5В071200 «Машина жасау» 5В072400 «Технологиялық машиналар және жабдықтар»



жүктеу 26,56 Mb.
бет172/340
Дата23.05.2018
өлшемі26,56 Mb.
#16520
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   340
11-ДӘРІС. КҮРДЕЛІ ҚАРСЫЛАСУ

1. НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР

2. ҚИҒАШ ИІЛУ

3. ЦЕНТРДЕН ТЫС СОЗЫЛУ (СЫҒЫЛУ

4. ИІЛІП МЕН БҰРАЛУ ҚАТАР ӘСЕР ЕТКЕН КЕЗДЕГІ БІЛІКТІҢ БЕРІКТІГІН ЕЕПТЕУ.

НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР

Жоғарыда созылу (сығылу), бұралу, жазық иілу сызықты қарапайым деформациялармен таныстық. Қарапайым деформацияланған стерженьнің кез келген қимасында пайда болатын ішкі фактордың саны бірге тең (мысалы, созылғанда тек бойлық күш, бұралғанда тек бұраушы момент пайда болады), Иілген арқалықтың көлденең қималарында ию моментімен қатар көлденең күш пайда болғанмен, көлденең күш ескерілмейді. Өйткені, оның арқалық беріктігіне әсері ию моментінің әсеріне қарағанда жоқтың қасы.

Инженерлік практикада қарапайым деформацияланган конструкция элементтерінен гөрі күрделі деформацияланған (күрделі қарсыласатын) элементтер жиі кездеседі. Күрделі деформацияланған элементтердің қималарында бір емес бірнеше ішкі факторлар пайда болады. Ішкі факторлардың түрлеріне байланысты күрделі деформациялар келесі түрлерге ажыратылады.

1. Қиғаш иілу. Қиғаш иілген элементтің көлденең қималарында Qy, Mx, Qx, My ішкі факторлары пайда болады.

2. Центрден тыс созылу (сығылу). Центрден тыс созылған (сығылған) элементтердің көлденең қималарында Мч, Мн ию моменттерімен қатар М бойлық күш пайда болады. Жеке жағдайларда ию моменттерінің бірі нөлге тең болуы мүмкін.

3. Иіліп бұралу. Иіліп бұралған машина бөлшектерінің қималарында Qx, Qy көлденең күштері мен Мx, Мy ию, Мz бұраушы моменттері пайда болады.

Жалпы жағдайда стерженьдердің көлденең қималарында кез келген ішкі факторлар пайда болуы мүмкін.

Аталған Nx, Qx, Qy — ішкі күштерінің индекстері, олардың қандай оське параллель екенін, Мx, Мy, Мz моменттерінің индекстері олардың қандай оське қарағандағы моменттер екенін көрсетеді (мысалы, Qy — Ү осіне параллель, Мx — X осіне қарағандағы ию моменті).

Күрделі деформадияланған конструкция элементтерін беріктікке есептеу тәртібі қарапайым деформацияланған элементтерді есептеу тәртібімен бірдей. Алдымен ішкі факторлардың эпюрлері тұрғызылып, қауіпті қима, одан кейін қауіпті кимадағы кернеулердің эпюрлері тұрғызылып, қауіпті нүкте анықталады.

Берілген беріктік теориясы бойынша қауіпті нүкте үшін беріктік шарты құрылып, элементтің беріктігі толық тексеріледі.

Кейде ішкі факторлардың эпюрлері бойынша бірнеше қималардың қауіптілігі жобалас болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда конструкция элементінің беріктігі, қауіптілігі жобалас


әр қима бойынша жеке тексеріледі.

Күрделі деформацияланған элемент беріктікке есептелгенде Nx, Qx, Qy ішкі күштері, көп жағдайларда ескерілмей, ішкі моменттер ғана ескеріледі. Беріктік теориясы деформацияланған материалдың күйіне, касиетіне байланысты қабылданады.

Морт материалдардың беріктігі бірінші немесе екінші, ал пластикалық материалдардың беріктігі үшінші немесе төртінші теория бойынша тексеріледі.
ҚИҒАШ ИІЛУ

Басты жазықтықтардан басқа, бойлық ось арқылы өтетін, кез келген жазықтықтарда жатқан сыртқы күштердің әсерінен конструкция элементі қиғаш иіледі. Қиғаш иілген арқалықты беріктікке есептеу тәртібі келесі мысалда көрсетілген. Бір ұшы қатаң бекітілген арқалықтың екінші ұшына Р күші әсер етсін. Күштің әсер ету сызығы X осімен α бұрышын жасап өтетіндіктен арқалық қиғаш иіледі (Х.1, а-сурет). Сыртқы күшті басты осьтерге проекциялап құраушыларын табайық



Құраушы Рx, Рy күштерінің әсерінен берілген арқалық өзара перпендикуляр басты жазықтықтарда жазық иіліп, көлденең қималарында ию моменттері пайда болады



мұндағы М = Рz.


жүктеу 26,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   340




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау