А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет21/103
Дата24.12.2019
өлшемі2,39 Mb.
#24826
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   103

45 
 
жасалмаса,  том-том кітаптар жазу мен бағдарламалар түзудің қандай қажет-
тілігі бар деген заңды сұрақ туындайды.  
Бағдардың дұрыс болуы – бастаманың бағы. Бүгінгі ақпарат ағымы мол 
жүрдек  уақыт  ӛзіне  барынша  мүлтіксіздік  пен  парасаттылықты  талап  етеді. 
Халық қазынасын ұрпақ игілігіне жарату, ұрпақтың дамуы мен кемелденуіне 
жұмсау  үшін  әдебиет  пәні  бағдарламасын  жетілдіру  әлі  де  ӛзекті  мәселе 
болып отыр. 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  09.07.2010 
жылғы  №367  бұйрығымен  бекітілген  Т.Қ.Жұмажанова,  Б.А.Әрінова, 
Г.С.Құрманбай,  А.Т.Мадиевалардың  авторлығындағы  оқыту  қазақ  тілінде 
жүргізілетін  жалпы  білім  беретін  мектептің  5-9  сыныптарына  арналған 
«Қазақ әдебиеті» оқу бағдарламасы сондай-ақ аталған бұйрықпен бекітілген 
С.С.Қирабаев, 
Т.Қ.Жұмажанова, 
Б.А.Әрінова, 
Г.С.Құрманбай, 
А.Т.Мадиевалардың авторлығындағы оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы 
білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыт пен қоғамдық-
гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқу 
бағдарламалары  2010  жылдан  бері  қазақ  мектептерінің  бірден-бір  басшы-
лыққа алып келе жатқан құжаты болып отыр
1
.  
Бағдарламаның  түсінік  хатында  жазылғанындай  оқу  мазмұнын  ізгі-
лендіру,  адамгершілік-эстетикалық,  мәдени-тарихи  құндылықтарды,  ұлттық 
әдет-ғұрып,  салт-дәстүрлерді  таныту,  оқушылардың  тілдік  қорын  байыту, 
әдеби  білімнің  жүйелігі  мен  үзіліссіздігі,  сабақтастығы,  білім  мазмұнының 
тарихилық  сипаты  және  пәнаралық  байланыс  сияқты  ұстанымдар  басшы-
лыққа алынған. Аталған бағдарламаның игілікті нәтижесі уақыт құзырында. 
 
Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтар мен тапсырмалары: 
1.Тәуелсіздік жылдарындағы оқу бағдарламаларын сараптаңыз. Ондағы 
оқу мазмұнын сипаттаңыз. 
2.Тәуелсіздік  жылдардағы  жалпы  білім  беретін  мектептерге  арналған 
оқу  бағдарламаларының  авторлары  кімдер?  Бағдарламалардың  құрылысы 
мен мазмұны қандай? 
3.Жалпы  білім  беретін  орта  мектептің  әдебиет  пәні  бағдарламаларын 
жетілдіру үшін қандай ұсыныс білдіресіз. Пікіріңізді дәйектеңіз.  
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.Әрінова  Б.  Қазақ  әдебиеті  әдістемесінің  қалыптасу  тарихы.–Алматы, 
2003 ж. 
2.Жұмажанова Т.Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. (мектеп ұстаздары мен 
болашақ әдебиетші сту-ке арналған) –А.: Білім, 2009. 
 
Қосымша:  
1.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. –А.:, Рауан, 1997. 
                                                           
1
 Қазақ әдебиеті оқу бағдарламасы оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім 
беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған. 
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық ғылым академиясы, Астана, 2011. 


46 
 
 
ІІ БӚЛІМ 
«ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ»  МАЗМҦНЫ МЕН 
ҚҦРЫЛЫСЫ, ӘДЕБИЕТ САБАҒЫ 
 
ІІ. 1. ӘДЕБИЕТ САБАҒЫН ЖОСПАРЛАУ: ӘДЕБИЕТ ПӘНІНЕН 
КҤНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР ЖӘНЕ САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ 
САБАҚ ЖІКТЕМЕСІ 
  
1.Жоспарлау ұғымы. 
2.Сабақ жоспарларының түрлері.  
3.Күнтізбелік жоспарды түзудің басты ұстанымдары. 
4.Сабақ жіктемесі.  
5.Оқытудың жаңа технологияларына негізделген сабақ жобалары.  
 
Жоспарлау  ұғымы.  Әдебиет  сабағы  жоспарлау  мәселесін  қарастыр-
ғанда  бірнеше сұрақ  туындайды.  Олар:  Жоспарлау  дегеніміз  не?  Жоспарлау 
сабақ үдерісінің белгілі бір уақыт кезеңіне қатысты оқу әрекеті ме? Әдебиет 
сабағын  жоспарлаудың  ӛзге  пәндерге  қарағанда  қандай  да  бір  ӛзіндік 
ерекшелігі бар ма?  
Әдетте  жоспарлау  деген  ұғым  мақсат-мүдде  ұғымдарымен  туыстас 
деген ой туындататыны анық. Мақсат алдағы іс-әрекеттерге меңзейді. Себебі 
екеуі де алдағы уақыт кеңістігіне тәуелді. Олай болса, сабақты жоспарлаудың 
ӛзіндік  ерекшеліктері  неде?  Жоспарлау  үшін  қандай  оқу  әрекеттерін  
үйлестіру  қажет  деген  сұрақ  туындайды.  Мақсат  пен  мүдде  қол  жеткізетін 
түпкілікті  нәтиже  ұғымына  қатысты  кӛрінсе,  жоспарлау  сол  мақсат 
жолындағы іс-әрекеттерге саяды.  
Ал сабақты жоспарлауда оқу-әрекеттерін  ойластыру және қажетке сай 
үйлестіру, әдістемелік шеберлік қажеттігі байқалады.  
Сабақты  жоспарлауға  түсіндірме  сӛздіктің  беретін  анықтамасы 
мынадай: «Сабақты жоспарлау – нақты оқу уақыты барысында оқытушы мен 
оқушы  әрекеттесулерін  құрастыру.  Негізі  оқытушының  оқу-тәрбие  іс-
әрекетінің және оқушылардың оқу материалының мазмұнын меңгеруі, дамуы 
және  тәрбиеленуі  бойынша  оқушылардың  оқу-танымдық  іс-әрекетінің 
мақсаттары,  міндеттері,  ұстанымдары,  әдістері  және  мазмұны  болып 
табылады.  Сабақ  жоспары  конспект  түрінде  жүзеге  асады.  Сабақ 
конспектісінің  құрамына  тақырыптың  аты,  сабақтың  міндеттері,  кезеңдері, 
құрал-жабдықтар,  әрбір  кезеңдегі  оқушыларға  арналған  тапсырмалар, 
тапсырмаларды  орындау  алгоритмдері,  мұғалім  сӛзінің  үзінділері  немесе 
жаңа  материалдың  толық  мәтіні  енеді»  делінген
1
.  Жоспар-конспектіге 
енетіндер  ретінде  тақырыпты,  сабақтың  міндеттерін,  сабақ  кезеңдерін, 
оқушыларға арналған тапсырмаларды нұсқайды.  
Бұл  айтылғандардан  сабақтың  жоспарлы  жүйесі  оқу  әрекетін,  оқу 
материалын  және  оқу  мазмұнын  қамтитынын  аңғарамыз.  Ал  жоспарлау 
                                                           
1
 Қазақ тілінің түсіндірме сӛздігі. Астана, 2011 ж. 


47 
 
ұғымы мұнан да кеңірек. Жоспарлаудың ӛзін кең ұғымда, яғни жалпы білім 
беретін  мектептерде  әдебиет  пәнін  оқытуды  жоспарлау  ұғымында  және 
белгілі  тақырып  кӛлемінде  оқыту  мақсатында  қарастыруға  болады.  Бұл  екі 
ұғым  да  бір-бірімен  іліктес.  Жалпы  білім  беретін  оқу  пәндерінің  қайсысын 
болсын  жоспарлау  ең  әуелі  Қазақстан  Республикасының  білім  беру  рефор-
масы  аясында  жүзеге  асырылады.  Мемлекеттік  жоспарлау  білім  тұжырым-
дамасына,  оның  негізінде  жасалатын  «Қазақстан  Республикасы  жалпы  орта 
білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартына»  сәйкес  жүзеге 
асырылады.  Жалпыға  міндетті  білім  стандарты  негізінде  әрбір  оқу  пәніне 
бағдарлама  түзіледі.  Қазақ  әдебиеті  пәніне  арналған  бағдарлама  әдебиеттің 
ӛзіндік ерекшеліктеріне, тақырыптардың мазмұнына сәйкес  құрылады.  
Сабақ  жоспарының  түрлері.  В.В.Голубков  «Методика  преподавания 
литературы»  еңбегінде  әдебиет  сабағы  жоспарының  тӛрт  формасын  атап 
ӛтеді.
1
 Олар:  
1. Жылдық жоспар; 
2. Тоқсандық жоспар; 
3. Тақырыптық жоспар; 
4. Күнтізбелік жоспар.  
Бұл  жоспарлардың  бәрі  дерлік  оқушылармен  оқу-танымдық  жұмыс-
тарды ұйымдастыруды бағдарлау үшін жасалады.  
Бүгінде  мектеп  тәжірибесінде  қалыптасқан  үрдіс  бойынша  айтар 
болсақ,    күнтізбелік  жоспарда  жылдық  жоспарды  тоқсанға  жіктей  отырып, 
жеке  тақарыптармен  белгілейді.  Әр  тақырыптың  қанша  сағат  кӛлемінде 
ӛткізілетінін жоспарлайды.   
 «Қазақ  әдебиеті»  оқу  пәнін  оқытудың  формалары  мен  әдістерін  таң-
дауда  оқушылардың  психологиялық-физиологиялық  ерекшеліктері,  ӛзіндік 
ерекшеліктері,  қызығушылықтары,  дүниетанымына  сәйкестік  мәселесі 
ескеріледі.  Сол  себепті  пәнді  оқытуда  баланың  танымдық  ой-ӛрісін,  эстети-
калық  талғамын,  шығармашылық  ойлауын  дамытуға,  қатысымдық  іскерлік-
терінің  шыңдалуына  оң  ықпал  ететін  оқытудың  тиімді  әдіс-тәсілдері  болуы 
шарт.  Танымдық,  креативтік  іскерліктерді  дамытуға  мүмкіндік  беретін  шы-
ғармашылық тапсырмалар таңдап алынады.   
Ал  белгілі  бір  тақырып  кӛлемінде  сабақ  жүйесін  жоспарлағанда 
материалдың  логикалық бірізділігі, сол тақырыптың  аталған пәндегі орны, 
тақырып ауқымында қамтылатын ақпараттың кӛлемінің оқушы танымы мен 
сол  жастағы  оқушылардың  жас  ерекшелігіне  сәйкестігі,  жаңа  идеялар  мен  
теориялық  негізі,  интеграциялық  байланыс  мүмкіндіктері,  күтілетін  нәтиже 
мен  түпкілікті  мақсат  қарастырылады.  Сонымен  қатар    жаңа  тақырып  пен 
ӛткен  тақырыптарды  байланыстыру  арқылы  берілетін  мазмұнды  тереңдету 
мүмкіндіктері,  теория  мен  практиканы ұштастыру  жолдары  қарастырылады. 
Түптеп  келгенде  әдебиет  сабағын  жоспарлау  –  мұғалімнің  мақсат-мүддені 
жүзеге  асыруға  бағытталған,  ӛлшеп-пішілген  «қиыннан  қиыстырылған» 
шығармашылық үдерісі болып есептеледі.  
                                                           
1
 В.В.Голубков. Методика преподавания литературы. М., Просвещения.1962, - 484 с. 


жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау