№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
70
5. Балаларға даяр жауапты бермес бұрын олардың ӛздері ізденуіне түрткі
болыңыз.
6. Олардың жай түсініксіз айтқан сӛздерін қайталап айтыңыз, қалған
оқушылардың кӛңіл қойып тыңдауын талап етіңіз.
7. Балаларға ойынды ӛздері ұйымдастыруға уақыт беріңіз. Балалар тарапынан
кеткен барлық қателіктерді түзете беру қажет емес, себебі бұл оқушылардың ойынға
деген қызығушылығын, ынтасын тӛмендетеді.
8. Кӛбірек ойнау қажет. Қызықты, жағымды ойындар барысында оқушылар
қызығып ойнайды.
Тӛменде ӛткізген сабақтардағы ойын түрлерінің үлгісі ұсынылып отыр.
«География» пәнінен 7 сыныпта «Солтҥстік жарты шардың материктерін
қайталау» сабағында «Жҥйрік болсаң озып кӛр» ойынында екі топтан бір бір
оқушы шығып, 1 минутта 10 сұраққа жауап беруі керек.
Әр дұрыс жауап – 5 ұпай.
Сҧрақтар:
1. Еуразияның солтүстігіндегі шеткі нүкте (Челюскин).
2. Еуразия материгін қоныстану қай жерден басталды? (Жерорта теңізі
маңынан).
3. Арабия түбегінің ауданы қанша? (3 млн. км
2)
).
4. Азияда халық саны жӛнінен бірінші орындағы ел (Қытай).
5. Ең ыстық құрғақ климаттық белдеу (Тропик).
6. Еуразиядағы ең биік сӛнбеген жанартау (Ключи шоқысы).
7. Дүние жүзінде ауланатын балықтың 39% қай мұхиттың үлесіне тиеді?
(Атлант).
8. Меконг ӛзені қай алапқа жатады? (Тынық мұхит алабы).
9. Еуропаның сүт фермасы аталатын ел (Дания).
10. Ұлы Жібек жолы қай елден басталған? (Қытай).
Сҧрақтар:
1. Гренландия аралының ауданы (2 млн. 176 мың км
2
).
2. Материктің ең ыстық жері (Ӛлім аңғары).
3. Солтүстік Америкада даланы қалай атайды? (Прерий).
4. Ұлы кӛлдерді ата (Жоғарғы, Мичиган, Гурон, Эри, Онтарио).
5. Солтүстік Американың байырғы халықтары (Үндістер мен эскимостар).
6. Солтүстік Америкада қай климаттық белдеу кездеспейді? (Экваторлық).
7. Йеллоустон Ұлттық саябағы қай жылы ашылды? (1872).
8. АҚШ-тағы «автомобиль астанасы»? (Детройт).
9. Солтүстік Американың ең биік нүктесі (Мак Кинли).
10. Флинт Мамонт үңгірі орналасқан тау (Аппалач).
«Гималай» тобына – «Еуразия» (сәйкесін тап):
1. П.П. Семенов
1 Тибет тауының ӛлкесін Гоби шӛлінің
аумағын, Лабнор кӛлін зерттеген.
2. Ш. Уалиханов
2. «Үш теңіздің ар жағына саяхат».
3. Н.М. Прежевальский
3. Тянь-Шаньның ең биік шыңы Хантәңірі.
4. Васко да Гама
4. Орталық Азияны зертеген.
5. Афанасий Никитин
5. 1498 жылы Калькутта портына жетті.
«Кордильера» тобына – «Солтҥстік Америка» (сәйкесін тап):
1. Генри Гудзон
1. 1492 ж.
2. Джон Кабот
2. 1741 ж.
3. Руаль Амундсен
3. 17 ғасыр.
4. В. Беринг пен А. Чириков
4. 15 ғасыр.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
71
5. Х. Колумб
5. 20 ғасыр.
«Білімді мыңды жығар» ойынында «Климат»тақырыбына байланысты
географиялық есептер шығаруға берілді.
«Гималай» тобына:
Егер тӛбенің биіктігі 40 м. Тӛбенің басында барометр 758 мм сынап бағанасын
кӛрсетіп тұрса, онда тӛбенің етегіндегі атмосфералық қысым қанша?
Жауабы: 40 м : 10 м = 4 м, 758 мм + 4 = 762 мм.
«Кордильера» тобына:
Ұшақ қанатында ауа температурасы 34 градусты кӛрсетті. Осы кезде жер
бетіндегі температура 20 градус болса, ұшақ қандай биіктікке кӛтерілген?
Жауабы: 34 + 20 = 54 градус, 54 : 6 = 9 км.
«Тез жауап» ойыны. Материктің ішкі сулары тақырыбына байланысты екі
топқа екі конверт дайындалған. Ондағы сұрақтарға жауап береді де, кескін картаға
түсіреді. Бұл оқушылардың есте сақтау қабілетін жақсартады.
Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай қойылады.
«Гималай» тобына:
1. Еуропа арқылы ағып ӛтіп, Каспийге құятын ӛзен (Еділ).
2. Қай ӛзенді сары ӛзен деп атайды? (Хуанхэ).
3. Еуропаның «жуынды шұңқыры» атанған теңіз (Жерорта теңізі).
4. Астана қаласы қай ӛзен бойында орналасқан? (Есіл).
5. 336 ӛзен құйып, Ангара ӛзені ағып шығатын кӛл (Байкал).
«Кордильера» тобына:
1. «Үлкен ӛзен» деп аталатын ӛзен (Макензи).
2. Үлкен каньон орналасқан ӛзен (Колорадо).
3. Ниагара сарқырамасы қай кӛлдердің аралығында (Эри мен Онтарио).
4. Бойына 20 СЭС салынған ӛзен (Теннесси).
5. Ең ұзын ӛзен (Мисисипи).
«Тҥсін мені» ойыны. Тақтаға әр топтан 4 оқушыдан шығады. Топ басшысы
конвертте жасырылған сӛзді ашып оқиды. Конвертте «Канада» сӛзі жасырылған,
тапсырма сол сӛзге байланысты 4 сӛз жазу керек және оны қалған оқушылар
естімеуі тиіс.
Топ басшының жауабы дайын болған соң конвертті жауып қоямыз да, топтың
оқушыларына: «Сендерге «Канада» сӛзі келді, ол кезде сендердің ойларыңа не
түседі?» дейміз. Егер топ басшының сӛздерін оқушылар қайталаса, әр дұрыс жауап 5
ұпаймен бағаланады.
Конвертте «Канада» деген сӛз шықты, ол кезде сенің есіңе не түседі?
Жауап: Оттава, үндістер, Ванкувер, Маккенхи.
Конвертте «Қазақстан» деген сӛз жазылған.
Жауап: Астана, Бурабай, Қазақтар, Сырдария.
«География» сабағында мынадай ойын түрлерін қолданамын:
«Қарлы кесек» ойыны. Мысалы, оқушылар кезектесіп, ғаламшар туралы
қысқаша айтады. Әр келесі оқушы алғашқы оқушыға айтқан ақпаратты қайталайды.
Сосын ӛзі айтады. Соңғысы жинақтап, барлық ғаламшарлар туралы айтады.
«Мен – Ӛзенмін» ойыны. Бұл ойынның шарты бойынша, картадан ӛзенді
кӛрсетіп, «Мен – Сырдария ӛзенімін, қайда барып құямын?» - деймін. Олар: «Мен –
Сырдария ӛзенімін, Аралға барып құямын», - дейді. Ойын осы ретпен жалғаса
береді.
«Зообақ» ойыны. Әр оқушыға жануарлар мен ӛсімдіктер бейнеленген
суреттер таратылады. Сол суреттегі жануар мен ӛсімдіктердің аттарын атап, қай
белдеуге, материкке жататынын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |