре жүргізіледі. Оның үстіне жапсар типінің шартты белгісі және қорытпа
маркасы мен жапсардың сапасына қойылатын талаптары көрсетілген
техникалық талаптар пунктінің нөмірі қойылады.
Тиісті стандарт немесе техникалық шарттар бойынша қорытпаның
белгілеуін сызбаның техникалық талаптарында мына типтегі жазба түрінде
келтіру қажет: «ПОС40 ГОСТ...».
Желімделген біріктірулер. Желімделген біріктіру деп бұйымның
құрамдас бөліктерін желіммен біріктіру нәтижесінде алынған ажырамайтын
біріктіруді айтады. Желімдердің әсері желім қабықшасы мен желімделген
материал беттерінің арасындағы молекула аралық байланыстардың пайда
6.55 сурет - Жапсарлар түрлері
6.56 сурет –Дәнекерленген және желімделген жапсарлардың
швов
85
болуына
негізделген.
Желімделген
біріктірулерді
құрамы
әртүрлі
желімдермен орындайды. Ағаш, пластмасса және металл бөлшектер мен
конструкцияларды біріктірудің мұндай әдісі өнеркәсіпте кеңінен қолданыс
тапқан. Кейбір жағдайларда бұл әдіс пластиктен жасалған бөлшектерді
біріктіру үшін мүмкін болатын жалғыз ғана әдіс болып табылады. Желімдеуді
шартты кескіндеу мен белгілеудің ережелері дәнекерленген біріктірулер үшін
жоғарыда баяндалғандармен толық сәйкес келеді, тек бар айырмашылығы
дәнекерлеу белгісінің орынына негізгі тұтас сызықпен орындалатын желімдеу
белгісі Κ (6.55 сурет) қолданады.
Прибор жасауда кең таралған кейбір желімдердің маркалары 6.2 кестеде
келтірілген.
Желімдеуші заттың белгілеуін техникалық талаптарда мына типте:
Желім БФ-10Т ГОСТ 22345-77, ал қарапайым жағдайларда – шығару
сызығының сөресінде көрсетеді.
7 Құрастыру бірліктерінің сызбалары
7.1 Бұйымдар туралы жалпы мәліметтер
Баршаға белгілі, кезкелген өндірістік процестің нәтижесі болып бұйым
табылады. ГОСТ 2.101-68 бұйым ұғымын өндірісте анықтайды. Басқаша
айтқанда, өнеркәсіптің кәсіпорындарымен өндірілетіннің барлығы бұйым
болып табылады. Бұйымдарға мыналарды жатқызуға болады: кешендер,
комплектілер, құрастыру бірліктері және бөлшектер (7.1 сурет).
6.2 кесте - Желімдер маркалары
Желім маркасы
Стандарттың белгілеуі
Пихталық бальзам
ГОСТ 2290-76
Бальзамин
Бальзамин-М
Бальзамин-М2
Акрилды
ОК – 50П
ОК – 72ФТ5
ОК – 90М
УФ – 215
ТКС – 1
ММА
ГОСТ 14887-80
БФ – 2
БФ 2Н
БФ - 4
БФ – 6
БФР - 2
ГОСТ 12172- 74
86
ГОСТ 2.101-68 сәйкес құрастыру бірлігі дегеніміз – өндіріс орнында
құрастыру операцияларымен (бұраумен, дәнекерлеумен, престеумен,
қайырмалы тойтарумен, желімдеумен, тігумен, қалаумен және т.б.) жасалатын
бұйым. Құрастыру бірліктерінің мысалдары болып мыналар табылады:
автомобиль, станок, микромодуль, редуктор, пісірмелі тұрқы.
Қажет болған жағдайда құрастыру бірліктеріне сондай-ақ мыналарды
жатқызады:
а)
конструкциясымен
оны
құрамдас
бөліктерге
бөлшектеу
қарастырылған бұйым, мысалы қаптама қорапқа салу мен тасымалдауға
қолайлы болуы үшін;
б) жалпы атқарушылық мақсатқа арналған және жасаушы кәсіпорында
басқа құрастыру бірлігінде бірге орнатылатын құрастыру бірліктерінің және
(немесе) бөлшектердің жиынтығы мысалы, станоктың, автомобильдің,
ұшақтың электр жабдығы; ойып орнатылатын құлыптың құрамдас
бөліктерінің комплектісі (құлып, құлыптаушы планка, кілттер);
7.1 сурет – Бұйымдар
түр-
лері
87
в) жалпы атқарушылық мақсатқа арналған және жасаушы кәсіпорында
қаптама құралдарға (футляр, қорап және т.с.с.) бірге салынатын және де
соларға бірге салынған бұйымдармен қоса пайдаланылуы қарастырылған
құрастыру бірліктерінің және (немесе) бөлшектердің жиынтығы, мысалы,
готовальня, ұзындық өлшемдерінің шеткі жазық параллель комплектісі.
Бөлшек құрастыру бірлігінің бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып табылады.
ГОСТ 2.101-68 сәйкес бөлшек дегеніміз- ол құрастыру операциялары
қолданылмай, тек біртекті материалдан жасалынған бұйым. Мысалдары:
бұрама; құйылған тұрқы; биметалл табақ темірден жасалынған пластина;
баспа табақ, кабель кесіндісі немесе берілген ұзындықтағы өткізгіш сым.
Бөлшектерге сондай-ақ, қаптамамен қапталған (қорғағыш немесе әшекейлі)
немесе жергілікті пісіруді, дәнекерлеуді, тойтармалауды, тігуді және т.б.
қолданумен жасалынған бұйымдарды да жатқызады. Мұндай бөлшектердің
мысалы болып мыналар табылады: хромдалған бұрама, табақ темірдің бір
кесіндісінен дәнекерленіп немесе пісіріліп жасалынған түтік.
Кешен - бұл жасаушы кәсіпорында құрастыру операцияларымен
біріктірілмеген, бірақ өзара байланысты эксплуатациялық функцияларды
орындауға арналған екі немесе одан да көп спецификацияланған бұйым. Бұл
бұйымдардың әр қайсысы, бүкіл кешен үшін тағайындалған бір немесе
бірнеше функцияларды орындау қызметін атқарады. Кешенге, негізгі
функцияларды орындаушы бұйымдардан өзге, көмекші функцияларды
орындауға арналған бөлшектер, құрастыру бірліктері мен комплектілер кіруі
мүмкін, мысалы: кешенді тікелей эксплуатациялау орынында монтаждауға
арналған бөлшектер мен құрастыру бірліктері; қосалқы бөлшектер
комплектісі және т.б.
Комплект - бұл жасаушы кәсіпорында құрастыру операцияларымен
біріктірілмеген және көмекші бағыттағы ортақ эксплутациялық мақсатқа
арналған бұйымдар жиынтығынан тұратын екі немесе одан да көп бұйым.
Комплектілердің мысалдары болып табылатындар: қосалқы бөлшектер
комплектісі, құрал саймандар комплектісі, қаптаушы қаптамалар комплектісі
және т.б. Комплектіге, сондай-ақ құрастыру бірлігін немесе бөлшекті
кіргізеді, және оның өзімен бірге басқа құрастыру бірліктерін және (немесе)
бөлшектерін, бұл құрастыру бірлігі немесе бөлшегі эксплуатациялау кезінде
көмекші
функцияларды
орындауға
арналған
жиынтығымен
бірге
шығарылады. Мысалдары: қаптама жәшігімен, қосалқы бөлшектерімен,
монтаждау
құрал-саймандарымен,
ауыстырмалы
бөліктерімен
бір
комплектідегі
осциллограф.
7.1
суретте
бөлшектердің,
құрастыру
бірліктерінің, кешендер мен комплектілердің өзара байланысы көрнекі түрде
көрсетілген. Бұйымдардың неғұрлым кең тараған түрлері болып бөлшектер
мен құрастыру бірліктері табылады. Бөлшектер мен құрастыру бірліктерін
жасауға қажетті барлық ақпарат конструкторлық құжаттамаларда беріледі.
Егерде кәсіпорында екі өлшемді конструкторлық құжаттама пайдаланылса,
онда бөлшектерді жасау үшін негізгі конструкторлық құжат болып, бөлшек
сызбасы, ал егер кәсіпорында үш өлшемді конструкторлық құжаттама
Достарыңызбен бөлісу: |