4 основные направления, цели, задачи, целевые индикаторы и показатели результатов



жүктеу 2,58 Mb.
бет8/12
Дата14.11.2018
өлшемі2,58 Mb.
#20198
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Мәдениет


Орал қаласындағы мәдени желісінде облыстық көлемдегі екі драма театры, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония, М.Бисенғалиевтің облыстық филармониялық оркестрі, облыстық халық шығармашылық орталығы, облыстық жастар шығармашылық орталығы, 5 мәдениет сарайы, 3 облыстық көлемдегі кітапхана: Ж.Молдағалиев атындағы ғылыми-әмбебап кітапхана, Х.Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған кіпапхана, зағип және нашар көретіндерге арналған арнайы кітапхана, 23 кітапханадан құралған қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйелері, 15 балалар аула клубтары, «Жас ұрпақ» жасөспірімдерді әлеуметтік дамыту орталығы, «Ардагер» ардагерлер клубы, сонымен қатар 3 кино театрлары (оның ішінде біреуі жеке меншік иелігінде) жұмыс жасайды.

Орал территориясында облыстық тарих және археология орталығы, облыстық тарихи-мәдени мұраларды сақтау инспекциясы, облыстық мұрағат қызмет атқарады.

2005-2008 жылдары 8 балалар аула клубы іске қосылды.

Қаладағы мәдениет саласындағы қызмет соңғы жылдары тұрақты оң тенденцияларға ие болды, мұнда тек қаржыландырудың өсуі емес, сонымен қатар қызмет көрсету сапасы да артты. Соңғы төрт жылда мәдениет саласын қаржыландыру қала бойынша 3,2 есеге өсті, мәдениет нысандарының мемлекеттік желісінің өсуі 20,1%-ды құрады.

Жыл сайын мәдениеттің мәдени-демалыс нысанын қалыптастыру үшін бөлінген қаражаттың көлемі өсіп отырды: 2006 жылы 140,9 млн.тг. бөлінсе, ол 2009 жылы 405,2 млн.тг-ге жеті.

2010 жылы жергілікті бюджет есебінен мәдениет мекемелерін күрделі жөндеуден өткізуге 44483,0 мың теңге бөлінді.

2009 жылы 19 филиалдарымен қоса, «М. Горький атындағы Орал қалалық кітапхана» ММ-нің жалпы кітап қоры 580370 дананы құрады, оның ішінде мемлекеттік тілде – 62094 дана. 40962 оқырман тіркелді, оның ішінде 15 жасқа дейінгілері – 17161 адам. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітап қорын толықтыру мақсатында 4800 мың теңге, мерзімді басылымға 3600 мың теңге бөлінді, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 101%-ды құрайды.
17-кесте

Орал қаласындағы кітапханалардың кітап қоры


Атауы

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

Кітап қоры

561965

563196

564923

565260

580370


Оның ішінде мемлекеттік тілде

44775

48484

51484

61775

62094


Оқырмандар саны

41050

41274

40158

41545

40962


Оның ішінде 15 жасқа дейінгі оқырмандар

15910

16117

15444

16708

17161



Қайнар көзі: Батыс Қазақстан облысының статистика департаменті, Интернет
2009 жылы қалада 3 тұрақты кинотеатр жұмыс істеді (оның ішінде 1-і жеке). Қала құзіретінде Гагарин атындағы балаларға арналған бір кинотеатр бар. 2007 жылдан 2010 жылдың наурыз айына дейін бұл кинотеатрда 46453 адам келген 1475 киносеанс қойылды.

Клуб типіндегі мәдениет мекемелерінде 2009 жылы 25 мың мәдени-көпшілік шаралары өтті, оның ішінде 20614-і балаларға арналған. Қалада өзіндік шығармашылықтың 48 ұжымы жұмыс жасайды, оның ішінде ВАА – 1, хор және вокалдық ұжым – 12, фольклорлық -2 және отбасы ансамблі – 1, ұлттық аспаптар оркестрі – 2, хореографиялық – 6, эстрадалық ұжымдар – 22.

2009 жылы қаланың мәдениет ұйымдары 260 мыңнан астам көрермені болған 46000 астам шара ұйымдастырды.

Сондай-ақ қалада түрлі қызығушылықтар бойынша 1,5 мыңнан астам адам қатысатын 83 үйірмелер мен клубтар қызмет атақарады.


2010 жылы мәдениет мекемелерін ұстау үшін бюджеттік қаржыландырудан 670609,0 тг бөлінді.

Облыс халқының мәдениет саласы бойынша көрсетілген қызмет сапасына қанағаттану дәрежесі 2009 жылы 45%-ды құрады.

Тілдерді дамыту


Қаланың тілдік саясаты Қазақстан халқының бірлігі және аймақтың тілдік қорын сақтау фарторлары ретінде мемлекеттік тілді қолдануды кеңеюін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жағдай жасауға бағытталған.

Жалпы алғанда, қаладағы қазақ тілін меңгеру деңгейі 60%-ды құрайды.

Орал қаласында жергілікті мемлекеттік органдардың іс қағаздарын біртіндеп қазақ тіліне көшіру жүзеге асқан. Сонымен қатар 19 жергілікті мемлекеттік органдардың іс қағаздары мемлекеттік тілге көшті. Қаланың мемлекеттік органдарындағы іс қағаздар мониторингі іс қағаздар 99,2%-да мемлекеттік тілде жүретінін көрсетті.

Қазақ тілімен қатар орыс тілі де ресми қолданылатынын, ағылшын тілін оқуға жағдай жасалынатынын атап өту қажет.

Қалада мемлекеттік тілді оқытатын, оны оқыту курстарын ұйымдастыратын «Ағартушы» мемлекеттік тілді оқыту орталығы, мемлекеттік тілді үйрететін мультимедиялық кабинет қызмет атқарады. Мемлекеттік тілді дамыту мақсатында бірыңғай үш тіл саясаты жүргізіледі: мемлекеттік органдарда іс қағаздарын жүргізуде қазақ тілімен тең дәрежеде орыс тілі де ресми қолданылады. Қазақ тілін меңгермеген отандастарға арнайы курстар ұйымдастырылады.

Тілді оқытудағы методологиялық базаны қамтамасыз ету мақсатында 2009 жылы 10 мың, 2010 жылы – 15 мың оқыту-әдістемелік оқулықтар дайындалды және бекітілді. Тілдік саясаттың ақпараттық орталығының рөлін орындайтын облыстағы мемлекеттік органдар сайттары жұмыс жасайды.

Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік тілді қолданудың оң тенденциясын атап айту керек.

Қаладағы 44 мектепке дейінгі мекемелердің 20-ы (50,2%) жұмысын мемлекеттік тілде, 24-і мемлекеттік және орыс тілінде жүргізеді.

Қала территориясындағы 45 мектептің 15-і оқытуды қазақ тілінде жүргізсе, 11 мектепте орыс және қазақ тілінде жүргізеді.

Қаланың тілдік қорын сақтау мақсатында қалада тұратын ұлттар тілдерін оқытатын 6 жексенбілік мектеп бар.

Қазіргі таңда қалада тілдердің функционалды дамуын жүзеге асыруға арналған құқықтық негіздер қалыптасты. Тілдік құрылыс үрдісін қоғам жақсы түсінеді және қолдайды. Мемлекеттік органдар жүйесінде қазақ тіліне сұраныстың өсу тенденциясы байқалып отыр. Батыс Қазақстан әкімдігі жанында 2001-2010 жылдарға арналған тілдерді дамыту және қалыптастыру мемлекеттік бағдарламасы мен тіл туралы заңнаманың орындалуын қадағалайтын координациялық кеңес құрылды.

Дегенмен, қол жеткізген жетістіктерге қарамастан, мемлекеттік органдар жұмысындағы мемлекеттік тіл потенциялын жүзеге асыру деңгейі әлі де жеткіліксіз. Қаладағы мемлекеттік қызметкерлер арасында қызметтік фунциясын жүзеге асыру үшін қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгермеген мамандар бар. Сондықтан 2010-2012 жылдарға арналған тілдерді дамыту бойынша стратегиялық жоспарды іске асырудағы ең басты міндет – білікті мамандарды даярлау.

Оң көрсеткіштермен қатар мәселелер де туыпдап отыр:

- барлық қоғамдық сала бойынша, соның ішінде халыққа қызмет көрсету саласы бойынша, мемлекеттік тілді іске қосу деңгейінің жеткіліксіздігі.

- орта, арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарындағы мемлекеттік тілді оқыту деңгейінің жеткіліксіздігі.

Мемлекеттік емес ұйымдарда мемлекеттік тілді енгізу қажеттілігі.

Қалалық ономастикалық комиссия қызметі қамтамасыз етілді.

Спорт


Орал қаласында барлығы 319 спорт құрылысы, оның ішінде 1500 орынға арналған трибунасы бар Авангард, Юность, «Ақжайық» ФК 3 стадионы, 2 спорт сарайы, 2 спорт кешені, 3- жүзу бассейні (6 ш.а., Зенит МҮ, Энергия), 95 спорт залы, 1 ат-спорттық манеж, 6 шаңғы базасы, 2 есу базасы, 39 ату тирі, 1 садақ ату орны жұмыс жасайды.

Қалада 11 балалар-жасөспірім спорт мектептері, 1 облыстық жоғарғы спорт шеберлігінің мектебі, 1 олимпиада резервіне дайындау орталығы, 5750 адам қатысатын 1 облыстық спорта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты, 3 кәсіби клуб (болейбол бойынша «Жайық» СК, доппен хоккей және гандбол бойынша «Ақжайық» СК, «Ақжайық» футбол клубы) жұмыс атқарады.

2.07.09 жылғы №1678 әкімдік Қаулысы бойынша көпшілік спортты дамытуға байланысты жұмысты күшейту үшін «Намыс спорт клубы» МККК ашылды. Оның міндетіне тұрғылықты жер бойынша спорттық-көпшілік шараларды ұйымдастыру мен өткізу жатады. «Намыстың» балансында 10 спорттық алаң, оның ішінде 5-і 2006 жылы салынып, 2009 жылы клуб балансына берілді.

2010 жылы Гагарин к-сі, 97, Достық-Дружба даңғ, 232, Құрмаңғазы к-сі, 150, Ихсанов к-сі, 87, Еуразия даңғ, 54 мекен жайлары бойынша тағы да 5 балалар ойын алаңы қолданысқа берілді. Әрбір аталған нысанда спорт инвентарын сақтауға және жалға беруге арналған орындардың барлығы жөнделді.

2010 жылы қалалық бюджеттен жасанды жабуы бар 2 спорт құрылысын салуға 22649 мың теңге бөлінді. Жобалық-сметалық құжатқа сәйкес жалпы құны 3408950 мың.тг тұратын Деркөл ауылдық округінде дене шынықтыру-оңалту кешенінің құрылысы басталды. Бұл кезекте көп функционалды спорт залы, жаттығу залы, күрес залы, әкімшілік-тұрмыстық кешен, инженерлік желі бар.

Жыл сайын салауатты өмір салтын насихаттау бойынша 40,0 мың адамды қамтитын 1600-ден астам спорттық-көпшілік шаралар өткізіледі. Орал қаласындағы 42 спорт түрлері бойынша 3-4 жастық категорияда чемпионаттар, біріншіліктер, кубоктар, турнирлер өтіп тұрады, осыған орай жыл сайын 12 мыңнан астам адамды қамтитын 120 шаралар өткізіледі. Орал қаласындағы 45 мектепте 150 дене шынықтыру мұғалімі 2500-нан астам баланы қамтып, түрлі спорт түрлерімен айналысады. 2009 жылы барлық аула клубтарында спорт бойынша әдіскердің бірлігі енгізілген. Бұл 1000 жасөспірімді қамтып, тұрғылықты жер бойынша дене шынықтыру жұмысын жүргізуге көмектеседі.

2009-2010 жылдары спортшылар мен Орал қаласының спорт командалары бірнеше мәрте облыстық, республикалық, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болды. Соның ішінде БҚО мектеп оқушылары арасындағы Спартакиададан 1-орын, 2009 жылы Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы Спартакиададан 1-орын, Қазақстан Республикасының Президенті сыйлықтары ойнатылатын 4-ші ұлттық спорт ойындарының облыстық филиалында 1-орын (14 спорт түрлерінен 11 1-орын), 2010 жылы Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы Спартакиададан 3-орынды иеленді.

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі келесі спорт түрлері бойынша біріншіліктің ашылуын жасады: Астана күніне арналған 1994 жылы туылған Алматы, Тараз, Астана, Қарағанды, Орал қалалары спортшыларының арасында водный пол ашық турнирі; Ақтөбе, Атырау, Тараз, Қарағанды және Ақсай қалалары командаларының қатысуымен Кеңес Одағының батыры М.Мәметованы еске алуға арналған каратэ турнирі; 1993 жылы туылған Қызылжар, Орынбор, Қазан, Саратов, Новокуйбышевка, Уфа Оралдың екі командысының қатысуымен, волейбол бойынша әкім сыйлықтарына ойнатылатын екінші халықаралық турнирі; П.Атоян сыйлықтарына ойнатылатын футбол турнирі; Алматы, Талдықорған, Орал командаларының қатысуымен Кеңес Одағының батыры М.Мәметованы еске алуға арналған садақтан ату турнирі.



2.2.3 Қаланың инфрақұрылымдық кешенінің анализі



Ақпараттық коммуникация

Байланыс. Қазақстандағы ең көп кеңінен тараған коммуникация телефон байланысы болып қала береді. Соңғы мәліметтер бойынша халықтың байланыс қызметімен қамтамасыз етілуі адам басына шаққанда 0,19 құрайды, бұл жалпы алғанда төменгі көрсеткіш болып табылады. Облыс және республика мағынасындағы қалаларды қарасақ, көрсеткіш аз да емес, көп те емес – пропорционалды деңгейде қала береді.

Қаланың телекоммуникацилық желісінің негізін «Қазақтелеком» АҚ-ның, сонымен қатар басқа да жеке операторлар желісі құрайды.

Орал қаласында телефон жүйесі жалпы мониторлық көлемі 56813 нөмірлі түрлі кешендеудегі 24 телефон станцияларымен және жалпы мониторлық сыйымдылығы 34480 нөмірлі түрлі кешендеудегі 39 мультисерверлік абоненттік қол жетімділікпен жүргізіледі. Барлығы мониторлық көлем соммасын 91 293 нөмір құрайды. Іске қосылған нөмір сыйымдылығы – 85091. Яғни халықтың әрбір 1000 адамына 270 нөмірден келеді. Қалада 10000 абонентке арналған сымсыз автоматты сандық телефон станциясы бар.

80Н жүйесіндегі оптика-талшықтық сызық бойынша қаланың сандық шеңберлік байланысы қызмет етеді.

Қала аралық байланыс қызметі -27,6%-ға, халықаралық байланыс қызметі - 57,0%-ға, 10 мың адамға шаққандағы ғаламторға шығу 2,8 есеге өсті. Барлық байланыс түрлері бойынша кәсіпорындардың көрсеткен байланыс қызметінен түскен табыс 2009 жылы 2238,5 млн. теңгені құрады. бұл 2005 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге көп.


жүктеу 2,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау