Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы



жүктеу 352,12 Kb.
Pdf просмотр
бет1/12
Дата25.11.2017
өлшемі352,12 Kb.
#1976
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған «Жұмыспен қамту 2020» 

 (бұдан әрі – Бағдарлама) 

жол картасы

бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру 

жөнінде шаралар қабылдасын.

      3. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне Қазақстан 

Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне Бағдарлама іс-шараларының 

орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат, оның ішінде Бағдарламаны іске асыру шеңберінде 

бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және 

әлеуметтік даму министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  

Үкіметінің        

2015 жылғы 31 наурыздағы 

№ 162 қаулысымен     

бекітілген      



«Жұмыспен қамту 2020» жол картасы

1. Бағдарлама паспорты

      Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 

 қаулысымен.

№ 1029


Атауы

«Жұмыспен қамту 2020» жол картасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 

жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан 

мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына 

;

Жолдауы


Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен 2013 жылғы 23 

қаңтардағы кеңестің № 01-7.1 хаттамасы

Әзірлеуге және іске 

асыруға жауапты 

мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

Мақсаты

Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру, халықтың әл-ауқатын 



арттыруға жәрдемдесу, жұмыссыздықты қысқарту


Міндеттері

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың нысаналы топтарына 

кіретін адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 

тарту;


кадрлық әлеуетті, оның ішінде Қазақстан Республикасын индустриялы 

инновациялық дамыту жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламаны іске асыру үшін кадрлық әлеуетті дамыту;

атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру.

Іске асыру мерзімдері 

және кезеңдері

1-кезең – 2015 жыл

2-кезең – 2016 – 2019 жылдар

Нысаналы индикаторлар

2020 жылға қарай:

жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-дан аспайтын болады;

әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,5 %-дан аспайтын болады;

жастар (15-28 жас) арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,6 %-дан аспайтын 

болады


Қаржыландыру көздері 

және көлемі

«Жұмыспен қамту 2020» жол картасын іске асыруға республикалық бюджетте 

2015 жылға 37,3 млрд. теңге көзделген.

Келесі жылдары Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан 

Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті жоспарлы кезеңге арналған 

республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

2. Кіріспе

      1. Мемлекет басшысы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: 

қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы 

 өнімді


Жолдауында

жұмыспен қамтудың қолжетімділігін кеңейту, еңбекке ынталандыруды жоғарылату және халықтың 

табысын өсіру мақсатында халықты жұмыспен қамту саясатын жаңғырту қажеттілігін көрсетті.

      Бұл үшін қажетті шарттар Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің

бүкіл барысында әзірленген. Елімізде серпінді дамып келе жатқан еңбек нарығы құрылды, халықтың 

экономикалық белсенділігі және жұмыспен қамтылу деңгейі ұдайы арттырылуда.

      Дағдарысқа қарсы реттеу тәжірибесі жинақталды. Жол картасы (2009 – 2010 жылдары) 

шеңберінде әзірленген жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары әлемдік 

қаржы-экономикалық дағдарыс ықпалына байланысты уақытша экономикалық қиындықтар жылдарында да 

жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік берді.

      Соған қарамастан, әлемдік дамудың тұрақсыздығы және әлеуметтік жаңғырту жағдайларында 

серпінді өзгеріп отыратын ішкі болмыстар еңбек нарығын реттеуге және нәтижелі жұмыспен қамтуға 

жәрдемдесуге жаңа талаптар қояды.

      Осы бағдарлама – «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы (бұдан әрі – Бағдарлама) аталған 

талаптардың жауабы болып табылады. Ол 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын және «Жұмыспен 

қамту 2020» бағдарламасын іске асырудың логикалық жалғасы болып табылады.

      Бағдарламаға Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 ақпандағы 

кеңейтілген отырысында халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды кеңейту және

жалдамалы қызметкерлерді жұмыстан босатуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау бөлігінде берген

тапсырмаларын ескере отырып өзектілендірілді.



3. Ағымдағы ахуалды талдау

      Ескерту. 3-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 

 қаулысымен.

№ 1029


      2. Мемлекет басшысының төрағалығымен 2015 жылғы 11 ақпанда өткен Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз 




жүктеу 352,12 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау