41
І. 5. ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ
БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ МАЗМҦНДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.Тәуелсіздік жылдарындағы оқу бағдарламаларындағы ӛзгерістер.
2.Тәуелсіздік жылдардағы жалпы білім беретін мектептерге
арналған
оқу бағдарламаларының құрылысы мен мазмұны.
3.Жалпы білім беретін орта мектептің әдебиет пәні бағдарламаларын
жетілдіру жолдары.
Тәуелсіздік жылдарындағы оқу бағдарламаларындағы өзгерістер.
1997 жылы 5-9 сыныптарға арналған қазақ әдебиеті бағдарламасының жоба-
сы жасалды. Ол 1999 жылы Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және
денсаулық сақтау министрлігі мақұлдаған Қазақ әдебиеті пәні бағдарламасы
шықты
1
.
Бағдарламаны
түзушілер:
С.С.Қирабаев,
Ә.М.Дайырова,
Г.С.Құрманбаева,
С.Мақпырұлы,
Т.Қ.Жұмажанова,
С.Р.Дүйсебаева,
Б.Ә.Әрінова, Н.О.Әбдіғаппарова. Бағдарламада бұрынғы оқу материалы
қайта сұрыпталды, білім берудің гуманистік, адамгершілік ұстанымына баса
назар аударылды. Әдебиеттің эстетикалық бағыты күшейтілді. Ел егемен-
дігімен қуаттанған ұлттық арман, мүдде кӛрнекті тұлғаларымыздың әдеби
мұрасын оқыту барысында жас ұрпақтың дүниетанымы, салт-санасын, тілі
мен ділін кӛркем шығарма ӛзегінде шыңдау мүмкіндігіне жол ашты.
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердіұлы
сынды тұлғаларымыздың шығармалары бағдарламадан орын алды. Басқа да
оқу материалдары сұрыпталып, жаңа оқу мазмұнымен толықты.
Қазақ әдебиеті пәнінің бағдарламасы 1932 жылы алғашқы пән ретінде
оқытылған кезден бері сан түрленіп, сан түледі. 1960-90 жылдар аралығында
қазақ әдебиеті пәнінің бағдарламасы біршама тұрақталып, жүйеленіп, бір
ізге түскен болатын. Бағдарламалардың сапалы жасалуында Ш.Кәрібаев,
Ә.Қоңыратбаев, Ш.Аманов, С.Тілешова, Ә.Дайырова қатарлы белгілі педагог
ғалымдардың сіңірген еңбегі зор. Ол бағдарламалар ӛткен күннің еншісінде
қалып, еліміз тәуелсіздік алғаннан беріде жаңа бағдарламалар дүниеге келді.
Бағдарламаларға қосымша салалық бағдарламалар да жазылды. Оларға
«Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің 7-9 кластарында қазақ тілі мен
әдебиетін теориялық әрі практикалық жағынан тереңдете оқыту програм-
масы»
2
, Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің 10 сыныбына арналған
«Түркі халықтары әдебиеті пәнінің бағдарламасы»
3
(Авторлары –Ә.Қанафин,
Ӛ.Тыныбаева ), «Абай шығармаларын орта мектепте тереңдете оқыту бағдар-
ламаларын» айтуға болады
4
.
1
Бағдарлама. Қазақ әдебиеті. Ү-ІХ сыныптар. –Алматы: Рауан, 1999. –52 б.
2
Қанафин Ә., Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің 7-9 кластарында қазақ тілі
мен әдебиетін теориялық әрі практикалық жағынан тереңдете оқыту програм-
масы».– Алматы, 1989.
3
Тыныбаева Ӛ. Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің 10 сыныбына арналған
«Түркі халықтары әдебиеті пәнінің бағдарламасы» –Алматы, 1992.
4
Керімбеков Н. Абай шығармаларын орта мектепте тереңдете оқыту. // Қазақ тілі мен
әдебиеті. 2001. № 4. Б. 3-8, № 5. Б. 3-8. №6. Б. 3-6.
42
Тәуелсіздік жылдарындағы жалпы білім беретін мектептерге
арналған оқу бағдарламаларының құрылысы мен мазмұны. Орта мектептің
әдебиет пәніне арналған жаңа бағдарламаларда кеңес кезеңіндегі қалыптас-
қан жүйеден ауытқу немесе үлкен алшақтық байқалмайды. Тәуелсіздік
алғаннан бергіде әдебиеттану ғылымының жаңа тынысы ашылып, мектеп
бағдарламаларына әдебиетіміздің кӛрнекті тұлғаларының шығармалары
енгізілді. Халқымыздың кӛркем мұрасын таныту, әдебиеттану ғылымының
кӛркем әлемін ашу әдебиет пәнінің басты мақсатын құрайды. 5-9 сыныптар
аралығында алынған оқу материалы, оның 5-7 сыныптағы берілу тәртібі
пәннің басты міндеттерін қанағаттандырады. Бағдарламадағы бір жаңалық:
орта буын болып етептелетін 5-9 сыныптар екі салаға жіктеліп, алғашқысы
әдебиеттік оқу бағытында болса, 8-9 сыныптарға әдебиеттің бастапқы тарихи
курсы енгізілді. Ал, әдебиеттің біршама кӛлемді тарихи курсы 10-11
сыныптарға ұсынылды. Бағдарламадағы бұл ӛзгерістің сапалы білім қалып-
тастыруға қаншалықты үлес қосқаны туралы пікір білдіру қиын. Әйтсе де,
кӛзге ерекше кӛрінетін кейбір олқылықтарға жол берілгендігін айтқан жӛн.
Мәселен, орта мектеп бағдарламасында бұрыннан әдебиеттің
қысқаша тарихи
курсы оқытылатын. 9-11 сыныптарға топтастырылған тарихи курс аясында
ауыз әдебиеті, кейбір хандық дәуір әдебиетінің ӛкілдері, ХІХ ғасыр, Кеңес
кезеңіндегі әдебиет, сол кезеңдердегі тарихи, шығармашылық тұлғалар
қамтылатын. Жалпы білім беретін мектептер үшін лайықты әдеби білім қоры
қалыптастырылатын. Ал жаңа бағдарлама бойынша мектепте оқытылатын
тарихи курс екіге жіктеліп барлық тұтас курс 8, 9,10,11 сыныптар, жалпы
алғанда тӛрт сынып бойы оқытылады. Былай алып қарағанда университет
қабырғасында бір пән бойынша белгілі бір мамандық алуға берілетін
бакалаврлық білім мӛлшері болып шығады. Егер оқушылар аталған бағдар-
лама арқылы филологиялық терең білім алып шығар болса, тӛрт жылдық
тарихи курсқа еш уәж болмас еді. Ӛкініштісі кейінгі жылдары оқушылардың
мәтін оқуға қызығушылығының тӛмендегені туралы жиі сӛз қозалады.
Бағдарламада, әсіресе 8-сыныпта ІҮ ғасырдағы Орхон-Енесей жазбаларынан
бастап ХІХ-ХХ ғасырдағы ақын, жазушыларға дейінгі оқу материалы
қамтылған. Әрі авторға берілген сағат саны мардымсыз. Бір сынып
кӛлемінде оқу материалын мӛлшерден тыс кӛптігі терең әдеби білім қалып-
тастыруға елеулі кедергі жасайды. Әр сынып бойынша оқу материалының
қайталанып ұсынылатын тұстары да кездеседі. Айталық: аталған сынып
М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасымен» танысады, 9 сыныпта «Абай жолы»
эпопеясы 5 сағат кӛлемінде оқуға жоспарланған да, 11 сыныпта «Абай жолы»
эпопеясы қайта ұсынылған. Осындай қайталауларды басқа авторларға да
қатысты айтуға болады.
Жалпы білім беретін орта мектептің әдебиет пәні бағдарлама-
ларын жетілдіру жолдары. Жасыратыны жоқ, әдебиет пәнінің бағдарлама-
сы бойынша кӛп сыныпта оқу ақпараты мӛлшерден тыс кӛп. Кейінгі кезде
«білім» деген түсініктің ӛзі «ақпарат» деген ұғыммен астастырыла, алмас-
тырыла қолданылып жүр. Сондықтан да болар ҰБТ бойынша ЖОО-на есінде
оқу ақпаратын кӛбірек сақтайтын оқушылар жолдама алып жатады. Психо-