9 тақырып: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру
Мақсаты: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру ерекшеліктерімен танысу
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды жергілікті бюджеттерде қалыптастыру ерекшеліктері
Тұрғын үй құрылыс және оның дамуы
Елдің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы өз алды көп-профилді енеркәсіптік қүрылым болып табылады. Оның құрамына тұрғын үй шаруашыльЕғы, электро, жылу және газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және канализация, қалалар мен елді мекендерді көріктендіру, санитарлық жұмыстар жүргізу және тағы басқа іс-әрекет түрлері кіреді. Көріктендіру объектілеріне, мысалы, жол және жаяу адам жүретін жод, жауындық канализация, өсімдіктер, көшедегі жарықтандыру, көшені қоқсықтан, қардан тазалауға арналған құрал-жабдықтар жатады.
Мемлекеттік бюджет шығындарының басқа бір бағыты болып коммуналдық тұрғын үй құрылысы табылады. Себебі бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламаға сәйкес халықтың үй мәселесін шенгуді қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ бюджеттің мұндай шығындарының қажеттігі тозған үйлер көлемінің өсуіне де байланысты.
Бюджеттік кодекске сәйкес тұрғын үй-коммуналдық шаруа-шылық шығындарын қаржыландыру негізінде олардың әрекет-тігінің айырмашылығына байланысты жергілікті бюджеттер құралдары арқылы іске асырылады. Республикалық маңызы бар қала, астана, аудан бюджеттерінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған шығындар келесі бағыттар бойы қарас-тырылған:
мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыру;
тұрғын үй қорын инвентаризациялау;
заңнамалық актілерге сәйкес азаматтарды жеке категория бойынша тұрғын үймен қамтамасыз ету;
заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік қажеттік үшін жер учаскілерін алу мен соған байланысты жылжымайтын мүлікті айыру;
коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау объектілері мен канализация, жылу және электро желілерді құру мен қайта
құру,
Қазіргі кезеңде іске асырылып жатқан мемлекеттік тұрғын үй саясатының басты мақсаты - түрақты тұрғын үй қүрылысын да-мыту болып табылады. Осы саясаттың нәтижесінде елдің барлық топтағы халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуді едәуір жоғары деңгеймен іске асыру мүмкіндігі пайда болады. Мемлекеттің түрғын үй саясатының мақсатына жету үшін дамыған, сұраныс пен ұсыныс жақтарынан теңгерілген тұрғын үй нарығын қүру мен құрылыс индустрия нарығын қалыптастыру мен тиімді әрекеттенуі қарастырылады. Осы шаралармен қоса ипотекалық несиелен-діру мүмкіндігін жетіддіру мен түрғын үй құрылыстық жинақ жүйесін дамыту негізінде жеке түрғын үй қүрылысын көтеру мен ұлғайтуды ынталандыру, тұрғын үй құрылысына жекеше капитал-ды жұмылдыру белгіленіп отыр.
Тұрғын үй саясатының мақсаттарын орындау бекітілген Мем-лекеттік түрғын үй қүрылысын дамыту бағдарламасын атқару арқылы іске асырылады. Бүл бағдарламаға сәйкес тұрғын үй мәселелерін кешенді шешуі жоспарлануда, әсіресе әлеуметті қорғау топтағы халықты түрғын үймен қамтамасыз етуі.
Достарыңызбен бөлісу: |