30. Жылжымалы құрамға қызмет көрсететін құрылғы машинисі
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сағатына 150 м³-тен асатын су шығындайтын шаятын-булайтын станциялардағы вакуум құрылғыларға, сорғыларға, қозғалтқыштар мен желдеткіштерге қызмет көрсету. Рефрижираторлық жылжымалы құрамды байыту жөніндегі стационарлық құрылғыларға қызмет көрсету. Сорғылардың, сыйымдылықтар мен басқа да байыту құралдарының жұмысындағы кемшіліктерді анықтау және жою.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың кинематикалық тәсімдері мен жұмыс режимдері, жанар жағар және ысқылау материалдарының, хладагенттер мен қатты отын сипаттамалары.
31. Жылжымалы құрамға қызмет көрсететін құрылғы машинисі
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Мұнай өнімдерін және рефрижераторлық жылжымалы құрамды байытуға арналған дизель отынды қабылдауға арналған жоғары дәлдіктегі отын салатын және май құятын колонкаларға қызмет көрсету. «Хладон-12» хладагет сыйымдылықтарын вакуумдау және зарядтау құрылғыларына қызмет көрсету. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды жөндеу жұмыстарына қатысу. Жоғары деңгейде тазаланған мұнай өнімдерін (реактивтік отын, авиабензин) құятын цистерналарды өңдеу және шаюды қамтамасыз ететін машиналарға, жабдықтар мен аспаптарға қызмет көрсету және реттеу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың кемшіліктерін жою тәртібі мен байыту технологиясы, жоғары қысымдағы жабдықтармен және байыту құралдарымен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесі; электр техника, гидравлика және кинематика негіздері.
32. Эскалатор машинисі
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тәулігіне 150 мың жолаушыға дейін таситын эскалаторларды басқару және қызмет көрсету. Механизмдердің жұмыс режимін олардың жүктемесіне қарай реттеу. Эскалаторларды автотелебасқару механизмдері мен құрылғыларды баптау. Қызмет көрсетілетін эскалаторларды жарамды қалыпта ұстау және оларды жоспарлы алдын ала жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: эскалаторлардың құрылымы, кинематикалық және электр тәсімдері, баптау тәсілдері, барлық үлгідегі эскалаторлардың электр жабдықтарының құрылымы; жүктемесіне қарай механизмдердің барынша тиімді режимін анықтамасы мен паспорты бойынша айқындау ережесі, қызмет көрсетілетін эскалаторлардың ақаулықтарын жою әдістері мен тәсілдері; электр жетектерінің жұмыс істеу және эскалаторларды автотелебасқару құрылғыларын қолдану принципі, машинистке белгіленген разрядтан бір разряд төмен көлемде слесарлық жұмыстар.
Тәулігіне 150 мыңнан 200 мыңға дейін жолаушы таситын эскалаторларға қызмет көрсету – 6-разряд.
тәулігіне 200 мыңнан астам жолаушы таситын эскалаторларға қызмет көрсету; жоғары дәлдіктегі эскалатор электр тәсімдерін аспаптармен теусеру, баптау және реттеу және эскалаторларды басқару тізбектерін бақылау тәсімін жөндеуде – 7-разряд.
Ескерту: эскалатор машинисінің көмекшісі басшылығында істейтін машинистен бір разряд төмен тарифтеледі.
33. Жылжымалы құрамның жуып-жинаушысы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес айлабұйымдар мен түрлі еріткіштерді, пасталарды, бензин және керосинді пайдалана отырып және қолмен жеңіл, жүк және арнайы көліктердің шыныларын ысқылап сырты мен ішін тазалау, жинау және жуу. Жуатын алаңшаларда су кәріз бұрмаларды ластықтан тазалау. Аспап, керек-жарақ, айлабұйым және жуатын алаңдарда тазалықта және жарамды қалыпта ұстау.
Білуге тиіс: еріткіштерді, пасталарды, бензин және керосинді пайдалана отырып сырты мен ішін тазалау, жинау және жуу тәсілдері мен жолдары, қолданылатын аспаптың, керек-жарақтар мен айлабұйымдардың қызметі.
34. Жылжымалы құрамның жуып-жинаушысы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өңдеудің санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес айлабұйымдар мен түрлі еріткіштерді, пасталарды, бензин және керосинді пайдалана отырып және қолмен локомотивтердің, жолаушы вагондарының, электр және дизель поездардың, автобустардың, трамвай және троллейбустардың шыныларын ысқылап сырты мен ішін тазалау, жинау және жуу. Көмір салатын жартылай вагондарды тазалау және ыстықтай жуу. Еріткіштерді, бензин және керосинді пайдалана отырып теміржол жылжымалы құрамын жөндеу кезінде бөлшектер мен тораптарды тазалау, үрлеу, ысқылау және шаю. Жуатын ерітінділерді әзірлеу. Қоқыс және көң салатын арнайы пештерде тасымалдау, қалау, биотермиялық зарарсыздандыру және жандыру. Дезинфекциялық-шаятын станциялардың және кешенді вагон дайындау пункттерін жинау.
Білуге тиіс: түрлі жуатын ерітінділерді пайдалана отырып шаю және жинау тәсілдері мен жолдары, қолданылатын ерітінділердің құрамы және әзірлеу тәсілдері; көтергіш-көлік құралдарын пайдалану ережесі, қоқыс және көң салатын арнайы пештерде биотермиялық зарарсыздандыру және жандыру ережесі.
35. Жылжымалы құрамның жуып-жинаушысы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Адам, астық және басқа да азық-түлік таситын жүк вагондарын, тірі мал және мал шикізатын салатын вагондарды, рефрижераторлық, изотермиялық және тірі балық салатын вагондардың ішін тазалау, ыстық сумен шаю және дезинфекциялау. Механизациялау құралдарын пайдалана отырып тұрып және қатып қалған жүк вагондарын, жолаушылар вагондарының санитарлық тораптарын тазалау. Ветеринарлық қадағалау, санитарлық-эпидемиологиялық станциялар, мемлекеттік нан инспекциясы талаптарына сәйкес вагондарды тасуға дайындау жөніндегі технологияда көзделген жұмыстарды орындау. Механизациялау құралдары мен жабдықтардың жұмыс процесінде қолданылатын қызмет көрсету. Ерітінділерді дайындау, жұмыс, су және бу жіберу режимдерін реттеу, қоқыс тазалау. Механизмдер мен жабдықтардың ұсақ ақаулықтарын айқындау және жою.
Білуге тиіс: жүк вагондарын, жолаушы вагондарының санитарлық тораптарын тазалау, шаю ережесі; вагондарды дезинфекциялау ережесі; қолданылатын ерітінділердің рецептурасы.
36. Жылжымалы құрам жуушы-жинаушысы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Теміржолдың жылжымалы құрамы мен метрополитеннің бөлшектері мен тораптарын ротациялық аспаптардың, механизмдердің көмегімен механизацияланған тәсілмен ластықтан, тоттан, ескі бояу қалдықтарынан тазалау және оларды жоғары қысымды суды, сондай-ақ химиялық тәсілді пайдалана отырып шаю. Қолданылатын жабдықтар мен технологиялық керек-жарақтарды жөндеу жұмыстарына қатысу.
Білуге тиіс: қолданылатын аспаптар механизмдеріне қызмет көрсету тәртібі; жылжымалы құрамды шаю және тазалауда жоғары қысымды су және химиялық құралдарды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесі; электр техникасы мен гидравлика негіздері.
37. Айналдыратын дөңгелек моторисі
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс көлемі тәулігіне 70 локомотивке дейінгі электр немесе пневможетектердің көмегімен айналдыратын дөңгелектерді басқару. Айналдыратын дөңгелек фермаларына локомотивтің орнатылуын реттеу. Қызмет көрсетілетін дөңгелекті реттеу және сынау. Басқару кабинасында бекітілген магнит жібергіштер мен кнопкалы өшіргіштерді жинау және монтаждау. Айналдыратын дөңгелек механизмдерінің бөлшектерін тазалау және майлау.
Білуге тиіс: айналдыратын дөңгелектің және оның механизмдерінің құрылымы; айналдыратын дөңгелек фермасындағы локомотивті орнату ережесі; айналдыратын дөңгелек айлабұйымдары мен механизмдерінің бөлшектерін майлау және күту ережесі; дөңгелек жұмысындағы сигнал беру, электр қозғалтқыш режимі.
Жұмыс көлемі тәулігіне 70 локомотивтен асатын дөңгелекті басқаруда – 3-разряд.
38. Паровоз қазандықтарын жылы сумен шаятын моторис
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Паровоз қазандықтарын жылы күйінде шаю және жандырмай салуға арналған сорғылар мен басқа да жабдықтарға қызмет көрсету. Паровоз қазандықтарын циркуляциялық салқындату. Паровоз қазандықтарын жылы күйінде шаю және жандырмай толтыру. Қазандықты шаюға арналған химикаттарды пайдалана отырып жылы судың берілген температурасын дайындау. Бақылау-өлшеу аспаптары бойынша оның деңгейін және температурасын бақылау және паровоз қазандықтарына су жіберу. Паровоз қазандықтарын қысыммен сығымдау.
Білуге тиіс: түрлі жүйедегі паровоз қазандықтарының, бу су аккумуляторларының, сүзгілердің, электр қозғалтқыш сорғыларының құрылымы; жабдықтарды жөндеу және жарамды қалыпта ұстау ережесі; паровоз қазандықтарын жылы күйінде шаж және жандырмай толтыру технологиялық процесі.
39. Білік және сүзгі қағушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қағу станоктарында жіптерді алдын ала иіре отырып біліктер мен сүзгілерді қағу. Қағу станоктарын басқару, оларды тазалау және майлау.
Білуге тиіс: қағу станоктарының құрылымы, оны іске қосу және тоқтату, букс қағатын біліктердің, букс және жүн қалдықтарының техникалық шарттары, сүзгілерді қағуға арналған тұлымдардың ұзындығы бойынша шекті ауытқулар; тұлымдарды қағаз пакетте қалау ережесі.
40. Бақылау-өлшеу вагондарын баптаушы
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында бақылау-өлшеу және тіркеу аппаратурасын, машина аспаптары мен механизмдерді, түрлі құрылғылар мен дефектоскопты, жол өлшегіш, жол тексеру, габарит зерттеу вагондарын, вагон зертханаларды баптау, реттеу, қызмет көрсету. Бақылау-өлшеу вагондарында тұратын бақылау-өлшеу және тіркеу аппаратуралары мен механизмдерінің көмегімен теміржолдар мен басқа да теміржол нысандарының жағдайын бақылау және кемшіліктерді анықтау. Бақылау нәтижелерін оқу. Олардың дұрыс жұмыс істеуін бақылау және пайдалану процесінде пайда болатын ақаулықтарды жою. Техникалық құжаттаманы құрау және жүргізу.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін аппараттардың, машиналар мен механизмдердің кинематикалық тәсімдері, құрылымы және жұмыс режимдері, мемлекеттік стандартта белгіленген құрылым мен жылжымалы құрамның габариттері; қызмет көрсетілетін жабдықты баптау, реттеу және ұстау ережесі; ақаулықтарды анықтау және оларды жою тәсілдері; бақыланатын нысандарды бақылау нәтижелерін оқу, ақаулықтарын айқындау ережесі мен оларды бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша бағалау нормалары; фотохимияны, электр техникасы, электроника, техникалық құжаттаманы жүргізу тәртібі.
Микротәсімдердегі, компьютерлік техникада электронды аппаратураға, электронды акустикалық аппаратураға қызмет көрсете отырып дефектограммаларды оқу жөніндегі жұмыстарды орындауда – 7-разряд.
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
41. Жол машиналары мен механизмдерін баптаушы
Жұмыс сипаттамасы. Тиісті бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалана отырып олардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсетілетін теміржол машиналары, механизмдер, станоктардың электр, пневматикалық, гидравликалық жабдықтарын баптау, реттеу, техникалық қызмет көрсету және алдын ала жөндеу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін машиналардың, механизмдердің, станоктардың, аспаптардың құрылымы, электр және кинематикалық тәсімдері, қызмет көрсетілетін теміржол машиналары, механизмдер, станоктардың электр, пневматикалық, гидравликалық жабдықтарын баптау, реттеу, техникалық қызмет көрсету және алдын ала жөндеу ережесі; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының қызметі және құрылымы, электр техникасы, радиотехника, электроника, механика, пневматика және гидравлика жөнінде қажетті мәліметтер; еңбекті қорғау ережесі мен нормалары.
Рельстерді, іштен жанатын қозғалтқыштарды өңдеуге арналған электр, пневматикалық және гидравликалық құралдарды баптау, реттеу, техникалық қызмет көрсету және алдын ала жөндеуде – 4-разряд;
Рельс жолдарын, звено машиналарын, жол өлшегіш арбаларды тасымалдауға арналған арнайы құрамдарды баптау, реттеу, техникалық қызмет көрсету және алдын ала жөндеуде – 5-разряд;
Тораптарды, механизмдер мен басқару жүйелерін: думпкар, жол жоңғыларын, плугты қар тазалағыштар, құрамалы жол әмбебап машиналарын, ұзақ рельсті жол көтергіштерді, рельс қалағыштарды, қар жинайтын және пневматикалық және механикалық жетекті машиналарды, энергетикалық құрылғысы бар рельсті тасымалдауға арналған арнайы құрамды, қар тазалағыш жоңғыларды, хоппер-мөлшерлегіштер, пневмоүрлеу және электрмен қыздыру механизмдерді баптау, реттеу және техникалық қызмет көрсетуде – 6-разряд;
тораптарды, механизмдер мен басқару жүйелерін: өзі жүретін жол жөндеу лездемелерін, балластыны жоспарлау және бөлуге арналған өзі жүретін машиналарды, өзі жүретін қар жинау машиналарын, өзі жүретін шпал ауыстыратын машиналарды, суаратын, рельс тегістейтін және қар жинайтын поездарды; котлован қазғыштарды, тал кескіштерді, балластирлеу, балласт тығыздайтын, автоматты басқару жүйесі бар түзету-қағу-бөлу, эвено жинау, звено бөлшектеу, шпал қағу, шпал жөндеу, қиыршық тас тазалау, жұмыс органдарының электр жетекті қар жинау және жинау, сүре қағу, клеммді және төсем болттарын бекіту және майлау, жол решеткаларын және бұрмаларды тиеу, қалау және тасымалдау, кюветтерді өңдеу және кесу, жолдардағы рельстерді өңдеу, жол рельстерін пісіру машиналарын, кең рельсті жол қалағыштарды, бұрмаларды тасымалдау арнайы құрамдарын, балластыны механизацияланған тиеу, түсіру және тасымалдауға арналған арнайы құрамдарды, электр балластерді, рихталау агрегаты бар электр балластерді, мотор рельсті көлікті баптау, реттеу және техникалық қызмет көрсетуде, дефектоскопты құрылғыларды, ультрадыбысты және магнитті алынбалы дефектоскоптарды, бақылау-теңшеу картасына және техникалық шарт талаптарына сәйкес микропроцессорлық құрылғылы дефескоптарды тексеру, түзету және жетілдіруде – 7-разряд;
тораптарды, механизмдерді, автоматика, электроника және лазерлік құрылғылармен, өнеркәсіптік электроника және электронды бақылау-өлшеу аппаратурасымен жабдықталған өзі жүретін машиналарды басқару жүйелерін, жетекті-энегетикалық машиналарды, бұрмаларға арналған түзету-қағу-өңдеу; түзету-қағу-рихталау, түзету-қағу-рихталау машиналарын, жіктерді түзету, қағу және тегістеу, кюветтерді өңдеу және кесу; жолды тұрақтандыруға арналған; рельс тегістеу поездарын, балласт призманы күшейтіп жөндеу машиналарын; клеммді және төсеу болттарын бекіту және майлау машиналарын; балластыны жоспарлау және тарату машиналарын; өзі жүретін рихталау машиналарын; өзі жүретін қар жинайтын машиналарды, қиыршық тасты терең тазалау машиналарын; рихталау агрегаты бар электр балластарды баптау, реттеу және техникалық қызмет көрсетуде – 8-разряд.
6-дан 8-разрядқа дейін орта (техникалық және кәсіптік) білім талап етіледі.
41. Жолдарды және жасанды имараттарды аралап тексеруші
Жұмыс сипаттамасы. Қызмет көрсетілетін учаскедегі теміржолдың беткі құрылымын, жер төсемін, жасанды имараттарды, опырылған жерлерді, балласты призмаларды, жол жағаларын, су бұратын имараттарды, трамвай жолдарының сыртқы қабатын, ферма алаңдарын, брустарды, перилаларды, көлденең және өтетін бөлік деңгейінде тігінен орналасқан балкаларды, теңдеу құралдарын, көпірдің тірек бөліктерін, портал алдындағы лотоктарды, тоннельдердегі қуыс және камераларды, жол, сигнал беру және тоннель белгілерін, көпір тіректеріндегі белгілерді, қорғалмайтын переездерді, қорғау айлабұйымдарын, алып қашуға қарсы құралдарды, тіректерді, шуруптарды, болттарды, бекітпелерді, бекіту тораптарын, кронштейндерді, рельс саңылауларын, қорғау қабаты қораптарын, контакті рельсін, өртке қарсы керек-жарақты, жұмыс және өлшеу құралдарын, басқа да жабдықтар мен имараттарды байқау. Жол бетонының және қиыршық тас балласты, кронштейн және контактілі рельс қорғау қораптарының бетін тазалықта ұстау. Жасанды имараттардың, қабырғаларды қаптау, пилондардың, тоннельдерді өңдеу бетін, жер асты станциялары мен вестибюльдердің шатырының жағдайын қадағалау. Контактілі рельстегі жоғары кернеулікті тексеру. Контактілі рельстің қалыпты, температуралық және оқшаулау жіктерінің қалыбын бөлшектей және құрастыра отырып бақылау. Жоспардағы жолдың дұрыс қалыбын, рельстердің тұтастығын, теңдеу рельстерінің арасындағы жіктердің жағдайын, рельс бірікпелерін және жерлендіру жағдайын бақылау. Өтпелі поездардағы контактілі желілердің, байланыс желілерінің, жылжымалы құрам және жүктердің белгілерінің жағдайын қадағалау. Поездардың үздіксіз қозғалысына қауіп тудыратын орындарын қоршау. Жолда монтерлардың және басқа да жұмысшылардың қатысуын талап етпейтін жөндеу жұмыстары өндірістері ережесіне сәйкес жол және имараттардың кемшіліктерінің алдын алу, анықтау және жою.
Білуге тиіс: жолдың сыртқы бетінің, жер төсемін, көпір, тоннель және жасанды имараттардың, контактілі рельс және ілетін бөлшектерінің, жоғары кернеуді айқындайтын аспаптардың құрылымы, қызметі және ұстау ережесі, жер сілкінгенде, нөсер және тау кен опырылғанда жұмыс өндіруде рельстерді және бекітпелерді қарау, поезд қозғалысы үшін кедергілер табылғанда іс-әрекеттерді, орнату және алып тастау тәртібі; бекітпе тораптарын, қалыпты, температуралық және оқшаулау жіктерін құрастыру және бөлшектеу тәсілдері, опырылымдар мен үгінділердің алдын алу тәсілдері, аспаптарды, құралдар мен айлабұйымдарды пайдалану, контактілі рельс кернеулігін жіберу және алып тастау, шаруашылық поездарын, жол вагоншалары мен арбаларды жіберу ережесі; жол, жасанды имараттардың, контактілі рельстің негізгі ақаулықтары мен оларды жою тәсілдері, байланыс және контактілі желілердің жарамдылығына қойылатын талаптар; қызмет көрсетілетін нысандарды байқау тәртібі; тоннельдік және басқа да жасанды имараттардың құрылымы, табиғи және жасанды қоршаулардың құрылым және ұстау ережесі; жол және өлшеу аспаптарының, құралдар мен айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану ережесі.
Сағатына 20 поездға дейін қарқынды трамвай қозғалысын байқау және ұстау жұмыстарын орындауда; метрополитендердегі контактілі рельсті тазалықта және жарамдылықта ұстау жұмыстарын орындауда – 2-разряд;
сағатына 20 поездан жоғары қарқынды трамвай қозғалысын байқау және ұстау жұмыстарын орындауда; брутто 12 млн. ткм-ға дейін теміржол желілерінде, өнеркәсіптік кәсіпорындардағы жолдарды, метрополитендердегі контактілі рельсті тазалықта және жарамдылықта ұстау жұмыстарын орындауда – 3-разряд;
метрополитендердегі теміржолда, жасанды имараттарды, брутто 12 млн. ткм-дан 25 млн. ткм-ға дейін теміржол желілерінде немесе:
- ірі тораптық немесе сұрыптық станциялары немесе негізгі депо станциясы бар;
- күшейтілген қадағалау талап етілетін көпірлер, тоннельдер немесе басқа да жасанды имараттары, ұзына бойы 50 м;
- қызмет көрсетілетін учаскедегі жалпы ұзындығы 20 % кем күшейтілген қадағалауды талап ететін жер төсемі мен иірілімі бар;
- теміржолдың қызмет көрсетілетін учаскедегі ұзындығы 50 % созылған еңіс жерлері немесе қисық кіші радиусы бар;
- 10 км-ден асатын созылмалы ұзындықтағы жолы бар теміржол учаскелерді қызмет көрсетуде - 4-разряд;
Теміржолдарға, брутто 25 млн. ткм-нан асатын желілердегі метрополитеннің жасанды имараттарын тексеру және қызмет көрсету, немесе жылдамдығы сағатына 100 км электрленген теміржол желілері учаскелерін; қызмет көрсетілетін учаскенің ұзындығы 25 %-тен кем емес 20 промильден асатын еңісті және жұмыс контррельсті жолдың қызмет көрсетілетін учаскедегі ұзындықтағы жұмыстарын орындауда – 5-разряд.
42. Дефескопты арба операторы
Жұмыс сипаттамасы. Дефескопты арба рельстеріндегі ақаулықтарды анықтау процесін жүргізу. табылған ақаулықтар мен рельс зақымдықтарын егжей-тегжейлі зерттеу және сыныптауышын жүргізу, ақаулықтардың дамуын бақылау, оларды тіркеу және қажетті жағдайларда поездың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету шараларын қабылдау. Дефескоптарды пайдалану және технологиясы ережелерін сақтай отырып оларды жарамды қалыпта ұстау және техникалық қызмет көрсету. Дефескопты арба элементтерін аспаптар бойынша және сыртын тексеріп айқындау. Бақылау тупигіндегі арбалардың жұмысқа жарамдылығын және сезімталдығын тексеру, баптау және реттеу. Дефескопты арбаны жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: магнитті және ультрадыбысты рельсті дефескоптардың құрылымы мен қызметі, рельс ақаулықтарының сыныптауышы мен зақымдықтары және олардың поезд қозғалысына әсері, рельстердің қалыпты жұмыс жағдайлары; электр техника, электроника, металл тану негіздері, дефескоптарды ұстау, сақтау және техникалық пайдалану ережесі, дефоскоптардың жұмыс қабілетін және шартты сезімталдығын тексеру ережесі; аккумуляторлардың құрылымы және олардың алдын алу және қызмет көрсету шараларын жүргізу ережесі, жол жұмыстарын жүргізгенде поездардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету нұсқаулығы.
Магнит және бір жолды ультрадыбысты дефескопты арбаларда жұмыс орындауда – 4-разряд;
дефектінің мөлшерін айқындауға арналған электронды сәулелі түтікшемен жабдықталған магнит және екі жолақты ультрадыбысты рельс дефескоп арбаларында жұмыс орындауда – 5-разряд;
микропроцессорлық құрылғылы ультрадыбысты және магнитті дефескоп арбаларында жұмыс орындауда – 6-разряд;
барлық үлгідегі рельсті дефескопты арбаларда жұмыс орындауда және дефескопты теңшеу жұмыстарына қатысуда – 7-разряд.
Ескерту. Дефескопты арба жүргізу құқығы бар болса, оператордың басшылығымен жұмыс орындауда дефескопты арба операторының көмекшісі оператордан бір разряд төмен; құқығы болмаса - екі разряд оператордан төмен тарифтеледі.
43. Вагон және контейнерлерге қызмет көрсету және жөндеу операторы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Вагон автоматты тежегіштерін орталықтандырылған сынамалаудың басқару пультын жүргізу. Поездарды қабылдау және жөнелту кестесіне сәйкес вагон автотежегіштерін тексеру, жөндеу және сынамалау жөніндегі жұмыстарды уақытылы орындауға арналған техникалық қызмет көрсету пунктімен байланысты ұстап отыру.
Білуге тиіс: барлық жүйедегі ауа таратқыш және электр ауа таратқыш жұмысында қолданылатын вагондарды, машинист крандары мен бақылау-өлшеу аспаптарын орталықтандырылған сынамалауды басқару пультының құрылымы; вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттерінде автоматты тежегішті тексеру және сынамалау техникалық құралдарының орналасу тәсімі.
44. Вагон және контейнерлерге қызмет көрсету және жөндеу операторы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Автоматты қашықтықтан басқару құрылғылары арқылы техникалық қызмет көрсету пункттерінде автоматты тежегіштерді сынамалау және поездарды орталықтандырылған қоршау процесін жүргізу. поезд жүріп бара жатқанда жолаушы және жүк вагондарындағы ПОНАБ электронды аспап арқылы букстың қызу деңгейін айқындау.
Білуге тиіс: электронды аспаптардың, автотежегіштерді сынамалау поездарының орталықтандырылған қоршау құрылғыларының құрылымы, баптау тәсілдері; техникалық қызмет көрсету пункттеріндегі вагондардың орталықтандырылған қабылдау-жөнелтуін орналастыру тәсімі.
45. Вагон және контейнерлерге қызмет көрсету және жөндеу операторы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Станциялардың мамандандырылған жолдарындағы жүк вагондарына техникалық қызмет көрсету процесін жүргізу, сондай-ақ, автоматты және ағын депо желілеріндегі жылжымалы құрамды жөндеуді басқару. Қызмет көрсетілетін желінің жұмыс істеу режимі мен жүктемесін реттеу. автоматты желі ақаулықтарының алдын алу және жою. ДИСК-БКВ-Ц аспаптарында қызмет көрсету және қыздырылған букстарды, жарамсыз дөңгелек жұптарын және сүйретіліп жүрген вагон бөлшектерін анықтау. Механизмдерді жөндеуге қатысу. Автоматика және вагон жөндеу машиналарын пайдалана отырып вагондар мен контейнерлерді жөндеу жөніндегі өндірістік операцияларды орындау.
Білуге тиіс: автоматты желілер мен қосалқы жабдық құрылымдары, пайдалану ережесі, жабдықтардың кинематикалық тәсімі және автоматты желі механизмдерінің өзара іс-әрекеті, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын, сигнал беру және қызмет көрсетілетін желіні блоктауды пайдалану ережесі, вагон және контейнер құрылымдары; автоматты желідегі вагондар мен контейнерлерді жөндеудің технологиялық процесі; механика және электр техника негіздері.
46. Орталықтандыру бекеті операторы
Достарыңызбен бөлісу: |