4
І БӚЛІМ
«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ»
І.1. ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНІҢ
МАЗМҦНЫ, ӘДЕБИ БІЛІМ КЕЗЕҢДЕРІ
1.Әдебиетті оқыту әдістемесінің ӛзіндік ерекшеліктері.
2.Әдебиет пәнін оқытуда мұғалімнің міндеттері.
3.Әдеби білім кезеңдері.
4.Әдеби білім кезеңдеріне сәйкес білім мазмұнының жіктелісі.
Әдебиетті оқыту әдістемесінің өзіндік ерекшеліктері.
Барлық ғылыми пәндер дүние тануға, адамның таным білігін қалып-
тастырудағы әсер-ықпалымен белгіленеді. Әр ғылым бұл міндетті ӛзінің
материалының кӛлеміне, зерттеу тәсіліне байланысты шешеді. Ал әдебиеттің
әдістемесі үлкен материалмен, яғни адамға қатысты жұмыс істейді. Адамды
оқыту және тәрбиелеу - қай ғасырда болсын ең маңызды міндеттің бірі.
Сабақ үдерісі ӛте күрделі құрылым болып есептеледі. Ол синкретті
білім мен еңбекті талап етеді.
Педагогика,
психология,
таным теориясы, педа-
гогикалық шеберлік, коммуникативті құзіреттілік, эмпатиялық қарым-
қатынас, жобалау мен жоспарлау құзіреттілігі т.б. кӛптеген қабілет – қарым-
ды қажет етеді. Мұғалім сабақтың әрбір сәттеріндегі әдіс-тәсілдермен қару-
ланған, теориялық жағынан терең білімге ие болуы сабақ үдерісінің дұрыс
бағытталуына үлкен септігін тигізеді.
Әдебиет мұғалімі жұмысының мазмұны, мақсаты мен міндеттері
негізінен әдебиет пәніне арналған бағдарламаларда белгіленген. Әр ұстаз ӛз
пәнінен сабақ беруді бастамас бұрын бағдарламаның түсінік хатын оқып,
әдебиетті оқыту міндеттерімен, бағдарламаның құрылысы және негізгі
мазмұнымен, кейбір әдістемелік нұсқаулармен, әдебиетке байланысты
сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлерімен жалпы айтқанда жүргізгелі
отырған курстың барлық мақсат, міндеттерімен жете танысып, ӛз ісіне
сауатты дайындықпен келуі тиіс. Алайда әдебиетті оқыту әдістемесінің ішкі
мазмұнында қамтылатын негізгі мәселелерді айқын әрі терең ұғыну үшін
бағдарлама мазмұны жеткіліксіз болады. Яғни ұстаз әдебиеттің бағдарлама-
сымен үстірт танысып, мойындап қана қоймай, әдістеме мазмұнының талап-
тілектеріне сай сын кӛзімен тексеріп, зерттеп, шығармашылықпен меңгеруге
міндетті. Тек сонда ғана ол әрбір сыныпта оқып үйретуге тиісті әдеби ма-
териалдардың ауыр, жеңілдігі, берілген сағат мӛлшеріне сәйкестігі, оқушы-
ларға берілетін әдеби-теориялық білімнің кӛлемі мен мазмұны, жүйелілігі,
ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстарының түрлері т.б. кӛптеген
мәселелер туралы ғылыми-әдістемелік қорытындыға келе алады.
Әдебиет пәнін оқытуда мұғалімнің міндеттері. Әдебиет әдістеме-
сінің мазмұнын белгілеудегі басты мәселелердің біріне мұғалімнің әдебиет
пәнін оқытуда қолданатын әдіс-амалдары, тәсілдері жатады. Бағдарламадағы
материалды ӛтуде кӛзделетін қорытынды нәтиже бір болғанымен әрбір
мұғалім бұл мақсатқа әртүрлі әдіс-тәсілмен жетеді. Негізгі мақсатқа қызмет
5
ететін жол мен әдіс-амалды таңдап алу мұғалімнен аса жауапкершілік пен
шеберлікті талап етеді. Себебі әдеби материалдың ерекшелігіне қарай әрбір
сабақтың ӛзіне тән тақырыбы, мақсаты, құрал - жабдықтары, әдіс-тәсілдері,
құрылысы мен сабақтың жүйесі, мазмұны болады. Сабақ ӛтілетін материал-
дың ӛзгешелігіне қарай, оқушыларға берілетін білім-дағдылардың түрлеріне
байланысты, оқушыларға берілетін білім-дағдылардың түрлеріне сай әр
алуан құбылып, түрленіп отыратын құбылысқа, күрделі оқу-тәрбиелік
үдеріске жатады. Әрбір сабақтың жақсы немесе сәтсіз ӛткенін дұрыс бағалау
үшін, оған ғылыми жолмен талдау жасалады. Талдауда барлық факторлар
есепке алынады. Сол факторлардың нәтижесінде ғана әрбір сабақтың сапалы
және сапасыз жақтарын ажыратуға мүмкіндік туады. Сӛйтіп, әдебиет
әдістемесінің негізгі міндеті:
мұғалім жұмысының әдістері мен тәсілдерін
ұстанымдық жолмен негіздеп беру. Бұл әдебиет
әдістемесінің ең басты мән-
мазмұны болып табылады.
Әдеби білім кезеңдері. Жалпы білім беретін орта мектептердегі әдеби
білім бағдарламасы екі кезеңге бағытталған: 5-9 және 10-11 сыныптар. Бұлай
бӛлінуі психологтардың еңбектеріндегі оқушылардың даму кезеңдерінің
сипатына байланысты. Бағдарламада әдеби білім компоненті және орташа
білімнің уақытша стандартының мазмұны кӛрсетіледі. В.В.Давыдовтың
«Дамыта оқыту теориясы»
1
еңбегінде «жетекші қызмет» термині қолданыла-
ды, ол баланың психикалық даму кезеңінде негізгі ӛзгерістерді кӛрсетеді.
Соның ішінде қоғамдық мәндегі қабілет балаларда 10-15 жасында қалыптаса
бастайды. Оған қоса еңбекқорлық, қоғамдық-ұжымшылдық, спорттық және
кӛркемӛнер бағытындағы қызметтерді де жатқызады. Жасӛспірімдерде
әртүрлі топ мүшесімен қарым-қатынас жасай алуы, ӛзінің мүмкіншіліктерін
бағалай алуы, яғни іс-тәжірибе нәтижесінен туындайтын сана қалыптаса-
тынын атап ӛтеді. Оқу-кәсіби қызмет жоғарғы сынып оқушыларында 15-тен
17-18 жаста пайда болады. Оларда кәсіби қызығушылықтары, ӛмірлік
жоспарларын құру қабілеті дамиды, тұлғаның адамдық және азаматтық
ұстанымдары, дүниетаным туралы негіздері қалыптасады.
Психологияның даму аймағында әртүрлі ғалымдардың пікірлерін
келтіре отырып, В.В.Давыдов А.Н.Леонтьева мен Д.Б.Эльконина адамның
тұлғалық және психикалық дамуының негізі оның қызметінің дамуында
деген ой білдіреді. Соған орай қызметтің сипаты және адамның психикасы
тұлға деп түсіндіріледі. А.В.Петровский үшін психика тұлғаның құрамына
кіреді, ал оның дамуы адамның қоршаған ортамен арақатынасының ӛзгеруі-
мен анықталады. Әр түрлі жастағы оқушылардың әдеби дамуы мен оқу
қызметі
әдістеме
ғылымда
да
зерттелген
(Н.Д.Молдавскаяның,
Н.И.Кудряшевтың, В.Г.Маранцманның, О. Ю. Богдановтың еңбектері т.б.).
Әдеби білімнің басты мақсаты отандық және әлемдік классикалық
әдебиетті, рухани байлықты қабылдау, кӛркем мәдени түйсік және тәрбие,
оның негізінде адамшылық, эстетикалық талғам, сӛйлеудің мәдениеті
қалыптасады. Әдеби білімнің мазмұнының негізі кӛркем мәтіндерді әдеби,
1
Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. М., 1996.