4 основные направления, цели, задачи, целевые индикаторы и показатели результатов


-сурет Қаржыландыру көздері бойынша негізгі қаражаттағы инвестиция құрылымдары, %



жүктеу 2,58 Mb.
бет4/12
Дата14.11.2018
өлшемі2,58 Mb.
#20198
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2-сурет

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі қаражаттағы инвестиция құрылымдары, %



Қайнар көздері: Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттілігі, Интернет ресурсы: www.stat.kz
Қала экономикасында шетел инвестициялары маңызды рөл атқармайды. 2009 жылы олардың үлесі жалпы көлемде 3,0%-ға тең болды. Қаладағы шетел инвестициялары негізінен сауда, қоғамдық тамақтану және қонақ үй бизнесі сияқты табыстырақ салаларға бағытталған.

2015 жылға дейінгі кезеңде елдің жеделдетілген индустрилизацияның негізгі басым саясаты экономиканың дәстүрлі экспортқа бағытталған секторларындағы ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болады.

2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан республикасының жедел индустриялық-инновациялық дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында Батыс Қазақстан облысының жедел индустриялық-инновациялық дамуы бойынша аймақтық Координациялық Кеңес жұмыс жасайды, индустриализациялаудың республикалық және аймақтық Картасы жүзеге асырылуда.

2-кесте


Индустриализациялау Картасының шеңберіндегі жүзеге асырылып жатқан жобалар




Жобаның атауы

Жобаға арыз беруші

Сала

Жүзеге асыру кезеңі, жылдар

Кезеңдегі жылдық орташа жұмыс орны:

Инвестиция көлемі, млн. теңге

Оның ішінде жеке қаражат

Несиеге алынған қаражат

Бюджеттік қаражат

Басқалар

Құрылыс

Пайдалануға беру

2010 жылдың 1-жарты жылдығында енгізілгендер

1

Орал ҚЖЭС-ның құрылысы ГТЭС (№1 турбоблок)

«Орал қ-дағы ҚЖЭС-н құрылысын салушы дирекция» ЖШС

Мұнау өңдеу және мұнайгаз секторының инфрақұрылымы

қазан 2008 - желтоқсан 2010 (1-ші тұррба блокты аяқтау – маусым 2010)

125

48

10285

300

6520 ("БРК" АҚ)

-

3465 (ҚПО б.в.)

 

БАРЛЫҒЫ

 

 

 

125

48

10285

300

6520

-

3465

2010 жылдың 2-жарты жылдығында енгізуге жоспарланғандар

2

Металлоконструкцияларды ыстықтай мырыштау бойынша өндіріс қызметтерін ұйымдастыру

«Оралагроераммаш" АҚ

Машинажасау

қаңтар 2009- қараша 2010

18

55

239,3

71,3

168 (ДКБ-2020)

-

329 (ҚПО б.в.)

3

Полиэтилендік бұйымдарды шығару өндірісін ұйымдастыру

«Алим" ЖШС

Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру

мамыр 2010- қараша 2010

-

30

304,6

105,2

199,4 (ДКБ-2020)

-

-

4

Ұсақ дисперстік фракциядан жасалған есік өндірісі цехын ұйымдастыру

"Алтимқұрылысдеталі" ЖШС

Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру

наурыз 2009- желтоқсан 2010

-

18

250

106,5

143,5 ("БТА банк" АҚ)

-

-

5

Газ өндіру агрегаттары мен газотурбиндік электр станцияларын жасау және дайындау

«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ

Машина жасау

Қараша 2009-

Желтоқсан - 2010



50

50

3000

860

2140

-

-

 

Барлығы

 

 

 

68

153

37939

1143

2650,9

-

329

Инновациялық іс-әрекет – бұл нарыққа енгізілген жаңа немесе жетілдірілген өнімдегі идеялардың өзгеруімен байланысты іс-әрекеттің түрі, практикалық істе қолданылатын жаңа немесе жетілдірілген үрдіс, әлеуметтік қызмет көрсетудегі жаңа әдістеме.

Кәсіпорын белсенділігінің инновациялқ деңгейі инновациялық-белсенді кәсіпорындар санының қатынасы ретінде анықталады, яғни қаралатын кәсіпорындардың жалпы санындағы инновациялық іс-әрекеттің қандай да болмасын түрімен айналысатындары.

Талдау кезеңінде бұл көрсеткіш өзгермей, 1,5%-дық деңгейде қалды. 2005-2007 жылдармен салыстырғанда 2009 жылы инновациялық өнімдердің көлемі отра есеппен 37,3%-ға қысқарғандығы байқалды. Мұндай инновациялық белсенділік көлемінің қысқаруы тек қалаға емес, жалпы облыс пен Қазақстанға тән. Соңғы екі жыл ішінде инновациялық істің қысқаруының себебі қаржы құралдарының жеткіліксіздігі және кейбір жағдайда оның болмауы.

2009 жылғы қаладағы инновациялық-белсенді кәсіпорындардың саны 12 бірлікті құрады, оның ішінде 10-ы зерттеу мен дайындауды орындады. Инновация саласындағы қала кәсіпорындарының белсенділік деңгейі 4,5%-дық құрады және олар негізінен жаңа технологияларды енгізумен, «ноу-хау» технологияларын иеленумен байланысты.

Орал қаласындағы технологиялық инновациялармен айналысатын ірі ғылыми-зерттеу институттарына «Микрография» ҒЗИ» ЖШС, «Гидроприбор» ЖШС жатады.

«Гидроприбор» ЖШС-нің құрылған шағынан бастап кәсіпорын батып кеткен нысандарды (кемелерді, ұшақтарды және басқаларды) іздеу мен зерттеу үшін қолданылатын өзі жүретін және тартатын су асты аппараттарын жасауға арналған 10 жоба дайындады. Қазіргі уақытта кәсіпорында кемені, робот техникасын, энергияның қайта қалпына келтіру көздерін, мұнайгаз саласына арналған стандарттан тыс құрылғыларды жасау бағыттары бойынша жобалау, ұсақ сериялы өндіру және инжирингтік қызмет көрсету үшін қажетті өндірістік және зертханалық-зерттеу базалары (әуединамикалық тұрба, көлемі 69х5х6 м гидродинамикалық бассейн, 1000 кг/кв.см қысымға арналған автоклавтар, климотермобарокамералар, виброқабырғалар, механикалық сынақ қабырғалары, сонымен қатар Шалқар көліндегі сынақ базас) бар.

Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы кезіндегі пайда болатын қазақстандық мазмұндағы сұрақтардың негігі міндеттерін іске асыру мақсатында 2009 жылдан бастап ұлттық компаниялар мен кен өндірушілерді сатып алуда қазақстандық мазмұндылықты өсіруге, ұлттық өндірушілермен байланысты нығайтуға, отандық өндірушілерді қолдауға қатысты кезекті жұмыстар жүргізіледі.

Өнімнің өтіміне байланысты мәселерді шешуде қаладағы өнеркәсіптік кәсіпорындарға қолдау көрсету мақсатында кәсіпорындарды қазақстандық мазмұндылықты кеңейту шеңберіндегі тапсырыспен қамтамасыз етуге байланысты белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.



Сапа менеджментінің жүйесі. Қазіргі кезде халықаралық стандарттарға сай (ИСО-ға байланысты 9000, 14000, 22000, ОНSAS 18000. SA 8000 сериялары) сапа жүйесінің сертификаттарына қаланың 28 кәсіпорындары мен ұйымдары, оның ішінде 6 құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыратын кәсіпорындар бар.

Сапаның халықаралық стандарттарын енгізуге байланысты кәсіпорындарды жігерлендіру, сапа менеджменті жүйелерінің мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты насихаттау мақсатында, үстіміздегі жылы қалада Техникалық реттеу комитетінің және ҚР-ның МИНТ метрология өкілдерінің, сонымен бірге бірқатар мемлекеттік органдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындарында және шағын және орта бизнес кәсіпорындарында сапа жүйесін енгізумен айналысатын компаниялардың өкілдерінің қатысуымен семинарлар өткізілді.

Халықаралық стандарттардың талаптарына сай келетін сапа жүйесін енгізу Кедендік одақ жағдайындағы кәсіпорынның экономикалық потенциалын көтеруге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бұл фактор жауапты кәсіпорындар үшін өте маңызды, себебі ол Бүкіл әлемдік сауда ұйымдарының қатарына кіруге өзінше бір рұқсатнама болып табылады.

Өз кәсіпорнында сапа менеджментінің жүйесін құрып, оның халықаралық стандарттарына келгендігі туралы сертификат алса, кәсіпорын халықаралық нарыққа табысты шығу кепілдігі мен өз тұтынушыларының сеніміне ие болып қана қоймайды, сонымен бірге бірқатар артықшылықтарға да қол жеткізеді.



Ауыл шаруашылығы. Қаланың ауыл шаруашылығы 33 ауылшаруашылық қалыптасуларымен анықталады. Оның негізгі мамандандырылуы - өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру. АӨК-нің негізін құрайтын ауыл шаруашылығында өнімнің жалпы көлемі 2009 жылы 2,3 млрд. теңгені құрады.

Сала БҚО–ның барлық ауылшаруашылық өнімінің 4% шамасын, оның ішінде өсімдік шаруашылығының барлық өнімінің 12,1%-ын, мал шаруашылығының жалпы өнімінің 20,8%-ын қамтиды.

2009 жылы ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге республикалық бюджет қаражаты есебінен 144,7 млн.теңге көлемінде қаржы төленді. Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер АӨК-нің мамандандырылған қаржы ұйымдарынан 34,5 млн. теңге соммасында несие алды.

Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің негізгі категорияларына зерттеу мерзімінде саны өзгеріссіз қалып отырған халықтың үй шаруашылығы, ауылшаруашылық кәсіпорындары, жеке қожалықтар (фермерлік шаруашылық) кірді.

Қаладағы ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерінің негізгі өнімдері – қой шаруашылығының өнімдері, картоп және бақша өнімдері, сүт, ет, жұмыртқа.

2009 жылы облыс өндірісіндегі қаланың өсімдік шаруашылығы өнімдерінің үлесі: картоп – 12,64 мың тонна, көкөніс өнімдері – 7,83 мың тоннаны құрады. Бұл өндірушілердің өз-өздерін қамтамасыз етуге, сонымен қатар ішкі нарыққа жеткізуге кетеді. Тамшылап жер суару 16,7 гектарлық ауданда қолданылады.

2009 жылы ауа райының жайсыз жағдайына байланысты (ұзақ атмосфералық және топырақтық құрғақшылық) дәнді дақылдар алаңының 40% (7,3 мың.га) шамасы қурап қалды. Барлығы 11,1 мың га дәнді дақыл жиналды және оның барлық жиналғаны 4,3 мың тоннаны құрады. Бұл орташа егін шығымдылығының 3,9 ц/га-на тең. Қаланың ауылшаруашылық тауарларын өндірушілеріне сақтандыру компаниялары 13,1 млн.теңге төледі.

Дәнді дақыл саласы жазғы және күзгі бидайды, арпаны, тарыны және күзгі қара бидайды өсіруде мамандардырылады. Табиғи-климаттық жағдай құрамында ақуызы мен ұлпасы көп, дәнді дақыл нарығында үнемі сұранысқа ие бидайды өсіруге мүмкіндік береді.

Жеміс-көкөніс өнімдерін сақтауға арналған сыйымдылығы 4-5 мың тонналық қазіргі заманғы 1 көкөніс сақтау орны бар. Бақ шаруашылығын қайта жандандыру мақсатында жұмыс жүргізілуде.

Өсімдік шаруашылығын дамытуға кедергі болатын негізгі мәселелер қатарына оңайлатылған технологияларды қолдану, ауылшаруашылық машиналардың және техникалық құралдардың жоғары дәрежеде істен шығуы жатады. Бұлар төмен дәрежедегі еңбек өнімділігіне, дәнді дақыл және көкөніс өнімдеріне зиян тиетін карантиндік, зиянды және аса қауіпті организмдердің таралуына негіз болады.

2009 жылы қалалық ауыл шаруашылықтың мал өсіру саласында облыстық ауылшаруашылық өндірісінің жалпы көлемінің 2% шамасында ет, 2,5% сүт, 54,2% жұмыртқа өндірілді.

Ет пен сүттің негізгі көлемімен – сәйкесінше 70% және 97%-бен шағын тауарлы үй шаруашылығы, қалалық ауылшаруашылық өндірісіндегі жұмыртқа өндірісінің жалпы көлемінің 94%-мен қалалық ауылшаруашылық кәсіпорындар қамтамасыз етеді.

Шағын тауарлы өндіріс, малдың аз дәрежедегі өнімділігі, әлсіз азық базасы қаладағы мал шаруашылығының қарқынды дамуын баяулататын факторлары болып табылады. Қазіргі заманғы бордақылау алаңдарын, сүт тауарлары фермаларын және мал шаруашылығы кешендерін құру үшін мемлекеттік қолдау мен инвестицияларды тарту көлемін ұлғайту, ірі масштабта мал селекцияларын жүргізу мал шаруашылығын жедел дамытудың қажетті шарттары болып табылады.

АӨК-нің ғылыми потенциалы саланы дамытудың негізі болады және ауыл шаруашылық ісінің тиімділігін арттырудың алғы шарттарын құрады. Аграрлық ғылыммен агро-өнеркәсіптік кешендері үшін мамандар дайындайтын Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті және Орал ауылшаруашылық тәжірибелік станциясы айналысады. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ инновациялық-консалтингтік орталық тайпалық мал шаруашылығын және облыстағы ветенарияны дамыту бойынша ғылыми-практикалық көмек көрсетеді. Орал ауылшаруашылық тәжірибелік станциясында малдың етті сортын бөлуге байланысты жұмыстар жалғасуда, дәнді дақыл өнімдерінің сорттарын байқау жүргізіледі, майлы өнімдерді және көп жылдық шөптерді өндеудің технологиялары жасалды.



Ауылшаруашылық шикізаттарын өңдеу. Соңғы бес жылда өңдеу саласында тұтынушылар сұранысының өсуінің, сектордың инвестициялық тартымдылығының, эскпорттық мүмкіндіктің кеңейтілуінің және шикізат базасының дамуының тұрақты өсу қарқыны орын алуда.

Өңдеу өнеркәсібі саласының ішінде дәнді дақыл және ет өнімдерін өңдеу дамыған. Қалада 8 мал сою цехы жұмыс істейді, оның біреуі Круглоозерное ауылында орналасқан. «Ел- Ырысы» коммуналды базарының территориясында мал сою цехының құрылысы басталды. Оған бюджеттен 76 млн. теңге бөлінді, оның құрылысын 2010 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Мал сою цехының өнімділігі – тәулігіне 10 бас.

2005 жылмен салыстырғанда 2009 жылы астық өндіру 1,7 есеге, жарма – 1,6 есеге, макарон өнісдері – 3,1 есеге көбейді. Ет және азық-түлік субөнімдерін өндіру 5,8 есеге, шұжық өнімдері және ақ май (қаймақтан жасалған май) 2,3 есеге өсті. Бұл ол облыс көрсеткішінен жоғары болды. Дегенмен сүт саласында өңделінген сүтті және қаймақты алу 80%-ға жақын, ірімшік пен сүзбені алу 70%-ға кеміді. 2009 жылы жылдық қуаттылығы 7,4 мың тонна өсімдік майын өндіру зауытын, жылдық қуаттылығы 38 мың тонналық астық диірмені кешенін салуға байланысты ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылды.

Шығарылатын өнімдердің сапасын жақсартуға және кәсіпорындардың халықаралық стандартқа, қазіргі уақытта қалалық сала кәсіпорындарының барлығы енгізген ИСО мен ХАССП халықаралық стандарттарына негізделген сапа менеджменттік жүйесіне ауысуға байланысты жұмыстар жалғасуда.

Шикізат ресурстары (дәнді дақыл, майлы дәндер, ет, сүт, жүн) өңдеу өнеркәсіптерінің қажеттіліктерін толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Астықтың, макарон өнімдерінің, ет өнімдерінің өндірістің көлемі қала мен облыстың ішкі қажеттілігін толықтай қамтамасыз етеді, артығы облыс сыртында іске асырылады. 2009 жылы 32,3 мың тонна астық, 1,0 мың тоннадан астам макарон өнімдері экспортталынды.

Сонымен қатар, сүт өндіру үлесі аз болып қала беруде (өндіріс көлемінің 8%-ы), ішкі сауда нарығына көп мөлшерде ет-сүт, май өнімдері және жеміс-көкөніс консервалары сияқты импорттық өнімдер келіп түседі. 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы өңделген ауылшаруашылық өнімдерін импорттаудың жалпы көлемі 1,2 есеге өсті. 2009 жылы жалпы соммасы 2,8 млрд.теңгелік ауылшаруашылық өнімдері мен сауда тауарлары экспортталды. Дәнді дақыл мен оның өңделген өнімдері ең ірі экспорттық позициялар болып табылады.



Ауыл территорияларының дамуы. 1.01.2010 ж. Орал қаласының ауылдық территорияларының даму мониторингі қортындысы бойынша халқының саны 51254 адамды құрайтын 9 ауылдық елді мекендері енген 4 ауылдқ округтер бар. Онда 69 ЖШС, 17 АҚ, 33 ШҚ және 198 ЖК қызмет атқарады.

Ауылдық округтерде 3916 бас ірі қара мал, 244 бас жылқы, 200 мыңнан астам құстың барлық түрлері бар.

2010 жылдың басында ауылдық елді мекендерде 9 мектепке дейінгі ұйымдар, 5329 оқушысы бар 9 мектеп жұмыс істеді.

Желаево ауылында №2 мектептен тыс жұмыс орталығы ашылды, Зашаған ауылдық округінің «Болашақ» шағын ауданында 280 орындық «Болашақ» бала бақшасының құрылысы аяқталды, өңдеу жұмыстарынан кейін «Жазира» және «Алтын сақа» бала бақшалары ашылды. Зашаған ауылында 200 кереует-орындық көп бейіндік балалар ауруханасы пайдалануға берілді, Жазира және Круглоозерное ауылдарында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы жүргізіп жатыр. Ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Круглоозерное, Серебряково ауылдарында, Желаев ауылдық округінің «Жұлдыз» шағын ауданында, Зашаған ауылының «Жақсы ауыл» шағын ауданында жеке құрылыстарды сумен қамту бойынша жұмыстар жүргізілді. Зашаған ауылында насос стациясы салынды, су бағаналары қондырылды.

Деркөл ауылдық округінің Ливкино ауылынан басқа барлық ауылдық елді мекендер телефонмен, электр жарығымен қамтамасыз етілген. Ауылдық мекенде тұтынушылардың көп бөлігі газбен қамтылған.

Ауылдағы қоғамдық қауіпсіздікпен саны нормативке сәйкес келетін учаскелік бөлімшелер қамтамасыз етеді.

Қаланың селолық округтерінде ауыл жолы және электр желілердің істен шығуы, білікті мамандардың, соның ішінде дәрігерлердің таптышылығы сияқты мәселелер шешімін таппай отыр.

Құрылыс. Дағдарысқа дейінгі кезеңде құрылыс қызметі қала экономикасының қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі еді, дегенмен 2008-2009 жылдар аралығында құрылыс жұмыстарының көлемі 2008 жылғы 52%-ға қысқарды, ал 2009 жылы тек 3,6%-ға ғана өсті.

3-сурет


Құрылыс жұмыстарының көлемі, млрд. теңге



Қайнар көздері: Батыс Қазақстан облыстық статистика департаменті, Интернет ресурсы: www.stat.kz
2009 жылы қалада құрылыс жұмыстарын 40 құрылыс ұйымдары атқарды, олардың біреуі – мемлекеттік, 39-ы – жеке меншік ұйымдары. Зерттелген кезеңде құрылыс жұмыстарының негізгі көлемін жеке меншік кәсіпорындары атқарады (2005 жылы жеке меншік кәсіпорындары құрылыс жұмыстарының 90,8%-ын, 2009 жылы 99,4%-ын атқарды). Қарастырылып отырған жылдар бойынша салынған ғимараттардың саны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі, пайдалануға берілген жалпы тұрғын үй алаңы азайып келеді. Бұл бірінші кезекте, дайындық жұмыстарының ауқымы айтарлықтай төмендегендігін білдіреді (жер учаскелерін сатып алу, нөлдік айналым жұмыстары және т.с). Құрылыстың негізгі мазмұны бұрын басталған жобаларды аяқтаумен, жаңа құралыс нысандарының жоқтығымен сипатталды.

Қаланың құрылыс индустриясындағы маңызды сегмент тұрғын үй құрылысы болып табылады: 2005-2009 жылдар аралығында 765,9 мың кв.м жаңа тұрғын үйлер, оның ішінде 297,3тыс. кв м. ипотекалық және коммуналдық тұрғын үйлер және 2010 жылы 100 мектеп, 100 аурухана Бағдарламасы бойынша 11328 кв.м. тұрғын нысандар енгізілді. 5-суретте көрсетілгендей жеке құрылыстың жалпы көлемдегі үлесі өсіп отыр және ол негізгі болып табылады.

7-кесте


жүктеу 2,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау