158
шығармашылығын оқыту әдіс-тәсілдері ұсынылып, оқытудың дидактикалық
мақсат, міндеттері, ғылыми негізі сараланған.
Мектеп практикасында әдеби мәтіндердің ішінде лирикалық шығар-
маларды талдау мен тану күрделі. V-ІХ сыныптарда жүз қырықтан аса
лирикалық шығарма оқытылады. Олай болса, мектепте қалыптастырылатын
әдеби білім мазмұны лирикалық шығармаларға да тиесілі. Лирикалық шы-
ғармалар жанры мен тақырыптары жағынан алуан түрлі. Әйтсе де лирика-
лық шығармаларды талдап танудың, оқытудың жалпыға ортақ заңды-
лықтары мен белгілі бір әдістемелік жүйесі болуы керек.
«Лириканы оқытуда әлі де мазмұнын жалаң хабарлау, ӛнер тілін
түсініктілік тіліне айналдыру сияқты бір жақтылық басым. Информациялық
материал ӛнер ӛрнегімен қабыстыра берілмейді, демек ӛнердегі мазмұны мен
форма бірлігі, ой мен сұлулық тұтастығы сақталмайды. Шығарманың
кӛкемдігі мазмұн мен форманың бірлігінен тұратыны мәлім»
1
деп түйеді
зерттеу еңбегінде Д.Аңсабаев.
Лирикалық шығарма табиғаты эпикалық, драмалық шығармалардан
ӛзгеше. Лирикалық шығармалардың жанрлық ерекшелігін сипаттайтын
еңбектер кӛп (М.Бахтин, Л.Тимофеев, Д.С.Лихачев, Г.Поспелов, Н.А.Гуляеев,
З.Қабдолов, З.Ахметов т.б.). Лирикалық шығарма кӛлемі жағынан шағын
болып келеді де эмоцияға, сезім күйге құрылады. Лирикалық шығармада
ақынның дүниетанымы, сыртқы ортаны, ӛмір құбылыстарын елестетуі мен
сезінуі, ӛзіндік ой жүйесі образды сӛздің қуатымен ӛрнектеледі.
Лирикалық шығармалардың ӛзіне тән ерекшеліктері мен олардың
жанрлары туралы ұғым-түсінікті оқушыларға мектеп қабырғасында
қалыптастыру кӛзделеді. Аталған ерекшеліктеріне байланысты лирикалық
шығармаларды оқыту әдіс-тәсілдері де түрліше болмақ.
Лириканың жанрлық ерекшелігіне байланысты оқытудағы кездесетін
қиындықтар мен кемшіліктер туралы әдіскер-ғалым Г.Құрманбаева «Сырлы
да нұрлы жыр әлемі» мақаласында: «Мектепте ӛлеңді ӛту оңай сияқты.
Прозалық, не драмалық шығарма емес, оқуға жеңіл» – деп ойлаймыз. Ал шын
мәнінде поэзияны, яғни ӛлеңді оқыту қиынның-қиыны, оның себебі:
біріншіден, кей мұғалім ӛлеңді ӛзі сүймейді, оқушыны ӛлең ӛмірге ендіре
алмайды, екіншіден ӛлеңдер бір сарында ӛтіледі, үшіншіден, ӛлеңді сауатты
талдай алмаймыз, міне, осыдан ӛлең оқылмайды. Бала ӛлеңге қызықпайды,
әдебиетші мұғалімге поэзиялық шығармаларды оқыту едәуір қиынға соғады.
Тұтас 45 минут бойы, ӛлеңнің әр тармағындағы, шумағындағы ойды
жеткізуде, талдауда ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушыны ой
тереңіне бойлата білу керек»
2
– дейді.
1
Аңсабаев Д.С. Орта мектептің 5-9 сыныптарында лирикалық шығармаларды оқыту.
Пед. ғыл. кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация.– А.,
2003. - 33 б.
2
Құрманбаева Г. Сырлы да нұрлы жыр әлемі // Жасымда ғылым бар деп ескермедім.
А., 1995, -114-115 б.
159
Лирикаллық шығармалардың өзіндік ерекшелігі, оны талдауда
оқушының таным белсенділігін арттыру жолдары. Лирикалық шығармаға
поэтикалық тіл қызмет етеді. Поэтикалық тіл ақынның жан тебіренісін, биік
сезімін жарыққа шығарады. Образды ой мен поэтикалық тілдің тереңіне
үңіліп, лирикалық қаһарман арқылы жарыққа шығатын авторлық
толғанысты, дүниетанымды, ақындық мақсат, мүддені, сезім-күйді тану,
оқушыларға ғана емес, ересектер үшін де біршама күрделі. Авторды жете
түсіну үшін дүниетанымдық, тілдік әлеуеттің де жоғары болуы қажет. Ал,
оқушыларда бұл әлі қалыптасу үстіндегі үдеріс.
Кӛркем шығарманың тууы мен оқырман санасында сәулеленуінде
үштік одақтың бірлігі болуы керектігі кейінгі зерттеулерде жиі айтылып жүр.
Сонда таным, дискурс автор → кӛркем шығарма → оқушы арасында қалып-
тасады. Автор ӛмір сүрген уақыт, орта, кезең, таным-түсінік, құндылықтың
кӛркем шығармадағы бейнесін оқушының қабылдауы, түсінуі, зерделеуі,
бағалауы кӛптеген факторларға қатысты. Мәселен, жыраулық поэзияның
дүниеге келген тұсы мен бүгінгі уақытты немесе ХVІІІ –ХІХ ғасыр
туындыларын, тіпті кешегі кеңес кезеңіндегі шығармалардағы уақыт, кезең,
құндылық бүгінгі ұрпақ санасында қалай жаңғырады? Белгілі бір дәрежеде
түсіну болғанымен, түйсіну қаншалықты жүзеге асады? Бүгінгі уақыт пен
құндылық қандай, оның арақатысы қаншалықты деген мәселелер туындайды.
Поэтикалық мәтінді зерттеген кӛптеген ғалымдар поэтикалық тілдің
табиғатын жан-жақты қарастырады. Кӛркем мәтінге филологиялық талдау
жасаған Ю.В.Казарин. Поэтикалық мәтінде ой ӛрнегі бірнеше формада
кӛрініс табатынынын айтады.
- Ӛлеңдегі графикалық форма (тармақ, шумақ, шрифт, тіпті мәтіннің
жазылу қалпы мен түсі де енеді);
- Ӛлеңнің дискурстық формасы (екпін, қарқын, ырғақ, әуенділік
белгілері);
- Ӛлеңнің фонетикалық (фондық) формасы (мәтіннің мағыналық
фонының құрылымы);
- Ӛлеңнің тілдік формасы (поэтикалық мәтіндегі тіл бірліктері ӛрне-
гінің жиынтық жоспары).
Кӛркем шығарманы талдаудағы басты ұстаным мазмұн мен пішінді
(форманы) бірлікте қарастыру екендігі белгілі. Кӛркем мәтінмен алғашқы
ұшырасуда кӛзге кӛрінетіні оның формасы. В.Г.Белинскийдің айтқанындай
«Сӛз - ойдың кӛрінісі», яғни ойдың киімі - сӛз. Автор толғанысы мен ой
түйінін қандай сӛзге орады, қандай сӛзді таңдап, талғап алды? Ойды қалай
ӛреді? Бұл ӛлеңнің алғашқы қалпында кӛзге ұшырасады. Ӛлеңнің графикалық
формасы кӛркем шығарманың бейтарап қалпы сияқтанғанымен, мәтінді
визуалды қабылдауда, белгілі бір дәрежеде, алғашқы әсерді қалыптастырады.
Сондықтан кӛркем шығарманы талдаудағы кӛрнекі құралдың бірі кӛркем
мәтіннің ӛзі болуы заңды.
Ӛлеңнің дискурстық формасы оқушының кӛркем шығарманы кӛркем
қабылдауын ұйымдастыру міндетіне қызмет етеді. Әдіскер-ғалым
Ә.Қоңыратбаев: ... «Я. А. Коменский әсерді, адамның қабылдауын сезімінен
Достарыңызбен бөлісу: |