5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы үшін



жүктеу 1,09 Mb.
Pdf просмотр
бет28/30
Дата01.01.2020
өлшемі1,09 Mb.
#25658
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

56 

 

қанағаттандырған.  Оң  нәтиже  экология  мен  таксидің  техникалық  жағдайының  жақсаруын 



айтуға  болады.  Теріс  нәтиже  жұмыс  басты  жүргізушілер  санының  төмендеуі,  таксомотор 

қызмет көрсетуді ұйымдастыру жүйесінің бұзылуы болып табылады. 

Сонымен, 2-суретке сәйкес экологиялық, ұйымдық, экономикалық тиімділік және т.б. 

түрлері туралы айтуға болады. 

 

 

 



2-сурет – Функционалды тиімділіктің негізгі түрлері 

 

Тиімділіктің бір түрі басқасы  есебінен өзгеруі  немесе оны жартылай орнын толтыру 



керек.  Ұйымдық  тиімділікті  жоғарлата  отырып,  экономикалық  тиімділікті  едәуір 

жоғарлатуға болады. Мысалы, компанияда технологиялық тәртіпті күшейту кезінде еңбектің 

өнімділігі  мен  нәтижелілігі  жақсарады.  Ал  бұл  экономикалық  тиімділіктің  (аса  жоғары 

пайданының)  жоғарлауына  алып  келеді.  Басшы  тиімділіктің барлық түрлеріне  бірдей  назар 

аударуы  керек,  себебі  жиынтықта  олар  қорытында  тиімділікті  едәуір  күшейте  алады.  Адам 

мен  компания  үшін  экономикалық  тиімділік  аса  маңызды  емес.  Жиі  ол  ұйымдық, 

экологиялық және басқа проблемаларды шешудің жанама жолы болып табылады. Компания 

үшін тиімділіктің негізгі түрлерінің жақсы мәндеріне қол жеткізе отырып, тура жолмен жүру 

жақсырақ.  Компанияның  тиімділігі  БШ  тиімділігінен,  өнімнің  тиімділігінен,  компанияның 

оны  өндіру  қабілетінен,  жабдықтаушылар,  контрагенттер  мен  клиенттер  арасында  жоғары 

имиджден құралады. 

2.  Тиімділіктің кез-келген түрінің маңызды құраушысы  БШ тиімділігі болып  

табылатынын  ескеріп,  оның  мәні  мен  мазмұнын  аса  толық  қарастыру  керек.  Басқару 

шешімдері  тиімділігі  –  бұл  ұйымдағы  басқару  шешімін  дайындау  немесе  жүзеге  асыру 

процесі  нәтижесінде  жаңа  ресурстың  немесе  ескі  ресурс  өсімінің  бұл  процеске  кеткен 

шығынға  қатынасы.  Ресурстар  ретінде  компанияның  жаңа  бөлімі,  қаржы,  материалдар, 

персонал денсаулығы, еңбекті ұйымдастыру және т.б. бола алады. Шығындар ретінде – ескі 

бөлімдер, персонал, қаржы және т.б.  

Басқару шешімдерінің ұйымдық тиімділігі – бұл аз күштер, қызметкерлердің аз саны 

немесе  аз  уақыт  есебінен  ұйымдық  мақсаттарға  жету  нәтижесі.  Ол  келесі  қажеттіліктерді 

жүзеге асырумен байланысты: 

-  адам  үшін  –  бұл  өмірді  ұйымдастыру  мен  қауіпсіздік,  басқару,  тұрақтылық,  тәртіп 

қажеттіліктері; 

-  компания  үшін  –  бұл  еңбекте  (өнімге  сұранысқа),  ұйымдастыруда  және 

қауіпсіздіктегі қажеттілік. 

Ұйымдық тиімділіктің нәтижесі  жаңа бөлім, ынталандыру жүйесі,  басқаруды немесе 

өндірісті өте жақсы ұйымдастырушылардың тобы, жаңа тәртіп және т.б. бола алады. 

Басқару  шешімдерінің  экономикалық  тиімділігі  –  бұл  нақты  басқарушылық 

шешімдерді  жүзеге  асыру  есебінен  алынған  қосымша  өнімнің  өзіндік  құны  мен  оны 

дайындау мен жүзеге асыруға шығындардың қатынасы. Қосымша өнім пайда, шығындарды 

төмендету,  несиелер  алу  түрінде  болуы  мүмкін.  Экономикалық  тиімділік  адам  мен 

компанияның барлық қажеттіліктерін жүзеге асырумен байланысты. 

Басқару  шешімдерінің  әлеуметтік  тиімділігі  қызметкерлердің  аз  санымен,  аз 

қаржылық  шығындармен,  қысқа  уақыт  ішінде  компания  мен  қызметкерлердің  үлкен  саны 

Т и і м д і л і к 

ұйымдық 

экономикалық 

технологиялық 

экологиялық 

құқықтық 

этикалық 

психологиялық 

саяси 


әлеуметтік 

партиялық 




57 

 

үшін әлеуметтік мақсаттарға жету нәтижесі ретінде қарастыруға болады. Берілген тиімділік 



келесі қажеттіліктермен байланысты: 

-  адам  үшін  –  бұл  шығармашылық  еңбектегі,  махаббатқа,  қарым-қатынасқа,  өзін-өзі 

көрсетудегі қажеттілік; 

- компания үшін – бұл сену және өздігінен даму қажеттіліктері. 

Әлеуметтік тиімділіктің нәтижесі бөлімдегі жақсы әлеуметтік-психологиялық климат, 

өзара көмек, бейресми қатынастар болуы мүмкін. 

Басқару шешімдерінің технологиялық тиімділігі – бұл қысқа уақыт ішінде немесе аз 

қаржылық шығындармен бизнес-жоспарда жоспарланған өндірістің салалық, ұлттық немесе 

әлемдік технологиялық деңгейіне жету нәтижесі. Ол келесі қажеттіліктермен анықталады: 

- адам үшін  –  бұл  шығармашылық  еңбектегі,  білімдегі,  ақпарат,   өзін-өзі  көрсетудегі 

қажеттілік; 

-  компания  үшін  –  бұл  өздігінен  даму  қажеттілігі  және  заманауи  өндірістегі 

қызығушылық. 

Технологиялық  тиімділіктің  нәтижесі  шығармашылық  еңбектің  заманауи  тәсілдері, 

өнімнің бәсекеге қабілеттігі, персоналдың кәсіпқойлығы бола алады. 

Басқару  шешімдерінің  психологиялық  тиімділігі  –  бұл  қызметкерлердің  аз  санымен 

немесе  аз  психологиялық  шығындармен  қысқа  уақыт  ішінде  халықтың  немесе 

қызметкерлердің  үлкен  саны  үшін  психологиялық  мақсаттарға  жету  нәтижесі.  Ол  келесі 

қажеттіліктерді жүзеге асырумен байланысты: 

-  адам  үшін  –  бұл  махаббаттағы,  отбасы,  бос  уақыттағы,  отаншылдық,  сенімдегі, 

қарым-қатынастағы қажеттілік; 

- компания үшін – бұл тұрақтылықтағы, қауіпсіздіктегі, сенудегі, ұйымдық мәдениетті 

дамытудағы қажеттілік. 

Берілген  тиімділіктің  нәтижелері  компанияның  корпоративтік  мәдениетінде,  өзара 

көмекте, отаншылдықта және адалдықта көрінуі мүмкін. 

Басқару  шешімдерінің  құқықтық  тиімділігі  қызметкерлердің  аз  санымен  немесе  аз 

қаржылық    шығындармен  қысқа  уақыт  ішінде  персоналдың  және  ұйымның  құқықтық 

мақсаттарына жету дәрежесімен бағаланады. Тиімділік келесі қажеттіліктер негізінде жүзеге 

асады: 

-  адам  үшін  –  бұл  қауіпсіздіктегі,  ұйымдастыру  мен  тәртіптегі,  өмір  мен  қызметті 



ұйымдастырудағы қажеттілік; 

- компания үшін – бұл қауіпсіздіктегі және басқарудағы қажеттілік. 

Құқықтық тиімділіктің нәтижесі заңды бизнеске көшу, құқықтық өрісте жұмыс жасау 

бола алады. 

Басқару  шешімдерінің  экологиялық  тиімділігі  –  бұл  қызметкерлердің  аз  санымен 

немесе  аз  қаржылық    шығындармен  қысқа  уақыт  ішінде  персоналдың  және  ұйымның 

экологиялық мақсаттарына жету  нәтижесі. Ол келесі қажеттіліктермен анықталады: 

-  адам  үшін  –  бұл  қауіпсіздіктегі,  денсаулықтағы,  өмірдің  тұрақты  дамуын 

ұйымдастырудағы, физиологиялық қажеттіліктер; 

-  компания  үшін  –  бұл  қосымша  өнімдегі,  тұрақтылықтағы,  қызметкер  үшін  өмірдің 

қолайлы деңгейін жасау қажеттілігі. 

Берілген тиімділіктің нәтижесі экологиялық таза өнім өндірісі, адамға лайықты еңбек 

жағдайлары болуы мүмкін. 

Басқару шешімдерінің тиімділігі оны әзірлеу мен жүзеге асыру деңгейлері бойынша, 

адамдар  мен  компанияларды  қамтуы  бойынша  бөлінеді.  Компанияны,  компания  топтарын, 

саланы,  аймақты,  елді  басқару  мен  өндіріс  деңгейіндегі  басқарушылық  шешімдердің 

тиімділігін бөліп көрсетуге болады. 

Басқару  шешімдерінің  тиімділігін  басқару  нақты  көрсеткіштер,  нормалар  мен 

стандарттар негізінде сандық және сапалық бағалар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. 

Сонымен,  басқару  шешімдерінің  тиімділігі  компания  қызметінің  әртүрлі 

бағыттарында көрінеді, соның ішінде: 



жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау