4 основные направления, цели, задачи, целевые индикаторы и показатели результатов



жүктеу 2,58 Mb.
бет7/12
Дата14.11.2018
өлшемі2,58 Mb.
#20198
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Демографиялық даму


01.01.2010 жылғы көрсеткішке сәйкес Орал қаласының халық саны 249,8 мың адамды немесе Батыс Қазақстан облысының жалпы халық санының 40%-ын, ал республиканың жалпы халық санының 1,6%-ын құрайды.

Жалпы алғанда қалада халық санының өсуінің тұрақты тенденциясы қалыптасты. Халық саны көшіп-қону мен табиғи өсу есебімен толықты.

2001-2010 жыл аралығында Орал қаласының халық саны 16,2%-ға (БҚО-да –3,8%) өсті. 2009 жылы қала халқының саны өткен жылмен салыстырғанда, 2,4%-ға өсті.

2009 жылы дүниеге келу 1000 адамға шаққанда, 21,94 көрсеткішті құрады (2005 жылы – 17,12). 2009 жылы қала бойынша өлім коэффиценті 1000 адамға шаққанда 11,38 көрсеткішті құрайды, бұл көрсеткіш 2005 жылы 13,44-ті құраған еді.

2005-2009 жылы қала бойынша өлім коэффиценті 13,44-тен 11,38‰-ке дейін немесе 2,06 %-ке кеміді, мұнда әсіресе, 15-34 жас аралығындағы топтардың өлімі азайды. 2009 жылғы халықтың табиғи өсуі 2609 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда, 14,9%-ға өсті.

Халықтың өмір сүру деңгейінің артуы, дәрігерлік және әлеуметтік көмек сапасы мен оған қол жетімділігін жетілдіру бойынша кешендік шараларды өткізу, 2005 жылдан бастап алыдын алу шараларының тиімділігін аттыру арқасында туған кездегі орташа өмір ұзақтылығының өсуі байқалып отыр.

Жас ерекшелік контингенттері бойынша халық құрылымында еңбекке қабілетті жасынан төмен халықтың саны өсуде, ал еңбекке қабілетті халықтың үлесі тұрақтанды.

Еңбекке қабілетті жастан жоғары жастағы халық саны 2005 жылы 31 мың адамды немесе барлық халық санының 13,4%-ын құраса, 2009 жылы 31,1 мың адамға ғана өсіп отыр немесе барлық халық санының 12,5%-ын құрайды. Бұл категорияның өсімі абсолютті көлемде 0,1 мың адамды құрайды.

Халықтың гендерлік құрылымында ер адамға қарағанда әйел адамы санының жоғарылығы байқалып отыр: қала тұрғындарының 55,5%-ын әйелдер, 44,5%-ын ер адамдар құрайды. Орал қаласы халқының берілген гендерлік құрылымы соңғы екі жылда тұрақты болды.

Орал қаласы халық санының өзгеру факторының анализі қала халқы саны табиғи көбею есебімен ғана емес, сонымен қатар ағындық көшіп-қонумен де өсіп-толығып отыр. 2005-2009 жылдарда қаланың халық саны табиғи көбею бойынша 8,3 мың адамға, ал көшіп-қону есебімен 14,2 мың адамға өсті. 2008 жылы қаланың халық санының өсуінде табиғи өсу басым орын алса, 2009 жылы оның орнын көшіп-қону есебімен көбею басты.

Қала халқы санының өсуіндегі миграциялық көбеюдің басымдылығы облыс аудандарының еңбекке қабілетті тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында Орал қаласына көшіп келумен байланысты.

2005-2009 жылдары қаланың миграциялық үрдісіне 50,3 мың адам қатысты.

Ең көп миграция көлемі 2009 жылыболып, 11383 адамды құрады. Ең аз миграциялық белсенділік 2006 жылы (9109 адам) орын алды.

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақты жақсаруы, саяси тұрақтылы, миграциялық үрдістерді реттеуге байланысты мақсатты саясат халықтың миграциялық қозғалысының сипаты мен бағытына әсер етті. Халықаралық миграция бойынша соңғы жылдары миграциялық өсу 987 адамды құрады. Халықтың қаладан басқа елдерге көшуі азайды, 2006 жылы көшкендер саны - 1698 адам болса, бұл көрсеткіш 2009 жылы 1085 адамға дейін азайды.

Жалпы алғанда, қаладағы демографиялық ахуал оң тенденциялармен сипатталады:

Ұдайы өндірістің салыстырмалы жоғарғы көрсеткіштері;

өлімнің қысқаруы;

көшіп-қону үрдісінің тұрақталуы;

халықтың жасаруы.

Дегенмен гендерлік құрылымда диспропорция байқалып отыр.


Еңбек нарығы

2005-2009 жылдардағы қаланың экономикалық белсенді халық саны өсудің тұрақты тенденциясына ие болып, 2009 жылы 116,6 мың адамды құрады. Осы кезеңде экономикалық белсенді халық 10,6%-ға өскен, экономикалық белсенділік деңгейі 2,6%-ға көтерілді.

Экономикалық белсенді халқының жалпы санында ер адамдар үлесі азайып келеді (2005 жылғы 51,6% 2009 жылы 50,3%-ға дейін немесе 3032 адамға кеміді). Зерттеліп отырған кезеңде қалада халықтың жұмыспен қамтылу деңгейінің өсуінің оң динамикасы байқалды. 2005 жылғы көрсеткішке қарағанда, 2009 жылы 95,1 мың адамнан 109,9 мың адамға немесе 15,6%-ға өсті (республика бойынша жалпы өсу 8,8%-ды, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 7,6%-ды құрады).

Үй шаруашылығын зерттеу мәліметтері бойынша жұмыссыздар саны 2009 жылы 6,5 мың адамды құрады немесе 2005 жылғы 9,7% жұмыссыздық деңгейі 2009 жылы 5,6%-ға тең келді, яғни 4,1 пайыздық бөлімге азайды. Бұл көрсеткіш бойынша қала жалпы Батыс Қазақстан облысына қарағанда біршама төмен деңгейге ие (0,7 пайыздық бөлікке).

2010 жылы «Жол картасы» шеңберінде қала бойынша жолды жөндеуге, территорияны абаттандыру мен көгалдандыруға, ТКШ жүйелерін қайта құруға және білім және мәдениет нысандарына күрделі жөндеу жасауға байланысты 22 жоба іске асырылды.

Орал қаласының бюджетінде тек 1 млрд. теңге қаралған, оның ішінде білім саласына – 195 млн.тг., мәдениетке – 47 млн.тг., әлеуметтік қорғауға – 66 млн.тг.бөлінді.

Жол картасы бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2010 жылы жоспарланған 2505 адамның 2505-і жұмысқа жіберілді, оның 2162-і нақты жұмыс жасайды.

Зерттеліп отырған кезеңде өзін-өзі еңбекпен қамтыған халықтың өсуімен қатар, жұмыспен қамтылғандар ішінде жалдамалы жұмысшылардың үлесі 2008 жылы 2005 жылға қарағанда 80,7%-дан 97,3%-ға дейін өсіп, 2009 жылы 84,6%-ға дейін қысқарды. (БҚО бойынша 63,9-дан 66,3%-ға дейін). 2009 жылғы жалдамалы жұмысшылар үлесінің қысқаруына қарамастан, 2005 жылмен салыстырғанда, олардың үлесі 3,9 пайыздық бөлікке немесе 13 226 адамға өсті, егер 2005 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 19,3% болса, 2009 жылы ол – 15,4% болды.

Еңбекпен қамтылған халықты экономикалық қызмет түрлері бойынша бөлу жұмысшылардың көп үлесі саудаға (19,6%), құрылысқа (16,6%), өндіріске (13,3%), білім беру саласына (12,6), денсаулық сақтау саласына (8,3%) келетіні көрсетіліп отыр.

11-сурет


Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыспен қамтылған халықты бөлу


Қайнар көздері: Батыс Қазақстан облыстық статистика департаменті, Интернет ресурсы: www.stat.kz
Бес жыл аралығындағы жұмыспен қамту құрылымының өзгеруі түрлі бағытта болды және айқын тенденцияға ие емес.

Қаланың ауылшаруашылық өндірісінде жұмыспен қамтылғандар үлесі кеміді (2005 жылдағы 5,9% 2009 жылда 1%-ға дейін). Бұл ауылшаруашылық өнімі нарығындағы істің жағдайына байланысты үй шаруашылығының жалдамалы жұмыс күшін пайдаланудың төмендеуімен түсіндіріледі.

Сауда, жөндеу және қоғамдық тамақтану саласындағы жұмысшылар үлесі аз болып қала беріп, нақты ауытқушылықтарды бастан кешірді (2005 жылы - 20,6%, 2008 жылы - 16,4% және 2009 жылы 19,6%). Қаржы саласындағы жұмыспен қамтылғандардың үлесі 1,8 есе шамасында өсті, сонымен қатар қонақ үйлер мен мейрамханалардағы жұмыспен қамтылғандардың үлесі 2 есе кеміді. Қарастырылып отырған кезеңнің алғашқы жылдарындағы құрылыстың серпілісі құрылыс саласындағы жұмыспен қамтылғандардың санын өсуріге зор ықпалын тигізді, дегенмен соңынан болған құрылыстық белсенділіктің төмендеуінен кейін бұл саланың үлесі азайды. Сонымен қатар құрылыста амалсыздан демалысқа шыққан жұмысшылардың саны көбейді.

Экономиканың барлық салаларында 15,1 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары пайда болды.

Гендерлік аспектідегі жұмыссыздықтың деңгейі көрсеткішінің өзгерісін қарастыра отырып, ерлер мен әйелдердің жұмыссыздық деңгейі сәйкесінше 5,7 % және 5,5%-ды құрайды немесе жалпы халық санынан есептесек, 3339 ер адам және 3189 әйел адам жұмыссыз болып табылатынын атап өткен жөн. Жұмыссыздар арасында жоғары және аяқталмаған жоғары білімдері бар азаматтардың үлесі көп. Бір жағынан қала халқының білім деңгейінің жоғарылығы, екінші жағынан мамандарды дайындау жүйесінің құрылымы қазіргі кезеңдегі еңбек нарығының талабына сай келмеуі бұған салдар болып отыр (Жалпы Қазақстан бойынша - 14,7%).

Жалпы алғанда, қалалықтардың жұмыспен қамтылу шегі көп жағдайда физикалық және ересек жасқа келеді. Орал қаласында жұмыспен қамтылғандардың 33,5%-ын 25-34 жас аралығындағылар (жалпы Қазақстан бойынша - 30,0%), 29,8%-ын 35-44 жас аралығындағылар (26,9% сәйкесінше) құрайды.

Қала бойынша экономикалық белсенді емес халықтың деңгейі 41,0%-ды құрайды. Экономикалық белсенді емес халықтың ортасындағы негізгі үлесті зейнеткерлер – 43,7% және күндізгі бөлім оқушылары – 32,3% құрайды

Орал қаласындағы еңбек нарығы экономикалық белсенді халық үлесінің өсуімен сипатталады, бірақ бұл өсу көшіп-қонудың маңыздылығымен байланысты. Өндіріс саласындағы жұмысшылар үлесінің төмендеуін жағмды жағдай деп қарауға болмайды.


Халықтың өмір сүру деңгейі

Халықтың өмір сүру деңгейі жалпы мемлекеттік және жергілікті деңгейдегі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының тиімділігімен анықталады.

Халықтың өмір сүру сапалы деңгейінің негізін ақша кірісі құрайды. 2009 жылы Орал қаласында адам басына шаққандағы ақша кірісі 37387 теңгені құрады, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 84,5%-ға жоғары.

Халықтың ақша кірісі құрылымындағы табыс үлесі еңбек қызметі есебінен 2005 жылғы 76,9%-дан 2009 жылы 79,3% -ға артты (ел бойынша 70,2%) және құрамында зейнетақы 13,1%, жәрдемақы - 4,1% құраған әлеуметтік трансферттер қысқарып отыр. Еңбек кірісі құрамындағы 15,2% өзін-өзі жұмыспен қамтудан мен кәсіпкерлік қызметтен түскен табысқа тиесілі.



Көптеген халықтың негізгі табыс көзі жалақы болып табылады, ал шынайы жалақының мөлшері адамның материалдық жағдайымен анықталады. 2005-2009 жж. орташа айлық номиналды бөлінген жалақы 85,8%-ға, шынайы - 1,1 есеге, жалпы Республика бойынша сәйкесінше - 2,1 және 1,4 есеге өсті. 2009 жылғы Республика бойынша бір жұмысшының орташа номиналды жалақысы - 67639 теңгені құраса, қала бойынша - 57622 теңгені құрады, өсім 15,8%-ды, ал 2008 жылмен салыстырғанда, шынайы жалақы 6,7%-ды құрады.
12-сурет

Халықтың ақша кірісінің өзгеру динамикасы



Қайнар көздері: Батыс Қазақстан облыстық статистика департаменті, Интернет ресурсы: www.stat.kz
Қалада жұмысшылардың жалақысының үлкен салааралық дифференциациясы бақыланып отыр. 2009 жылы ең төмен жалақы денсаулық сақтау қызмекшілерінің жалақысы болды. Ол қала бойынша орташа жалақыдан 1,5 есе төмен. Ал кен өндіру саласы қызметкерлерінің жалақысы қала бойынша орташа жалақыдан 2,5 есе көп. Білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы жалпы қалалық деңгейдің 66%-ын, өндірісте -88%, қонақ үй және мейрамханада - 89,9%, мемлекеттік басқаруда – 98,4 %-ды құрайды.

Дегенмен ағымдық жылдағы дағдарыстың ықпалы түрлі қызмет саласындағы жалақы дифференциациясының деңгейін біршама төмендетті. Сондай-ақ бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің өсірілген еңбек ақысы олардың орташа деңгейіне жақындады.

Қала халқының шығыны құрамының көп бөлігі - 92,9%-ы тұтыну шығынына 2,0%-ы туыстарына материалдық көмек көрсетуге, 5,1%-ы несиені өтеуге кетеді.

2009 жылғы таңдаулы 480 үй шаруашылығын зерттеу қорытындылары бойынша үй шаруасының тұтыну шығынының көлемі 264271 теңгені құрады (адам басына шаққандағы орташа жылдық көрсеткіш). Олардың құрамында 40,6%-ы азық-түлік тауарлары, 29,6%-ы азық-түлік емес тауарлар, 22,7%-ы ақылы қызметтер болды. 2005 жылы бұл көрсеткіш сәйкесінше 41,2%; 29,0%; 24,8%-дарды құрады. Азық-түлік тауарларына кеткен шығын артып, ал азық-түлік емес тауарларына кеткен шығын кеміп отырғаны анықталды. Сонымен қатар, Орал қаласы бойынша үй шаруасындағы азық-түлікке кеткен шығынның құрамында нан мен нан тағамдарына кететін шығын өсіп отыр.

Зерттеу кезеңінде 2005 жылға қарағанда 2009 жылы Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан зейнетақы алатындардың саны аз ғана 2,3%-ға өсіп, 34 мың адамды құрады, ал жасына сай зейнетақы алатындар саны 34,1 мың адамнан 34,3 мың адамға немесе 0,3%-ға өсті.

2005-2009 жылдар аралығындағы Орал қаласы бойынша тағайындалған зейнетақының орташа мөлшері 54,3%-ға немесе 8107 теңгеден 12506 теңгеге, тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік айлық жәрдемақы 4496 теңгеден 11216 теңгеге өсті.

Өмір сүру минимумының мөлшері 2,1 есе өсті, дегенмен 2009 жылы 2008 жылдың өмір сүру минимумы көлемінің 94,9%-ын, яғни 10967 теңге құрады. 2010 жылы өткен жылмен салыстырғанда, өмір сүру минимумының мөлшері 7%-ға өсіп, 13438 теңгені құрады.

Жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға, кәсіби оқыту мен қайта оқыту, қоғамдық жұмысқа жіберу мәселелеріне байланысты қолданылған шаралардың қорытындысында кедейлік көрсеткішінің төмендеуінде жағымды тенденциялар байқалып отыр. 2005-2009 жылдары қаладағы кедейлік тереңдігі 3,0-ден 0,5%-ға, кедейлік ұшқырлығы 0,8-ден 0,1%-ға кеміді.


Денсаулық сақтау

Қаланың денсаулық сақтау желісі 41 ұйымнан, құрамды бөлімдері бар 5 амбулаториялық емханадан (6 дәрігерлік амбулатория, заңды тұлға болып есептелмейтін 5 МК), 14 ауруханадан, 7 қалалық жедел дәрігерлік көмек станциясынан, 10 басқа да емдеу ұйындарынан тұрады. Қалада 1063 дәрігер (қамтамасыздығы – 10 мың адамға 42,4 дәрігер) мен 2983 орта дәрігерлік қызметкерлер (қамтамасыздығы – 118,9 адам) жұмыс жасайды.

2009 жылы Орал қаласының денсаулық сақтау саласының бюджеті 1824,9 млн.теңгені құрады, ондағы 99,8% (1820,4 млн. теңге) жергілікті бюджет қаражаты. Кепілдемелік дәрігерлік көмек көлемі 1758,1 млн.теңгені құрады.

Талап» ААҚ, «Дәрігерлік орталық» ЖШС, «Шипагер» дәрігерлік амбулаториясы сияқты жеке денсаулық сақтау орындары және 10 жеке дәрігерлік кабинеттер жеке денсаулық сақтау қызметімен айналысады.

Қаладағы амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін аурухана мекемелері мен дәрігерлік мекемелер санының өсуі 2002 жылдан 2009 жылға дейін байқалды, орта медициналық қызметкерлердің саны өсті.

13-сурет


Орал қаласының 1000 адамға шаққанда келетін дәрігерлер саны



Қайнар көздері: Батыс Қазақстан облыстық статистика департаменті, Интернет ресурсы: www.stat.kz
Соңғы бес жылда денсаулық сақтау жағдайы келесідей мәліметтермен және тенденциялармен сипатталады: медициналық білімі бар дәрігерлер саны – 1384 (2005 жылы – 1330), стомотологияны есептегендегі орта медициналық жұмысшылар – 3562 (2689), ауруханадағы кереует саны – 3347 орын, 10 мың адамға шаққандағы дәрігерлер саны – 56,1 (2005 жылдан өскенде – 14,9 бөлімше), емханаларда бір дәрігердің қабылдау жүктемесі – 5864 адам (2005-2009 жж. орта есеппен – 5684 адам).

Орал қаласындағы ана мен нәресте өліміне аса көңіл бөлу талап етіледі. 2009 жылы 100 мың сау туылған балаға шаққанда ана өлімінің көрсеткіші 16,9-ды құрайды, ал нәресте өлімі -13,9 баланы құрайды, бұл көрсеткіштер 2005 жылы сәйкесінше 14,6 пен 13,4 адамды құрады.

Денсаулық сақтау саласын қайта қалыптастыру мен дамыту бойынша Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде туберкулез, жұқпалы және созылмалы ауру түрлерімен ауыратын адамдарға арналған қалпына келтіру емдерінің кереуеттерін реконструкциялау жұмыстары жүргізілді. Бұл және басқа да шаралар қаланың денсаулық сақтау саласының дамуында қалыптасқан оң тендецияларына ықпал етті. Соның ішінде 2005-2009 жылдары орташа өмір сүру ұзақтылығының 3,2%-ға, дүниеге келудің 26%-ға өсуіне, өлімнің 9,3%-ға қысқаруы сияқты осы кезеңде халықтың табиғи өсуінің 3 есе артуына да әсерін тигізді.

Қаладағы денсаулық сақтау саласының дамуының қорытынды көрсеткіштері ретінде өмір сүру ұзақтылығы 2005 жылғы 66,46 жас көрсеткішке қарағанда 2009 жылы 68,6 жасқа, дүниеге келу 26%-ға көтерілдігін, жалпы өлім көрсеткіші - 9,3%-ға кемігендігін атап өтуге болады.

Қан айналым жүйесінің ауруларына шалдығу 5,7%-ға (қарастырылып отырған кезеңде сәйкесінше 100 мың адамға шаққанда 948,1 адамнаа 791,8 адамға), қатерлі аурулардың пайда болуы 1%-ға (100 мың адамға шаққанда 2005 жылғы 257,4 адамнан 2009 жылы 244,3 адамға) қысқарды.

Қаладағы дәрігерлік қызмет дамуының оң тәжірибесіне РФ-нан, соның ішінде Самара мен Орынбор қалаларының медициналық ұйымдарын тартуды жатқызуға болады.

Республика бойынша 8 көрсеткіштің (Меморандум индикатрымен) ішінен БҚО 7 позициясы бойынша сәтті, тек туберкулез ауруы бойынша сәтсіз жағдай болып есептеледі. Дегенмен туберкулездің белсенді формасымен шалдығудың қысқаруының (зерттелген кезеңде 29%-ға), сондай-ақ бұл аурудың салдарынан болатын өлімнің 21,1%-ға (немесе 100 адамға шаққанда 29,4-тен 23,9 адамға) қысқарудың оң динамикасы байқалып отыр.

Дегенмен, қаланың денсаулық сақтау саласының дамуында дәрігерлер санының қысқаруының тенденциясы қалыптасып отыр. Егер 2005 жылы 10 адамға шаққандағы дәрігерлер саны 49,8 адамды құраса, 2009 жылы ол 42,4 дәрігер болды. Тағы бір толғандыратын мәселе – жоғары білікті дәрігерлердің жастық құрамы. Қаладағы медициналық мекемелердегі дәрігерлердің жалпы санының (1000 адам шамасында) 37%-ын 40-50 жастағы, 42%-ын 50-60 және одан жоғары жастағы дәрігерлер құрайды. Сондай-ақ ондағы 82% дәрігерлер 58 жастап зейнеткерлікке шығатын мерзімде. Жас мамандар келгенмен (қалалық денсаулық сақтау жүйесіндегі 30-40 жас аралығындағы дәрігерлер – 200, 20-30 жас аралығындағы дәрігерлер – 100), қалалық денсаулық сақтау жүйесі 10 жыл ішінде тек дәрігерлердің 50% -ынан айырылып қалуы мүмкін.

Қаладағы денсаулық сақтау жағдайын бақылайтын басқару құрылымының жоқтығы бұл салада күнделікті сандық және сапалық мониторинг жасауға мүмкіндік бермейді.

Қалада халықтың көп мөлшерін қамтитын оңалту-қайта қалпына келтіру мекемелері, медбикелік күту ауруханасы (хоспос) жоқ.

Медициналық қызметтің жеке секторының даму қарқынының жоқтығы және жеке медициналық мекемелер мен мемлекеттік тапсырыс бойынша халыққа қызмет көрсету ұйымдарының үлесінің қысқаруы орын алуда.

Тыныс алу, ас қорыту органдарының, зәр шығару жүйесі, рак ауруларының көбеюі байқалып отыр, туберкулез аурулары және оның тұрақты формаларына қатысты жағдайлар жақсармай тұр, бала өлімінде де айтарлықтай оң өзгеріс болмады;

Қалада Санитарлық нормалар мен ережелер талаптарына сай келмейтін, жөндеу мен жақсартуды талап ететін төр денсаулық сақтау нысандары бар.

Жалпы қорытынды: зерттелген кезеңде мемлекет денсаулық сақтауға қатысты шығындарды тез өсірді, дегенмен ағымдағы жылда бұл түсімдерді қолдану тиімділігінің мәселесі тұр. Бұл жоғардағы мәселелер жүйесін шешуге көмектеседі.



Білім беру

Қаладағы 8328 бала тәрбиеленіп отырған 41 мектепке дейінгі ұйымдар, 949 баланы қамтитын 21 шағын орталықтар жұмыс жасайды. 7580 орындық бала бақша жобасының қуаттылығы кезінде ондағы балалар жылдан жылға өсіп келеді. Барлық бала бақша санының ішіндегі 21-і – 3648 балалық қазақ тіліндегі бақша, 25-і – 4725 балалық аралас оқыту тіліндегі бақша.

Мектепке дейінгі 4 ұйымда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 122 бала контингенті бар 11 арнайы топтар жұмыс жасайды, сонымен қатар туберкулездік интоксикациямен ауратын балаларға арналған санаторлық бақша қызмет атқарады.

16-кесте



Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдар бойынша негізгі көрсеткіштер


 

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2005 жылға қар-ғы 2010 ж. %-дық көрсеткіш

Тұрақты мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы саны

28

31

34

42

48

65


2,4 есе

Оның ішінде






















Мемлекеттік

28

31

32

42

48

64

2,3 есе

жеке

























Орал қаласында

28

31

32

34

40

59

1,5 есе

Ауылдық округтарда




2

2

8

8

8




Тұрақты мектепке дейінгі ұйымдардағы балалар саны, адам

6508

6558

5831

6935

7335

9332

1,4 есе

Оның ішінде:






















Орал қаласында

6508

6508

5781

5680

6080

8067

1,2 есе

Ауылдық округтерде




50

50

1255

1255

1255




Мектеп алды даярлықпен қамтамасыз етілген балалар саны, адам

3433

3805

3576

3764

3985

6823

1,5 есе

Мектеп алды даярлықпен қамтамасыз етілген балалардың үлесі

64

98

94

86

100

100

108,7

Педагогикалық және медициналық қызметкерлердің саны, адам

553

583

640

798

864

961

2 есе

Оның ішінде:






















Тәрбиешілер саны, адам

525

552

606

756

816

888

2 есе

Медициналық қызметкерлердің саны, адам

28

31

34

42

48

73

2 есе

Қайнар көзі: Білім беру басқармасының қалалық білім бөлімінің есебі

Қаладағы мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы саны 33028 адамды құрайды.

Қалада 44 бала бақшада, 21 шағын орталықтарда 100% даярлықпен қамтамасыз етілген мектеп алды жасындағы 6823 бала тұрады.

Дегенмен, мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық мамандардың сапалық құрамының жоғары еместігіне, мүмкіндігі шектеулі балаларды бақшалармен қамтамасыз ету дәрежесінің төмендігіне, инклюзивті білімнің жоқтығына байланысты мәселелер туындап отыр.



Орта білім. 2005 жылға қарағанда 2009 жылы оқушылар саны 11%-ға, яғни 38748 адамнан 34484 адамға қысқарды (облыс бойынша 17,3%-ға кеміді).

Қала қарамағындағы барлық мектептер санының ішінде 16-ы қазақ тіліндегі мектеп, 16-ы орыс тіліндегі, 13-і орыс және қазақ тілдеріндегі аралас мектеп.

Жыл сайын ҰБТ қорытындылары бойынша ЖББМ оқушылары білімнің жалпы деңгейі өсіп келеді.

14-сурет


Қала мектептеріндегі ҰБТ қорытындыларының динамикасы



Қайнар көздері: Батыс Қазақстан облыстық статистика департаменті, Интернет ресурсы: www.stat.kz
70 балдан төмен қарқынды білім көрсеткіші бар мектептер саны 12,5%-ға кеміді және 81-90 балл қарқынды білім көрсеткіші бар мектептер саны өсті (қала мектептерінің 56,4%-ы). №35 (91-103 б.), №41 ЖББ мектептері жыл сайын тұрақты білім деңгейін көрсетеді. Орташа ҰБТ балы 53-70 б. көрсеткішімен № 4, 12, 19, 22, 31, 39, 40, 45, Круглоозерное, Серебряково ЖББ мектептері нашар білім деңгейін көрсетті.

Осы ретте жалпы көрсеткіштер математика бойынша төмен және физика мен химия пәндері бойынша тұрақсыз болып қала беруде.

Жылдық орта есеппен 10 сынып оқушыларының контингенті 9 сыныпқа қарағанда 46,9%-ға кеміді, сонымен қатар 11 сынып оқушыларының контингенті 10 сыныпқа қарағанда 8,4%-ға кеміді. 10 сынып оқушыларын көп ығыстыру 2007 байқалды. – 11,8%.

Сонымен қатар 8000 балаға арналған оқушы орнының жеткіліксіздігі қаланың орталық бөлігінде, 4-6 шағын аудандарда, Зашаған ауылында сақталып отыр, №30, №44 мектептерде үш ауысымдық тәжірибе сақталуда.

Бес жылдық болшақта оқушылар санының динамикасынан өзгерісті күтуге болады. Егер өткен оқу жылында мектеп оқушыларының жалпы саны қысқарса, алдағы бес жылда олардың көбеюі күтілуде. Оқу жасына дүниеге келудің айтарлықтай өсуі байқалған 2000 жылдардың ұрпақтары қосылуда. Сәйкесінше жақын арада оқушы орнының жетіспеуі күшейе бастайды. Егер ағымдық кезеңде оқушылар саны 34484 адам болса, 2015 жылы ол 38000 адамды құрайтын болады.

Қаладағы педагогикалық мамандардың саны 2993 адамды құрайды, оның 391-і – жоғарғы санатты, 1022-і – 1-ші санатты, 904-і – 2 санатты, 676-сы санатсыз мұғалімдер.

Соңғы бес жылда қала бойынша 8 мектеп түгел жөндеуден өтті. Пайыздық қатынаста 44%-ды құрайтын 20 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. ТЖ-дың зерттеу актіне сәйкес №40 ЖББМ апат күйінде деп танылды.

Әлеуметтік жетімдік, қараусыздық және қадағалаусыздық, құқық бұзушылық және қылмыс саласында алдн алу және ескерту шараларын жүргізу. Қалада 0-18 жас аралығында 923 жетім және ата-аналарының қарауынсыз қалған балалар бар, олар осы жастағы жалпы балалар санының 1,2%-ын құрайд. Оның ішінде 435 бала – қамқорлыққа берілген, 48 бала – қазақстандық азаматтар отбасындағы патронаттық тәрбиесінде, 440 бала білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қолдай жүйесінің 8 мемлекеттік мекемесінде тәрбиеленіп жатыр. 2005 жылы жетім және ата-аналарының қарауынсыз қалған балалардың саны – 1044, 2006 жылы – 1253, 2007 жылы – 1308, 2008 жылы – 1096, 2009 жылы – 997, 2010 жылы – 923 баланы құрады. Көріп отырғандай, соңғы бес жылда жетім және ата-аналарының қарауынсыз қалған балалар санының өсуі асырап алу, қамқорлықты рәсімдеу және патронаттық тәрбиеге беру есебімен кеміді.

Мектептен тыс ұйымдар желісі 9 мектептен тыс ұйымдардан тұрады. Балаларды мектептен тыс біліммен қамтамасыз ету 8371 адамды немесе жалпы оқушылар санының 27%-ын құрайды (компьютерлік, тілдік, әдеби және т.б. оқыту).

Мектептердегі екі ауысымдық жұмыстың жоғары жүктемелігі түрлі бейіндегі сабақтан тыс оқыту және тәрбие бағдарламаларын жүйелі және кеңінен өткізуге мүмкіндік бермейді. Бейіндік пәндер бойынша бұрынғы мектептен тыс үйірмелер тәжірибесі тез қысқарды (ҰБТ-ға дайындықты санамағанда). Дарынды балалармен жұмыс орталықтарының қызметін атап өтуге болады («Дарын»), дегенмен бұл қызмет қаланың жалпы білім беретін мектептеріндегі барлық балалар контингентін қамтымайды.

Есеп беру кезеңде мұғалімдер саны 3368 адамнан 3164 адамға қысқарды.

Білікті мамандардың өндіріске, шағын және орта бизнеске кету тенденциясы сақталып отыр. Жас мамандар еңбектің төмен деңгейдегі төлемінің салдарынан мектепте және ТжКО жүйелеріне жұмыс істеуге жігерленбейді.



Техникалық және кәсіби білім. 8 мемлекеттік кәсіби-техникалық мектептерде 4010 оқушы, 17 колледжде 18943 оқушы білім алады. Жалпы алғанда, соңғы бес жылда кәсіби-техникалық мектептерде білім алатын оқушылар саны айтарлықтай өзгермеді. (2005 жылы -3953 адам, ал 2009 жылы – 3835 адам).

2006 жылдың желтоқсан айында облыстық Маслихат сессиясының шешімі бойынша «2007-2009 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысындағы жұмысшы мамандарды кәсіби дайындау жүйесін модернизациялау» аймақтық бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаны іске асыруға байланысты шараларға 3 036 млн. теңге соммасындағы қаражат жоспарланды.

Оқу орындарының материалды техникалық базасын жетілдіруге жергілікті бюджеттен 3 жылға 786,1 млн.теңге бөлінді (сондай кезеңде республика бойыша 23%-ды құрайды).

Орал қаласының №1 кәсіптік лицейінің базасында бағдарламалық оқытудың интернеттік құралдарымен жабдықталған, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде сандық бағдарламаларды басқару арқылы станоктарда жұмыс жасауға мүмкіндік беретін «ЧПУ-Орталық» құрылды.

Мұнай, газ және салалық технологиялар колледжінде австриялық өндірістің жоғары техникалық дәнекерлеу құралдарымен жабдықталған дәнекерлеу өндірісі мамандарын дайындауға арналған орталық құрылды.

Барлық кәсіби лицейлерде Интернетке шығатын қазіргі заманғы дербес компьютерлермен жабдықталған СДБ (сапаны дербес бағалау) кабинеттері ашылды.

Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникалық техникалармен, оқытудың интерактивтік құрылғыларымен жабдықталу деңгейі қала оқу орындарында жоғары екенін өтуге болады. Орташа алғанда 1 компьютерге 10 оқушы келеді, оқу үрдісінде 80 интерактивтік тақта қолданылады.

Барлық оқу орындарында ақпараттық-техникалық және проекциялық техникалармен (дербес компьютерлермен, мультимедиялық проекторлармен, принтермен, сканермен және басқа да техникалық құралдармен) жабдықталған арнайы пән мұғалімдерінің орны қалыптастырылған.

Соңғы 15 жылдың ішінде алғаш рет бюджет қаражаты есебінен жалпы соммасы 12,3 млн.теңгені құрайтын жаңа ұрпақтың (соның ішінде мемлекеттік тілдегі) арнайы пәндері бойынша оқулықтар мен методикалық нұсқаулықтар алынды.

Бұл шаралардың барлығы алдымен оқушыларды дайындау сапасын арттыруға бағытталды. Бітірушілердің кәсіби дайындығына жасалған сапаның дербес бағасын өткізу қорытындысы бойынша үйлесім сертификатын барлық оқушылар санының 79,3%-ы, орташа республикалық көрсеткіш бойынша 65%-ы алды.

Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан аймақтары ішінде Батыс Қазақстан облысы 3-орынды иеленеді (2008 жылы республика бойынша 6-орын).

Жұмыс берушінің талабына жауап беретін бітірушілердің жаңа оқыту құрылғылары мен техниканы қолдануы еңбек нарығындағы олардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттуға мүмкіндік беріп, өткен жылдағы жұмысқа орналасу пайызын 83,4%-ға дейін арттырды (2006 жылы – 76%, 2007 ж. – 78%, 2008 ж. - 81,4%).

Экономиканың артықшылық секторлары бойынша тірек оқу орындарын құру мен нығайту жұмыстары жүргізілді. Бұл нақты оқу орындарындағы материалдық және кадрлық ресурстарға бағытталуға мүмкіндік берді:


  • 1 кәсіби мектеп мұнай газ машиналарын жасау саласындағы мамандарды даярлау бойынша тірек орталығы болды;

  • 4 кәсіби мектеп құрылыс кәсіпорындар мен ұйымдары үшін мамандарды даярлау бойынша тірек орталық болды;

  • 12 кәсіби мектеп көлік-коммуникациялық сала үшін мамандарды даярлау бойынша тірек орталық болды және аймақтық орталықтың статусын иеленді;

Мемлекеттік дайындау жүйесімен қатар жұмыс мамандарын қысқа мерзімді даярлаудың ведомствалық жүйесі дамып келеді (4 орталық).

Оқытудық бұл сегментіндегі негізгі мәселелер төмендегідей жағдайлармен байланысты:

- жұмысшы мамандардың мамандықтары бойынша қажеттіліктің ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесі жоқ;

- мұғалімдер мен ТжКБ оқушыларын дайындау бағдарламасын кәсіпорындардың әлсіз қолдауы және ол бағдарламаларға қатысудан алшақ болуы;

- оқушыларды жатақханалармен қамтамасыз етудің төмен дәрежесі.

Жоғары білім беру қала бойынша оқытудың барлық формаларында 25985 студенті бар 2 мемлекеттік және 2 біріккен жеке ЖОО-мен жүзеге асырылады (Батыс Қазақстан қалалары бойынша ең жоғарғы көрсеткіш).

Негізгі мәселелер

- сұранысқа ие мамандықтарды дайындаудың ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесінің жоқтығы салдарынан мамандықтардың тиімсіз қайталауының болуы;

- жоғары мектепке арналған мамандарды даярлаудың жүйеленген саясаты жоқ болуы;

- ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстары деңгейінің жеткіліксіздігі.

Оқу орындарын бітірушілердің халықаралық жобадағы стандартпен сәйкестігінің жеткіліксіздігі маңызды мәселе болып табылды. Орал қаласында ашылған Батыс Қазақстан мұнай-газ және серверлік технологиялар орталығы, ЗҚО-дағы «International Ultimate Training Center» ЖШС бұл мәселелерді шешудің бір жолы болып табылады.

Бұл ұйым қазақстандық оқу орталығы болып табылады, оны халықаралық тәжірибесі мен жер шарының түрлі бөліктерінде (Ангола, Алжир, Тунис, Ливия, Дания, Норвегия, Италия, Франция, ТМД елдері, Румыния, Болгария, Нидерланды, Ұлыбритания) жұмыс жасаған мамандар басқарады.

Қазіргі таңда «IUTC» ЖШС ШҚО мен БҚО-ның ЖОО мен колледж түлектері ішінен тау-кен және мұнай-газ өнеркәсіп салалары бойынша техникалық мамандар мен жетекшілерді қайта даярлау жобасын жүзеге асырады. 2010 жылы жетекшілерді қайта даярлау бағдарламасы бойынша 200 адам, техникалық мамандарды даярлау бойынша 1500 адам осындай дайындықтардан өтті.

Орталық кеңседе және оқу далалық полигонында өзіндік 70 оқыту методикасын қолданады.


жүктеу 2,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау