№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World
of scientific research
___________________________________________________________________
74
ТАЖИҒАЛИЕВА Ақзер,
№15 жалпы орта білім беру мектебі «Тарих» пәнінің мҧғалімі,
Жаңаӛзен қаласы, Маңғыстау облысы, Қазақстан Республикасы
Эл. пошта: 15mektep@mail.ru
ҦЛЫ ДАЛА МЕМЛЕКЕТІ
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.). Қазақ хандығының
пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және
этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Ӛндіргіш күштердің дамуы,
кӛшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың
тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы
тартыстың ӛршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл
мемлекеттердің құлдырап, ыдырауына апарып соқтырды. Әсіресе Әбілхайыр (1428-
1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы ӛте нашар еді.
Аумағы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш кӛліне дейін,
оңтүстігінде Сырдың тӛменгі жағы мен Арал ӛңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта
ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты. Бір орталыққа бағынған мемлекет
болмады. Кӛптеген ұлыстарға бӛлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр
тармақтағы ұрпақтары, кӛшпелі тайпалардың билеушілері тұрды.
Әбілхайыр билік еткен кезде халық ӛзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30
жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр
бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын (Тоқа Темір
тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары
ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы – Сығанақ, Созақ, Аққорған,
Ӛзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан
ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан ӛңірінде жеңіліп қалды. Масқара
ауыр
шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы ӛз жерлеріне кетті.
Ал Әбілхайыр ӛз ұлысында, қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл
халық бұқарасының оған деген ӛшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың
жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау
бӛктерлерінен Жетісудың батыс ӛңіріне кӛшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен
Керей басқарды.
Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы кӛшпелі бұқара феодалдық қанаудың
күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде, хандар мен феодалдардың қол астынан
кӛшіп кетіп, қоныс аударды. Сӛйтіп, 15 ғ. 50-70 жж., яғни 1459 ж. Әбілхайыр
хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас ӛзендерінің
жазықтығына кӛшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс
әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан
қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық
дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі ӛз ықпалын тигізді.
Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды.
Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моғолстан ханы Есенбұға ӛзінің солтүстік
шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ ӛзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап
отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді.
Жәнібек – қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын кӛтерген Барақ ханның ұлы,
ал Керей – оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес
мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы
табиғи құбылыс.