№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет77/81
Дата20.11.2018
өлшемі2,63 Mb.
#22201
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
158 
Қазақ  оюларының  әдістемеліктерін  ою-ӛрнекті  зерттеуші  Д.  Шоқпарұлының 
туындыларынанда  байқауға  болады.  Кӛркемдік  әдіс  ӛнерінің  барлық  осы  түрлері 
заманымыздың сәндік – қолтаңбалы ӛнері екендігін паш етеді. 
Ою-ӛрнек  саласын  зерттеп  жүрген  ағылшын  ғалымы  А.  Хелдона  қазақ  ою-
ӛрнегін физика-морфтық және био-морфтық топқа бӛліп қарастырған, алайда оюдық 
мазмұнын, түрлерін және ӛзіндік ерекшеліктерін, мәнін аша түсу үшін оған қосымша 
гео-морфтық  жүйені  де  қосып  қарастырған  дұрыс  болар  еді.  Ою-ӛрнектің  түрін, 
түсін  және  оның  физикалық,  биологиялық  шығу  тегіндегі  қасиеттерін  қарастыруда 
қосымша  геологиялық  аймақтық  жағдайына  кӛңіл  бӛліп,  оны  зерттеп  білуге 
мүмкіндіктер  береді.  Сондықтан  ӛнертану  ғылымында  мазмұны  мен  мәнін  білуде 
нақты  қатып  қалған  заңдылық  әлі  болған  емес.  Қайта  ою-ӛрнек  тӛңірегіндегі 
зерттеулер ою-ӛрнек туындыларының тақырыптық мазмұнын, бітімін, тепе-теңдігін, 
ырғағын және философиялық мәнін аша түседі. Қазақ қолӛнеріне нақыш беретін ою-
ӛрнек ӛнері еліміздің әр түкпірінде, әр қилы дамығанмен, сонда да олардың қазақи 
үндестігі тоғысып жатады. 
Ою-ӛрнек  –  қайталанатын  ритмикалық  элементтерден  тұратын  нақыш. 
Қазақтың «ою» және «ӛрнек» деген екі сӛзі біріге келіп, латынша «орнамент» деген 
ұғымды білдіреді. Орнаменттің мағынасы – сәндеу, әсемдеу. Ою-ӛрнек бір затты ою, 
кесу,  тілу,  қию  тәсілдері  арқылы  жүзеге  асады.  Ойылған,  кесілген,  қиылған  оюды 
екінші  бір  затқа  кіріктіріп,  жапсырып,  желімдеп  әшекейлейді,  әсемдейді, 
түрлендіреді. Ою күнделікті  тұрмыста үй жиһаздарын  – сырмақ, текемет, кӛрпеше, 
кілем,  сандық,  кебеже,  жүкаяқ  беттерін  киім-кешектерді,  ыдыс-аяқтарды,  қару-
жарақ,  зергерлік  бұйымдарды  т.б.  безендіруде,  сондай-ақ  сәулет  ӛнерінде  кеңінен 
қолданылады. 
Нүкте,  сызық,  ирек  түріндегі  қарапайым  ӛрнектер  ерте  кезден  пайда  болған. 
Ою-ӛрнектің  тарихын  зерттеумен  кӛптеген  ғалымдар  айналысқан.  Бұған  шетелдік 
(В. Куррер, Ф.Т. Куглер), кеңестік (С.В. Иванов, В.В. Стасов), қазақ ғалымдарының 
(Ә.  Марғұлан,  Т.  Бәсенов,  Е.  Масанов  және  т.б.)  зерттеу  материалдарын  айтсақ  та 
жеткілікті.  Бұлар ою-ӛрнектердің түрлері,  атаулары, шығу тарихы туралы кӛптеген 
құнды еңбектер жазып, деректер келтіреді. 
Ҧлттық ою-ӛрнектер. Қазақтың осы күнгі ою-ӛрнектерін қарт шеберлер екіге 
бӛліп  қарайды.  Біріншісі,  қазақ  халқының  ӛзіне  тән  ертеден  келе  жатқан  ұлттық 
оюлары. Екіншісі, басқа халықтардан ауысқан және интернацоиналды ою-ӛрнектер. 
Ертедегі қазақ оюларын мазмұн жағынан іріктесек, негізінен үш түрлі ұғымды 
бейнелейді. Олар, біріншіден, мал ӛсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, кӛшіп-
қону  кӛріністерін,  үшіншіден,  күнделікті  ӛмірде  кездесетін  әртүрлі  заттардың 
сыртқы бейнесін береді. Қазақтың ұлттық ою-ӛрнегіндегі бір ерекшелік – осы түрлі 
ұғымның  қайсысын  бейнелегенде  де,  ұлттық  ою-ӛрнектің  негізі  болған  мүйіз  оюы 
үнемі араласып отырады. 
Ою-ӛрнектің  классификациясы  тӛңірегінде  арнайы  қабылданған  жүйе  жоқ. 
Әдетте  ою-ӛрнек  жануарлық  (зооморфтық),  ӛсімдіктік  (кӛкӛрістік)  және 
геометриялық  деп  бӛлінеді.  Бірақ  бұл  классификация  толық  емес.  Бұған 
космогониялық,  астральдық,  ғарыштық  деп  аталатын  тӛртінші  топты  қосу  жүйесі 
бар.  Келесі  бір  ғалымдар  тобы  барлық  ою-ӛрнектерді  физикоморфтық  және 
биоморфтық деп екі топқа бӛліп қарастырады. 
Қазіргі  кезде  ою-ӛрнек  атаулары  мағынасына  қарай  мынадай  топтарға 
жіктелген:  Ай-күн,  жұлдыздарға  –  кӛк  әлеміне  байланысты  ою-ӛрнектер;  Малға, 
малдың  денесіне,  ізіне  байланысты  ою-ӛрнектер;  Аңға,  аңның  денесіне,  ізіне 
байланысты  ою-ӛрнектер;  Құрт-құмырсқаларға  байланысты  ою-ӛрнектер;  Құстарға 
байланысты  ою-ӛрнектер;  Жер,  су,  ӛсімдік  гүл,  топырақ,  жапырақ  бейнелі  ою-


№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
159 
ӛрнектер;  Қару-құралдарға  байланысты  ою-ӛрнектер;  Геометриялық  фигуралар 
тектес ою-ӛрнектер. 
Қазақ ою-ӛрнегі дамып, ӛзгеріске ұшырады, жетілді. Қазір оның 200-ден астам 
түрі мен атауы бар. Солардың ішінде мүйіз тектес ою-ӛрнектер халық арасында кӛп 
тараған. Ою-ӛрнектердің бұл тобын, қазақ халқының ою-ӛрнектерінің тӛркіні деуге 
болады.  Ӛйткені  барлық  жаңа  ӛрнектер  осының  негізінде  жасалып,  тек  атаулары 
ғана ӛзгеріп отырған. Мысалы, қошқар мүйіз, арқар мүйіз, бұғы мүйіз, қырық мүйіз, 
қос  мүйіз,  сыңар  мүйіз,  сынық  мүйіз,  тӛртқұлақ,  түйе  табан,  құс  қанаты,  қаз  табан 
т.б.  ою-ӛрнектердің  негізгі  арқауы.  Осы  элементтерден  ою-ӛрнек  композициясы 
жасалады. 
Қазақтың  ұлттық  ою-ӛрнектерінің  басты  мәнері,  ең  кӛп  түрі  және  әр  түрлі 
мәнер  жасауда  жиі  қолданылатыны  «мүйіз»  тектес  ою-ӛрнектер.  Ғалымдардың 
анықтауынша,  ол  ежелгі  ӛрнек,  сондықтан  онда  кӛбінесе  мал  шаруашылығы  мен 
кӛшпенді ӛмір салты бейнеленген. 
Мүйіз  тектес  ою-ӛрнектер  кейде  ӛте  ұсақ,  кейде  ӛте  ірі  болып  келеді.  Ұсағы 
зергерлік, кесте тігу, ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге қолданылса, ірісі 
кілем,  алаша,  терме  алаша,  текемет,  сырмақ,  ши  орау,  қоржын,  киім-кешек, 
құрылысқа қолданылады. 
Әрбір  ою-ӛрнектің  тақырыптық  мағынасы,  композициясы,  симметриясы  мен 
ассиметриясы, колориті мен ритмі болуы керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау