№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World
of scientific research
___________________________________________________________________
78
Киелі Түркістан қаласы – қазақ хандығының рухани, діни, мәдени және саяси
астанасы. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылып,
күллі қазаққа, мұсылман қауымына зиярат орнына айналды. Онда Әзірет Сұлтан,
Есімхан, Тәуке хан, Қаз дауысты Қазыбек би және т.б. ХV-XVIII ғғ. қазақ
тарихындағы ірі тұлғалар жерленген.
Түркістан – орта ғасырлық қала іспеттес, нағыз қазақтың рухани, әрі мәдени
орталығы. Кесенедегі Тайқазанда тарихымызда алар орны ерекше. Санкт-Петербор
қаласындағы мұражайдан әкелініп, кесенені одан әрі сұлулығымен толықтыра түсті.
Ислам Орта Азияға келгенге дейін қазақтар жерге, отқа, суға, Кӛк Тәңірге, Ұмай
анаға табынған болатын. Ғалымдардың айтуынша, тайқазандағы тӛмпешіктер Ұмай
ананың киелі сүтімен байланыстырылады.
Кіші жүздің ханы Әбілхайыр хан Ресейге бодандыққа ӛткеннен бастап, жалпы
қазақ даласына Ресейдің отарлық саясаты басталды. Қазақ арасындағы рушылдық-
тайпалық бӛлінудің арқасында Ресей империясы толықтай бодандыққа алып,
орыстарды шұрайлы жерлерге орналастырды.
Қазақтың тұңғыш ақыны, ұлы ойшыл Абай Құнанбаев, географ және зерттеуші
Шоқан Уәлиханов, ағартушы Ыбырай Алтынсарин орыс білімінен сусындап, Еуропа
біліміне қол жеткізген болатын.
Шоқан орыс экспедициясына басшылық ете отырып, Қашғарияға сапары
зерттеуін жүргізеді. Қазақтың Шоқаны мен орыс жазушысы Михаил Достоевскийдің
арасындағы достығы жӛнінде мына сӛздер дәлелдейді: «Сіз маған мені жақсы
кӛремін деп жазыпсыз, ал мен сізге ғашық болып қалдым дегім келеді. Мен
ешқашан
да, ешкімге, керек десеңіз, туған бауырыма да мұндай бауырмалдықты сезінген
емеспін. Мұның қалай екенін бір құдайдың ӛзі білер».
Абай грек ойшылдарынан нәр алып, олармен ӛз ойының ұштасқанын аңғарады.
Ең алғашқы қазақ мектебін ашқан Ыбырай қазақ тілінің әліппесін құрастырып,
халықтың сауатын ашты.
Ескі Сарайшық қаласы Атырау қаласынан 45 шақырымдай жерде орналасқан.
Онда қазақтың жеті ханы жерленіп, мұражайда ашылған. Бұл – Кіші жүз руларының
хандарының тарихи астанасы болған қала. Жайықтың бойында қала үйінділері әлі де
сақтаулы.
Маңғыстаудағы Шетпе кентіне жақын маңда Қызылқала үйінділері де
сақталынған. Қазақтарға қорған болған Шерқала тауынан қашық емес. Ақтау
қаласынан 200 шақырымдай жерде Ақкетік қаласы орын тепкен. XIX ғасырда орыс
империясы Каспий жағалауында Ново Петровск бекінісін тұрғызған. Украин ақыны
Тарас Шевченко айдауда осы жерде болғандықтан, кӛп уақытқа дейін соның
есімімен аталып жүрді.
Кеңес дәуіріндегі аштық, репрессия, Ұлы Отан соғысы қазақ халқының
тарихында қайғылы іздер қалдырды. Ӛзге елдерге қоныс аудару орын алып, қазақ
халқының саны күрт азаюына ықпал етті. Отаршылдық саясатқа халық бірнеше рет
қарсы шығып, мысалы, Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық кӛтеріліс, Адайлар
кӛтерілісі жеңіліске ұшырап отырды.
Мәдениет саласын жаңа деңгейге кӛтерген азаматтар да болды. Қазақ
халқының әндерін Парижде Әміре Қашаубаев паш етіп, әлем чемпионы Қажымұқан
Мұңайтпасов, «Абай жолы» романының авторы Мұхтар Әуезов, ең алғашқы
дипломат Нәзір Тӛреқұлов және т.б. азаматтар кӛп еді.
Әліпбиіміз Ахмет Байтұрсыновтың құрастырған тӛте жазуымыздан айырылып,
кириллицаға ауыстырылды. Расул Ғамзатов айтқандай: «Әлдекімді
ауруынан ана тілі
сауықтырады, мен ана тілімде ән айтамын. Егер ертеңгі күні менің тілім жоғалып
кетсе, мен бүгін ӛлуге дайынмын».
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
79
Тек қана Шыңжаңдағы қазақтар ғана тӛте жазуды сақтап қалған. Қазіргі таңда
қазақ тілінің сұранысы ӛте тӛмен. Қазақ мектебін тәмамдаған адамдарға жұмысқа
орналасуда ауыр.
Қазақ ұлтының мүддесін кӛздеп, ӛз ӛмірлерінен де елді жоғары қойған
азаматтар қуғын-сүргінге түсіп, итжеккенге айдалып, атылып кетті. Қазақтыңбетке
ұстар қаймақ азаматтарынан айырылдық. Бірақ, аққа Құдайда жақ деп, олардың
есімдері
мен істері ақталып, ӛз бағаларын да алды.
Ұлы Отан соғысында қайтқан қазақтың батыр қыздары Әлия мен Мәншүк не
деген мәрт еді. Ал, Жамбыл Жабаев ӛз әнімен ленинградтықтарға қанат бітіріп,
демеу болған еді. Соғыс кезінде қазақ еліне кӛптеген ұлттар қоныс аударылып,
қазақтар ӛз астарынан бӛліп беріп, ӛнеге кӛрсете білген ұрпағына. Сол үшін де ата-
бабалырымыздың алдында үнсіз бас иіп, үлгі тұталық.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы егемендікке бастаған ең алғашқы қадам болып
табылады. 1989 жылғы Жаңаӛзен оқиғасынан соң, Колбин мүлдем Қазақстаннан
кетті.
1991 жылы айымыз оңынан туды. Қасиетті шаңырағымыздың үстінен кӛк
туымыз желбіреп, бабалар аңсаған арманымызға қол жеткіздік.
Әрине, ол оңай келген емес. Қаншама қиыншылықтыр, құрбандықпен жетті
десеңші?!
Мұхтар Шахановтың ӛлеңіндегі тӛрт ананы қорғаған 1986 жылдың жастары
егемендіктің кӛк туын кӛре алмай, қыршынсыз кетті. Ӛз ұлтына ғана емес, ӛзге
республикаларға да үлгі болды-ау сол жастар!
Міне, біз ӛзімізді бақыттымыз деп айта аламыз. Тәуелсіз елде кӛк туымыздың
астында ӛмір сүрудеміз.