5В071200 «Машина жасау» 5В072400 «Технологиялық машиналар және жабдықтар»



жүктеу 26,56 Mb.
бет168/340
Дата23.05.2018
өлшемі26,56 Mb.
#16520
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   340

Бас кернеулердің қауіпті шектерін, оларды өзара пропорционалды түрде өсіріп анықтауға болады. Бұл мәселе материалдар кедергісі ғылымының күрделі мәселелерінің бірі болып саналады. Өйткені, кейбір кернеулі күйлердің бас кернеулерінің кауіпті шектерін табу үшін күрделі машиналар мен аспаптар жасап қиын тәжірибелер жүргізуге тура келеді. Ал кейбір кернеулі күйдің мысалы (үш бағытта бірқалыпты созылған элементтің) бас кернеулерінің қауіпті шектерін табу — әлі күнге дейін шешілмеген мәселе.

Айтылған қиыншылықтарды ескеріп, материалдар кедергісі ғылымы күрделі деформацияланған конструкция элементтерін беріктікке есептеу үшін бірнеше беріктік жорамалдарын (гипотезаларын) ұсынады. Бұл жорамалдар бойынша күрделі деформацияланған машина бөлшектерінің қирауы немесе үлкен калдық деформацияға ұшырауы, қандай да бір жеке фактордың қауіпті шегіне жетуіне байланысты деп қарастырылады. Жеке факторлар ретінде тік және жанама кернеулер, салыстырмалы деформация, деформацияның меншікті потенциалдық энергиясы т.б. факторлар қабылданады.

Қабылданған фактордың қауіпті шектерін материалдарды қарапайым созу, сығу, кейде бұрау деформацияларына сынау арқылы анықтайды.

Беріктік жорамалдары материалдардың күрделі кернеулі күйлерін қарапайым бір осьтік кернеулі күймен салыстыруға мүмкіндік береді. Бас кернеулері өзара пропорционал түрде өскен, бірі күрделі, ал екіншісі қарапайым кернеулі күйдегі элементтердің бір мезетте қауіпті күйге жетуі, бұл элементтердің қауіптілігі мен беріктігінің өзара бірдей екендігін көрсетеді. Аталған кернеулі күйлер үшін беріктік қоры коэффициенті де өзара бірдей. Беріктік қоры коэффициенті деп σ1, σ2, σ3 бас кернеулерінің шамасын қауіпті шектеріне жеткізу үшін, оларды өзара пропорционал түрде неше есе өсіру керек екендігін көрсететін коэффициентті айтады, яғни



мұндағы п — беріктік қоры коэффициенті, σ1.қ, σ2.қ, σ3.қ— материалдардың қирауына немесе үлкен пластикалық қалдық деформациясына сәйкес келетін бас кернеулердің қауіпті шектері.

Ғылыми түрде негізделмегенімен беріктік гипотезаларын беріктік теориялары деп те атайды. "Материалдар кедергісі" ғылымында беріктік теорияларын ескі, жаңа деп бөледі. Ескі теорияларға Галилей, Мариотта, Кулон, Сен-Венан сияқты белгілі ғалымдар ұсынған теориялар, ал жаңа теорияларға өткен ғасырдың аяғынан осы күнге дейінгі қабылданған теориялар жатады.

Төмеңде беріктік теориялары кабылдану мерзімдеріне байланысты хронологиялық тәртіппен берілген,

БІРІНШІ БЕРІКТІК ЖОРАМАЛЫ

Бірінші беріктік жорамалын ең үлкен тік кернеу теориясы деп атайды, өйткені бұл теорияда ең үлкен тік кернеу беріктік критерийі ретінде қабылданған.

Бұл теореманың негізін өз заманының ұлы ғалымы Галилей құрған, Галилей күрделі кернеулі күйдегі материал көлеміндегі ең үлкен бас кернеудің шамасы қауіпті шегіне жеткенде қирайды немесе үлкен пластикалық қалдық деформацияға ұшырайды деп жорамалдады.

Бас кернеудің қауіпті шегін (σқ) материалды бір бағытта созуға немесе сығуға сынау нәтижесінде анықтайды.Сонымен, материалды бірінші теориямен беріктікке есептегенде, оның қауіпті нүктесіндегі бас кернеулердің ең үлкені немесе ең кішісі ескеріліп, қалған екеуі ескерілмейді. Морт материалдарды бірінші теория бойынша беріктікке есептеу қанағаттанарлық нәтиже береді. Пластикалық материалдарды бірінші теориямен есептеу нәтижелері тәжірибе жүзінде дәлелденбейді.

ЕКІНШІ БЕРІКТІК ЖОРАМАЛЫ

Екінші беріктік жорамалын ең үлкен сызықтық деформация теориясы деп атайды, өйткені бұл теорияда сызықтық деформация беріктік критерийі ретінде қабылданған.



Бұл теорияның негізін Мариотта құрып, Сен-Венан жалғастырған. Мариотта күрделі кернеулі күйдегі материал көлеміндегі ең үлкен сызықтық деформация шамасы қауіпті шегіне жеткенде өзінің жұмыс істеу қабілетін жоғалтады деп жорамалдады. Ең үлкен сызықтық деформацияның қауіпті шегін материалды бір бағытта созуға немесе сығуға сынау арқылы анықтайды.

Екінші теория бойынша материалдардың қирау шарты келесі түрде жазылады: ε1 = εқ, ал беріктік шарты



Гуктың жалпы заңына сүйене отырып, беріктік шартын кернеу арқылы өрнектейік:


жүктеу 26,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   340




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау