Байланыстырып сөйлеу жұмыстарының психологиялық, педагогикалық және лингвистикалық ерекшеліктері.
Байланыстырып сөйлеу жұмыстарының мақсаты мен оған қойылатын методикалық талаптар.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде ең маңызды орын алатын – сөздік жұмысы. Өйткені нақты заттар мен құбылыстар да абстрактылық ұғымдар да сөз арқылы белгіленеді, сезім мен ниет те сөз арқылы білдіріледі. Сондықтан оқушыларға жаңа сөздер үйрету, үйренген сөздерінің мағынасын менгерту, көркем шығармалардағы бейнелі сөз тіркестері мен таныстыру және оның барлығын баланың активті сөзіне айналдыру маңызды да күрделі, жауапты жұмыс болып табылады. Мұнда, яғни сөздік жүргізу барысында әсіресе синонимдер, антонимлер, көп мағыналы сөздер мен қанатты сөздерге көңіл аударылады. Бұл айтылғаннан I—Ш сынып оқушыларына «синонимін, антонимін тап, қанатты сөздер кұра...» сияқты түрде, терминдерді колдана отырып тапсырма беріледі екен деген ұғым тумауға тиіс. Бұл терминдер мүғалімдер үшін ғана аталып отыр: ал оқушылар «мұны тағы калай атауға болар еді? Осының орнына тағы кандай сөз қойып айта алар едік? Мұның карама-қарсы мағынасын кандай сөз аркылы айтамыз?» т. б. тәсілдер арқылы бір мағынаны білдіру үшін бірнеше сөз іздейді немесе оның карсы магынасын білдіретін сөздерді табады. Мұнаң былайғы терминдер жөнінде де осы пікір есте болғаны дұрыс.
Сөздік жургізу барысында мағынасы жакын сөздерді бір топка біріктіру, синонимдерді мағынасынын күшею немесе кему барысына карай реттеу, бір сөзге синоним табу; антоним сөздерді жұптап жазу (берілген сөздерден). алтонимнін бір сыңарын табу, сөйлемді бірнеше түрге ауыстыру; берілген сөздер бойынша сөйлем, текст құрастыру, т. с. с. жұмыстар жүргізіледі,
Тілдің синтаксистік негізі сөз тіркесі мен сөйлем болып табылады. Сөз тіркесі аяқталған ойды білдірмейді, бірақ сол ойға катысты ұғымды жасайды; сөз тіркесінде бағынынқы сөз, басыңқы сөз болады: ашық аспан (қиысу), сабакка барды (меңгеру), т. б. Сөз тіркесі де сөз сияқты заттарды, оның сын-сипатын және қимыл-қозғалыстарын білдіреді. Сөйлеу барысында алуан түрлі сөз тіркесі пайлаланылады. Сөйтіп, сөз тіркесі ойдың қалыптасу процесін көрсетеді. Ендеше, балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету барысында олардын сөз тіркесінде меңгеретіні сөзсіз. Бірақ мұнда да балаларға «сөз тіркесі», «бағыныңқы, басыңқы сөз», «қиысу, меңгеру», т. б* терминдерді айтудың кажеті жок. Олар тек практикалық тұрғыда ғана үйретіледі; яғни сөйлемнін кұрамындағы сөздерді мұғалім байланыстыру жолдарына қарай тоқтап алып, балалардың зейінін әр топтағы сөздерге аудара отырып, сол сөздермен түрлі жұмыстар ұйымдастырады. Бұл жұмыстар (балаларды сөйлемдегі сөздерді топтай білуге үйретудің өзі ой бөліктерімен жұмыс жасау болып табылады).
Дәрісті қорытындылау:
Бақылау сұрақтары:
Тіл дамыту жұмысының психологиялық ерекшеліктері?
Байланыстырып сөйлеу жұмыстарының педагогикалық және лингвистикалық ерекшеліктері.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстарының мақсаты қандай?
Балалар тіліне қойылатын негізгі талаптарды айтыңдар?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Г.Ж.Тұрдалиева. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Астана: Фолиант, 2007.
2.Қ. Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет
3. С. Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы 1997
4.Ғ. Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы-1992
5. З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002
№7 -дәріс тақырыбы: Қазіргі методикалық әдебиеттерге шолу. (2сағат)
Дәрістің жоспары:
Сауат ашу кезеңіне байланысты методикалық әдебиеттер.
Қазақ тілі грамматикасын оқытуға қатысты методикалық әдебиеттер.
Қазақ тілін оқыту пәндеріне қатысты бағдарламалар.
Қазіргі бастауыш сынып оқулықтары.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Сауат ашу кезеңіне байланысты көрсетілген әдебнеттер методикалық тұрғыда жазылғандықтан (окулықтардан баскалары) барлык тарауларга да катысты. Методиканың әрбір тарауы жеке өз алдына зерттеу объектісіне айналып, (әсіресе казақ мектептерінде) арнайы шығарылған еңбектердің саны мардымсыз болғандықтан, олардың барлығын топтап, осы тақырыпқа беруді жөн көрдік. Сондықтан осында көрсетілген кітаптар да методиканын барлық бөлімдеріне катысты мәселелерді қамтитын енбектер болып табылады. Алдымен «Бастауыш оқудың тиімділігін арттыру» (М. Жазыбаев, А. Асқарбаеа С. Рахметова, Алматы. 1975) кітабын атауға тура келеді. Мұнда азды-көпті, мақала деңгейінде, сауат ашу, оқудың әдіс-тәсілдері жөнінде, сондай-ак грамматнка; жазу, тіл дамыту мәселелері сөз болады. Жалпы «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» туралы мәлімет беретін алғашкы еңбектердің бірі, белгілі методист Ш. Сарыбаевтың енбегі (Алматы 1959), сондай-ақ методист-ғалымдар Ы. Маманов, Д. Әлімжановтардын «Қазақ тілін оқыту методикасын» (Алматы, 1965) атауға болады. Сонымен қатар бастауыш кластағы ана тілін үйрету мәселелеріне арналып шығарылган мына сияқты әдебиеттерді көрсетеміз: И. Қ. Ұйыкбаев. Казақ тілі методикасының очерктері, Алматы, 1962. X. Арғынов, Құрмалас сөйлем синтаксисінің методикасы, Алматы. 1964. X. Арғынов. Ғ. Сүлейменов, Ана тілін оқыту жөнінде II класс мұғалімдеріне арналған көмекші құрал, Алматы, 1962. С. Рахметова, Аиа тілін оқыту жөнінде III класс мұғалімдеріне арналған көмекші құрал, Алматы, 1971. Қ. Аймағанбетова, Қ. Бозжанова, Ана тілін окыту жөнінде, 1 класс мұғалімдеріне арналған құрал, Алматы, 1970. Р. Әміров, Бірінші класта окушылардың тілін дамыту үшін істелетін жұмыстар, Алматы, 1957. С. Рахметова. Кіші жастағы оқушылардың жазбаша тілін дамыту, Алматы. 1978. Вірнешс жннақтар бар: 1 кластағы окыту, Алматы, 1977, II кластағы оқыту, Алматы, 1978. III кластағы окыту, Алматы, 1979. Бастауыщ мектеп методикасы, Алматы, 1987. Қорыта айтканда, қазақ тіліндегі шыкқан әдебиеттердің жалпы жинағынын. Ш. Ш. Сарыбаевтың «Қазақ тіл білімі әдебиетінінен библографиялық көрсеткіш» 1, 2, 3 кітаптарынан карауга болады.
Дәрісті қорытындылау: Қазіргі методикалық әдебиеттерге ғылыми-зерттеу әдісі бойынша талдау жүргізе білу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |