№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет40/81
Дата20.11.2018
өлшемі2,63 Mb.
#22201
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   81

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
82 
беріліп,  оны  білуге,  меңгеруге  талпынып,  алуан  түрлі  дағды,  мәліметтерді  алып, 
шеберліктерін шыңдайды. Сабақта оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту, 
тереңдету,  олардың  ізденімпаздығын  арттыру,  ой-ӛрісін  кеңейту,  шығармашылық 
қабілетін  дамыту,  оқуға  белсенділігін  арттыру  мақсатын  кӛздейміз.  Қазақ  тілі 
пәнінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларын оқытқанда тақырыпқа 
орай  әртүрлі  әдіс-тәсілдермен,  шеберлікпен  грамматикалық  ойындарды  енгізуге 
болады. 
Фонетика саласы бойынша «Кім жылдам?» ойынын ойнатуға болады. 
1.  Қ  әрпінен  басталатын  қалалардың  атын  жаз.  Мысалы:  Қарағанды, 
Қызылорда, Қостанай. 
2. Тек қана е, ы, і дауысты дыбысы бар сӛздер ойлап жазыңдар. Мысалы: ы – 
ыдыс, Ыдырыс, ыстық І – ілгіш, ірімшік, тіршілік. е – береке, текемет, ертең. 
3.  Қай  жағынан  оқыса  да,  мағынасы  ӛзгермейтін  сӛздер  ойлап  жаз.  Мысалы: 
нан,  қазақ,  қырық.  «Дыбыс  таңдау  ойыны».  Ойынның  шарты  бойынша  таңдаған 
дыбыстан  ғана  басталатын  сӛйлем  жазу.  Мысалы:  Қойдан  қалып  қойған  қозыны 
Қанат қораға қамап қойды. 
«Адасқан әріптер» ойыны. Дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сӛз жаса. 
1. р, о, б – бор; 
2. а, ш, а, ғ – шаға. 
Лексика бойынша «Жалғасын тап» ойыны. Тақтаға белгілі мақалдардан екіден 
сӛз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс. 
1. Ұяда... Ұшқанда. 
2. Кӛп... Терең... 
«Кім  білгір»  ойыны.  Тақтаға  заттардың,  жан-жануарлардың  суреті  ілінеді. 
Суретке байланысты мақал-мәтелдерді кім біледі? 
«Жылдам  жауап»  ойыны.  Оқушыларға  әзіл  аралас  сұрақтар  беріледі.  Сұраққа 
толық тұрақты сӛз тіркестерімен және мақал-мәтелдермен дұрыс әрі жылдам жауап 
берілуі керек. 
Әр ойынды ойнар кезде сол ойынға сәйкес ӛлең оқу арқылы қызығушылығын 
арттыруға  болады.  Сабаққа  ынтасын,  ықыласын  бірден  аудару  мақсатында  ӛлең 
есепте қолданудың маңызы зор. Мысалы: 
Бізде қызық ойын бар
Ал ықылас қойыңдар. 
Қане, тәртіп сақтайық
Баспалдақтан аттайық, 
Есептеуден қашпайық, 
Жүлделі  болып  қайтайық,  -  деп  балалардың  зейіндерін  аударып,  тақтаға  екі 
жағынан жарыстыра сатылап, мысалдарды шығарту. 
Балалар тӛменгі сатыдан жоғарғы сатыға шығып, мәредегі ойыншықты алады. 
Бұл  ойынды  «Қоянға  кӛмектесейік»  немесе  «Балапанды  құтқарайық»  деп  атауға 
болады.  Әр  сабақта  ойын  түрлерін  орынды  қолданып,  оны  қызықты  етіп  ӛткізу 
арқылы  бүлдіршіндердің  оқуға  деген  ынта-ықыласын,  пәнге  қызығушылығын 
арттыруға болады. 
Ойын баласы сабақта зерігіп, шаршаған кезде қолданылатын ойынның бір түрі 
– «Сергіту сәті». Сабақта сергіту сәтін оқушының шаршағанын басу үшін ғана емес, 
оның  тәрбиелік  мәніне  де  назар  аудару  қажет.  Мысалы:  «Ұзын  құлақ,  сұр  қоян». 
Немесе дене қимылдарына қатысты сергіту ойындары: «Әй, шымыжық, шымыжық». 
Сондай-ақ, меңгерілген тақырыпты, иә болмаса, жаңа сӛзді бекіту мақсатында 
әуенмен ауаға жазу арқылы да байланыстыра аламыз. Түрлі би қимылдары арқылы 


№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
83 
да  сергіту  сәтін  жандандыруға  болады.  Мысалы:  «Шӛжелерім»,  «Әйгӛлӛк», 
«Қаражорға». 
Бастауыш сынып оқушыларын  ойната отырып, ойландырып, балаға тәрбиелік 
мәні зор ойындар арқылы дамытуға болады. Бұл кезде жақсы оқушы дамып, нашар 
оқушы  қалып  қоймайды.  Жақсы  оқушы  мүмкіндігіне  дейін  дамып,  нашар  оқитын 
оқушы ӛз мүмкіндігінше іс-шараларға араласып, ӛз үлесін қосып отырады. 
Қорыта  айтқанда,  кез-келген  ойын  түрлерін  сабақта  ойнатқанда  оқушыларда 
әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сӛйтіп оқушы ой-ӛрісін ойын арқылы 
дамытады.  Соңғы  нәтижеде  ойнай  отырып,  білім  кӛрсеткішіне  ӛз  үлесін  қосады. 
Артта  қалған,  жасық,  мектептен  қорқатын,  оқуға  енжер,  күшпен  оқитын  оқушы 
болмайды.  Керісінше,  баланың  ӛмірі,  қоршаған  ортаны  танып  білу,  еңбекке 
қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. 
Ойындар  –  оқушылардың  сабаққа  белсенділігін,  қызығушылығын  арттырады, 
шығармашылық  қабілетін  ұштайды.  Ғалымдардың  сӛзімен  айтқанда:  «Ойынсыз 
ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай 
ашылған  үлкен  жарық  терезе  іспетті,  ол  арқылы  баланың  рухани  сезімін,  ӛзін 
қоршаған  дүние  туралы  ұштастырады.  Білімге  құмарлық  пен  еліктеудің  маздап 
жанар оты», - деген екен. 
Ендеше,  сыныпта  және  сыныптан  тыс  уақытта  ойын  технологиясын 
пайдаланудың нәтижесі қандай? Олай болса жас бүлдіршіндерді оқытуда: 
Оқы да біл, 
Ойын – еңбек. 
Ойна да күл, 
Ойын – оқу, - деп сӛзімізді аяқтағымыз келеді. 
 
Әдебиеттер 
1 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ана тілі, 1991.  
2 Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сӛздердің грамматикалық сипаты. – Алматы, 
1997.  
3 Педагогика жаршысы. – №4. – 2010. – №3. – 2010.  
4 12 жылдық білім. – №4. – 2006.  
5 Қазақ тілі мен әдебиеті. – №2. – 2005; №11. – 2007; №№1, 10. – 2008; №№4, 9. 
– 2009. 
 
Резюме 
В  этой  работе  показано,  как  легко  и  интересно  ученикам  начальных  классов 
усвоить  через  различные  игры  грамматику  казахского  языка.  Игра  способствует  у 
ребенка  развития  творчества,  самопознания,  активности  и  развития  личностного 
характера.Учитывая  возраст  учеников  игры  используемые  во  время  урока  и  вне 
урока  разделены  на  группы.Использование  игр  на  уроке  развивает  у  детей 
мышление,  расширяется  кругозор.В  результате  использования  игр  на  уроке 
способствует повышению качества знания ученика. 
 
Summary 
This work consists of different methods of teaching Kazakh grammar through games 
which allow pupils to understand the material easily. Games give children opportunities to 
be  active,  to  develop  their  abilities  and  to  feel  freedom  in  the  class.  All  games  are 
completed  according  to  their  age  ranges.When  children  play  games  they  are  active,  they 
can widen their horizon, and they can develop critical thinking. 
 


жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау