|
А. А. Какимова «Есеп және қаржы»тақырып: Бюджет түсімдерінің экономикалық мазмұны
|
бет | 22/51 | Дата | 04.01.2022 | өлшемі | 469 Kb. | | #36097 |
| Мемлекеттик бюджет6 тақырып: Бюджет түсімдерінің экономикалық мазмұны
Мақсаты: Бюджет түсімдерінің экономикалық мазмұнын анықтап, олардың бюдже деңгейлері арасында бөлінуін қарастыру.
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:
Бюджет кірістері және олардың көздері
Бюджеттің салықтық және салықтық емес кірістеріне сипаттама
Бюджет дейңгейлері арасында кірістерді бөлу бойынша негізгі принциптері
Бюджет кірістері - ол мемлекеттік функцияларды орындауға қажетті елдің бір ортаға топталған қаржы ресурстарының белігін және заңнамаларға сәйкес билік органдарының әр деңгейлеріне иелік істеуге ақысыз және қайтарылмайтын тәртіппен түсетін ақша қүралдарын керсетеді. Олар ақша құралдар қоры қалыптасу про-цесінде пайда болатын экономикалық қатьшастарды әлпеттейді. Бюджет кірістері түсінігі мемлекет кірістері түсінігінен бірша-ма қысаң, бірақ олардың республиканың мемлекеттік кірістер құрылымында шешімді мәні бар.
Бюджет кірістерінің басты материалды кезі - ол ¥лттық табыс. ¥лттық табыстың өсуі мемлекет кірістері мен мемлекеттік бюд-жет кірістері көлемінің тұрақты ұлғаюын қамтамасыз етеді. Мем-лекеттік кірістердің айтарлықтай бөлігі - ол ендіріс пен айналым салалары мен әр түрлі меншік формаларының қәсіпорындарында жасалынған қоғамның таза табысы. Сонымен бірге, мемлекет жал-пымемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін әр түрлі кәсіптік іс-әрекетпен және өндірістік пен өндірістік емес салалар-да шұғылданатын азаматтардың табысының бөлігін әз кірістеріне алады.
Бюджетке түсетін кірістер, оларды жүмылдыратын формалар мен әдістер жиынтығы мемлекеттік бюджеттің түсімдер жүйесін құрады. Мұндай түсімдер маңында Бюджет кодексімен тағайын даған белгілі мөлшерде және тағайындаған мерзімде бюджет есебіне алынатын міндетті төлемдер түсініледі.
Бюджет түсімдерінің негізін салықтар мен алымдар түрлерінде жүмылдыратын төлемдер қүрайды. Республика аумағында орна-ласқан меншік және шаруашылық формаларынан тәуелсіз барлық заңды түлғалар мен азаматтар қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бюджетке салықтар, алымдар және міндетті төлемдер төлеуге тар-тылады. Салықтар, алымдар мен төлем төлеушілер, яғни заңды және жеке түлғалар оларды бюджетке төлеудің басқа төлемдерден басымдылығын қамтамасыз ету мен әрекеттегі заңнамаларға сәйкес оларды уақытымен және толығымен төлеуге жауапкер-шіліктері тағайындалған.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|