234
А.Кӛшімбаев жазу жұмысының алдына қойылатын міндеттердің ең
бастысы оқушыны ӛз бетімен іздене алуға, кітаппен жұмыс істей білуге,
ӛмірден кӛрген, тұшынған мәселелеріне байланысты пікіp түйіп, ой
тұжыруға үйрету екенін айта келіп, шәкірттерді шығарма жазуға үйретудің
кейбір жолдарын ұсынады:
- тиісті мағлұматты оқушы үндемей отырып ойлап, іштей қайталап,
кейін ӛзінше мазмұндап шығу;
-
ӛмірмен байланысты жазу, оқушының мектептегі, жиналыстағы сӛзі,
баяндау хаты, ic қағаздарын жазу,
экскурсия,
саяхат есебі;
-
кітапқа
аннотация жазу
1
.
Ал шығарма жазу әдістемесін арнайы зерттеген ғалым Е.Дайрабаев
шығарманың оқушылардың шығармашылық ici, тӛл еңбегі екенін басты назарда
ұстап, жазба жұмысының белгілі бip тақырып бойынша ауызша не жазбаша
құрастырылған ӛзіндік топшылау мен пікіp екендігін дәлелдейді
2
.
Жазба жұмысы, соның ішінде шығарма жаздыру мәселесі жӛнінде
Р.Сүлейменова, С.Тілешова, Р.Құткожина, С.Рахметова, С.Мақпырұлы,
Ә.Мұхтарова т.б. әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.
Жазба жұмыстарын оқу үдерісінде жүргізу мәселесін арнайы қарастырған
С.Тілешова болды. Әдіскер негізінен кӛркем шығарманың мазмұны мен
құрылымын меңгеруге байланысты жазу жұмыстарының әдістемесі ретінде
қарастырды. С.Тілешова 8-10 сыныптарда жазылатын шығарма нысаны белгілі
бір дәуірде ӛмір шындығына байланысты туған оқиға, кӛркем бейне болып
есептелетінін, оқушы алған тақырыбын бүтіннің бӛлшегі етіп кӛрсетуге
талпынатынын айта келіп, оқушыларды шығарма
жазуға тӛселдіру кезеңінде
мәтіннің тақырыбы бойынша: сұрақ қойып, жауап алу, жоспар құру, кітаптан
фактілерді ipiктеп, ӛзіндік пікір білдіру сияқты жұмыстардың орындалуын
ұсынады.
3
С.Мақпырұлы шығарма жазуда ескеретін басты талаптарды кӛрсетеді:
1.тақырыпты
дұрыс таңдап алу;
2.оқушының ӛзі әңгімелеп, бағалап отырған кӛркем туындының
тақырыбы мен идеялық мәнін дәл,
айқын аша білу;
3.талдаудың жүйелі болуы;
4. шығарманың сауатты жазылуы (пунктуациялық, емлелік, стильдік
қателердің болмауы).
С.Мақпырұлы «Қазақ әдбиетінен шығарма жұмыстары» еңбегінде
шығарма жұмысының жоспарын тиімді кұру жолдарына біршама назар
аударады. Автор «шығарма жұмысына жоспар міндетті» деген кӛзқарастың
біржақтылығын айта келе, жоспар құруда кететін кемшіліктерге тоқталады.
Ол еркін тақырыптағы шығарма тіл байлығын, «кӛңіл сергектігі мен қиял
1
Кӛшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикалсы. А., Мектеп, 1969 217 б.
2
Дайрабаев Е. Мектепке шығарма жаздыру методикасының
кейбір мәселелері,-
Алматы: 1963,-56 б.
3
Тілешова С. Әдебиет сабақтарында жүргізілетін жазу жұмыстары (4-8кл.),- Алмат:
Мектеп, 1971,-66-68бет.