5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»



жүктеу 0,92 Mb.
бет7/12
Дата20.02.2018
өлшемі0,92 Mb.
#10336
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Бақылау сұрақтары:

  1. Бастауыш мектепте оқылатын қазақ тілі оқулығы қандай талаптар негізінде жазылуға тиіс; теориялық материалдардың берілуі, жаттығулар жүйесі, оқу материалдары қандай әдістер мен жолдар арқылы беріледі?

  2. Әдістемелік әдебиеттерді зерттей білудің маңызы қандай, оның қандай әсері бар?

  3. Бағдарлама мен оқулықтарда ғылыми принцип қалай жүзеге асырылады?

  4. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салушылар кімдер, қандай еңбегін білесіңдер?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Г.Ж.Тұрдалиева. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Астана: Фолиант, 2007.

2.Қ. Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

3. С. Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы 1997

4.Ғ. Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы-1992

5. З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002


3 модуль Жазу және тіл дамыту

8 -дәріс тақырыбы: Оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру процесінің кезеңдері және жазуға қойылатын талаптар.2сағат)


Дәрістің жоспары:

  1. Жазуға үйретудің маңызы.

  2. Жазу жұмыстарына қойылатын талаптар.

  3. Жазуға үйрену үшін қажетті жағдайлар.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Ғалым ұстаз А.Байтұрсынов оқу мен жазуды сөз ете отырып: «Біздің заманымыз – жазу заманы. Жазумен сөйлеу ауызбен сөйлеуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды, жазумен дүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан, сөйлей білу қандай қажет болса, жаза білудің керектігі одан да артық. Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да, сөздің кестесін солай келтіріп жаза білу қажет», - дей отырып, жазбаша жазудың маңыздылығын ерекше атап көрсеткен.

С.Рахметова: «Жазбаша жазуға үйрену үшін анология, салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау сияқты ой операцияларының іске асуы ең маңызды шарт болып табылады» - дейді. Ендеше, жазбаша жазу жұмыстарды жүйелі түрде орындату – оқушылардың сауаттылығын арттырып, ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытып, өз ойын жүйелі түрде жеткізіп, қағаз бетіне сауатты жаза білуге дағдыландырады.

Оқушыны белсенділікке, тапқырлыққа, ізденімпаздылыққа үйретеді.

Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі – тіл байлығы дер едік. Мектептегі жазбаша жұмыстардың ең тиімді жолдары пәнаралық байланысқа иек арту болып табылады.

«Жазба сөз – бірөңкей әскер легі емес, қой-сиыры аралас шұбалған көш те емес, теңіз толқыны да емес, өмірге түгел ортақ ой-сезімді дәлірек те, толығырақ та бере алатын тіл байлығы. Бұл байлықты қалай болса солай пайдалану болашақ үшін қиянат» деген екен қазақтың белгілі жазушысы Ғ.Мүсірепов.

Бақылау сұрақтары:


  1. Сауатты жазуға жету үшін грамматикалық білімдерден басқа қандай шарттар орындалуы керек?

  2. Сауаттылыққа үйретуде ой операцияларын іске асырудың маңызы қандай?

  3. Дұрыс жазуға үйретуде орфографиялық принцип пен алфавитті білудің пайдасы қандай?

  4. Жазуға үйрету үшін қажетті әдістемелік, гигиеналық талаптар.

  5. Жазу дағдысын қалыптастыру кезеңдері

Дәрісті қорытындылау: Қорыта айтқанда, орта мектептерде қазақ тілінен жүргізілетін жазбаша жұмыстар оқушылардың тұлғалық қабілетін дамытуға ерекше ықпалын тигізеді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Г.Ж.Тұрдалиева. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Астана: Фолиант, 2007.

2.Қ. Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

3. С. Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы 1997

4.Ғ. Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы-1992

5. З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002

9 -дәріс тақырыбы: Жазуға үйретуге байланысты жүргізілетін жұмыстар. (2сағат)

Дәрістің жоспары:

  1. Жазуға үйретуге байланысты жүргізілетін жұмыстар.

  2. Сауатты жазуға үйрету мәселелері.

  3. Оқушылардың грамматика мен емле және тіл дамытудан алған білімдері мен дағдыларын, шеберліктерін есепке алу.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Орфографнялық ережені түсіндіруден бұрын балалардың алдына олар шешуге тиісті мәселе қойылуы керек (мысалы, отпен ойнама, от пен судан сақтан мысалдарының арасыңда кандай айырымащылық бар? «пен» Кайсысында бөлсек, кайсысында бірге жазылуға тиіс? сияқты). Мұндай жұмыс балалардың зейінін сабаққа жұмылдырып, бұрын окығандарын еске түсіруге көмектеседі?

Жазуға байланысты жаттығу жұмыстары әр түрлі факторларға негізделеді:

I. Көру, қимыл факторларына негізделетін көшіріп жазу.



2. Есту арқылы қабылдауына сүйенетіи тексті жазу (мұғалім оқып берген немесе оқушы окыған тексті жазу. Бұғаи диктант, мазмұндамя жұмыстарын алуға болады).

3. Орфографиялық тапсырмалар бар жаттығулар: қалдырылып кеткен әріптерді тауып жазу немесе түзетіп жазу т. б.

Жазу жұмыстарынын бұл көрсетілген түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, яғни таза біреуінің колданылуы мүмкін емес. Мысалы, диктант есту қабілетіне негізделгенімен, көру қимылсыз іске аспайды т. б. Сон-дықтан, жоғарыдағы сияқты топтау тек шартты түрде, жаттығудың кай түрінде негізгі мәселенің кайсысы екендігіне мұғалімдер көңіліи аудару мақсатында ғана көрсетіліп отыр.

Жазу дағдысын нығайта, жетілдіре түсетін, сонымен бірге іс жүзінде сыналған жаттығулардың негізгі түрлері мынадай:

1) грамматикалык-орфографиялық талдау («грамматикалық талдауды» караңыз). Бұл — оқушыларды грамматикалык және орфографиялык кұбылыстардың ара қатынасын түсінуге, орфографнялық киыншылықтарды таба білуге, басқалардың арасынан окыған кұбылыстарын таба білуге дағдылаидырады. Бұл талдау өз алды- жаттығу ретінде бөлек немесс басқа жаттығулардың элементі ретінде де жүргізіледі (мысалы, көшіріп жазуда, диктантта т. б.).

Оқушылардың белсенділігін көтеру мақсатында карточка жүргізіледі. Бұл үшін әр оқушы алдын ала карточка дайындайды.



Дәрісті қорытындылау: Жазуға үйретуге байланысты жүргізілетін жұмыстарда оқушылардың грамматика мен емле және тіл дамытудан алған білімдері мен дағдыларын, шеберліктерін есепке алу қажет.

Бақылау сұрақтары:

  1. Жазуға үйретуге байланысты жүргізілетін жұмыстар.

  2. Орфографиялық жаттығулардың түрлері.

  3. Диктанттың қандай түрлері бар?

  4. Жаттығу жұмыстарын қандай жүйемен жүргізуге болады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Г.Ж.Тұрдалиева. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Астана: Фолиант, 2007.

2.Қ. Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

3. С. Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы 1997

4.Ғ. Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы-1992

5. З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002


10 -дәріс тақырыбы: Дайындықтары әр түрлі оқушылармен жүргізілетін сауат ашу жұмысының ерекшеліктері. (2сағат)

жүктеу 0,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау