А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет95/103
Дата24.12.2019
өлшемі2,39 Mb.
#24826
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   103

219 
 
Үшіншісі, әдебиеттану мен сынның, шешендік ӛнер теориясын, кӛркем 
әдебиеттің    мүмкіндіктерін  қарастыратын  әдеби-әдістемелік  бағыт.  Біздің  
тоқталмағымыз,  әдебиет  пәнінің  оқушылардың  сӛйлеу  тілін  дамытудағы 
мүмкіндіктері жайлы болмақ.  
Қазақ  әдебиетін  оқыту  әдістемесінде  оқушылардың  сӛйлеу  тілін    мен 
жазба  тілін  дамыту  мәселелерін  қарастырған  әдіскерлер  (Ә.  Қоңыратбаев, 
А.Кӛшімбаев,  Р.Құтхожина,  Қ.Бітібаева,  Т.Жұмажанова,  т.б.)    тіл  дамыту 
жұмыстарының әдіс-тәсілдерін кӛрсететі.  
А.Кӛшімбаев:  «Мектепте  оқылатын  барлық  пәндер  сияқты  әдебиет 
сабақтарында  да  оқушылардың  ауызша  сӛйлеу  тіліне  талаптар  қойылып 
отырады»  дей  келе,    оқушылардың  сӛйлеу  тілін  дамыту  әдіс-амалдарын 
сипаттайды
1
. Әдіскердің ұсынған әдіс-амалдары: 
1.Мәнерлеп оқу. 
2.Мұғалімнің  ауызша  не  жазбаша  түрде  берген  сұрақтарына  байыпты, 
дәл, толық жауап қайтара білуге дағдыландыру; 
3.Оқылған шығарманың сюжетін баяндап айтып беру. 
4.Әдебиеттік  шығарма  кейіпкерлерінің  мінездемесін  ауызша  баяндап 
айтып беру. 
5.Оқытудың мазмұнын ауызша әңгімелеп айтып беру. 
6.Оқушының сабақ мазмұнын ауызша баяндап айтып беруі. 
Байқап  отырғанымыздай  әдіскердің  ұсынған  әдіс-амалдарының  денін 
ауызша мазмұндау жұмыстары құрайды. Ауызша мазмұндау жұмыстарының 
оқушының сӛйлеу тілін дамытудағы тиімділігі жӛнінде Ә.Қоңыратбаев та кӛп 
тоқталады.  Әдіскер-ғалым  ауызша  мазмұндау  жұмыстарындағы  кейбір 
олқылықтарды  айта  отырып,  мұғалімдер  тарапынан  ауызша  мазмұндау 
жұмыстарын оқушыға қатысты ӛрістете жүргізу талаптарын қояды.  
Р.Құтхожина  тіл  дамыту  бағытындағы  бірнеше  жұмыс  түрлерін 
кӛрсетеді
2

1.Сӛздікпен жұмыс. 
2.Мазмұндау:  а)  мәтінге  жуық  мазмұндау;  ә)  мәтін  мазмұнын 
қысқартып (тезис түрінде) мазмұндау; б) мәтіндегі сӛйлеуші жақсы  ӛзгертіп 
(бірінші жақтағы баяндауды үшінші не екінші жақта) мазмұндау; в) мәтіннен 
қажетті үзінділерді бӛліп мазмұндау; г) ауызша мазмұндау; д) сұрақ-жауап.  
3.Кӛркем мәтінге жоспар құру: а) жай жоспар; ә) күрделі жоспар.  
4.Шығарма жаздыру: а) белгілі бір әдеби тақырыпқа шығарма жаздыру; 
ә) сурет бойынша шығарма жаздыру; б) оқушылардың ӛзі байқаған, кӛрген-
білгендері бойынша шығарма жаздыру; в) инсценировкалар құрастыру т.б. 
Әдіскер Т.Жұмажанова да  осы аталған әдіс-тәсілдерді атайды
3
.  
Байқап  отырғанымыздай  оқушылардың  сӛйлеу  тілін  дамытуға  бағыт-
талған әдіс-тәсілдердің біразы 60 жылдардағы әдістемелік еңбектерде аталып, 
                                                           
1
 Кӛшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. А., Мектеп, 1969.  202-203 б. 
2
 Құтхожина Р. Қазақ әдебиетін оқыту/методикалық нұсқау/ 6 класс. А., Мектеп, 
1984. 6-б. 
3
 Жұмажанова Т.Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., Білім. 2009. 131-133бб. 


220 
 
жүргізіліп  келе  жатыр  деп  шамалауымызға  болады.  Әдістеме  ғылымында 
дамыта  оқыту    технологиясы  қарқын  алып,  әдіс-тәсілдер  толығып  келе 
жатқанымен, оқушылардың сӛйлеу тілі мен жазба тілін дамыту мәселесі әлі 
де  айқын  шешімін  таппай  келеді.  Оның  кӛптеген  себептері  де  бар.  Бүгінгі 
технология  заманында  оқушылардың  сӛйлеу  тілінің  дамуына,  кемелденуіне 
елеулі кедергілердің барын жоққа шығаруға болмайды. Олар: 
1.Күнделікті  коммуникативті  қатынастағы  вербалдық  жүйені  техника 
тілі ығыстырып келе жатқандығы. 
2.Сабақ  үдерісіндегі  әдіс-тәсілдердің  (ауызша-сӛздік  әдістерді  басқа 
әдіс-тәсілдердің ығыстыра түсуі) түрленуі. 
3.Оқушылардың білімін тексеру кӛбіне тестіге негізделуі.  
4.Оқыту үдерісіне компьютерлік технологияның басымдық жасауы. 
5.Оқушылардың  кӛркем  әдебиетті  оқуғы  қызығушылығының  тӛмен-
деуі, содан келіп туындайтын  сӛздік қордың оқушыда ӛз дәрежесінде қалып-
таспауы, сӛйлеу тілінің жұтаңдануы т.б. себептерді  атар едік. 
Ендеше,  оқушылардың  сӛйлеу  тілін  дамыту  мәселесінің  жаңа 
талаптарын, әдіс-амалдарын қарастыру керектігі айқын танылады.  
Мектеп  оқушыларының  сӛйлеу  тілін  дамыту  жұмыстары  бойынша 
кӛбірек  тиімділігімен  танылған  табысты  жолдың  бірі  коммуникативтік  іс-
әрекетке  негізделеді  десек  қателеспейміз.    Сондықтан  тіл  дамыту  жүйесіне 
«сӛйлеу қызметі» деген психолингвистік термин енгізілген.  
Сӛйлеу дағдысы сӛзге сүйенсе, сӛз ойдың жарыққа шығу формасы бола 
отырып,  адамдардың  қарым-қатынасының  негізін  құрайды.  Сонда  қарым-
қатынас  адамның  сӛйлеу  әрекетін  тудырушы    негізгі  түрткі  ретінде  таны-
лады.  
Сондықтан  әдебиет  сабағында  оқушылардың  сӛйлеу  тілін  дамыту 
жұмыстарын  коммуникативті  қызметке,  қарым-қатынас  үдерісіне  сүйене 
жүргізудің мәні зор.  
Оқушылардың  сӛйлеу  тілін  дамытудың  лингводидактикалық  бағыты 
сӛйлеу  қызметін  стильдік  жағынан  жетілдіре  отырып  шығармашылық 
үдеріске айналдыруды кӛздейді.  Бұл үдеріс белгілі бір жаттығулар нәтиже-
сінде жүзеге асатыны белгілі.  
Әдістемелік  еңбектерді  саралай  отырып  тіл  дамыту  мақсатындағы 
жаттығулардың  негізгі  бағытын  анықтадық.  Олардың    бір  тобына 
оқушылардың  эстетикалық  талғамы  мен  мәтінді  кӛркемдік  ерекшеліктеріне 
қарай  талдау  қабілеттерін  дамыту  бағытындағы  жаттығу  жұмыстарын 
жатқызуға болады.  
Келесі бір тобын сӛзді тиімді қажетіне қарай сұрыптап қолдана отырып, 
тыңдаушысына  әсер  ете  алу  қабілеттерін  дамытуға  бағытталған  жаттығулар 
құрайды.  
Енді бір бағыты сӛзді рӛлдік ойындарда тиімді қолдана білу, мақсатты 
түрде сӛйлеу әрекетін дамытуға бағытталған жаттығулар. 
Әдеби  мәтіндерге  ӛзіндік  кӛзқарастары  тұрғысынан  қарап,  сын-пікір 
айта  білу  қабілеттерін  жетілдіру  бағытындағы  жаттығулар  мен  мәтіндегі 
сӛздердің танымдық астарына үңіле алатын герменевтикалық талдау жасауға 


жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау