5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған



жүктеу 1,23 Mb.
бет6/6
Дата22.02.2018
өлшемі1,23 Mb.
#10470
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары:

1. “Ана тілі” газеті және көтерген мәселелері.

2. “Халық кеңесі” газеті және көтерген мәселелері.

3. “Қазақ тілі мен әдебиеті” журналы.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының тарихы. - А., 1996.

2. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. 1-кітап. – А., 1994.

3. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. – А., 1981.

4. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А., 1996.

5. «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.,

Сақов Қ. – А., 1998.
27-28 - дәрістер. Қазақстандағы түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың басылымдары. (1985 – 1996 жылдар)

14.1 Қазақстандағы түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың басылымдары.

14.2 “Азат” газеті.

14.3 “Желтоқсан” газеті және онда жарияланған материалдар.

Кезінде қоғам құрылымына өзгеріс әкелген қайта құру өміріміздің барлық саласына тереңдеп енді. Жариялылық, демократиялық аясын кеңейтіп, өткен тарих “ақтаңдақтарын” аршып алуға, болашаққа берік бағдармен баруға үйретті. Жоғарыда айтқанымыздай, тарих беттеріндегі беймәлім жайлар ашылып, азаматтық үндер айқын сипат алды.

Бүгінгі таңда бұрынғы Одақ, қазіргі ТМД елдері сияқты біздің республикамызда да қалың бұқара арасыннан көпшіліктің мүддесін қорғайтын, баршаға ортақ күрделі мәселелерді шешуге бағытталған түрлі қоғамдық қозғалыстар, ұйымдар дүниеге келіп жатыр. Сөйтсе де, олардың бірқатары шын мәнінде халық мүддесін көздесе, енді біреулері егемендікке енді ғана қол жеткізіп, ел экономикасын нығайтуға ұмтылған шақта теріс қимылды әрекеттерімен ұлттар достығының беріктігін бұзуға тырысуда.

Міне, осы орайда біздер бұл тарауда Қазақстандағы басты-басты деген саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың баспасөз органдары туралы сөз етпекпіз.

Алдымен “Невада-Семей” ядролық жарылысқа қарсы қоғамдық құрылымына тоқталар болсақ, онда бұл – ерікті қоғамдық бұқаралық қозғалыс. Қозғалыстың мақсаты – адамзатты қырып-жоюға бағытталған ядролық қателерді ауыздықтап, тоқтату.

Ал келесі, Қазақстанның азаматтық “Азат” қозғалысы – өзін-өзі басқаратын әлеуметтік-саяси ұйым. Ұйымның төрағасы ғалым Сәбетғазы Ақатаев. “Азат” қозғалысының жанынан қазақ және орыс тілдерінде “Азат” газеті шығады.

Ал, “Желтоқсан” ұлттық-демократиялық партиясы болса, бүгінгі таңдағы Қазақстандағы белгілі бір қозғалыстарының бірі. Оның төрағасы белгілі журналист Хасен Қожахметов.

“Желтоқсан” ұлттық-демократиялық партиясы зорлық-зомбылық, күш қолдануға және қайсыбір болмасын ұлттың қаны төгілуіне қарсы. Бұл партияның өзіндік ерекшелігі – 1986 жылғы желтоқсандағы жәбірленген қазақ жастарының мүдделерін қорғап, жазықсыз жазаға ұшыраған студенттер мен жұмысшы жастардың талап-тілектерін қорғауы деп білеміз. Оның баспасөз органы “Желтоқсан” газеті.

Келесі тоқталатынымыз “Қазақстан бірлесу партиясы” (ПНЕК). Алғашында Одақ ретінде дүниеге келген қозғалыс кейін партия болып қайтадан құрылды. Олар өздерін халыққа: “Біздің мақсат экономика мен саясатқа, республикамызға еңбек сіңіру ғана емес. Сонымен қатар халықтар достығын құптау” – деп таныстырды. Оның бүкіл Қазақстан бойынша 1500-дей филиалдары жұмыс істейді.

Оның баспасөз органы ретінде екі тілде “Дәуір”, “Время” газеттері екі тілде шығатын газеті бар. Ол “Халық конгресі” деп аталады.
Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстандағы түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың басылымдары.

2. “Азат” газеті.

3. “Желтоқсан” газеті және онда жарияланған материалдар.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының тарихы. - А., 1996.

2. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. 1-кітап. – А., 1994.

3. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. – А., 1981.

4. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А., 1996.

5. «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.,

Сақов Қ. – А., 1998.
29-30 - дәрістер. Егемен елдің ерікті баспасөзі. (1991 – 1996 жылдар)

15.1 Егемен елдің ерікті баспасөзі.

15.2 “Халық кеңесі” газетінің тарихы және көтерген мәселелері.

15.3 Халықаралық тәуелсіз апталық басылым- “Түркістан” газеті.

Кез-келген елдің өндіріс байлықтарын өзге елдерге паш ету үшін ең алдымен баспасөзі бай болуы керек. Олай болса, Республикамыздағы басылымдарға зер салайық. 1991 жылдан ,еліміз егемендік алғаннан бері бұқаралық ақпарат құралдарында оның ішінде басылым беттерінде де бірталай өзгерістер болғаны белгілі. Осы уақыт аралығында олардың аттары өзгеруінен бастап, қатарлары де көбейді деуге болады. Егемен елдің еркін баспасөзі дегенде бұл тақырыпты жалғыз емес, тіпті екі жолмен – байырғы басылымдар және кейін қосылған тәуелсіз басылымдар деп атауға болады. Мысалы, жаңадан құрылған түрлі партиялар мен қозғалыстардың “Азат”, “Желтоқсан”, “Алаш” сияқты қазақ және орыс тілінде шығатын басылымдарды да атауға болады.

Алдымен қазақ тіліндегі басылымдарды 1991-1995 жылдарда жарияланған материалдары, айдарлары бойынша салыстыратын болсақ, онда 1990 жылдың 24 сәуірінен бастап шыға бастаған Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің органы “Халық кеңесі” газетін атауымызға болады. Ол өз беттерінде тек Алматы облысы бойынша ғана 1990 жылдан бері қырыққа жуық басқа ұлт өкілдері ислам дінін біржолата қабылдағандықтары туралы жазады.

Әу бастан халыққа жастар басылымы ретінде танылған “Жас алаш” газеті 1922 жылдың наурыз айының 22-нен бастап, күні бүгінге дейін өзінің лайықты жалғасын тауып келеді. 1992-1993 жылдарға дейін негізінен жастар мәселесін көп жазып келген бұл ұлттық, тәуелсіз, қоғамдық-саяси басылым 1993 жылдан кейінгі кезде елдің тарихы мен ұмыт қалған азаматтарына, жер мәселесі мен саясатқа басты назар аудара бастаған. Осыған орай “Саясат” айдарымен іргелі материалдар беріліп жүр.

Осындай, бұрыннан шығып келе жатқан айтулы басылымдардың қатарына соңғы кездері шыға бастаған “Заң”, “Түркістан”, “Сұхбат” газеттерін де қосуға болады. Мәселен, қазақ және орыс тілдерінде шығатын саяси-экономикалық “Сұхбат” апталық газеті 1990 жылдың қаңтар айында дүниеге келіп, кіндігін кескен. Редакторы Сабыржан Шүкірұлы.

Ал “Түркістан” газеті болса 1994 жылдың қаңтар айының 28-інен бастап шығып келеді. Бұл халықаралық тәуелсіз апталық басылым. Редакторы Қалтай Мұхамеджан.

Келесі “Қазақ елі” газеті 1995 жылдың сәуір айының 20-сынан бастап шығып келеді. Алайда, бұл басылымның көшбасы, ізашары “Қазақ елі” журналы 1994 жылдан бастап жарық көрген. Редакторы Бақыт Сарбалаұлы. Көлемі 16 бет.

“Егемен Қазақстан” газеті 1919 жылдың 17 желтоқсанынан бастап шығып келеді. Ұлттық, қоғамдық-саяси газет. Редакторы Нұрлан Оразалин. Бұл басылыммен қатар 1920 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығып келе жатқан “Казахстанская правда” газетін де айта кеткеніміз жөн. Екі газеттің де құрылтайшылары да Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті.

Келесі ірі және халық сұранысында көп газеттердің бірі – орыс тілінде шығатын “Караван” апталығы. 1991 жылдан жұма күндері 64 бет көлеммен шыға бастаған. Құрылтайшысы: “Караван-пресс” акционерлік қозғалысы. Көбінесе ондағы жарияланатын материалдарға сенушілер аз болса да, оны жаздырып, сатып алушылар саны көп. Себебі, оқырман қауым оны жарнама – анықтама беттері үшін қажет етеді. Осы апталықты алматылықтардың 72 проценті оқитын болып шықты, әрі ол ауылдық жерлерге де барып жеткен.

Кезінде “Караван” акционерлік қоғамы жанындағы компьютер орталығынан “Караван” газетіне ұқсас қазақ тілінде “Аруана” басылымы да шығарылды. Оның “Апта жаңалықтары”, “Гиллер институты”, “Күн сайынғы жаңалықтар қорытындысы” сияқты тұрақты айдарлары болды. Бірақ, өкінішке орай “Аруана” шықпай жатып, түрлі себептерге байланысты жабылып қалды.

Керісінше, орыс тілінде шығатын “Караван” апталығына сұраныс күннен-күнге ұлғайып, соңғы кезде тіпті түрлі-түсті де болып шығып жүр. Газеттің теледидар бағдарламасын берудегі, бағдарлама сағатын қоюдағы реттегі, фильмдерден үзінділер беруі және түрлі-түсті бояуларды пайдалануы, беттің көптігі шетел, оның ішінде Корея басылымдарына көбірек ұқсайды.

Ал “Астана даусы” апталық тәуелсіз газеті болса, 1992 жылдың тамыз айының 1-інен бастап шығады. Құрылтайшылары: “Азия даусы” акционерлік корпорациясы, “Астан-холдинг” компаниясы мен “Алтын Алма” биржасы.

Апталық қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде шығады. Мұнда негізінен астана өмірі мен қазақ халқының тарихына көп көңіл бөлінеді. Газеттің жалпы саны 40 шақты айдары бар. Соның бірі – “Қазақ тілін үйренеміз” деп аталады.

Республикамызда бүгінгі таңда жарық көретін негізгі басылымдардың мән-мазмұн, бағыт-бағдары осындай. Заман, уақыт жылжуына байланысты барлық газет-журналдардың да беттері өзгеріске ұшырағандары белгілі. Айталық, 20-жылдарғы басылымдардың негізгі мақсаты халықты сауаттандыру болса, қазіргі кезде саясат, нарық, экономика мәселелері бірінші кезекке шыққан.
Бақылау сұрақтары:

1. Халықаралық тәуелсіз апталық басылым- “Түркістан” газеті.

2. “Караван” газеті.

3. Республикамызда бүгінгі таңда жарық көретін негізгі басылымдардың мән-мазмұны.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының тарихы. - А., 1996.

2. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. 1-кітап. – А., 1994.

3. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. – А., 1981.

4. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А., 1996.

5. «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.,

Сақов Қ. – А., 1998.
3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
1- семинар. Ежелгі төрүк руникалық алфавитімен бәдізделген ескерткіштердегі ұлттық ақпараттың тегі мен түрлері.

Ежелгі төрүк тасбітіктеріндегі ақпарат таратудың ерекшелігі. Бағзы төрүктердің ақпарат тарату мен сақтаудағы қолданған материалдары және оны өңдеудің технологиясын меңгеруі. Жәдігер ескерткіштердің пішіні мен көркемдік безендірілуі мен дизайны. Тасбітіктердегі оқиға желісі мен баяндау әдісі. Публицистиканың нышандары.



2- семинар. ХІХ ғ.екінші жартысындағы көқрнекті қазақ публицистері

Ш.Уәлихановтың публицистикалық еңбектері. Ы.Алтынсарин – ағартушы, журналист, публицист. А.Құнанбаев публицистикасының ерекшеліктері.



3- семинар. «Тәжіман» газеті және Ысмағұлбек Ғәспрәлі.

«Тәжіман» газетінің төрүк халықтары үшін тарихи маңызы.

Ысмағұлбек Ғәспрәлінің ағартушылық, ұстаздық қызметінің мәні. Ысмағұлбек Ғәспрәлінің төрүк халықтары арасында баспасөз бен баспа ісін дамытуға қосқан үлесі.

4- семинар. 1910-1914 жылдардағы қазақ баспасөзі.

«Қазақстан» газеті (1911-1913 жылдар). Газеттің бағыт – бағдары.Редакциялық алқасы мен авторлық құрамы. Ондағы Е.Буйрин, Ғ.Қарашұлы, Б.Қаратаев, С.Мендешұлының қызметтері.Газет бетінде көтерілген басты проблемалар. 2. Петербург жұмысшыларының бүкілхалықтық «Правда» газеті (1912-1914 жылдар). Онда жарияланған Қазақстанға қатысты материалдар. «Правда» газетінің тілшісі Ж.Болғанбаевтің қызметі. «Айқап»журналы және оның идеялық бағыты.

«Айқап»журналы (1911-1915) патшалық Ресейдің Қазақстандағы отарлау саясаты туралы. Журнал көтерген саяси, әлеуметтік – экономикалық мәселелер. Білім беру және мәдени ағарту проблемалары.

5- семинар. Ресейдегі буржуазиялық – демократиялық төңкеріс және қазақ баспасөзі.

«Фикир» газеті. Газетке жазып тұрған авторлардың ұлттық ерекшелігі. «Қазақ» газеті. Оның буржуазиялық – демократиялық бағыты. «Серке», «Орал» газеттеріндегі қазақ бұқарасы тұрмысының жазылуы.



6- семинар. Қолжазба «Садақ» журналы.

Қолжазба «Садақ» журналы. «Садақтың» шығарушылары. «Садақ» журналының идеялық –саяси мазмұны мен бағыты.



7- семинар. Қазақстандағы алғашқы кеңес басылымдары.

«Тіршілік» газеті (1917-1918 жыл, шілде). «Тіршілік» газетінің саяси бағыты. С.Сейфуллиннің «Тіршілік» газетіндегі мақалалары. «Тіршілік» газетінің көтерген проблемалары мен мәселелері. «Тіршілік» газеті төңірегінде топтасқан публицистер – Р.Дүйсенбаев, А.Асылбеков, Б.Серікбаев, Ж.Нүркин, т.б. «Қазақ мұңы» газеті. (1918 жыл, сәуір - шілде). Газеттің идеялық бағыт – бағдары. Н.Төреқұловтың редакторлық қызметі. «Заря свободы» газеті. (1918 жыл, 8-наурыз – 18- маусым). Осы басылымның арнаулы қазақ бөлімінде жарияланған материалдар. Т.Бокин, С.Ғаббасовтың хаттары мен мақалалары. Қазақстанның әртүрлі өңіріндегі баспасөздің қалыптасуы.


8- семинар.

Аралық бақылау жұмысы ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

9- семинар. Қазақстандағы жаппай репрессия жылдарындағы және екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы мерзімді баспасөз.

Газет-журналдардың беттеріндегі өнеркәсіп, транспорт проблемаларына арналған материалдар. Мерзімді баспасөзде Қазақстанда үшінші бесжылдық тапсырмаларының орындалу барысының қамтылуы.



10- семинар. ХХ ғасыр басындағы қазақ тіліндегі кітаптар.

Қазақ Уфа қалаларында қазақ тіліндегі кітаптардың шығарылуы. Қоғамдық – саяси, әдеби кітаптардың көбеюі. К.бердиевтің, Мұхамет-Салық Кашимовтың, С.Дөнентаевтің, Х.Садуақасовтың; С.Көбеевтің, Ғ.Ғалымжановтың кітаптары. М.Ж.Көпейұлының әлеуметтік - экономикалық, қоғамдық – саяси , әйел теңдігі, оқу – білім проблемалары мен мәселелеріне Ресейдің қазақ жеріндегі отарлау саясатын көрсететін еңбектері.



11- семинар. Халық шаруашылығын қалпына келтіру, «ұлтшылдық» сарынға қарсы күрес және тың игеру жылдарындағы баспасөз

(1946 – 1960 жж.)

«Қазақстан мұғалімі» (1952 ж.) газеті. Тұрақты бөлімдері. «Ара»(1956ж.) журналы. Редакция алқасы. Қазақ мерзімді баспасөзінің халық шаруашылығын қалпына келтіру жолындағы рөлі.



12- семинар. 1945-1953 жылдардағы «ұлтшылдықпен» күрес науханыдағы» қазақ баспасөзі.

1949-1960жж. әдебиетке, ғылым мен творчестволық қызметке араласқан қазақ интеллигенциясы. «Ұлтшыл» деп күнә тағылған зиялылардың шығармашылық еңбектері. Тың игеру жылдарындағы мерзімді баспасөзде туған тосын ой - пікірлер.Тың игеруге байланысты қазіргі көзқарас.



13- семинар. 1950 – 1960 жылдар аралығындағы Қазақстанда жаңадан шыққан педагогикалық, сатиралық және мәдени, әдеби басылымдар.

«Қазақстан мұғалімі» (1952 ж.) газетінің тарихы. Газеттің авторлар құрамы. «Ара»(1956ж.) журналының тарихы. Журналдың авторлар құрамы.



14- семинар. 1985 – 1996 жылдар аралығындағы қазақ мерзімді баспасөзі.

Қазақстанда да түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың баспасөзі.

Қазақстандағы түрлі тәуелсіз және жекеменшік басылымдар. Олардың мақсат – мүддесі. «Желтоқсан», «Алаш», «Халық конгресі», т.б. қозғалыстар мен партиялардың пайда болуы, даму тарихы.

15- семинар. Аралық бақылау жұмысы

«Қазақ журналистикасының тарихы» пәнінен емтихан билеттері

1-билет


1.Алғашқы қазақ публицистері. (Мақалалары, ғылыми мақалалары, очерктері).

2.«Жас Алаш» газеті.

3. М.Дулатов публицистикасы.

2-билет


1. 1905-1907 ж.ж.қазақ баспасөзі.

2. «Абай»журналы.

3.Ғ.Қарашаев – публицист.

3-билет


1. ХХ ғ.б. қазақ тіліндегі кітаптар.

2. М.Шоқайдың «Бірлік туы» газетіндегі журналистік қызметі.

3.Ә.Бөкейхановтың публицистік қызметі.

4-билет


1. «Қызыл Қазақстан»журналы.

2.М.Тұрғанбаев және «Сарыарқа» газеті.

3.ХХғ.б. қазақ журналистикасы.

5-билет


1. «Серке» газеті.Онда қызмет еткен қазақ зиялылары.

2. С.Сәдуақасовтың жастарға арналған мақаласы не туралы?

3.Қазақстандағы жаппай репрессия жылдарындағы және ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарындағы мерзімді баспасөз.(1937-1941)

6-билет


1.1910-1914жж. Қазақ баспасөзі.

2. «Айқап»журналы.

3.С.Қожанов – публицист.

7-билет


1. «Жұмысшы» газетінің бағыт-бағдары, тұрақты айдары,онда қызмет еткен қазақ зиялылары.

2. «Әйел теңдігі»журналы.

3. Ұлттық журналистиканың бастау көзі.

8-билет


1. «Еңбекші қазақ» газеті.Кеше және бүгіні.

2.І.Жансүгіровтің «Жас Алаш» газетіндегі өлеңдері, публицистикалық мақалалары.

3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ мерзімді баспасөзі.

9-билет


1.Қазақстандағы түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың органдық басылымдар. (1985-1996жж.)

2.С.Торайғыровтың «Айқап», «Абай»журналдарындағы сын мақалалары.

3. «Алаш» газетінің шығарушылары мен негізгі тақырыптары.

10-билет


1. «Ара»журналы. Кеше және бүгіні.

2. Ш.Құдайбердиевтің журналистік қызметі.

3.1921-1925жж. Баспасөздер шығып тұрды. Ондағы көтерілген негізгі тақырыптар. (Еңбекші қазақ, Қызыл Қазақстан, Тілші).

11-билет


1. «Қазақ» газеті. Ондағы көтерілген негізгі тақырыптар.

2.А.Байтұрсынов – қазақ баспасөзінің тұңғыш теоретигі.

3. «Алаш» партиясының белді мүшелері. Ұлтшыл қайраткерлер.

12-билет


1. М.Сералиннің журналистік қызметі.

2.1946-1960жж. Тың игеру жылдарында баспасөздер шығып тұрды.

3. «Қазақстан мұғалімі»журналы. Кеше және бүгіні.

13-билет


1. «Ақ жол» газетінің бағыт-бағдары, тұрақты айдары,онда қызмет еткен авторлар.

2. С.Есованың редакторлық қызметі.

3.Қазақстандағы алғашқы кеңес басылымдары.(Тіршілік, Заря свободы, редакторы- Н.Төреқұлов).

14-билет


1. «Шолпан» журналының бағыт-бағдары, тұрақты айдары,онда қызмет еткен авторлар.(1922-1923жж)

2. Н.Төреқұловтың публицистік, редакторлық қызметі.

3.Қазақстандағы «Кіші Октябрь»жылдарынан кейінгі қалпына келтіру кезеңіндегі мерзімді баспасөз.(1933-1937жж.)

15-билет


1. «Садақ» журналының идеялық бағыты, авторлар құрамы.

2. Қ.Сәтбаевтің публицистикалық мақалалары.

3.Қазақ балаларына арналған алғашқы басылымдар.

16-билет


1.Қазақ қыз - келіншектеріне арналған алғашқы басылымдар.

2.Е.Алдоңғаров – публицист.

3. «Тілші» газетінің бағыт-бағдары, тұрақты айдары,онда қызмет еткен авторлар.

17-билет


1.«Қазақ тілі» газеті

2. «Сана» журналы.

3.Ж.Аймауытовтың публицистикасы.

18-билет


1. «Ауыл тілі» газетінің идеялық бағыты, авторлар құрамы.

2. Ж.Тлепбергеновтің журналистік қызметі.

3. «Садақ» журналы.

19-билет


1. «Орал» газетінің идеялық бағыты, авторлар құрамы.

2. Қ.Кемеңгеров– публицист.

3. «Жас азамат» газетінің бағыт-бағдары, тұрақты айдары,онда қызмет еткен авторлар.

20-билет


1. Ә.Ғалимовтың «Айқап» журналындағы атқарған қызметі.

2. М.Әуезов– публицист.

3. Монғолияда шыққан қазақ тіліндегі басылымдар.

21-билет


1.«Торғай» газеті

2. Қайта құрудан өтпелі кезеңге дейінгі баспасөз (1985-1991).

3.Б.Майлиннің публицистикасы.

22-билет


1. «Түркістан уалаяты» газетінің негізгі бағыты.

2. М.Жұмабаевтың «Ақ жол» газетіндегі атқарған журналистік қызметі.

3. 1905-1907жж. қазақ баспасөзі.

23-билет


1.«Дала уалаяты» газеті. Онда қызмет еткен авторлар.

2. Т.Рысқұловтың журналистік қызметі.

3. «Қазақ әдебиеті» газеті. Кеше және бүгіні.

24-билет


1. Р.Мәрсековтің публицистикалық мақалалары.

2. ХХғ.б. қазақ журналистикасы.

3. «Ақиқат» журналының тарихы.

25-билет


1. Ұлттық журналистиканың бастау көзі.

2. Қытайда шыққан қазақ тіліндегі басылымдар.

3. Алғашқы қазақ журналистері.
4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ


    1. ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ:

Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.

Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

Алғашқы кезден оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл кеңес алудың пайдасы зор.

Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп оқып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу керек.

Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.

Студенттердің өздік жұмыстары (СОӨЖ, СӨЖ) үй тапсырмаларын орындауды қамтиды. Ол: реферат, конспект, кроссворд, әдістемелермен жұмыс, аннотация жазу, жаттығу орындау және т.б. түрінде жүргізіледі.

Қойылатын талаптар:


  1. СОӨЖ, СӨЖ оқытушы белгіленген мерзімінен кешіктірмей, уақытында барлық талаптарға сәйкес орындалуға тиіс;

  2. СОӨЖ, СӨЖ өзі орындауы қажет, оны басқадан көшіруге, яки болмасы басқаға көшіруге беруге болмайды (ондай жұмыс бағаланбайды, сол себепті ұпай төмендетіледі).




    1. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

4.1 Қазақ тілі» газеті.

4.2 Алғашқы қазақ публицистері.

4.3 Жас Алаш» газеті.

4.4 «Абай»журналы.

4.5 Ғ.Қарашаев – публицист.

4.6 ХХ ғ.б. қазақ тіліндегі кітаптар.

4.7 М.Шоқайдың «Бірлік туы» газетіндегі журналистік қызметі.

4.8 Ә.Бөкейхановтың публицистік қызметі.

4.9 «Қызыл Қазақстан»журналы.

4.10 М.Тұрғанбаев және «Сарыарқа» газеті.

4.11 «Серке» газеті.Онда қызмет еткен қазақ зиялылары.

4.12 С.Қожанов – публицист.

4.13 «Жұмысшы» газетінің бағыт-бағдары, тұрақты айдары,онда қызмет еткен қазақ зиялылары.

4.14 «Әйел теңдігі»журналы.

4.15 «Еңбекші қазақ» газеті.Кеше және бүгіні.

4.16 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ мерзімді баспасөзі.

4.17 «Алаш» газетінің шығарушылары мен негізгі тақырыптары.

4.18 «Ара»журналы. Кеше және бүгіні.

4.19 Ш.Құдайбердиевтің журналистік қызметі.

4.20 А.Байтұрсынов – қазақ баспасөзінің тұңғыш теоретигі.

4.21 М.Сералиннің журналистік қызметі.

4.22 «Қазақстан мұғалімі»журналы.

4.23 «Ақ жол» газетінің бағыт-бағдары, тұрақты айдары,онда қызмет еткен авторлар.

4.24 С.Есованың редакторлық қызметі.

4.25 «Шолпан» журналының бағыт-бағдары, тұрақты айдары,онда қызмет еткен авторлар.(1922-1923жж)

4.26 Н.Төреқұловтың публицистік, редакторлық қызметі.

4.27 «Садақ» журналының идеялық бағыты, авторлар құрамы.


СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
1. Қ.Сәтбаевтің публицистикалық мақалалары.

2. Қазақ балаларына арналған алғашқы басылымдар.

3. Қазақ қыз - келіншектеріне арналған алғашқы басылымдар.

4. Е.Алдоңғаров – публицист.

5. Ж.Аймауытовтың публицистикасы.

6. Ж.Тлепбергеновтің журналистік қызметі.

7. Қ.Кемеңгеров– публицист.

8. Ә.Ғалимовтың «Айқап» журналындағы атқарған қызметі.

9. М.Әуезов– публицист.

10. Монғолияда шыққан қазақ тіліндегі басылымдар.

11. Т.Рысқұловтың журналистік қызметі.

12. «Дала уалаяты» газеті. Онда қызмет еткен авторлар.

13. «Қазақ әдебиеті» газеті. Кеше және бүгіні.

14. М.Жұмабаевтың «Ақ жол» газетіндегі атқарған журналистік қызметі.

15. Б.Майлиннің публицистикасы.
5 ӘДЕБИЕТТЕР

5.1 Негізгі әдебиеттер

5.1.1. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының тарихы. - А., 1996.

5.1.2. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. 1-кітап. – А., 1994.

5.1.3. Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші. – А., 1995.

5.1.4. «Айқап» Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С. – А., 1995.

5.1.5. Байтұрсынов А., Ақ жол. – А., 1991.

5.1.6. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. – А., 1981.

5.1.7. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А., 1996.

5.1.8. .«Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.,

Сақов Қ. – А., 1998.



5.2. Қосымша әдебиеттер

5.2.1. Кенжебаев.Б., Қожекеев Т. Қазақ баспасөзінің тарихынан. – А.,1962.

5.2.2. Қожакеев Т. Жыл құстары. – А., 1981.

5.2.3. Қожакеев Т. Көксеңгірлер. – А., 1992.

5.2.4. Жақып Б. М.Әуезов – публицист. – А., 1997.

5.2.5. Сұбханбердина Ү. Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар. – А., 1963.

5.2.6. Сұбханбердина Ү.«Дала уәлаятының газеті» - А., 1988,1991,1993,1994,1996.

5.2.7. Бөкейханов Ә. Таңдамалы . – А., 1995.



5.2.8. Дулатов М. Шығармалары. А., 1991.



жүктеу 1,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау