№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World
of scientific research
___________________________________________________________________
86
организімгеқажетті тұздар да болмайды. Теңіз суының құрамында ӛте кӛп
мӛлшердееріген тұздар бар, оның ішуге жарамайтыны сондықтан.
Суды алғаш 1781-1782жылдары ағылшын ғалымы Г.Кавендишсинтездеген.
1783 жылы А. Лавуазье сутегі жанғанда оттегімен қосылып суға айналатынын
дәлелдеді. 1785 жылы А. Лавуазье француз ғалымы Ж. Мѐньмен бірге судың
сандық құрамын анықтады.
Сутегі ӛте кең тараған, ол барлық жерде: космос кеңістігінде, тұмандықтарда,
жұлдыздарда, тіпті Күнде де кездеседі. Аса ғаламат қысым мен ондаған миллион
градус температураның әсерінен сутегінде болатын ӛзгеріс Күннің жылуы мен
жарық шығаруына мүмкіндік береді.
Су – 0 градуста қатып, 100 градуста қайнайды. Табиғатта таза су
кездеспейді,онда еріген түрлі қоспалар болады. Сондықтан ауыз суды, ӛндірістік
мақсаттарға қажет суды арнайы тазартады.
Су минералының мӛлшеріне қарай сулар ӛте тұщы (0,2 г/л-ге дейін), тұщы (0,2-
1 г/л), ащы (1-10 г/л), жай тұзды (10-35 г/л), ӛте тұзды (35-50 г/л), жай тұздық (50-75
г/л), тұздық (75-150 г/л), тұзға қаныққан (150-330 г/л), тұзға ӛте қаныққан (330 г/л –
1-ден астам) болып ажыратылады.
Жер шарының тұрақты су ресурстарының жалпы мӛлшері 1454327,2 мың км
3
;
бұның ішінде дүние жүзілік мұхит үлесіне 1370 млн. км
3
, жер асты суына 60 млн.
км
3
, мұздықтарға 24 млн. км
3
, кӛлдерге 230 мың км
3
, топырақ ылғалына 82 мың
км
3
, ӛзен суына 1,2 мың км
3
, атмосфера буына 14 мың км
3
келеді.
Табиғаттағы судың айналымы. Судың тағы бір кереметтігі – ол жер бетінде
үнемі тынымсыз айналыста жүретіндігі.
Жер шарындағы судың мӛлшері ӛзгермейді. Теңіз бен мұхиттардың, ӛзендер
мен кӛлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр немесе қар,
бұршақ болып жерге жауады, яғни қайта суға айналады.
Су – ӛмір нәрі. Осы бір қарапайым қағидаға зер салсақ, суға қатысты талай
деректерді келтіруге болады. Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына
кіреді. Кӛптеген ӛсімдіктің 80-95% судан тұрады. Жануарлар мен адам денесінде де
су кӛп. Адам ағзасының бүкіл салмағының жартысынан кӛбі судың үлесіне тиеді. Ол
қанның, ас қорытатын сӛлдің, сілекейдің құрамына кіреді. Салмағы 70 кг адамның
денесінде 50 кг су болады. Оның мӛлшері 17
кг-нан кемісе, адам ӛледі.
Адам су ішпей, бір апта ғана шыдай алады. Су барлық ӛсімдіктер мен
жануарлар ағзасының құрамына кіреді. Іркілдек теңіз жәндігі медузаның бүкіл
салмағының 99 проценті судан тұрады. Егер 1 кг қарбызды кептірсе, одан 20 гр. ғана
құрғақ зат қалады, яғни 98 проценті судан құралады.
Адам салмағының 65 проценті су десек, соның 10-20 процентінен айрылса,
тіршілік тоқтайды. Адамның тамағына және ішуіне тәулігіне 2-3 литр су керек. Адам
тек тамақтанудың ӛзіне жылына 60 тонна су тұтынады.
1 кг қартоп ӛсіруге 300 литр, 1 кг бидайға 1200 литр су жұмсалады. Ал қант
қызылшасына, мақтаға, әсіресе күрішке, одан да кӛп су қажет. 1 тонна шойын
қорытуға – 130 тонна, ал 1 тонна алюминий алуға 1000 тонна су қажет болады.
Адам денесіндегі бүкіл майынан, белоктарының едәуір бӛлігіненайырылса, тірі
қалуы мүмкін, бірақ организмдегі судың қоры үнемі толықтырылып отыру керек:
сусыз бірнеше күн ғана жан сақтауға болады. Су әр алуан заттарды ерітеді, содан да
ол тамақ ӛнімдерін сіңіру үшін керек.
Су болып тұрғанда организімде ӛмірлік маңызы бар кӛптеген химиялық
реакциялар жүріп жатады. Су тіпті, қатты сүйектің ішінде ӛзінің міндетін атқарады.
Оны дененің әрбір клеткасынан табуға болады.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
87
Судың қасиеті. Біз қап-қатты мұз да, газдай жеп-жеңіл бу да су болғаны ма
деп таң қаламыз. Бұл судың негізгі қасиеті. Ол сұйық, қатты және газ тәрізді үш
түрлі күйде кезігеді.
Кейде
судың тҥсін ақ дейді. Солай ма ?
1 тәжірибе. Шыны ыдысқа сүт, екінші шыныға су құямын. Екеуін
салыстырдым. Сүт – ақ, ал
су – тҥссіз таза. Суды аз мӛлшерде алсақ, ол түссіз. Ал
ӛзен, кӛл суларының түстері әртүрлі болады. Оның себебі судың тереңдігіне
байланысты, терең жер суы кӛгілдір болады. Табиғи су құрамында еріген тұздар,
газдар және органикалық заттар болады.
Су мӛлдір. Оны анықтап кӛрейік.
2 тәжірибе. Екі стақанның біреуіне сүт, біреуіне су құямын. Олардың ішіне
қасық саламын. Қайсысы анық кӛрінеді? Неге? Және иіскеймін. Бұл тәжірибеден
судың
тҥссіз, мӛлдір, иссіз екенін анықтадық.
3 тәжірибе. Бірнеше ыдысқа: кесеге, шыныға, стақанға су құямын. Осы
ыдыстардағы судың пішініне қараймын. Су қандай пішінге ие болды? Әр бір
құйылған ыдыстың дәл ӛзіндей емес пе? Олай болса, суда
тҧрақты пішін
болмайды. Ол құйылған ыдыстың пішінін алады.
4 тәжірибе. Суды кез келген беті тегіс нәрсеге құйып кӛреміз. Ол жан-жағына
аға бастайды. Себебі
ол – сҧйық.Аққан су түгел жоқ болып кетті ме?Оның орнында
дымқыл сулы із қалды.
Су жҧғады екен.
Бірақ артынша ол да жоқ болады, кеуіп кетеді. Кез келген затты суға малып
алсаң, ол су-су болып шығады.
Су – жабысқақ.
Жуылған киімді далаға жаямын. Ол біраздан кейін кебеді. Ойланайықшы!
Оның бойындағы су қайда кетті? Күн кӛзі жылуынан
су буға айналады. Демек,
сұйық күйден бу күйіне ӛтіп, ауамен араласады.
Су буының қасиетін зерттеу ісі 16-17 ғасырларда дамыды.
Мұз қайдан пайда болады? Егер күн салқындап, температура 0 градустан тӛмен
түссе,
қысқы суықта, су сұйық күйден қатты күйге, яғни
қар мен мҧзға айналады.
Судың адам ӛміріне қажеттілігі, маңызы. Судың адам ӛміріне баға жетпейді.
Сусыз тамақ піспейді, тазалық та болмайды. Су жолымен адам қатынайды, қайық,
кеме жүзеді, жүк тасиды, ағаш ағызады. Судың күшінен электр қуатын да алады. Су
арқылы үйді жылытады. Бірде-бір ӛндіріс орны сусыз жұмыс істей алмайды. Бояу
езу, мата, тері бояу, қағаз, сабын дайындау, нан пісіру, тағы басқа жұмыстар сусыз
істелмейді.
Судың ӛсімдік және жан-жануарларға пайдасы. Сусыз жануарлар да ӛмір
сүре алмайды. Кейбір жануарлар мен Жердегі тіршілік және сан алуан табиғат
құбылыстары сумен байланысты. Сусыз жер бетіне ӛсімдік ӛспейді, жануарлар
тіршілік ете алмайды. Ӛсімдік топырақтағы қоректік заттарды суда еріген ертінді
күйінде ғана сіңіре алады. Мысалы: балықтар суда ӛмір сүреді. Су арқылы
ӛсімдіктер топырақтан қоректік заттар алады.
Судың адам денсаулығына пайдасы. Сумен шынығуда сулы шүберекпен
сүртіну, суға шомылу, су құйылу сияқты працедурасын қолдану. Су құйыну –
шынығудың ең тиімді түрі. Жылы судан бастап бірте-бірте салқын суға кӛшу. Суық
су ішкі жылулықты сақтап тұрады. Суық су әртүрлі ауруларды емдейді.
Судың да сҧрауы бар. Қазіргі уақытта Жер шарында жыл ӛткен сайын ауыз
судың қадірі біліне түсуде. Дүние жүзінің кӛптеген елінде су сатушылар үйреншікті
кӛрініс болып саналады. Дамушы елдердің кейбіреулерінде отбасы табысының 10
проценті су сатып алуға кетеді. Грек елінің кейбір ӛңірлерінде су алыстағы таудан
тасылып әкелінетіндіктен шараптан қымбат бағаланады. Су цистернамен әкелінетін
ауылдар ӛз елімізде де кездеседі.