А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет24/103
Дата24.12.2019
өлшемі2,39 Mb.
#24826
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   103

53 
 
әдебиеттің  адам  ӛміріне  алатын  орны»  туралы,  «Халық  ауыз  әдебиеті», 
«Батырлар  жыры  туралы  түсінік»  қалыптастырылатын  кіріспе  тақырыпты, 
белгілі  бір    пәнге  не  бӛлімдерге  кіріспе  тақырыптарды  жатқызуға  болады. 
Осы тектес кіріспе тақырыптар ӛзге сыныптарда да кӛрсетілген. Жоғары сы-
ныптарда  оқылатын  белгілі  бір  дәуірлерге,  әдеби  үдеріске  шолу  тақырып-
тарын да кіріспе сабақ типіне жатқызуға болады.  
Әдебиет пәнінің оқу бағдарламасы бойынша жаңа білім беретін сабақ 
типтеріне    дербес  тақырыптардың  барлығын      жатқызамыз.  Негізінде  сы-
ныптық сабақтың барлығында     (білім  сынау  сабақтарынан  ӛзге)  белгілі  бір 
дәрежеде   жаңа  білім қалыптастырылады.  Кіріспе  сабақта  да  негізінен жаңа 
ұғым-түсінік молынан беріледі. Оқу типтерінің бұлай аталуына шартты түрде 
қараған орынды.  
Әдебиет  пәнінің  оқу  бағдарламасы  бойынша  5-9  сыныптарда  тұрмыс-
салт  жырлары,  мақал-мәтелдер,  жұмбақ,  жаңылтпаштар,  ертегі,  аңыздар, 
діни-мифтік  әңгімелер,  әдеби  дастандар,  батырлар  жыры,  лиро-эпостық 
жырлар  шешендік  сӛздер,  қазақ  әдебиетінің  әр  дәуіріне  жататын    әдеби 
тұлғалардың,  қаламгерлердің  таңдаулы  шығармалары  енгізілген.  Негізінен 
оқушылардың  дүниетанымы мен әдеби танымын, сӛз ӛнеріне деген талғамын 
қалыптастыра  отырып    тұлғаны  дамыту  мақсатында  ӛлең,  жырлар,  шағын 
әңгімелер ұсынылған. Бағдарламадағы  әдеби мәтіндерді оқытуға белгіленген 
сағат  мӛлшері де әр алуан.  Кей тақырыптар бір сағат кӛлемінде оқытылса, 
кейбір тақырыптар  екі не үш, тӛрт сағатқа белгіленеді. Соған қарай  сабақ-
тың типі де анықталады. Мәселен, қайталау, пысықтау сабақтарын екі не 
үш сағатқа жоспарланған тақырыптарға қарай анықтауға болады. Белгілі бір 
тақырыптарда  соңғы  сағаттарында  қайталау,  пысықтау  материалдарына 
кӛбірек орын беріледі. Осыған қарай  бірнеше сағат бойы оқытылатын  шы-
ғармалардың, не автор шығармашылығының соңғы сағаттарына жоспар түз-
генде  сабақты қайталау, пысықтау типіне  лайықтаған орынды.  
Ал  қорытынды  сабақ  типі  негізінен  үлкен  тарауларды  не  бірнеше 
сағат  кӛлемінде  оқытылған  кӛлемді  шығармаларды  қорытуға  байланысты 
жоспарланады.  
Әдебиет пәні бойынша сыныптық сабақта жазылатын мазмұндама, шы-
ғарма, тест, бақылау жұмыстарын т.б. білім сынау мақсатын кӛздейтін сабақ-
тарға  жасалатын  жоспар  түрлерін  білім  сынау  сабақ  типіне    сәйкес  құру 
қажет.  
Сабақтың  әр  типінде  сабақ  кезеңдері  әртүрлі  құрылымда  қатысады. 
Сабақ  кезеңдерін  топтастыруда  да  педагог  ғалымдардың  пікірлері  әралуан. 
Дегенмен,  кеңес  мектебінен  бері  дәстүрге  айналып  біршама  тұрақтанған 
сабақтың  сегіз  кезеңін атауға болады.   
Ю.А.Конаржевский  «Педагогический  анализ  учебно-воспитательного 
процесса  и  управление  школ»    атты  еңбегінде  сабақтың  8  кезеңін    саралап 
кӛрсетеді
1
. Олар: 
                                                           
1
 Конаржевский Ю.А. Педагогический анализ учебно-воспитательного процесса и управление 
школой. М., Педагогика. 1986. с. 105-108 


54 
 
1.Ұйымдастыру кезеңі; 
2.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі; 
3.Білімді жан-жақты тексеру кезеңі; 
4.Жаңа оқу материалын белсенді әрі саналы түрде қабылдауға даярлық 
кезеңі; 
5.Жаңа білімді меңгеру кезеңі; 
6.Оқушылардың жаңа білімді түсінуін тексеру кезеңі; 
7.Жаңа білімді бекіту кезеңі; 
8.  Оқушыларға үй тапсырмасы жӛнінде ақпарат пен орындауға нұсқау-
лық беру кезеңі.  
Сабақтың  әртүрлі  типіне  қарай  сабақ  кезеңдері  әр  құрамда  болады. 
Мәселен, кіріспе сабақ типінде «үй тапсырмасын сұрау», «білімді жан-жақты 
тексеру» кезеңдері қатыспауы заңды. Сол сияқты қайталау, пысықтау немесе 
қорытынды  сабақ  типтерінде  «жаңа  оқу  материалын  белсенді  әрі  саналы 
түрде  қабылдауға  даярлық  кезеңі»,  «жаңа  білімді  меңгеру»  кезеңдері  бол-
мауы  тиіс.  Ал  ұйымдастыру  кезеңі  сабақтың  барлық  типіне  қатысты  әрі  са-
бақтың  кӛп кезеңінде ең басты материалды меңгеретін тұстарда оқушы зейі-
нін  немесе  оқу  әрекетін  ұйымдастыруға  қатысты  белсенді  жүргізілуі  әбден 
түсінікті.  
Оқу  үдерісінде  сабақ  кезеңдерінің  қайсысы  белсенді  жүргізілуі 
мұғалімнің оқу-танымдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатына да қатысты 
екендігі белгілі. Солай бола тұра, шартты түрде  сабақтың  қай кезеңдерінің 
сабақ типіне қарай  қалай қатысатынын тӛмендегі  кестеден кӛруге болады.  
 
3- кесте 
 
            Сабақ 
             типі 
Саб.  
кезеңі 
 
кір
іпе
 с
аба
қ 
ж
аңа
 біл
ім
 бе
ре
ті
н 
са
ба
қ 
пы
сы
қтау

қа
йтал
ау
 с
аба
ғы
 
қо
ры
тын
ды
 
са
ба
қт
ар
 
біл
ім
 с
ы
на
у 
са
ба
қт
ар
ы

Ұйымдастыру кезеңі 





Үй 
тапсырмасын 
сұрау 
кезеңі 
 



 
Білімді  жан-жақты  тексеру 
кезеңі 
 



 
Оқу материалын қабылдауға 
даярлық кезеңі 




 
Жаңа білімді меңгеру кезеңі 


 
 
 
Оқушының түсінуін тексеру 
кезеңі 





Білімді бекіту кезеңі 





Үй тапсырмасын беру кезеңі  + 




 
Сабақ  жоспарын  түзуде  сабақ  құрылымы  мен  жүйесін,  дидактикалық 
мақсатын жете зерделеу керектігі, сабақ жүйесі бір біріне сабақтасып жатқан 
үлкен  құрылым  екендігі  жоғарыда  келтірілген  жіктемелерден  анық  байқа-


жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау