52 шығарылым «Теміржол көлігі және метрополитен; Автомобиль және қалалық электр көлігі; Теңіз және өзен көлігі» бөлімдері Астана 2010 Кіріспе



жүктеу 2,02 Mb.
бет2/13
Дата20.02.2018
өлшемі2,02 Mb.
#10311
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Білуге тиіс: автомотриса құрылымы, оны жабдықтау және жүргізу ережесі, автомотриса механизмдерінің ақаулық себептері және алдын алу, жою; қолданылатын отын және майлайтын материалдардың түрлері мен сапасы; олардың шығу нормасы, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және құрылымы; автомотриса тораптарын, дөңгелек жұптарын техникалық байқау түрлері, мерзімдері, жөндеу және куәландыру, адамдарды тасымалдау және тиеу-түсіру жұмыстарын орындау ережесі; электр техникасы, радиотехника, гидравлика және механика негіздері.

Бензин қозғалтқышты автомотрисаны басқару және қызмет көрсетуде - 5-разряд;

қуаттылығы 220 кВт-қа дейінгі дизель қозғалтқышты автомотрисаны басқару және қызмет көрсетуде – 6-разряд;

қуаттылығы 220 кВт-тан асатын дизель қозғалтқышты автомотрисаны басқару және қызмет көрсетуде – 7-разряд.



Ескерту: автомотриса машинисінің көмекшісі басшылығында жұмыс істейтін машинистен бір разряд төмен тарифтеледі.
16. Теміржолды сумен жабдықтау машинисі
Жұмыс сипаттамасы. Сорғы-күш жабдықтарын, іштен жанатын қозғалтқыштарға, бу қазандықтары мен басқа да сорғы станциялары жабдықтарына қызмет көрсету: қозғалтқыштар мен сорғыларды іске қосу, жұмыс режимін реттеу және тоқтату, сорғы станциясы құбыржолдары жүйелерін қайта қосу. Бақылау-өлшеу аспаптарын қадағалау. Сорғы станциясы жабдықтарын ағымдағы жөндеу. Хлоратор құрылғылардың жұмысын басқару. Суды хлорлау реагенттерін әзірлеу. Судың түбінде қалған хлорға талдау жүргізу. Сорғы станциясының жұмысы туралы техникалық есептілікті жүргізу. теміржол станциясының сумен жабдықтау құрылғыларын: арматуралы су құбырлары желісін, су тарату крандары мен имараттарын жарамды қалыпта ұстап отыру және қызмет көрсету. Бұлақ суы деңгейін, гидротехникалық имараттардың қалыбы мен жұмысын қадағалау. Санитарлық аймақтарды жарамды қалыпта ұстап отыру. Теміржол станцияларын сумен жабдықтау құрылғыларын қысқы жұмысқа дайындау. Поездарды және бақса да техникалық және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктеріне орай үздіксіз сумен қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: сорғылардың, сондай-ақ оларды іске қосатын қозғалтқыштардың, резервтік энергия жабдықтарының, автоматты басқарылатын сорғы станциясы агрегаттары аспаптарының құрылымы, қолдану принципі және пайдалану ережесі; оратын, тегеурінді және тарататын құбыржолдардың: артезианды скважиналардың, гидротехникалық және су тегеурінді имараттардың, су тарататын колонкалар мен жолаушы поездарының, эшелондардың, тасымалданатын малдардың, жылжымалы құрамды шаю вагон крандарының тәсімдері, құбыржолдардағы арматуралардың құрылымы және қолдану принципі.

Тәулігіне 500 куб. метрге дейін су жіберетін сорғы станциясына қызмет көрсетуде – 2-разряд;

тәулігіне 500 куб. метрден 1000 куб. метрге дейін су жіберетін сорғы станциясына қызмет көрсетуде – 3-разряд;

тәулігіне 1000 куб. метрден 2000 куб. метрге дейін су жіберетін сорғы станциясына қызмет көрсетуде – 4-разряд;

тәулігіне 2000 куб. метрден 2500 куб. метрге дейін су жіберетін сорғы станциясына қызмет көрсетуде – 5-разряд;

тәулігіне 2500 куб. метрден астам су жіберетін сорғы станциясына қызмет көрсетуде – 6-разряд;



Ескерту: теміржолды сумен жабдықтау аға машинисі басшылығында істейтін жоғары санаттағы машинистен бір разряд жоғары тарифтеледі.
17. Теміржол - құрылыс машинасының машинисі
Жұмыс сипаттамасы. Теміржолдардың, жасанды имараттардың, жер төсемдерінің және балласт призмалардың беткі құрылымын салу, жөндеу және ағымдағы ұстап отырудың технологиялық процесіне сәйкес түрлі үлгідегі және қызметтегі машиналарды, күш құрылғыларын және жекелеген жұмыс тораптары мен механизмдерін басқару. Машиналарға техникалық қызмет көрсету. Машиналардың жұмыс процесінде кемшіліктерді анықтау және жою. Жабдықтарды жоспарлы алдын ала жөндеуге қатысу. Жанар және жағар май материалдарын құю.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың қызметі, құрылымы, пайдалану ережесі және орындалатын жұмыстардың технологиясы; ақаулықтардың пайда болу себептері мен олардың алдын алу және жою тәсілдері; электр, пневматикалық, гидравликалық, механикалық жабдықтарды баптау және реттеу ережесі және орындалатын жұмыстардың сапсына қойылатын техникалық талаптар; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария ережесі және нормалары, жол жұмыстарын жасауда поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету нұсқаулықтары, теміржолдардағы поездардың қозғалысы және маневрлік жұмыстардың нұсқаулықтары, теміржолдарда белгі беру нұсқаулықтары, теміржолды техникалық пайдалану; жағар, жанар май материалдары мен электр энергиясының шығу нормалары.

Рельс плетьтерді тасымалдауға арналған машиналар мен арнайы құрамды басқаруда – 4-разряд;

түзету-қағу-өңдеу машинасын (жекелеген жұмыс тораптары, механизмдер мен дизель-генератор құрылғылар), думпкарларды, звено құрастыру және звено өңдеу машиналарын (жекелеген, тораптар мен механизмдер), плуг қар тазалағыштарды, құрастырмалы әмбебап машинаны, жол жоңғысын, жол көтергіштерді, жол жөндегіштерді, тар жол салғыштарды, кең жол салғыштарды (жүк көтергіштер мен жентек қалау немесе жүктеу кранын), рельс қалағыштарды, рихталау машинасын, алынатын, қар тазалайтын және жинайтын жұмыс органдарының пневматикалық және механикалық жетектері бар жинақтау машинасын, энергетикалық құрылғылы рельс плетьті тасымалдауға арналған арнайы құрамды, қар тазалағыш жол жоңғысын, хоппер-мөлшерлегіш, қиыршық құмнан тазалайтын машинаны (жекелеген жұмыс тораптары, механизмдер мен күш құрылғылары) басқаруда – 5-разряд;

балласттау машинасын, балласт тығыздау машинасын, автоматты басқару жүйесі бар түзету-қағу-өңдеу машинасын, автоматты басқару жүйесі бар түзету-қағу рихталау машинасын, звено құрастыру және звено бөлу машинасын, қазандық қазатын, тал шыбық кесетін машиналарды, клеммді және салма болттарды бекіту және майлау машинасын, звенолық қалау, тиеу және тасымалдау машиналарын, кюветтерді өңдеу және кесу машиналарын, жол рельстерін өңдеу машиналарын, жол рельстерін пісіру машинасын, кең жолақты жол салғыш, рельс тегістеу поездын, рихталау машинасын, өзі жүретін жол жөндеу машинасын, балласттарды жоспарлау және бөлу машинасын, өзі жүретін рельс тазалау машиналарын, өзі жүретін қар тазалайтын машинаны, шпал ауыстыратын машинасын, электр жетекті жұмыс органдары машиналарын, қар тазалайтын поездарды, балласттарды тиеу және тасымалдау, механикалық түрде түсіру арнайы құрамын, рихталау агрегаты бар электр балластерді басқаруда – 6-разряд;

тартатын энергетикалық машинаны, өнеркәсіптік электроникамен жабдықталған және автоматталған басқару жүйесі бар машиналарды: түзету-қағу-өңдеу машинасын, звено құрастыру және звено өңдеу машиналарын (жекелеген, тораптар мен механизмдер), рельс қалағыштарды, рихталау машинасын, алынатын, қар тазалайтын және жинайтын жұмыс органдарының пневматикалық және механикалық жетектері бар жинақтау машинасын, энергетикалық құрылғылы рельс плетьті тасымалдауға арналған арнайы құрамды, қар тазалағыш жол жоңғысын, қиыршық құм тазалайтын машинаны, рихталау агрегаты бар электр балластерді басқаруда – 7-разряд;

лазер құрылғылармен және микропроцессорлы бақылау-өлшеу аппаратурасымен жабдықталған өзі жүретін машиналарды: түзету-қағу-рихталау машинасын, түзету-қағу-рихталау машиналарын, жолды жөндеу машиналарын, жіктерді түзету, қағу және тегістеу машиналарын, рельс тегістеу поездарын, балласт призманы күрделі жөндеу қиыршық құм тазарту машинасын басқаруда – 8-разряд.



Ескерту: темір жол құрылыс машиналары машинистінің көмекшісі басшылығында істейтін машинистен бір разряд төмен тарифтеледі.
18. Зумпфты агрегат машинисі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қоқыс пульпасын механикалық және гидравликалық түрде түсіретін және вакуум сорғымен жабдықталған зумпфты агрегатты басқару. Тұндырғыштарды тазалауда сорғы агрегаттарын басқару. Бақылау-өлшеу аспаптары мен іске қосылуын реттейтін аппаратураның жарамдылығын тексеру. Цистерналардан пульпаны түсіру механизмдерін басқару, баптау және реттеу. Айдау жұмыстары шарттарына байланысты цистерналарды толтыруға қажетті уақытты есептеу. Түрлі үлгідегі вакуум сорғыларды реттеу және сынау. Бекітілген агрегаттарға, машиналар мен механизмдерге техникалық қызмет көрсету және жарамды қалыпта ұстап отыру.

Білуге тиіс: механикалық және гидравликалық түсіретін зумпфты агрегаттар мен ил соратын агрегаттардың құрылымы және құрылымдық ерекшеліктері; зумпфты агрегаттарда қолданылатын түрлі үлгідегі вакуум сорғылардың техникалық сипаттамалары; аспаптар мен айлабұйымдар; цистерналарды механикалық босататын жабдықтар.

Өнімділігі сағатына 740 м [3] және одан жоғары, 100 КПА және одан жоғары бәсеңдету деңгейін қамтамасыз ететін 150-57-0-384-290-С-00 үлгісіндегі ротациялық су сақиналы вакуум сорғымен жабдықталған зумпфты агрегатты басқаруда – 6-разряд.


19. Мұз салатын машина машинисі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Вагон мұздықтарды мұз және тұзбен экипирлеуде жалпы қуаттылығы 25 кВт-қа дейін мұз жаратын, мұз тасымалдайтын және мұз-тұз салатын машиналарды басқару. Машиналардың белгіленген жұмыс режимін сақтау. Қызмет көрсетілетін машиналар мен механизмдердің жұмыс процесіндегі ақаулықтарын аспаптардың көрсеткіштері және сыртқы белгілері бойынша айқындау. Машиналарды, механизмдер мен электр жабдықтарын реттеу. Машинаның бөлшектерін майлау. Бункерлерге мұз тұз қоспасын салу. Вагон мұздықтарға мұз тұз қоспасын салу. Мөлшерлегішті реттеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін машиналардың құрылымы мен жұмыс режимі; оларды басқару және күту ережесі, машина бөлшектерінің алдын ала тозу себептері мен олардың алдын алу тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы; қолданылатын отын және майлау материалдарының түрлері мен сапасы; тез бұзылатын жүкті вагон мұздықтарда тасымалдауда мұз және тұз салу тәртібі; түрлі жүктерді тасуда мұз тұз қоспасын жасаудағы мұз бен тұздың проценттік ара қатынасы, электр техника негіздері.

Мұз жаратын, мұз тасымалдайтын және механизмдерінің қуаттылығы 25 кВт-тан асатын мұз-тұз салатын машиналарды басқаруда – 5-разряд.


20. Жуатын құрылғы машинисі

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Трамвай вагондарын, троллейбустарды, жеңіл және жүк автомобильдерін, автобустарды жуу және ысқылауға арналған жуатын құрылғылар мен аппаратураларда қызмет көрсету. Қолданылатын жуатын ерітінділерді әзірлеу. Пайдалану процесінде құрылғылар мен аппаратуралардың жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін аппаратура мен құрылғының жұмыс принципі; жуатын ерітінділерді әзірлеу тәсілдері мен жолдары.
21. Жуатын құрылғы машинисі

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Локомотивтерді, жолаушы және жүк вагондарын, электр поезд вагондарын, метрополитен тоннельдерін жуатын машиналарды, метрополитен вагондарын жуу және кептіру машиналарын, метрополитеннен қоқысты шығаруға арналған контейнерлерді шаю құрылғыларын, жылжымалы құрам бөлшектері мен тораптарын шаю машиналарын, суды хлорлау құрылғыларын жуатын құрылғыларға қызмет көрсету. Қолданылатын ерітінділерді әзірлеу. Бақылау-өлшеу аспаптары арқылы қызмет көрсетілетін машиналар мен құрылғылардың жұмыс режимін реттеу. қызмет көрсетілетін жабдықты жоспарлы алдын ала жөндеуге қатысу. Вагон кузовтарын, локомотив және олардың бөлшектерін жуу сапасын тексеру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін машиналар мен құрылғылардың құрылымы, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және құрылымы; метрополитен тоннелін жуу тәртібі, қолданылатын ерітінділердің қызметі мен құрамы, жуатын материалдарды қолдану ережесі, локомотивтерді, вагондарды, метрополитен тоннельдерін, контейнерлер мен жылжымалы құрам бөлшектерін жууға қойылатын талаптар.
22. Жуатын құрылғы машинисі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Метрополитеннің жол жиектерінде шаю жөніндегі теміржолмен жүретін мрамор жуатын машинаға, автоматты ағын-конвейер желілердегі жылжымалы құрамды шаю және ысқылау машиналары мен құрылғыларына қызмет көрсету. Механизмдердің дұрыс жұмыс істеуін сыртқы белгілері бойынша тексеру. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою. Шаю сапасын тексеру. Қызмет көрсетілетін жабдықты жоспарлы алдын ала жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: теміржолмен жүретін мрамор машина және автоматты ағынды конвейерлі желідегі жылжымалы құрамды шаю және ысқылау құрылғыларының құрылымы; метрополитен қабырғаларын қаптау материалдарының қасиеті, электр техника негіздері, қызмет көрсетілетін жабдықтарды жөндеу жолдары.
23. Мотовоз машинисі

Жұмыс сипаттамасы. Мотовозды басқару. Газ баллон және газ генератор мотовоздарына қызмет көрсетуде дизельді, электр жабдықтарын, тежегіш жүйесін, қоректендіру және майлау жүйелерін, сигнал беру және жүретін бөлшектерін, оның көтергіш жабдықтары мен газ тарату механизмін жарамды қалыпта ұстап отыру. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау. Мотовоздың вагондарға мықтап бекітілуін қамтамасыз ету. Прицеп платформалардағы жүктің дұрыс тиелуін және бекітілуін қадағалау. Дизель механизмдерінің, бактардың, салқындату жүйесі мен мотовоз бөлшектерін майлау және толтыру. Мотовозды жоспарлы алдын ала жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: мотовоз құрылымы және оны жүргізу ережесі, мотовоз механизмдерінің жұмысындағы ақаулық себептері, олардың алдын алу және жою тәсілдері, қолданылатын отын және майлау материалдарының сапасы мен шығу нормасы, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі, мотовоз тораптарын, дөңгелек жұптарын және оның кран жабдықтарын техникалық байқау, жөндеу және куәландыру ережесі, түрлері, мерзімдері; тиеу-түсіру жұмыстарын орындау ережесі мен тәсілдері.

Кең рельсті теміржолдарда жұмыс істейтін көтергіш кранмен немесе арнайы құрылғылармен жабдықталмаған тар рельсті теміржолдарда жұмыс істейтін мотовозды басқару және қызмет көрсетуде – 4-разряд;

орман және шымтезек таситын тар рельсті уақытша теміржолдарда істейтін мотовозды; кең рельсті теміржолдарда істейтін көтергіш кранмен немесе арнайы құрылғылармен жабдықталған мотовозды басқару және қызмет көрсетуде – 5-разряд;

метрополитен тоннельдерінде метро үлгісіндегі арбалардағы ұзын рельсті тасымалдайтын мотовозды, электр станцияларын басқару және қызмет көрсетуде-6-разряд.



Ескерту: Мотовоз машинисінің көмекшісі басшылығында істейтін машинистен бір разряд төмен тарифтеледі.
24. Құм жіберетін құрылғы машинисі

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген жұмыс режимін сақтай отырып тәулігіне 20м³-ке дейінгі өнімділіктегі құм жіберетін құрылғыны басқару. Құм кептіретін пешті толтыру, кептіру және құм тарататын бункерлерге құм жіберу. Компрессор және оның электр қозғалтқышын тексеру. Құрылғы механизмдерінің бөлшектерін майлау.

Білуге тиіс: құрылғыны қолдану принципі, жұмыс режимдері, басқару және күту ережесі; құрылғы бөлшектерінің ерте тозуы себептері мен олардың алдын алу тәсілдері, қолданылатын майлау материалдарының түрлері мен сапсы; майлау режимдері, локомотивке салынатын құмға қойылатын талаптар.

өнімділігі тәулігіне 20-40 м³-ке дейінгі құм жіберетін құрылғыны басқару және қызмет көрсетуде – 3-разряд;

өнімділігі тәулігіне 40 м³-ден асатын құм жіберетін құрылғыны басқару және қызмет көрсетуде – 4-разряд.
25. Көпір бұру және көтеру машинасының машинисі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жұмыстың берілген режимдерін сақтай отырып қуаттылығы 100 кВт-қа дейінгі көпір бұру және көтеру машинасы механизмдерін басқару. Машина жұмысындағы кемшіліктерді айқындау және оларды жою. Машина механизмдерінің бөлшектерін майлау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін машиналардың құрылымы мен жұмыс режимдері, машина жұмысындағы ақаулық себептері, басқару және күту ережелері, электр техника негіздері.

Қуаттылығы 100 кВт-тан жоғары көпір бұру және көтеру механизмдерін басқаруда – 5-разряд.



26. Жол машиналарының машинисі
Жұмыс сипаттамасы. Жолдарды, жасанды имараттарды және жер төсемдерін жаңарту, жөндеу және ағымдағы ұстап отыру, балласты призманы қайта құру кезінде қолданылатын жол машиналарын, жұмыс тораптары мен механизмдерін басқару. Машиналарға техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, жөндеудің басқа да түрлеріне қатысу.

Білуге тиіс: тиісті машиналардың қызметі және құрылымы; оларды пайдалану және тасымалдау ережесі мен нұсқаулықтар; жұмыс істеу тәсілдері және олардың сапасына қойылатын техникалық талаптар; материалдар мен қосалқы бөлшектердің шығын нормалары; қолданылатын майлардың сұрыптары мен қасиеті; оларды сақтау ережесі; жол жұмыстарын жасау кезінде поездардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету нұсқаулығы және басқа да нұсқаулықтар және оларды жүргізу ережесі.

Рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнайы құрамды басқару кезінде-4-разряд;

Жоңғы қар тазалағышты, соқалы қар тазалағышты, энергетикалық құрылғылы рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнайы құрамды, аралас жүретін әмбебап жол машинасын, жол торын тасымалдауға арналған машинаны, хоппермөлшерлегішті, дупмкар, жол жөндеу лездемесін басқару; тас кесек тазалайтын машинаның жекелеген жұмыс тораптарын, механизмдерін, өзі жүретін жол жөндеу лездемесін басқару кезінде – 5-разряд;

өзі жүретін жол жөндейтін лездемені, қар тазалайтын поезды, роторлы қар тазалағышты, электр балластерді, рихталау, жинау машинасын, кюветтерді өңдейтін, жолдағы рельстерді өңдеуге арналған машиналарды, сатылап қалайтын машиналарды, жол торын және бұрма көрсеткіштерін, шпал жөндеу желісі, тас кесек тазалау (балласт тазалау) тиеу және тасымалдау машинасын, жылжымалы рельс пісіру машинасын басқару кезінде; жекелеген жұмыс тораптарын, механизмдерді, машиналарды басқару кезінде: рихталау, тас кесек тазалауға арналған, рельс тазалау, түзету-қағу-өңдеу, клемді және толтырмалы болттарды бекіту және майлауға арналған машиналарды басқару кезінде – 6-разряд;

түзету-қағу-өңдеу машиналарын, өзі жүретін қар тазалайтын, рихталау, жол рельс пісіру, шпал ауыстыратын, балласты бөлуді жоспарлау, клемді және толтырма болттарды бекіту және майлауға, рельстерді ластықтан тазалауға, жолдардағы рельстерді өңдеуге, тас кесекті терең тазалауға арналған, жетек-энергетикалық машиналарды басқару кезінде; жекелеген жұмыс тораптарын, механизмдерді, өзі жүретін: өнеркәсіптік электроникамен жабдықталған тас кесек тазалауға, түзету-қағу-рихталау, бұрма көрсеткіштеріне арналған түзету-қағу-рихталау машиналарын, рельс тегістейтін поездарды басқару кезінде – 7-разряд;

өзі жүретін: түзету-қағу-рихталау, бұрма көрсеткіштерге арналған түзету-қағу-рихталау, жолды тұрақтандыруға арналған, тас кесекті терең тазалауға арналған, өнеркәсіптік электроникамен жабдықталған машиналарды басқару кезінде – 8-разряд;__Ескерту'>8-разряд;



Ескерту: Жол машиналары машинисінің көмекшісі басшылығында істейтін машинистен бір разряд төмен тарифтеледі.
27. Өзі жүретін салмақ тексеретін вагон машинисі
Жұмыс сипаттамасы. Кірме және таразылау жолдары шегінде оларды жылжыту кезінде өзі жүретін салмағын тексеретін вагонды және өзі жүретін салмақ тексеретін арбаларды басқару. Кран балканың көмегімен жолдағы өзі жүретін салмақ тексеретін арбаларды түсіру және орнату. Өзі жүретін салмақ тексеретін арбаларға үлгілік гирлерді салу. Вагон таразыларын, бақылау-таразы платформалар мен тауар таразыларын тексеру. Электр станция қозғалтқыштарына, көтергіш-көлік жабдықтары мен жетектеріне қызмет көрсету. Салмақ тексеретін вагон қозғалтқыштары мен жабдықтарын баптау және реттеу. Үлгілік гирьлердің жарамдылығын қамтамасыз ету және мемлекеттік тексеру таңбаларын тексеру. Салмақ тексеретін вагондардың жабдықтары мен құрылғыларын жоспарлы-алдын ала жөндеуге қатысу. Поезд құрамына қосқаннан кейін оны өз бетінше жылжыту және тоқтату кезінде вагонның салмағын өлшейтін вагон механизміне қосу.

Білуге тиіс: салмақ тексеретін вагон құрылымы; салмақ өлшейтін вагонды және өзі жүретін арбаларды жүргізу ережесі, салмақ өлшейтін вагонды техникалық тексеру, жөндеу және куәландыру ережесі мен мерзімдері, үлгілік жабдықтар мен арбаларды тексеру және белгі салу ережесі, салмақ өлшейтін құрылғыларды салмақ тексеретін вагонның көмегімен тексеру тәртібі мен әдістері, салмақ өлшейтін арбаларға гирь салу ережесі мен тәсілдері, вагонға, арбаға және көтергіш-көлік жабдықтарын толтырудың шекті жүктемесі, айлабұйымдар мен керек-жарақтарды куәландыру мерзімдері, электр техника, жылу техникасы және механика негіздері.

Жүк өлшеуге арналған статикалық жағдайдағы вагон таразыларға қызмет көрсетуде – 6-разряд;

Қозғалыста жүкті өлшеуге арналған вагондық электр механикалық таразыларға қызмет көрсетуде – 7-разряд;

Жоғары дәлдіктегі салмақ өлшейтін эталондық және үлгілік салмақ өлшейтін аспаптар мен таразыларға және тіркеудің электронды құрылғыларымен және өлшеу нәтижелерін қашықтықтан беретін электронды құрылғылармен жабдықталған таразыларға қызмет көрсетуде – 8-разряд.

Ескерту: өзі жүретін салмақ өлшейтін вагон машинисінің көмекшісі басшылығында істейтін машинистен бір разряд төмен тарифтеледі.
28. Жинайтын машина машинисі

Жұмыс сипаттамасы. Метрополитен станцияларын және теміржол вокзалы орынжайларын механизацияланған жинау кезінде қолданылатын түрлі үлгідегі жинайтын машиналарды басқару. Қолданылатын машиналарды техникалық қызмет көрсету. Машина жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Жуатын қоспаларды дайындау және машиналарға салу.

Білуге тиіс: қолданылатын машиналардың қызметі мен құрылымы; оларды пайдалану ережесі мен нұсқаулықтары, жуатын құрал қоспаларын әзірлеу технологиясы мен оларды пайдалану ережесі, Метрополитен станцияларын және теміржол вокзалы орынжайларын ұстау жөніндегі санитария және гигиена талаптары; еңбекті қорғау ережесі мен нормалары.

Қуаттылығы 1000 ватт қозғалтқышты жинайтын машинаны басқаруда – 3-разряд;__қуаттылығы_1000_ваттан_асатын_қозғалтқышты_жинайтын_машинаны_басқаруда_–_4-разряд._29._Жылжымалы_құрамға_қызмет_көрсететін_құрылғы_машинисі'>3-разряд;



қуаттылығы 1000 ваттан асатын қозғалтқышты жинайтын машинаны басқаруда – 4-разряд.
29. Жылжымалы құрамға қызмет көрсететін құрылғы машинисі

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сағатына 150 м³-ке дейін су шығындайтын шаятын-булайтын станциялардағы вакуум құрылғыларға, сорғыларға, қозғалтқыштар мен желдеткіштерге қызмет көрсету. Жабдықты іске қосу, тоқтату, жұмыстарына қажет параметрлерді ұстап отыру. Тартып алынатын сұйықтықтың жіберілуін реттеу. Мұнай өнімдерін құюда және оны сақтау немесе тұтыну орнына жіберуде қыздыру. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша, сүзгілердің жағдайын, тартатын магистральдардағы қысымды қадағалау және оларды тазалау. Цистерналар мен сыйымдылықтардағы мұнай өнімдерін тартып алу. Шаятын эстакадалардағы және басқа да шаятын-булайтын станция нысандарындағы жұмыс орындарын үздіксіз цистерна дайындау технологиясы талаптарына сәйкес сумен және ерітінділермен қамтамасыз ету. Анағұрлым жоғары білікті машинистің басшылығымен рефрижираторлық жылжымалы құрамды байыту жөніндегі стационарлық құрылғыларға қызмет көрсету. Дизель отын, май, тұздық және басқа да құрылғы жабдықтарына арналған тұздық, су және отын сорғыларын, сыйымдықтарын жарамды қалыпта ұстап отыру. Аммиак, фреон, пропан-бутан баллондарды және басқа хладагенттерді, қатты отын және ысқылау материалдарын техникалық талаптарға сәйкес сақтауды қамтамасыз ету. Жабдық жұмысы туралы журналдағы жазбаны жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін агрегаттардың, аспаптар мен жабдықтардың құрылымы; қолданылатын механизмдер, аспаптар, керек-жарақтар мен айлабұйымдар және оларды пайдалану ережесі, жалпы және арнайы сыйымдылықтардың, соратын және қысып толтыратын құбыржолдардың орналасу тәсімдері, вакуум құрылғылар мен мұнай тұтқыш арқылы өтетін мұнай өнімдерінің атауы мен сұрыптары, механизмдердің, қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы кемшілік себептері, оларды жою тәсілдері, электр техника, гидравлика және механика негіздері; коммуникациялық және тарату желілері; қысыммен істейтін баллондарға қызмет көрсету ережесі.
жүктеу 2,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау