232
ең алдымен, оларды кӛркем ӛнер түрлеріне үйреткен. Олар, әрине, осылардан
сарай ақындары, суретшілері шықсын дегенді мақсат тұтпаған. Ӛз ұлтын,
мемлекетін ӛркендететін білімді, алғыр, болашақ данышпан шәкірттер
тәрбиелеу үшін, бірінші кезекте балалардың сезімталдығын, ойын, тілін
дамытуды қолға алған»
1
деген мәліметті айтады.
Шындығында бүгінгі қоғамның кӛркем әдебиетке салғырттығы, түптеп
келгенде шығармашылықты шектеуге әкелетін болжауға болады. Бүгінде
кӛптеген мектептерде жоғары сынып оқушыларын ұлттық бірыңғай тестіге
дайындау салдарынан әдебиеттің тарихи курсы ӛз мәнінде оқытылмайтын
тенденция етек жайып отырғанын мойындауымыз керек. Ал қазақ
әдебиетінің кӛрнекті тұлғалары, классик қаламгерлердің шығармаларының
кӛбі әдебиеттің қысқаша тарихи курсын оқитын жоғары сыныптарда екенін
еске салайық. Жалпы білім беретін мектептердің білімін қорытындылау
тестісіне математика пәні жаппай міндетті саналады. Оның ӛзіндік бір
себептері де бар болар. Ал неліктен оқушының шығармашылық қабілетін
қалыптастырушы әдебиет пәнін оқытуға, білім стандарты нұсқаған
оқытудың қалыпты міндетіне кӛңіл бӛлінбейді?! Сонда ертеңгі қоғам тетігін
қолына алатын жас буынға сезімталдық, шығармашылық, адамгершілік,
ұлттық рух, ӛз ұстанымына беріктік, табандылық басқа да адамгершілік
қасиеттер мен қабілеттер қалыптастыру маңызды болмағаны ма?!
Ендеше, оқушыға сӛз ӛнерін меңгерту – білім беру саласының да алға
қойған мақсаттарының қазығы болуға тиіс. Ол үшін оқытудың мазмұны мен
әдістемесін оқушылардың жас ерекшелігін, қызығушылығын, бейімділігін
ескере отырып түбірлі ӛзгерту, оқытудың шығармашылық сипатын күшейту,
сӛйтіп, баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол
ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндеті туындайды.
Оқушының жазба тілін дамыту мәселесінің зерттелу жайы. Кеңес
мектебі тәжірибесінде оқушылардың жазба тілін дамыту мәселесіне кӛңіл
бӛлініп, байыпты зерттеу жұмыстары жүргізілгеніне аз болған жоқ. Орта
және жоғары буында оқушылардың жазба тілін дамыту жұмыстарының
жүйесін, жазба жұмыс түрлерін, жазба жұмысына оқушыларды даярлау
жолдарын, мазмұндама мен шығарма жұмыстарын талдау жолдарын қарас-
тырған (В.В.Голубков, М.А.Рыбникова, С.А.Смирнов, Н.В.Колокольцев)
әдістемелік еңбектер кӛп. Әсіресе шығарма жаздырудың теориялық және
практикалық
жолдарын
қарастырған
еңбектер
(Н.В.Колокольцев,
В.В.Литвинов, В.А.Никольский, А.П.Романовская, И.П.Павлов т.б., қазіргі
әдіскер-ғалымдар: Ю.А.Озеров, Л.С.Айзерман, Н.П.Морозова, А.М.Гринина-
Земскова, О.Ю.Богданова, Л.В.Овчинникова, Е.С.Романичева, Т.А.Калганова,
т.б.) баршылық. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінде де бұл мәселе 60-
жылдардан бастап сӛз етіле бастаған. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінен
оқушылардың жазба жұмысы жӛнінде ғылыми еңбектерге талдау жасай
отырып: әдебиет пәнін оқытуда жазба тілін дамыту мәселесі кӛбіне
1
Әбдібекқызы Қ. Оқушылардың кӛркем шығармашылық қабілетін дамыту/кӛмекші
құрал/ А., Рауан. 1994 -18 б.
233
оқушыларға жазба жұмыстарын (мазмұндама, шығарма) жазып үйретуге
қатысты қарастырылғанын аңғардық. Сонымен қатар әдістемелік ізденістің
кӛбі жазба жұмыстарының ішінде шығарма жаздыруға арналады.
Оқушының жазба тілін дамыту мәселесі жӛнінен әдебиетті оқыту
әдістемесі
ғылымында
Ш.Кәpібаев,
Ә.Қоңыратбаев,
А.Кӛшімбаев,
Е.Дайрабаев, Т.Ақшолақов, Ә.Дайырова, С.Тілешова, Ә.Мұхтарова т.б.
еңбектерінде жазбаша сӛйлеуге баулу шығарма жазу жұмысы ретінде
қарастырылады.
Жазба жұмыстарын әдебиет пәнін оқытуда шығарманы жазба
жұмысының бipi ретінде қарастырған Ә.Қоңыратбаев жазба жұмыстарын пән
бойынша жүргізу оқушылардың тілін дамытуға, кӛркем мәтінді жинақтап-
саралауға және оларға ӛздігінен жұмыс жасатуға кӛмектесетінін кӛрсетеді.
Ол орта буын мен жоғары сыныптарда жазылатын шығарма жұмыстарының
ӛзіндік ерекшеліктеріне тоқталады. Әдіскер кӛркем мәтіннің танымдық рӛлін
жоғары қоя отырып, орта буында үш түрлі формада үйретілетінін айтады: а)
оқылған мәтін бойынша мінездемелік (публицистикалық); ә) оқушылардың
ӛзіндік тәжірибесіне негізделген еркін тақырыптағы шығармалар; б) оқиғаны
суреттеп жазу үлгісіндегі шығармалар. Ал 8-11 сыныптардағы жазба
жұмыстарын 1) тақырыптық (талдау), 2) публицистикалық, 3) әдеби-
творчествалық деп топтайды, бұлай сараптауда әдіскер жазба жұмысын
жалпылама қарастыра отырып, оқушылардың мәтінді оқи отырып, сол
негізде ӛздігінен ой толғам пайда болатындығын айтады.
Ә.Қоңыратбаев сондай-ақ әдеби-шығармашылық мәтіннің кӛркем
стильде жазылуына, бейнелі түрде суреттелуіне мән береді. Ол шығарма
жазу алдындағы тӛмендегідей алғышартқа: 1) мәтіндегі белгілі бip эпизодты
оқушының ӛзінше суреттеуі, 2) ӛлең; мазмұнын қара сӛзге айналдыру, 3)
тыңнан сюжет ойлап шығаруға тоқталып, оқушылардың осы мәселелерді
тәжірибе жүргізуде іске асыруын мақсат етеді.
1
А.Кӛшімбаев оқушылардың жазба тілін дамытуға мазмұндама мен
шығарманың тигізер пайдасын айта келіп, әрқайсысына сипаттама жасайды
2
.
Әдіскер оқушылардың шығарма жазуда ескеретін кейбір жұмыс
түрлерін айқындап, шығарма жазу үдерісінде оқушының мәтіндегі оқиғаға
байланысты кӛзқарасы, дәлелі болуын, жоспар кұра білуін, тақырыпты, мәтін
мазмұнын толық меңгеруін назарға алады. Сондай-ақ, мұғалім әңгімесі, тезис
жасату, қосымша материал жинастыру сияқты жұмыс түрлерін ұсынады. Ал
шығарма жаза білу дағдысына тӛселдіру мақсатында тӛмендегідей жұмыс-
тардың орындалуын міндеттейді:
1. шығармаға керекті материалды таңдап ала білу;
2. ойын тақырып бойынша да, тақырыпқа жасалған жоспар бойынша
да реттеп жаза білу;
3. ойына қорытынды жасай білу;
4. кepeкті цитаталарды тауып, оларды орнымен пайдалана білу.
1
Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы, А., Мектеп, 1966, - 111 б.
2
Кӛшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикалсы. А., Мектеп, 1969 207-208 бб.
Достарыңызбен бөлісу: |