21
Психологиялық заңдылықтарды әдістемелік заңдылықтармен қабат-
тастыруға келмейді. Әдістер жүйесін құруда оқушының психикалық ерекше-
ліктеріне үңілмегенмен, жас ерекшелігі мен психологиялық ӛзгерістерді
есепке алмаса және болмайды.
Психология ғылымдары аясында анықталатын оқушының жас мӛлше-
ріне байланысты дамуы мен ӛзгерістері оқу процесіне әсер етеді. Мәселен,
оқушының әр жастағы психологиялық ӛзгерістері, оқушы дағдарыстары,
содан туындайтын кейбір түсініспеушіліктердің болуы мүмкін жағдай.
Психология ғылымы 5-11-сыныптар аралығында оқитын оқушыларды
жас ерекшеліктері мен даму ерекшеліктеріне байланысты бернеше кезеңге
жіктейді:
1. 5-8 сынып оқушылар 11-14 жастағы жеткіншектер.
2. 15-17- жастағы жасӛспірімдер.
Психологтардың екі кезеңге жіктеген осы жастағы балаларының ӛзі әр
кезеңнің ӛз ішінде психологиялық ӛзгерістерде болады. Мысалы: жеткіншек
топқа жататын 5-8-сынып аралығындағы балалардың ӛздерінен үлкендерден
де жастарынан да ӛзгешелігі айқын кӛрінеді. Бұл ерекшелік жеткіншек
кезеңіндегі балалардың үлкендікке деген құлшынысының молдығына
байланысты. Жеткіншектердің әлеуметтік бағыты мен жалпы адамгершілік
ұстанымдарының қалыптасу негізі осы тұстан басталады. 5-сыныптардағы
оқушылар ӛздерінің сыртқы кейпін түзеуге аса әуес келеді. Сыртқы орта
әсеріне берілгіш, еліктегіш болады. Бұл әрекеттер 7-8-сыныптарда күшейе
түседі. Ӛзін-ӛзі бақылауға алатын тұсы, бір-біріне, ӛз-ӛзіне сын кӛзбен қарап,
ӛзіндік кӛзқарасының қалыптаса бастайтын тұсы — осы кезең.
Бұл ӛзгерістердің ӛзі оқушының дүниетанымы мен қызығушылығын
арттырып, болашаққа жоспар құруға жетелейді. Ӛзін болашаққа даярлау
кезеңі
психологтардың
(Л.С.Выготский,
Л.В.Занков,
А.Н.Лентьев,
Д.Б.Эльконин, Л.Буева, С.Кучинский) айтуынша 5-6-сыныптардан басталады.
Ӛзін білім, мінез-құлық сапасы жағынан ӛзгертуге ұмтылыс дәл осы
кезеңде басым болады. Сондықтан оқушының жеткіншек кезеңі кӛркем
әдебиетке деген ұмтылысы мен қызығушылығын тудыратын бірден-бір
қажетті де ұрымтал шағы.
Екінші кезең оқушыларының психологиялық ерекшеліктері де оқу
процесінде жіті бақыланып, есепке алынады.
Мектепте бағдарлама түзу мен оқу құралдарын даярлауда, оқулыққа
материал іріктеуде оқушының психологиялық даму ерекшелігі жіті ескеріліп,
есепке алынуы керек. Сонымен қатар, оқушылардың оқу материалын меңге-
рудегі зейін, ес, қиял, таным әрекетінің қаншалықты екендігі ескерілуі керек.
Баланың кішірек кезінде бәрі бір бағдарламамен оқып, бірге жүрген-
мен, әр баланың ӛзіндік бір ерекшеліктері байқала қоймайды. Оның болар-
болмас кӛріне бастауы, азды-кӛпті бір нәрсеге тұрақты қызығушылық
танытуы, не бір пәннен гӛрі екінші пәнге құлықты болуы да негізінен осы 7-
8-сыныптардан басталатынына кӛптеген педогогтардың, психологтардың
зерттеулерінде кӛз жеткізілген.
22
Жалпы оқыту тәрбие берудің қашанда баланы жетілдіру, дамытуға
арналғандығы кімге де болса мәлім. Солай бола тұра, әдістемелік тұрғыдан
білім беру, дамыту, жетілдіру ерекше тиімді болу үшін осы бағытты ұстанып,
оқушыны сенсорлық қабылдау (латынның «Sensus» – деген сӛзінен шыққан –
сезім, сезіну) туғызатын, қозғалыста болатын, зияткерлік және еркін шынық-
тыратын, эмоциялық күй туғызып, баланың ырқына әсер етерлік жұмыс
түрлерін үнемі қосып отыру қажет.
Дәстүрлі түрде ғылымдар гуманитарлық, жаратылыстану және техни-
калық болып бӛлінеді. Пәндердің цикл-цикл болып топтастырылуы бәрінің
қарастыратын нысандарына сәйкес (қоғам, табиғат, еңбек) екендігі белгілі.
Бүгінде әрбір жеке ғылым саласының екінші бір ғылыммен байланыс-
тылығы артып отырған тұста мектепте жүргізілетін әрбір оқу пәнінің
мазмұны мен құрылысындағы кірігіп кеткен (интеграциялық) байланыс-
тардың маңызы ӛте зор. Бүгінде ол ерекше мәнге ие болып отыр. Ғылымның
осы бӛлінуінің ыңғайы оқу пәндерінің берілуінде ескеріледі.
Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымы бірнеше ғылымдар аясында дамып,
ӛзінің әдіснамалық негізін айқындаған арнайы ғылым саласы болып табы-
лады. Оны тӛмендегі модельден кӛреміз:
Сонымен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің әдіснамалық негіздері
осы пәнді оқытудағы басты ұстанымдарды, қағидаларды, кӛзқарастар жүйе-
сін айқындайды. Жоғары оқу орындарында қазақ әдебиетін оқыту әдісте-
месінің арнаулы кәсіптік-бағдарлы пән ретіндегі мәні мен маңызды-лығын
Педагогика
Философия
Әдебиеттану
Әлеуметтану
Психология
ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дәстүрлі әдіс-
тәсілдер
Инновациялық әдістер
Интеграциялық
байланыс
Өзді
гінен бі
лім ал
уға
бей
ім
д
еу
23
кӛрсетеді. Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылым ретіндегі әдіснама-лық
негіздері осы пәнді жоғары мектепте оқытудың басты талаптары мен
мазмұнының, сондай-ақ мектепте оқылатын әдебиет пәнінің тиімділігі мен
маңыздылығын артыру жолдарын, жеке тұлға қалыптастыру бағытындағы
әдістер мен технологияларды тиімді пайдалану бағытын да айқындайды.
Бүгінгі мектеп пен жоғары мектептер арасында тығыз байланыстың болуы
бір жағынан алғанда мамандыққа бейімдеудің бір нышаны, мақсатты үдерісі
болып танылса, екінші жағынан алғанда ғылымдардың шеңберлі даму бағы-
ты мен қоғамдағы баланстылықты танытады.
Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары:
1.Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымының ӛзіне тән зерттеу нысанын анық-
таңыз.
2.Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің басқа ғылыми пәндермен арақаты-
насын танытатын негізгі белгілерін атаңыз.
3.Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні мен орта мектептегі әдебиет пәнінің
арақатынасы қандай?
4.Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің қоғамтану пәндерімен арақатынасы
қандай?
5.Әдебиетті оқыту әдістемесінің әдіснамалық негізін қалай түсіндіресіз?
6.Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің педагогика мен психология пәндерімен
сабақтастығы туралы ойыңыз қандай? Ӛз пікіріңізді қорғаңыз.
Әдебиетттер тізімі:
1.Занков Л. Избранные педагогические труды. М.:Педагогика, 1990. – 424 с.
2.Эльконин Л. Детская психология. М.: Прос., 1960. –317 с.
3.Леонтьев А. Деятельность. Сознание, личность М.: Политиздат.1975.–304 с.
4.Жарықбаев Қ. Психология. –Алматы: Мектеп, 1982. – 280 б.
5.Шериазданова К. Основные направление психолого-педагогической помо-
щи детям с проблемами в поведении и общении.– А.: 2001. – 48 б.
6.Щукина Г. Педагогические проблемы формирования позновательных инте-
ресов учащихся. -М.: 1988 – 203 б.
7.Скаткин -М. Методология и методика педагогичесих иследований. -М.:
1986 – 150 б.
Қосымша әдебиеттер:
1.Рез З.Я. Методика преподавания литературы. М., Просвещение, 1985.
2.Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1985.
3.Кӛшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1969.
4.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі.– А., Рауан,1997.
Достарыңызбен бөлісу: |