Парламент премьер-министрдің Үкімет Бағдарламасы жөніндегі баяндамасын тыңдайды да, оны не құптайды, не жоққа шығарады. Үкімет министірліктер, агенттіктер, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметін басқарады; олардың басқару актілерін толықтай не болмаса белгілі ьір бөлігінің қызметін тоқтатады немесе мүлде жояды.
Жергілікті атқарушы органдар ҚР-сы атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне енеді, белгілі бір аумақтың даму бойынша қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес атқарушы биліктің қоғамдық саясатының жүргізілуін қамтамасыз етеді. Республикалық мәнге ие қала,облыс және астана әкімдері Премьер-министр ұсынысы бойынша Республика Президенті тағайындайды. Басқа әкімшілік-территориалды бірлестіктердің әкімдері оларға қарағанда жоғары тұрған әкімдер нұсқауымен тағайындалады. Республика Президенті өзінің қалауы бойынша әкімдерді қызметінен босатуға құқылы.
Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару мойындалады, яғни тұрғындардың жергілікті мәселелерін өз бетінше шешуді қамтамасыз етеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі, сонымен қатар өз қызметінің шегінде мемлекеттік өзін-өзі басқару органдары бекітілген заңдар шегімен азаматтардың өздерімен анықталады.
Халықаралық келісім – Қазақстан Республикасының сыртқы саяси міндеттерді шешу қызметінен туындайтын қағида. Конституцияға сәйкес (8 бап) Қазақстан халықаралық құқық қағидалары мен нормаларын мойындайды және қадірлейді, мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынас пен келісім саясатын жүргізеді, мемлекеттердің бір-бірінің ішкі істеріне араласпауын және тең құқылығын құптайды, халықаралық қақтығыстардың бейбітшілікке шешілуін қалайды, бірінші болып қарулы күшті қолданудан бас тартады.
Халықаралық қатынастардың тікелей қатысушысы ретінде республика егемендігіне ие мемлекет болып табылады. Мемлекет басшысы ретінде ҚР-нын Президенті республиканы ел ішінде де, халықаралық қатынастарда да танытады. Үкімет мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын жасайды, мемлекеттің қауіпсіздігі мен қорғанысының жүзеге асырылуын ұйымдастырады; республиканың сыртқы саясатының жүргізу шараларын жасайды. Мемлекет атынан халықаралық қатынастарды дамытуға бағытталған тәжірибелік жұмысты ҚР-ның сыртқы істер министрлігі басқарады. Ол шет елдерімен халықаралық байланыстар тәртібін жүзеге асырады және белгілі облысқа қатысты республика міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Халықаралық келісім қағидасына сәйкес Қазақстанның сыртқы саяси, экономикалық және мәдени байланыстары кеңейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |