А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет12/103
Дата24.12.2019
өлшемі2,39 Mb.
#24826
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   103

26 
 
БК(б)П  Орталық  Комитетінің  1931  жылдың  6  қыркүйегіндегі 
«Бастауыш  және  орта  мектептер    туралы»,  1932  жылдың  25  тамызындағы 
«Бастауыш  және  орта  мектептің  программалары  мен  режимі  жайындағы» 
қаулыларына  орай  барлық  басқа  пәндер  сияқты  әдебиет  бағдарламалары  
қайта  қаралды.  Қазақстанда  да  қазақ  әдебиеті  жеке  пән  ретінде  оқу  жоспа-
рына кіргізіліп, 1932 жылы ең бірінші бағдарламасының нұсқасы жасалды
1

Бағдарлама  жасау  ісі  кӛптеген  ғылым  салаларына  қатысты  жүзеге 
асады.  Сондай-ақ,  әдебиет  пәнінің  бағдарламасын  жасау  әдебиеттану  ғылы-
мының  ӛсу  деңгейіне,  даму  дәрежесіне  сай  келіп  отыратыны  мәлім.  Қазақ 
әдебиеті  әлі  қалыптасу  кезеңін  басынан  ӛткізіп  отырғандықтан  алғашқы 
әдебиет пәнінің бағдарламаларын құру оңай міндет болмады. Оның тағы бір 
себебі  қазақ  әдебиеті  осы  тұстағы  «тұрпайы  социолизм»  дәуірін  бастан 
кешіріп отырған болатын.  
1932-1933  жылы  Қазақ  Оқу  комиссариаты  бекіткен  орта  мектептің 
бағдарламасы  фабрика,  завод  және  колхоз  жастары  жеті  жылдық  мектебіне 
арналып жазылды.  
а) 4-6-сыныптарда ең алдымен кеңес әдебиетінің шығармалары енді. 
ә)  Қазан  тӛңкерісіне  дейінгі    әдебиет  үлгілері  берілді.  Бағдарламада  
кӛптеген  кемшіліктер  орын  алды.  Материалдар  кӛлемі  нақты  белгіленбеді. 
Жүйелі  білім  мен  тәрбие  беру  мәселелері  ескерілмеді.  Шығармалардың 
идеялық-кӛркемдік сапасы тӛмен болды. Бағдарламаға енген шығармалардың 
тақырыбы,  идеясы,  мазмұны,  образдар  жүйесі    кӛркемдік  ерекшеліктері 
жағынан ашылмай, құрғақ тізім ғана берілді. 
б) Саяси мәселелердің ықпалы бағдарламаларда да басым болды. 
в) Әдебиет майданы  мектепке де зор  әсерін тигізді. 
г) Ақын-жазушылардың ӛмірбаянына мүлде кӛңіл бӛлінбеді. 
д)  әдебиет  теориясынан  берілуге  тиісті  білім    мен  мәліметтер  кӛрсе-
тілмеді. 
1934 жылғы бағдарлама алғашқысына қарағанда біраз ӛңделіп басылды, 
дегенмен  бағдарламаның  түзілуінде  кемшіліктер  баршылық  еді.  Бұл  туралы 
1934 жылы «Ауыл мұғалімі»  журналында  «Орталау және орта мектептеріміз 
үшін    қазақ  әдебиеті  программасын  беретін  уақыт  жетті»  деген  тақырыпта 
мақала жарияланды
2
 .   
Бұл  бағдарламада  әдеби  шығармалардың  қоғамтану  негізіне  сүйене 
отырып, қоғамдық саяси  тақырыптардың  тӛңірегіне шоғырландырып берді. 
Аталған бағдарламаның жаңалығы: әдебиетті тарихи-әдебиеттік курс ретімен 
оқытуға бейімдеп беруінде болды.  
5-сынып  бағдарламасына  енген  шығармалар  үш  тарауға  бӛлініп 
берілген.  Олар:  қазақ  кеңес  әдебиеті,  ескі  әдеби  мұралар  және  фольклор.  6-
                                                           
1
 
Орта  мектеп  программасы  /фабрика,  завод  және  колхоз  жастары  жеті  жылдық 
мектепке арналған/  1932. 
 
2
 
Мәметова Ә. Балаларымызға кӛркем әдебиеттің ең жақсы нұсқауларын беретін уақыт 
жетті. // Ауыл мұғалімі  1936. №9.
 


27 
 
сыныптың  бағдарламасы  қазақ  және  орыс  кеңес  әдебиеті,  кеңес  одағы 
халықтарының  әдебиеті  және  шетелдің  тӛңкерісшіл      әдебиеті  деген  бӛлім-
дерден  құралды.  Бұл  бағдарламаларда  оқушыға  берілетін  әдеби  білім 
мазмұны,  оқушы  біліміне  қойылатын  талап  кӛрсетілмеген,  тек   шығармалар 
тізімі ұсынылған. 
1938-1939  жылы  Қазақ  Оқу  Комиссариаты  бекіткен  орта  мектеп 
бағдарламасы  шықты
1
.  1939-1940  жылы  бадарлама  белгілі  педагог  ғалым 
Ш.Кәрібаевтың  басшылығымен  және  әдіскер  мұғалімдердің  қатысуымен 
жасалды
2
.  
1940  жылдары  мектептер  институты  болып  ашылып,  кейін 
Ы.Алтынсарин аты берілген ғылыми-зерттеу институтының қазақ мектептері 
үшін атқарған рӛлі үлкен. Қазақ әдебиетін оқыту ісін жандандыру бағытында 
Ы.Алтынсарин  атындағы  ғылыми-зерттеу  институтының  қазақ  тілі  мен 
әдебиеті  бӛлімінің  қызметкерлері  маңызды  шараларды  атқарды.  Соның  бірі  
—    қазақ  тілі  мен  әдебиеті  бағдарламаларын  қайтадан  қарау,  толықтыру 
мәселесі еді.  
1947 жылы  қазақ әдебиетінің жаңа бағдарламасы шықты
3
. Онда білім 
берумен  бірге  идеялық-саяси  тәрбие  беру  ісін  жандандыру,  әрі  әдебиет 
сабағының  осы  мақсатта  тікелей  жетекші  рӛлін  кӛтеру  мәселелеріне  кӛп 
кӛңіл бӛлінді. 
Әдіскер-ғалым  Ә.Қоңыратбаевтың  кӛрсетуі  бойынша:  «Революциядан 
кейінгі әдебиет пен  методикасының  үш түрлі кезеңі болды:  
1.1917-1927  жылдар  арасындағы  жік  қойылмай,  «қоғамтану»  түріндегі 
оқу; 
2.1928-1938  жылдардағы  оқу  мектептің  типіне  негізделмеген  тарихи-
әдеби курс болып ӛтті; 
3. Бастауыш оқу, әдебиеттік оқу мен тарихи курс программасы. 
Сӛйтіп  І-ІV  кластарда  бастауыш  оқу,  V-VІІ  кластарда  әдебиеттік  оқу 
жүйесі,  VІІІ-Х  кластардағы  әдебиеттің  тарихи  курсы  1939  жылдан  бастап 
түкпілікті орын алды»
4

1958-1989  жылдары  қазақ  тілі  мен  әдебиетін  оқытудың  әдістемесінің 
тарихында  жемісті  іздену  кезеңі  болды  деу  артық  емес.  Ы.Алтынсарин 
атындағы  ғылыми-зерттеу  институтының  басшылығымен  мектепке  дидак-
тика  мен  әдебиеттану  ғылымындағы  тиімді  әдіс-тәсілдерді,  жаңа  ой-пікір-
лерді енгізу жұмыстары қолға алынды. Әдебиетте білім мазмұны, оның құры-
лымын қайта қарап, нақтылау, ӛрістету міндетін қойды. Осындай міндеттерді 
ала  отырып,  сол  жылдарда  әдебиеттің  пән  болып  оқытылуы  жӛнінде  алғаш 
рет  ғылыми  тұжырымдама  жасалды.  Пәннің  идеялық-эстетикалық, 
                                                           
1
 
Орта мектеп пррграммалары // Қазақ әдебиеті. Алматы: 1939. Б 33-34.
 
2
 Орта мектеп программалары. /Ү-ҮІІ, ҮІІІ-Х тарихи әдеби курс/. 1939-40. 
3
 
Орта мектеп программалары: Әдебиет. VІІІ-Х   кластар. Алматы: 1947. Б 19-20.
 
4
 Қоңыратбаев Ә. Әдебиеттік оқу методикасы,   очерктері.   – Алматы: ҚМОПБ, 1962. -
212 б.
 


жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау