Білуге тиіс: жергілікті пульттан басқарылатын такелажды және қызмет көрсететін жабдықтардың құрылымы, электр жіберетін аппаратураның, аспаптар мен аппараттардың жұмыс істеу принципі, жабдықтарды тот басудан тазарту әдістері; жұмыс сызбалары мен электр тәсімдерін оқу ережесі; электр техника, механика, гидравлика және металдарды өңдеу технологиясының негізгі мәліметтері, құрылымдар мен жабдықтарды жақындату көлемдері, жабдықтарды қоректендіру тәсімдері, құбыржолдар, ауа жібергіштерді сынау ережесі; номинальды кернеу бойынша сақтандырғыштарды таңдау ережесі; тұрақты және ауыспалы ток көздері мен тәсімдері туралы жалпы мәліметтер, квалитеттер.
94. Метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электр механикалық, электр гидравликалық жетекті және жергілікті пульттан және қолмен басқарылатын метрополитен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Негізгі желдеткіштерге қызмет көрсету. Коникалық, ирекше, гидравликалық домкрат редукторларын бөлшектеу, құрастыру. 7-10 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдей отырып жұмыстарды орындауда ішпектерді, тісті дөңгелектерді ауыстыру. Түрлі жүйедегі релелерді, электр жіберетін аппаратура және электр қозғалтқыштарды жөндеу және ауыстыру.
Жабдықтарды басқару тәсімдеріндегі диодтарды ауыстыру. Жабдықтарды басқару тәсімдеріндегі ақаулықтарды жою және басқару тәсімдерінің жарамдылығын қамтамасыз ету. Жабдықтарды, желілерді, станцияларды сынауға қатысу. Реле қорғау, электр автоматика, телемеханика құрылғыларын ревизиялау және баптау. Жөнделетін жабдықтардың ақаулықтарын айқындау және оларды жою. Күрделі біріктіру тәсімдерін монтаждау. Телеавтоматика тәсімдері кілттерін және релесін бөлшектеу және құрастыру. Анағұрлым жоғары білікті слесарь электриктің басшылығымен телеавтоматика тәсімдерін баптауды тексеруге арналған сынау тәсімдерін құрастыру.
Білуге тиіс: қашықтықтағы пульттан және станциялардан басқарылатын қызмет көрсететін жабдықтардың құрылымы, тораптар мен бөлшектердің тозу нормасы, түрлі технологиялық режимдердегі жабдықтарды басқару тәсімдері, қысыммен істейтін ыдыстарды гидравликалық сынау, газталдағыштардың жұмыс істеу принципі, жабдықтардың тораптары мен бөлшектерін демонтаждау және монтаждау технологиялық кезектілігі, тораптарды, бөлшектерді пісіру кезінде пайда болатын металдың деформациялануы мен ішкі кернеуліктерді жою және алдын алу тәсілдері, электр жабдықтарының сызбалары мен тәсімдеріндегі белгілер, шектеулер; жөнделетін аспаптардың, механизмдер, аппараттардың құрылымы мен баптау тәсілдері, кедергілерді, күрделі біріктіру тәсімдерін есептеу ережесі, металлдарды өңдеу технологиясы, электр техникасы, гидравлика, механика, электроника негіздері; телеавтоматика аппаратурасының принципиалды және монтаждық тәсімдері, электрмен қоректендіру тәсімдері.
95. Метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сорғыларда, желдеткіштерде, клапандарда техникалық қызмет көрсету, жөндеу және баптау. Біліктердің, винт тіректердің, коникалық, ирекше редукторларда техникалық қызмет көрсету, жөндеу және баптау. Жабдықтардың жұмыс соңында жақындату көлемін тексеру. Жекелеген тораптарды демонтаждау, монтаждау жөніндегі күрделі такелажды жұмыстарын орындау. 6-7 квалиттеттер бойынша слесарлық жұмыстарды орындау. сүзгілерді ауыстыру. кабельдерді төсеу және оларды ұштарына және электр қозғалтқыштарға қосу. Жергілікті автоматты басқару тәсімдерін жөндеу, реттеу, баптау. Түрлі технологиялық режимдегі жабдықтарды басқару. Электр өлшеу және реттеу блоктарында жұмыс істеу. Түрлі технологиялық режимдерде сынауды басқару және жүргізу. қашықтықтан басқару тізбектерінде қолданылатын түрлі жүйедегі датчиктерді, электронды блоктарды және электр жіберу аппаратурасын жөндеу, баптау, реттеу. электр қозғалтқыштарды және такелажды жабдықтарды сынау. Бақылау-өлшеу блоктарын пайдалану ережесі мен оларды теңшеу. Аса күрделі және дәлме-дәл аспаптарды монтаждау және түзету. Аспаптардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Электр аспаптарын өлшеудің басқа да түрлерімен қайта есептеу. Қызмет көрсетілетін жабдықтар мен телеавтоматика аппаратурасының электр сипаттамасын өлшеуді жүргізу. Телеавтоматика тәсімдерін тексеру және баптау сынау тәсімдерін құрастыру. Телеавтоматика жабдықтарын монтаждау. Телеавтоматика аппаратурасын орнататын орнында тексеру арқылы бөлшектерінің тозу себептерін және ақаулықтарын анықтау. Телеавтоматика тәсімдері тізбектерін сынау және баптау. Релеконтактілі аппаратураны ревизиялау, жөндеу және баптау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымдық ерекшеліктері; оларды жасаудың, қабылдау және монтаждаудың техникалық шарттары; технологиялық режимдер бойынша автоматика жүйелерін сынау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі, аралас құрылымды жабдықтардың орналасу ережесі, сызбалардағы шектеу, отырғызу және белгілеу жүйесі: сызбаларды оқу, қысыммен істейтін ыдыстардың құрылымы мен пайдалану, аспаптар мен автоматтардың жұмысындағы ақаулықтардың пайда болу себептері, олардың алдын алу және жою шаралары, қызмет көрсетілетін жабдықтардың техникалық сипаттамасы, телеавтоматика және телесигнал беру тізбектері принципиалды тізбектері; телеавтоматика жабдықтары мен арналарының электр нормалары; күрделі бақылау-өлшеу аспаптарын баптау және реттеу ережесі.
96. Метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Режимдік басқару тәсімдері мен тәжірибелік жабдықтарда техникалық қызмет көрсету, жөндеу, баптау және сынау. Қашықтықтан басқару тәсімдерінде, автоматты режимде, автоматты жіберу тәсімдерінде, командалық сигнал беру тәсімдеріндегі ақаулықтарды анықтау және жою.
Жабдықтардың жұмыс режимін тексеру. Барлық үлгідегі күрделі және дәлме-дәл аспаптарды, құрылғыларды, датчиктерді жөндеу, монтаждау, баптау. Жабдықтарды кешенді сынау жұмыстарын орындау және сынау барысындағы ақаулықтарды жою. Жабдықтардың біліктестігін реттеу. электронды платаларды тексеру. Күрделі релелік-контактілі тәсімдерді ревизиялау және реттеу. электронды өлшеу аппаратура – осциллографтарды, жоғары жиіліктегі өлшегіштер мен генераторларды жұмыста пайдалану. Телеавтоматика жүйесін баптау. Үлгілік емес арнайы телеавтоматика аппаратурасын сынау тәсімдерін құрастыру. Байланыс арналарының сигнал беру деңгейін реттеу.
Білуге тиіс: телеөлшеу, телесигнал беру, телеавтоматика тәсімдерін баптау ережесі мен тәсілдері; электр өлшеу аспаптарының құрылымы, жабдықтардың жұмыс тәсімдері мен режимдері, күрделі тәсімдері мен тораптардың тәжірибелік үлгілері; жауапты тораптар мен бөлшектерді қалпына келтіру әдістері, жұмыс істемейтін механизмдер мен бөлшектердің шекті жүктемесі; түрлі режимдердегі жабдықтарды кешенді басқару тәсілдері, жабдықтардағы ақаулықтарды табу жолдары мен тәсілдері және оларды жою.
97. Метрополитеннің жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик
7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Техникалық қызмет көрсету, күрделі датчиктерді, газ талдағыштарды тексеру және реттеу, датчиктерді, командалық сигнал беру жұмыстарын кешенді баптау және желілерді, объектіні басқару. Арнайы аппаратураның көмегімен бейнетерминалдардағы стендтердегі есте сақтау блоктарын тексеру. Функционалдық-бағдарлаушы процессордың базасында байланыс тағандарына, телемеханикасы бар жеке ЭЕМ қызмет көрсету. Автоматтандырылған жұмыс орындарын енгізу. Насостарды, желдеткіш қондырғыларды күрделі жөндеу.
Білуге тиіс: телеөлшеу, телесигнализация, телеавтоматика және газ жабдықтарын схемалау ережесі мен тәсілдері; микросхемалардың электрмен өлшеу аспаптарының құрылғысы және қызмет көрсететін жабдықтардың жұмыс режимі; негізгі тораптар мен бөлшектерді қалпына келтіру әдісі, рұқсат етілетін жүктемелерді және жабдықтарды.
Орташа кәсіптік білім талап етіледі.
98. Метрополитеннің жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик
8-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Техникалық қызмет көрсету, есептеуіш техника құралдары базасында жасалған тәжірибелі жабдықтарды басқару схемасын, жұмыс орындарын автоматты басқару жүйесін жөндеу, баптау және сынау. Есептеуіш техника құралдарын қолданумен жұмыс істейтін автоматика, телемеханика жүйелеріндегі кінәраттарды анықтау және жою. Есептеуіш техникалық құралдарды, энергияны есептеу жүйесінің құрылғысын және басқа да күрделі жүйелерді жөндеу, қызмет көрсету және баптау. Есептеуіш техниканың жекелеген блоктарын жөндеу, монтаждау, баптау, баспа платтарын жасау. Электрондық аппаратураны пайдалану.
Білуге тиіс: есептеуіш техниканың, механика мен микропроцессордың күрделі схемалары мен тораптарының озық үлгілері; әр түрлі режимде желілерді, объектілерді кешенді басқару тәсілдері, барлық жабдықтардағы кінәраттардың белгілері және оны анықтау, жою тәсілі.
Орташа кәсіптік білім талап етіледі.
99. Станциялық және тоннельдік метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қорғау құрылғыларымен және автоматикамен жабдықталмаған электрмен қыздыру құрылғылары және аспаптарында қызмет көрсету, жөндеу және жарамды қалыпта ұстау. Қызмет көрсетілетін электр құрылғыларына алдын ала және орта деңгейде жөндеу. 11-12 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу. Электр қыздыру құрылғыларын, аспаптарды демонтаждау, монтаждау.
Білуге тиіс: электрмен қыздыру құрылғыларын, аспаптардың құрылымы және оларды есептеу, бөлшектерді слесарлық өңдеу және тораптарды құрастыру жолдары, сызбалардағы квалитеттердің белгіленуі, қызмет көрсетілетін құрылғыларды жөндеу, сынау және реттеудің техникалық шарттары, кабель желісі тәсімдері мен кірме құрылғылар; принципиалды және электр монтаждау тәсімдері; электр техника негіздері.
100. Станциялық және тоннельдік метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Мәрмәрді, мәрмәр машиналарды, электр шаң сорғыштарды, бояу пульттарын, цемент ерітіндісін және ыстық битумды қыздыру сорғыларын, тегістеу машинасын, вышкаларды және басқа да пневматикалық және электрмен істейтін жабдықтарды жылтырататын станоктарды, электр жетекті жинау машиналарына, ауа баптағыштарға, тоңазытқыштарға қызмет көрсету, жөндеу, жарамды қалыпта ұстау. Жабдықтарды алдын ала және орташа деңгейде жөндеу. Жабдықтарды құрастыру, жөндеу және монтаждау айлабұйымдарын жасау. Вакуум сорғыларды теңестіре отырып тексеру. Қызмет көрсетілетін жабдықтардың механикалық тораптарын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру. 7-10 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу. Электр қозғалтқыштарды, жіберу аппаратурасын, электр сымдарды және бақса да механизмдерді демонтаждау, жөндеу, монтаждау. Электрмен қоректендіру кабелін және штепсельді бірікпелерді тексеру, жөндеу.
Білуге тиіс: барлық үлгідегі қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы; жинау машиналарын, ауа баптағыштарды, тоңазытқыштарды жөндеу, сынау, реттеу және қабылдау техникалық шарттары, бақылау-өлшеу аспаптарын, құралдар мен жөндеу айлабұйымдарын қолдану ережесі, шектеу жүйесін, барлық үлгідегі сым құрылғылары, сымдардың, қорғағыштарды қарапайым есептеу және қоректендіру көздерінің шекті жүктемесі.
101. Станциялық және тоннельдік метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Метрополитен, электр қыздыру құрылғылары мен автоматика және қорғау құрылғыларымен жабдықталған аспаптардың, автоматты зарядтау құрылғылары желілері бойынша жолаушылардың оңтайлы бағдарларының монеталарын айыру, ақша есептеу машиналарын, электронды тәсімдерін жарамды қалыпта ұстау, қызмет көрсету, жөндеу. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды алдын ала жөндеу және орта деңгейде жөндеу. Күрделі жөндеуге қатысу. 6-7 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу. Жабдықтарды монтаждау және сынау. Жабдықтардың, қорғау құрылғылары мен автоматика құрылғыларын тексеру және жөндеу. Электрлік және механикалық жабдық бөліктерінің жұмыс процесіндегі ақаулықтарды анықтау және оларды жою.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың құрылымы, қызметі және пайдалану ережесі, жабдықтарды жөндеу және монтаждаудың техникалық шарттары мен кезектілігі, сынау ережесі; бөлшектердің ақаулық себептері мен уақытынан бұрын тозу себептерін анықтау тәсілдері, жылумен өлшеу электр аспаптарының сыныптауышы, оларды тексеру тәртібі мен пайдалану тәртібі; фрезерлік, бұрғылау, сүргілеу станоктарын, өлшеу аспаптары және құралдарын пайдалану ережесі.
102. Станциялық және тоннельдік метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жолаушыларды жіберетін автоматты бақылау пункттерінде қызмет көрсету, жөндеу және жарамды қалыпта ұстау. Қызмет көрсететін жабдықта қолданылатын жартылай өткізетін аспаптардың сипаттамасы, жоғары жиіліктегі электр тәсімдердің қолданылуын тексеру. Қолданыстағы электр құрылғылардың оқшаулау кедергілерін, катушкалар мен конденсаторлардың сыйымдылығын өлшеу. Импульсті есептегіштерді сынау. Реле және магнитті жібергіштердің жұмысын реттеу. Контактілерді ауыстыру. Қызмет көрсетілетін бөлшектер мен тораптарды қалпына келтіру және ауыстыру.
Қызмет көрсетілетін жабдықты алдын ала және орташа жөндеу. Күрделі жөндеуге қатысу. Жабдықтардың механикалық бөлігін және жартылай өткізгіш жоғары жиіліктегі электр тәсімдерін жөндеу және пайдалану ақытында ақаулықтарды анықтау және жою.
Жолаушыларды жіберетін автоматты бақылау пункттерінің электр және механикалық бөліктерін, автоматты, зарядтау-буферлік құрылғылардың электр, ток реттегіштерінің үздіксіз істейтін қайнатқыштарын, тұрмыс кондиционерлерін демонтаждау, монтаждау. Фотодатчиктер мен термодатчиктерді реттеу және олардың жұмысын барлық құрылғы жұмыстарымен келістіру. Барлық қорғау мен автоматика құрылғыларын тексеру және баптау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы, электр тәсімдерінің қызметі және пайдалану ережесі, қызмет көрсетілетін жабдықтарды бөлшектеу, жөндеу және құрастырудың технологиялық кезектілігі және пайдалану ережесі, жартылай өткізгіш аспаптарының сипаттамасы, жоғары жиіліктегі және импульсты тәсімдердің жұмыс принципі, геометриялық оптика, инфрақызыл сүзгілер, радиотехникалық және электр техникалық материалдар туралы негізгі мәліметтер, реле орау, трансформаторларды есептеу ережесі; қолданыстағы электр құрылғыларда жұмыс істеу әдістері мен ережесі, автоматика және автоматты реттеу негіздері.
103. Станциялық және туннельдік метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик
7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Заманауи жартылай өткізгішті фотоаспаптарды қолданып микросхемаларда, құрамында, жинау машиналарын автоматты басқаратын үлкен емесе микро- ЭЕМ бар үлкен интегралды схемаларда (ҮИС) орындалған пластикалық жетондарды идентификациялау және есептеу құрылғыларын жөндеу және ұқыпты ұстау.
Білуге тиіс: автоматтық басқарылатын электрондық жүйелердің және микросхемаларда орындалған басқа да құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктері, электрлік және кинематикалық схемалары; транзисторлардың аспаптарында олардың сипаттамасын айқындап тексеру тәртібі; белгіленген электрондық параметрлерге сәйкес электрондық схемаларда транзисторларды ауыстыру және іріктеу.
105. Станциялық және туннельдік метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик
8-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электрондық техниканың тәжірибелі үлгілерін әзірлеуге және сынауға, жолаушыларды жіберетін автоматты бақылау пункттеріне арналған микропроцессордың базасында бағдарламалық басқарылатын жабдықтарды жаңғыртуға қатысу.
Магнитті жеткізгіші бар билеттерін тексеру және тапсыру жөнінде электрондық схемалары мен блоктарына кешенді техникалық қызмет көрсету, баптау, жөндеу, тексеру және пайдалануға тапсыру. Билеттер мен жетондарды беру, сондай-ақ жолаушыларды бақылау микропроцестерінің жабдықтарын диагностикалау, станциялық және туннельдік автоматика мен сигнализация аппаратураның есептеуіш кешендерін басқару жүйелерін жөндеу және параметрлік баптау.
Білуге тиіс: деректерді тапсыру аппаратураларын бақылау және басқару жүйелерінің электрондық жабдықтарын қайта баптау әдісі мен тәсілдері; басқару жүйесінің конструктивтік ерекшеліктері, станциялық және туннельдік автоматика құрылғыларын диагностикалау және кінәраттарды жою әдісі.
106. Эскалаторларға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті слесардың басшылығымен саты тораптарында, көлік катушкаларында, роликтерде, эскалатор блоктарында қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, ақаулықтарын анықтау және жою. Эскалаторлардың редукторлары электр қозғалтқыштарын және басқа да бөлшектерін тазалықта ұстау. Қажет жағдайда эскалаторларды тоқтату.
Білуге тиіс: эскалатор тораптарының құрылымы және оларды пайдалану ережесі, эскалаторлардағы жолаушыларды тасымалдау ережесі, сигнал лампаларының қызметі мен көрсеткіштері, эскалаторларды тоқтату құрылғыларын пайдалану тәртібі, қарапайым слесарлық құралдардың атаулары мен қолдану тәсілдері, электр техникасы және слесарлық іс жөніндегі қарапайым мәліметтер.
107. Эскалаторларға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Саты тораптарында, көлік катушкаларында, роликтерде, эскалатор блоктарында қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, ақаулықтарын анықтау және жою. Анағұрлым жоғары білікті слесардың басшылығымен ажыратылған блоктау құрылғыларын анықтай отырып коммутатор арқылы блоктау электр тізбегіндегі ақаулықтарды табу. Эскалатордың сыртқы ақаулықтарын анықтау. Ажыратылған блоктау құрылғыларын қалпына келтіру.
Білуге тиіс: эскалаторды қолдану принципі мен механизмдерінің өзара іс-әрекеті, сатылардың, ұстағыштар мен балюстрада арасындағы саңылау нормалары, электр өлшеу құралдарының қызметі; электр слесарлық құралдардың қызметі мен қолдану тәсілдері, қолданылатын аспаптың жарамдылығын айқындау; жүк көтергіш құрылғылардың қызметі, электр техника негіздері.
108. Эскалаторларға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Эскалаторларды ағымдағы, алдын ала жөндеуде және ревизиялауда орташа күрделіктегі электр монтаждау, слесарлық жұмыс, қызмет көрсету. Электр қозғалтқыш пен электр жабдық тәсімдерінің жұмысындағы күрделі емес ақаулықтарды анықтау және жою. Саты және қолмен ұстағыштардың қорғау құрылғыларындағы ұсақ ақаулықтарды жою. Ажыратылған блоктау құрылғылары арқылы коммутатордың көмегімен электр тәсімдердің ақаулықтарын табу. 11-12 квалитеттер бойынша тораптар мен бөлшектерді слесарлық өңдеп, қиыстырып жөндеу. Эскалаторларды телебасқару құрылғыларын ревизиялау, жөндеу және баптауға қатысу.
Білуге тиіс: эскалаторлардың құрылымы және оның негізгі тораптарының өзара іс-әрекеті, электр тәсімдердің жекелеген элементтерінің қызметі, электр тәсімдердің жұмысындағы ақаулықтарды табу және оларды жою әдістері, эскалаторларды телебасқару құрылғыларының қызметі және олардың жұмысындағы ақаулықтарды жою әдістері, эскалаторларды телебасқарудан жергілікті қолмен басқаруға және керісінше аудару тәртібі; эскалатор тораптарын монтаждаудағы негізгі шектеулер мен олардың сызбаларда белгіленуі; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен қызметі, электр техника, механика және эскалаторларды монтаждау және демонтаждау және металдарды өңдеу технологиясы негіздері.
109. Эскалаторларға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Эскалаторларды ағымдағы, алдын ала жөндеуде және ревизиялауда орташа күрделіктегі электр монтаждау, слесарлық жұмыстарды орындау, қызмет көрсету. Метрополитен станциялары жағдайында фазалық және қысқа роторлы 100 кВт-қа дейінгі электр қозғалтқыштарды шешіп, бөлшектеп, құрастырып және орната отырып эскалаторлардың электр жабдықтарын жөндеу және ревизиялау. Редукторлы электр қозғалтқышты біріктіру және кейіннен реттеу. электр қозғалтқыш жұмысындағы және электр жабдық тәсімдеріндегі күрделі ақаулықтарды анықтау және жою. Күш және бақылау кабельдерін бөлшектеп және сынай отырып жөндеу, монтаждау. Орнататын жерін белгілей отырып қорғау және жіберу электр аппаратурасын демонтаждау, жөндеу, ревизиялау және монтаждау. Электр жабдықтардың күрделі тәсім қоспаларының жекелеген тізбектері мен түрлеріндегі ток кернеуі, күші және кедергісін өлшеу. Басқару панеліндегі жабдықтар мен аппаратурасын күрделі жөндеу және тексеру. Күрделі емес атқару тәсімдерін, эскиздерін, сызбаларын жасау. Электр сым тәсімдерінің қайталама коммутациялық тізбек индикаторларын тексеру. Салмағы 2 т-ға дейінгі такелажды жұмыстарды орындау. 7-10 квалитеттер бойынша қиыстыра отырып жинақталатын жабдықтарды слесарлық өңдеу. Монтаждау жұмыстары кезінде механикалық және электр параметрлерінің байланысын сақтау. Эскалаторларды телебасқарудың қарапайым элементтерін жөндеу және ревизиялау.
Білуге тиіс: түрлі үлгідегі тораптардың, механизмдер мен эскалаторлардың электр жабдықтарының құрылымы және өзара іс-әрекеті, эскалаторларды монтаждау және іске қосатын және қорғау аппаратурасын реттеу үшін орнатылған нормалар, шектеулер мен саңылаулар, эскалаторларды монтаждау ережесі, электр қозғалтқыштардың құрылымы мен қызметі, фазалық және қысқа тұйықталған роторлы асинхронды электр қозғалтқыштардың жұмыс принципі, электр жабдықтарының жұмысында пайда болатын ақаулықтар мен оларды жою тәсілдері, ток электр магнитті реле құрылғысы мен уақыт аралық реле құрылғысының қызметі, жүк көтергіш құрылғыларды пайдалану ережесі, электр кедергі және ток күшін, кернеулігін өлшеу ережесі; эскалаторларды телебасқару құрылғыларының жұмыс істеу принципі мен оларды қолмен басқару байланысы, эскалаторларды телебасқару құрылғыларының қарапайым элементтерінің құрылымы мен техникалық сипаттамасы.
110. Эскалаторларға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Эскалаторларды ағымдағы және профилактикалық жөндеу кезінде ерекше күрделі электр монтаждау және слесарлық жұмыстарды орындау, қызмет көрсету. Қуаты 100 кВт-тан жоғары фазалық және қысқа тұйықталған роторлы электр қозғалтқыштарды шешіп, бөлшектеп, құрастырып және орната отырып эскалатор электр жабдықтарын жөндеу және ревизиялау. Қорғау мен автоматика құрылғыларын жөндеу. Шаблондар мен айлабұйымдар жасау. Жөнделген жабдықтарды сынау және тапсыру. «Үш бұрыш - жұлдыз» электр қозғалтқыш статорын автоматты қайта қосусыз эскалатор электр жетектерінің тәсімдерін демонтаждау, монтаждау, баптау және реттеу. Электр жетектері, электр қозғалтқыш, аппараттардың тәсімдерінің пайдалану және жөндеу процесінде ақаулықтары мен зақым келген жерлерін жою. Аспаптардың электрлік бөлігін электр тәсімдерін шеше отырып тексеру және жөндеу. Эскалаторларды телебасқару күрделі элементтерін жөндеу және ревизиялау. 6-7 квалитеттер бойынша қиыстыра отырып жинақталатын жабдықтарды слесарлық өңдеу.
Білуге тиіс: электр қозғалтқыштардың құрылымы және ішкі қоспаларының тәсімдері, басқару жабдықтары мен панель аппаратурасының қызметі және құрылымы, машина залы және эскалатор жағдайында кабель төсеу тәсілдері, аспап үлгілерінің сыныптауышы; оларды тексеру, сынау ережесі және жұмысындағы ақаулықтарын жою тәсілдері, оқшаулау кедергісі көлемін және қуаттылығы мөлшерін өлшеу тәсілдері, электр жетек тәсімдерін күрделі қайта монтаждаудың техникалық шарттары, барлық үлгідегі эскалатор электр жабдықтарының тәсімдері, түрлі үлгідегі эскалатор электр тәсімдеріндегі ақаулықтарды айқындау әдістері және ақаулықтардағы жұмысты тез қалпына келтіру тәсілдері, телевизиялық басқару құрылғыларының жекелеген тораптарын баптау кезінде эскалаторлар мен аспаптардың принципиальды және монтаждау тәсімдері, диспетчерлік телеқұрылғыларды пайдалану ережесі.
Достарыңызбен бөлісу: |