90
дейінгі,
көрші
қондырмаларға
дейінгі
арақашықтықтар,
бұйымды
орналастыру биіктігі және т.с.с.) дұрыстығы көрсетіледі.
Жөндеу құрастыру сызбасы жұмыс құжаттамасының комплектісіне
кіреді және оны бұйымды жөндеу кезінде пайдаланады. Бұл сызбада жөндеуге
жататын орын белгіленеді.
7.3 Құрастыру сызбаларының мазмұны
Құрастыру сызбасын жұмыс сызбаларының немесе берілген бұйымның
құрамына кіретін бөлшектердің эскиздері бойынша орындайды. Сызбадағы
кескіндердің саны неғұрлым аз болуы тиіс, бірақ бұйымның құрамдас
бөліктерінің конструкциясы мен өзара байланыстары туралы толық мағлұмат
алу үшін жеткілікті болуы керек.
Құрастыру
сызбалары
бөлшектердің
біріктіру
мінездемесін
анықтауға
мүмкіндік беретін тіліктермен
орындалады.
Егер
бұйым
қандай да бір көріністе сим-
метриялы фигура пішінінде
проекцияланса,
онда
көріністің жартысын тиісті
тіліктің
жартысымен
беттестіріп
орындау
ұсынылады.
Құрастыру
сызбасындағы
тілік
–
құрастыру
бірлігінің
құрамына кіретін бөлшектер
тіліктерінің
жиынтығынан
тұрады.
Тілік жазықтығына түскен бөлшектерді сызықтау кезінде мынаны есте
ұстау қажет: бір бөлшек барлық көріністерде бірдей сызықталады. Құрастыру
сызбасында бұйымның орын ауыстыратын бөліктері, әдетте жұмыс
жағдайында кескінделеді. Оларды жіңішке қос нүктелі үзілмелі сызықты (7.2
сурет, 1 позиция) пайдаланып, тиісті өлшемдерімен шеткі немесе аралық
орналасу жағдайларында кескіндеуге рұқсат етіледі.
Бұйымның құрастыру сызбасында шекаралық (көршілес) бұйымдарды
(«қалыптасқан жағдай») және олардың өзара орналасуларын аңықтаушы
өлшемдерін орналастыруға және мұнда «қалыптасқан жағдай» заттарын
жіңішке тұтас сызықпен (7.2 сурет, 2 позиция) қарапайымдандырып
кескіндеуге болады.
7.4 Құрастыру сызбасында өлшемдерді көрсету
Құрастыру сызбаларындағы өлшемдерді екі топқа бөлуге болады:
7.2 сурет - Аралық орналасу жағдайындағы
кескіні
кескіні
91
а) берілген құрастыру сызбасы бойынша орындалуға жататын
өлшемдер; оларға мыналар кіреді:
1) монтаждық өлшемдер, олар бұйымдағы бөлшектер мен олардың
элементтерінің өзара орналасуын аңықтайды, мысалы өстер арасындағы
арақашықтық, монтаждық саңылаулар және т.б;
2) эксплуатациялық өлшемдер, олар бұйымның жылжып бара жатқан
бөліктерінің шеткі жағдайларын және конструкцияның жеке элементтерінің
орналасу жағдайларын көрсетеді, мысалы поршеньнің, күйентенің,
қозғалтқыш клапанының жүрістерін;
3) құрастыру процесі кезінде және одан кейін орындалатын бөлшектер
элементтерінің
өлшемдері,
мысалы,
пісіруден,
тойтармалаудан,
дәнекерлеуден, престеуден кейінгі механикалық өңдеу жолымен;
4) біріктіру (қондыру) мінездемесі шартты аңықталатын бөлшектердің
түйісетін элементтерінің өлшемдері, мысалы, цилиндр мен поршеньнің, білік
пен мойынтректің шектік ауытқуларымен берілген түйісу өлшемі;
б) берілген құрастыру сызбасы бойынша орындалуға жатпайтын және
көбінесе сызбаны пайдаланудағы қолайылық үшін көрсетілетін өлшемдер
(аңықтама өлшемдер):
1) ауқымдық өлшемдер, олар бұйымның шектік сыртқы( ішкі) пішінін
анықтайды, мысалы бұйымның биіктігін, ұзындығын, енін. Егер бұл
өлшемдердің біреуі бөлшектердің орын ауыстыруының нәтижесінде
айнымалы болып табылатын болса, онда өлшемдердің екі шектік мәндерінде –
ең үлкені мен ең кішісінде көрсету қажет;
2) орнату және қосып біріктіру өлшемдері, олар бойынша элементтердің
шамалары аңықталып, берілген бұйым монтаждау орынына орнатылады,
немесе басқа бұйымға қосып біріктіріледі, мысалы, бұрандамаларға арналған
тесіктер мен тесіктер диаметрлері орналасқан фланецтердегі центрлік
шеңберлердің өлшемдері, бекіту тесіктерінің арасындағы арақашықтық,
бұранданың қосып біріктіру өлшемдері, сыртқы байланыс элементтерінің
қызметін атқарушы басқа да параметрлер,мысалы, модуль, тістер саны, тісті
дөңгелектердің тістерінің көлбеулік бұрышы мен бағыты және т.с.с.
Анықтамалық өлшемдерді жоғарыда көрсетілгендей сызбада * белгісімен
белгілеп, сызбаның техникалық талаптарында «* Анықтама үшін өлшемдер»
деген жазбаны жазады.
7.5 Сипаттізім. Құрастыру бірлігінің құрамдас бөліктерінің позиция
нөмірлерін түсіру
Жоғарыда айтылғандай, сипаттізім – бұл құрастыру бірлігінің, кешеннің
және комплектінің құрамын аңықтайтын мәтіндік конструкторлық құжат. Ол
конструкторлық құжаттарды дайындау, комплектілеу және бұйымдар
өндірісін іске қосу үшін қажет.
Сипаттізім А4 пішімінің жеке парақтарында (7.3 сурет) 1 және 1а
формалары бойынша (ГОСТ 2.108-68) орындалады. Құрастыру бірлігінің
құрамы бір ғана бастапқы параққа симайтын болған кезде 1 форма бастапқы
92
парақ үшін, ал 1а формасы келесі парақтар үшін қолданылады. Екі формада
атаулары бірдей графалар мен өлшемдерден тұрады және тек негізгі
жазуларының өлшемдерімен ғана ерекшеленеді. Бастапқы парақта 2
формадағы негізгі жазу, ал келесі парақтарда 2а формасындағы (ГОСТ 2.104-
2006) негізгі жазу қолданылады (сәйкесінше 2.5 және 2.6 суреттер).
Сипаттізімге бұйымға кіретін құрамдас бөліктердің тізімін, сондай-ақ осы
бұйымға қатысты конструкторлық құжаттарды енгізіп, сипаттізімді
жоғарыдан төмен қарай толтырады. Жалпы жағдайда сипаттізім келесі ретпен
орналастырылған бөлімдерден тұрады:
- құжаттама;
- кешендер;
- құрастыру бірліктері;
- бөлшектер;
- стандартты бұйымдар;
- басқа бұйымдар;
- материалдар;
- комплектілер.
Бұйым құрамына байланысты кейбір бөлімдердің болмауы да мүмкін.
Бөлімнің атауын «Аталуы» графасындағы жолдың ортасына (бірінші бас
әріптен өзгесін) кіші әріптермен бас атауы түрінде жазады және астын
жіңішке сызықпен сызып көрсетеді. Әрбір бас атаудың үстіңгі және астыңғы
жағынан бір бос жолдан қалуы тиіс (7.3 сурет). «Құжаттама» бөліміне
бұйымның конструкторлық кұжаттарының негізгі комплектісін құрайтын
құжаттардың атауларын енгізеді, мысалы құрастыру сызбасы, монтаждық
сызба, сұлба, техникалық шарттар, түсіндірме жазбалар және т.с.с.
Жолдардағы барлық жазбалар тек қана бір қатарға орындалады. Рамкадан
мәтін шекарасына дейін мынандай арақашықтықтар қалтырылуы керек:
жолдар басында 5 мм-ден кем емес, жолдар соңында -3 мм-ден кем емес.
"Кешендер" және "Құрастыру бірліктері" бөлімдеріне бұйымға тікелей
кіретін кешендер мен құрастыру бірліктерінің атаулары енгізіледі және өз
кезегінде оларға жеке құрастыру сызбалары сипаттізімдерімен бірге
орындалады.
"Бөлшектер" бөліміне бұйымға кіретін стандартты емес бөлшектердің
атаулары жазылады. Алдыменен жеке сызбалары (бөлшектердің жұмыс
сызбалары) орындалған құрастыру бірлігіне кіретін құрамдас бөліктерді
енгізеді,ары қарай сызбалары жоқ , бірақ құрастыру сызбасында және сипат-
тізімде көрсетілген берілгендері бойынша орындалатын бөлшектер жазылады.
"Стандартты бұйымдар" бөліміне мемлекеттік,республикалық, салалық
стандарттар мен кәсіпорын стандарттары бойынша жасалған бұйымдардың
атаулары жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |