№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World
of scientific research
___________________________________________________________________
64
ӚМІРБЕКОВА Эльмира Дҥйсенбековна,
№93 жалпы орта мектебі «Биология» пәнінің мҧғалімі, Ақсукент ауылы,
Сайрам ауданы, Оңтҥстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
«БИОЛОГИЯ» ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘСІЛДЕРІ
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-
экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
бойынша 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық жоспарды қабылдау жӛнінде нақты
міндет қойды. Мұндай стратегиялық міндетті шешу жағдайында белсенділігі
жоғары, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын
таңдай алу қабілеттілігін, ӛмір бойы білім алуға дайын тұратын тұлғаның ең басты
функциялық сапаларын қалыптастыру орта білім беру жүйесіне жүктеліп отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен
ӛмірге келген функционалдық сауаттылықтың мақсаты – оқушылардың білімдерін
ӛмірде тиімді қолдануға үйрету. Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің
парадигмасын түбегейлі ӛзгертудің негізі болып табылады.
«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет ӛткен ғасырдың 60-жылдары
ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына
енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте
жалпы білім беруді) кӛп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін
тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы
әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және
экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ ӛмір бойы білім алуына
ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.
Сауаттылық
тұлғаның
тұрақты
қасиеті
болып
табылатындықтан,
функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден
кӛрініс табады. Ӛйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу
кезеңдерінен ӛткеннен кейін қол жеткізеді. Сондықтан білім белгілі бір сауаттылық
деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде
қарастырылады. Ендеше, еліміздің болашағы – жас ұрпақты оқытуда білімнің түпкі
нәтижесі деп саналатын құзіреттіліктердің біртұтас бірлігі ретіндегі функционалдық
сауаттылықтың мәнін, рӛлін айқындау, оны мектеп тәжірибесіне ендіру уақыт
талабына сай келеді.
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе
алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай
алу деңгейінің кӛрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі
бір мәдени ортада ӛмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік
қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан
құралады. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық
сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.
Жалпы функциональдық сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ,
адамдардың (жеке тұлғаның) әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық
қызметтерге белсене араласуы және ӛмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық
факторы. Яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы.
Сонымен, функциональдық сауаттылық адамның мамандығына, жасына қарамастан
үнемі білімін жетілдіріп отыруы, жалпы кең мағынасында ол тек білік пен білімділік
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
65
әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының
мәдени және әлеуметтік дамуының ӛлшемі.
Қоршаған әлемде және табиғатта болып жатқан құбылыстарды түсіну,
салыстыру, талдау, жіктеу, жүйелеу, жалпылау білік, дағдыларын меңгерту
мақсаттары кӛзделгенде ғана оқушылардың функционалдық сауаттылығын
қалыптастыруға болады. Пәнді интеллектуалдық және шығармашылық тұрғыда
түсініп меңгертуде қазіргі таңдағы оқыту технологияларының стратегияларын
пайдалану тиімді болып келеді: «Джиксо – ұжымдық оқыту» стратегиясы, «Дана
үкілер» стратегиясы, «Мозаика немесе Ара ұясы» стратегиясы. Мақсаты: жалпы
мәселені жұпта, ұжымда талқылау.
Бұл стратегиялар мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау
үшін тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-
қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды, ӛз бетінше ойлауға, ізденуге,
нәтижеге жетуге дағдыланады. Сабақта әрбір ӛтілген мәтінді ӛмірмен
байланыстырып, ӛз туған ӛлкеңмен, ӛз ауылыңның халқымен, тұрмыс
жағдайларымен байланыстырып ӛту, баланың қызығушылығын арттыруда үлкен
септігін тигізеді. Ол үшін күнделікті оқыту үдерісінде әрбір пәннен берілетін
теориялық білімді ӛмірдегі жағдайлармен байланыстырып, практикалық жағына
бағыттап отыру керек. Сондықтан теория мен практиканың байланыста болуын
қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен кӛлемін
анықтағанда теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни
ұғымдық-ақпараттық материалдардың бала ӛмірінде кездесетін түрлі проблемалық
мәселелерді шешуге кӛмегі тиетіндей, бала оны қолдана алатындай практикалық
маңызы ескерілуі тиіс.
Сондай-ақ оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, оның мән-
мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті боп саналады. Мектеп
оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда қатысымдық, рӛлдік
ойын, дара тұлғаға бағдарланған оқыту және сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге
асатын жағдаяттық тапсырмалар, рӛлдік ойындар, сұхбаттық тапсырмалар,
құзыреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмалар арқылы кешенді жүргізудің
тиімділігі жоғары болады.
Мұғалім ретінде, жаңа стратегияларды «Биология» сабағында қолдану
барысында оқушының ӛз бетімен білім алып, алған білімді іс жүзінде дәлелдей
алатын және «үндемейтін», «енжар» оқушының қызығушылығын оятып, оны
«сӛйлетуге» болатындығын ӛз тәжірибемнен байқадым.
9 сыныпта «Биология» пәнінен СТО технологиясының әдістерін қолданып,
бірнеше сабақтар ӛткіздім. Онда ЖИГСО, белгілер әдісі, венн диаграммасы, бес
жолды ӛлең, топтастыру әдістерін қолдандым және жеке, топтық, рӛлдік ойын
жұмыстар жүргізілді. Сол сияқты инновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдерін
9-11
сыныптарда да пайдаланып, жақсы нәтижелерге жетіп жүрмін.
Жоғары сыныптар үшін кӛбіне ЖИГСО стратегиясын қолдануға болады.
ЖИГСО стратегиясын қолдануда мәтіннің кӛлемі үлкен, күрделі, ғылыми тұрғыда
болуы керек. Себебі, қарапайым мәтін болса, оқушылар тәжірибелі топсыз-ақ ӛздері
оқып, тіпті жаттап алып айтып береді. Қандай технологияны пайдаланған кезде де
оқушының белсенділігі мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты ӛзі іздеп табуы, шапшаңдығы
мен еркіндігі, шығармашылдығы, кӛңіл-күйдің кӛтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.
Сонымен бірге оқыта үйрету ойындары оқушыларға білімдерін тереңдетуге,
толықтыруға, бекітуге, алған білімдерін ӛмірде қолдана білуге, ақпарат кӛздерімен
ӛздіктерінен жұмыс істеуге, ізденуге, әр түрлі жағдайларда дұрыс шешім
қабылдауға, қиындықтан алып шығатын жол таңдауға, ӛмірде ӛзін бағалай білуге