32
Ш.Кәрібаевтың 5-сыныпқа арналған бұл оқулығы 1941-1960 жылдар
аралығында қайта бастырылған
1
. Тек бағдарламадағы ӛзгерістерге сәйкес
оқулықта кейбір
авторлар алынып, кей тұстары толықтырылып отырған.
Ал 1989 жылы оқулық жаңа автордың қосылуымен ӛңделіп, толықты-
рылғаны (құрастырушылар: Ш.Кәрібаев, С.Тілешова, К.Назарғалиева)
2
.
1989-90 жылдардағы Қазақ ССР Халыққа білім беру министрлігінің
бекітуімен мектептер он бір жылдық болып, орта буын сыныптар 5 - сынып-
тан басталуына сәйкес, аталған Ш.Кәрібаев, С.Тілешова, К.Назарғалиеваның
авторлығындағы оқулық енді 6-сыныптікі делініп қайта бастырылған.
Осы тұста тоқталуға тиісті тағы бір оқулық 4-сыныптікі. 1967 жылғы
мұғалімдер конференциясының шешімдеріне сай бастауыш сыныптар 1,2,3
болып, орта буын сыныптар 4,5,6,7 болып белгіленуіне байланысты 1971-
1972-оқу жылындағы бағдарламаға орай осы жылы 4-сыныпқа «Әдебиеттік
оқу» кітабы Т.Әбдірахманов пен Ә.Дайырованың авторлығымен жарық кӛрді.
Аталған оқулық 1989 жылға дейін ӛзгеріссіз он тоғыз рет басылым
кӛрген. 1989-90 оқу жылында орта буынның ендігі жерде 5-сыныптан
басталуына қатысты бұрынғы авторлар (Т.Әбдірахманов, Ә.Дайырова) жаңа
автормен толықтырылып (Қ.Айтқалиев), оқулық қайта бастырылған
3
. 5-
сыныпқа арналған оқулықтың жаңа нұсқасында негізгі оқу материалы
ӛзгеріссіз басылғанымен әдістемелік құрылымы (методикалық аппарат) бұ-
рынғы оқулықтан жетілдіріле түскені аңғарылады. Атап айтқанда мәтінге
қатысты берілген сұрақ-тапсырмалар біршама жетілдірілген. Олардың маз-
мұны тӛмендегідей болып келеді: 1) Ӛлеңнен теңеу және балама мағына-
сында қолданған сӛздерді табыңдар. 2) Теңеу (салыстыру) ретінде қолданыл-
ған сӛздерден балама мағынасын беретін сӛздердің бір-бірінен қандай
айырмашылығы болатынын мұғалімнің кӛмегімен анықтап беріңдер.
4
т.б.
Оқулықта әдебиет теориясынан эпитет туралы ұғым қалыптастыру кӛзделген.
Т.Әбдірахманов, Ә.Дайырова, Қ.Айтқалиевтің авторлығында бұл оқулық
1995 жылға дейін ӛзгеріссіз беріліп келді.
6-сыныпқа арналған Қ.Бекхожиннің құрастыруындағы әдебиеттік оқу
кітабы 1941 жылы жарық кӛрді
5
. Оқулық — оқушының басты білім алатын
құралы. Сондықтан оқулықта оқушы орындайтын тапсырмалардың дұрыс
құралуында үлкен мән бар. Сұрау-тапсырмалар арқылы оқушы білімін,
білігін, сӛйлеу тілін дамытады. Әдебиеттік оқу курсы ретінде орта буында
оқушылардың кітаппен тығыз қарым-қатынаста болуы керек-ақ. Оқулықта
осы мәселелерді жаттығулар арқылы ұтымды шешуге талаптанған. Кітапта
1
Кәрібаев Ш. Абай Құнанбаев // Әдебиеттік оқу кітабы: 5 - класқа арналған. Алматы,
1960. Б 3-4.
2
Ахметов Ш., Аманов Ш. Әдебиеттік оқу кітабы: 6-класқа арналған. Алматы, 1956. Б
149-152.
3
Ахметов Ш., Аманов Ш. Әдебиеттік оқу кітабы: 6-класқа арналған. Алматы, 1957. Б
150-153.
4
Сонда 94-95 б.
5
Бекхожин Қ. Әдебиеттік оқу кітабы: 6-класқа арналған. Алматы: 1941. Б 110-111.