35
Кеңес мектебі мен еліміз егемендік алған алғашқы жылдары қазақ
әдебиетін орта буында оқытуға мұрындық болған «Жаңа буын»
оқулықтары.
2-кесте.
Арналған
сыныптары
Жарық
кӛреген
жылдары
Оқулықтың авторлар
қҧрамы
Оқулықтың
аты
5-сынып
2001
Ә.Дайырова, Қ.Айтқалиев,
Г.Құраманбаева,
Ш.Беркімбаева.
«Жаңа буын»
оқулығы
Әдебиет
6-сынып
2002
К.Ісләмжанұлы, С.Тілешова,
Б.Әрінова, Р.Баттал.
«Әдебиет»
7-сынып
1993-2003
Р.Құтқожина, Қ.Бітібаева,
Қ.Жаманбаев.
«Әдебиет»
8-сынып
1996-2004
Н.Ғабдуллин, С.Мақпыров,
Г.Құрманбаева
«Әдебиет»
Ӛмір ӛзгерісі кӛзқарас, әрекет ӛзгерісіне ұласатыны белгілі. Ел
тәуелсіздігімен қатар оқу-ағарту саласында да бірнеше реформалар орын
алды. Бұл ӛз кезегінде жаңа типті бағдарламалардың жазылуына сұраныс
тудырды.
Алғашқы әдістемелік ізденістер. Қазақ әдебиеті жеке пән ретінде
отыз екінші жылдан бастап оқылғанымен қазақ әдебиеті әдістемесінің туу
тарихы одан ерте басталатынына ұлы ұстаздардың оқыту саласындағы
жасаған мұрасы — алғашқы оқу құралдары, әдебиет оқулықтары мысал бола
алады. Сол әдебиет оқулықтары әдебиет әдістемесіне алғашқы баспалдақ
болып есептеледі. Осы тұрғыда ұлы ұстаздар Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ
хрестоматиясының, Спандияр Кӛбеевтің «Үлгілі бала», «Үлгілі тәржімәсі»
қазақ әдебиеті әдістемесіндегі алғашқы еңбектер деуге толық негіз бар.
Себебі бұл оқулықтардағы оқу материалдары оқушылардың жас ерекше-
лігіне, таным, түсінік деңгейіне орай сұрыпталып, оқушылардың берілген
материалды қабылдау мүмкіндігіне сай келген. Автордың ӛзі кітап туралы
былай деген: «Үлгілі бала» хрестоматиясында Крыловтың ӛзім аударған
мысалдарын кіргіздім, орыс классиктерінің балаларға арнап жазған қысқа
әңгімелерін қазақ тұрмысына лайықтап жаздым. Сол сияқты қазақтың бай
ауыз әдебиетін сұрыптап пайдаландым. Осымен қатар, бұл кітапқа табиғат
туралы оның әр алуан құбылыстары туралы, география, ӛсімдік, жануарлар
туралы мағлұматтар беретін, балалардың ұғымына сиымды және қызықты
қысқа-қысқа әңгімелер, мысалдар кіргіздім. Әрбір әңгіменің соңына сұрақтар
қойдым». Осының ӛзінен оқыту әдістемесіне жасалған алғашқы қадамды
айқын аңғаруға болады.
Алғашқы оқулықтардың дүниеге келуі әдістеме ғылымының басталар
алғашқы қадамы ғана. Жалпы қазақ әдебиеті әдістемесінің тууы қазақ
әдебиеті жеке пән ретінде оқылуымен іліктес ӛрбіп отырған деуге болады.