82. Қызба. Анықтамасы, түсінігі және сипаттамасы. Қызба сатылары.
Қызба, жылу реттеу - қоршаған орта температурасының өзгерістері жағдайында белгілі бір түр үшін оңтайлы дене температурасының сақталуын қамтамасыз ететін физиологиялық процестер жиынтығы.
Гипертермия түсінігі: Гипертермия қабыну процесімен н/е бас миындағы терморегуляция бұзылуынан болатын көптеген аурудың симптомы. Адамның дене t 37,5 асқанда гипертермия д.а Екіге бөлінеді Инфекциялық және инфекциялық емес.
Себебі: инф (вирус, бактерия, саңырауқұлақ , паразиттер) инф аллергиялық ( коллагеноз, туберкуллез, бруцеллез, ревматизм). Аллергиялық( сарысулық , анафилаксиялық ауру)
Екі аптаға дейін жалғасатын гипертермия ол инф-мен байланысты. Егер екі аптадан ассса белгілібір жалпы аурумен негізделген.
Гипертермия интерлейкин 1 дің әсерінен иммуноглобулин Е синтезделеді. иммуноглобулин Е синтезделеді гипоталамус орталығын активтендіреді.
Түрлері: субфебрилді 37,2-37,9 Аз фибрильді38-38,9 жоғары фибрилді 39-40, гипертеримиялық 40
Емі антипиретикалық әсер ететін парацетамол 10-15мг/кг, ибупрофен 5
Цефтриаксон80 мг/кг, аугментин 30 мг/кг
қызба - әрі бүліндіргіш, әрі қорғаныстык, компенсациялық құбылыстармен сипатталатын біртектес дерттік үрдістерді айтады.
Дене қызымы организмнің тіршілігін
сипаттайтын белгілі тұрақты физиологиялық көрсеткіштің бірі болып келеді. Ол организмнің күрделі термореттеу механизмдерімен қамтамасыз етіледі және
қалыпты жағдайда 36,5-37°С деңгейінде ұсталып тұрады.
Организмнің термореттеу механизмдері жогары деңгейге көтерілгенде дене қызуы пайда болады.
Пайда болу себептері:
Тікелей ОЖЖ-нің жылу реттеу орталығын зақымдайтын аурулар (ісіктер, миға қан құйылу, тромбоз және т.б.)
Бактериялармен, вирустармен, паразиттермен шақырылатын барлық инфекциялық аурулар
Механикалық жарақат
Жаңа түзілістер (лимфома, лейкоз, бүйрек карциномасы)
Гранулематозды аурулар ( саркоидоз, Крон ауруы)
Иммундық бұзылыстар ( дәнекер тіннің аурулары, дәрі – дәрмектік аллергия)
Өткір тамырлық бұзылыстар (тромбоз, мидың, өкпенің, миокардтың инфарктісі)
Метаболизм бұзылыстары (тиреоидты криз, бүйрекүсті безінің кризі)
Дәрі – дәрмектің әсерінен ( нейролептикалық синдром)
Гемопоэз бұзылысы ( өткір гемолиз)
Адамның дене температурасы - бұл организм ішіндегі жылу түзілу мен тері, өкпе, фекалий мен зәр арқылы шығарылатын жылу арасындағы баланс. Бұл процесстер гипоталамуспен реттеледі.
Температураның жоғарылауына әкелетін жағдайларда гипоталамус симпатикалық нерв жүйесіне
қантамырлардың кеңеюіне(вазодилятациясына),
тердің көп мөлшерде бөлінеуіне бұйрық береді. Нәтижесінде жылу берілу жоғарылайды.
Температура төмендеген жағдайда гипоталамус жылуды терінің қантамырларын тарылту және бұлшықеттік діріл арқылы ұстап қалуды бұйырады.
Гипоталамусты активтендіретін факторлар пирогендер (экзогенді және эндогенді) болып табылады.
Экзогенді пирогендерге жатады:
инфекция қоздырғыштары (бактерия, вирус,
саңырауқұлақ, паразиттер) және олардың токсиндері;
нәруыз алмасуының қалдықтары (мысалы:резорбционді қызба, некроз,инфаркт,гемолиз,күйіктерәсерінен);
аллергендер мен иммунды комплекстер (коллагеноздар);
басқа патогенді факторлар.
Гипоталамустың жылу реттеу орталығына тікелей емес, эндогенді пирогендер арқылы әсер етеді.
Эндогенді пироген – қанның моноцит жасушалары мен бауырдың, талақтың, өкпе мен құрсақтың макрофагтарымен өндірілетін төменмолекулярлы белок.
Әсер ету механизмі:
Эндогенді пироген жасушадан босағаннан кейін гипоталамустың преоптикалық бөлігіндегі термосезімтал нейрондарына әсер етеді де, серотониннің көмегімен
простогландиндер Е1, Е2 және цАМФ индицирленеді.
Бұл биологиялық активті қосылыстар, бір жағынан, гипоталамустың жылу өндіру қабілетін жоғары деңгейде
ұстап тұру үшін, екінші жағынан, тамырқозғаушы орталыққа өз әсерін тигізеді.
Нәтижесінде шеткері тамырларды тарылтып, жылу берілуді төмендетеді де, қызба туындайды.
Температураның көтерілу сатысы (stadium incrementum)
температураның жоғары деңгейде тұрақтану сатысы (stadium decrementum)
Температураның қалыпты деңгейге түсу сатысы.
Қызба сатылары
Температураның көтерілу сатысы.
Қызба кейде температураның жоғары деңгейге кенет, бірнеше сағаттың ішінде, тез (крупнозды пневмония, грипп, безгек, бөртпе сүзек т.б.), кейде біртіндеп, бірнеше күннің ішінде (іш сүзегі, қызылша т.б.) көтерілуімен басталады.
Бұл кезде организмнен жылудың сыртқа шығарылуы шектеледі де, денеде жылу өндірілу одан басым болады.
Шеткі қан тамыр тамырларының жиырылуынан және тер шығудың тежелуінен жылудың сыртқа берілуі төмендейді.
Бұлшық еттерде, бауырда және ішкі ағзаларда тотығу-тотықсыздану үрдістерінің артуына байланысты организмде жылу өндірілуі күшейеді.
Жиырылған қылтамырдарда қан айналымы баяулауына байланысты тері бозарып, суыйды.
Арқаның, қолдардың, кейде жалпы қаңқа еттерінің талщықтарының еріксіз жиырылулары болады.
Бұл кезде жиырылған еттер пайдалы жұмыс атқармайды ,тоңу сезімімен, дененің қалтырауымен қабаттасады.
Температураның жоғары деңгейде тұрақтану сатысы.
Қызбаның 1-сатысынан кейін дене қызымы белгілі деңгейге көтеріліп, сол деңгейде біршама уақыт тұрақтанып тұрады. Бұл кезде жылудаң сыртқа шығарылуы да жоғарлайды; тері қызарып, ысыйды, тыныс алу жиілейді. Бұл сатыда қызбаның келесі түрлерін ажыратады:
шамалы (субфебрильдік) қызба –дене қызымының 380С-ға дейін көтерілуі
орташа қызба -38-390С
қатты қызба -39-400С
асқын (гиперпиреттік) қызба -410С-тен астам көтерілуі.
Температураның қалыпты деңгейге түсу сатысы.
Қызбаның бұл сатысы жылудың сыртқа шығарылуының жылу өндірілуден басым болуымен сипатталады. Осының нәтижесінде дене қызымы қалыпты деңгейге дейін төмендейді. Организмде жиналған жылу тері тамырларының кеңуі, терлеу мен тыныстың жиілеуі арқылы сыртқа шығарылады.
Қызба типтері
Тұрақты немесе төзімді қызба – әрдайым дене температурасының жоғарылауымен бақыланады және тәулік ішінде таңғы немесе кешкі температуралар арасы 1⁰С аспайды.Крупозды пневмония, брюшной тиф, вирусты инфекциялар (м:гриппта) кездеседі.
Қызба типтері
Босаңситын қызба (ремитирующая) – әрдайым дене температурасының жағарылауымен бақыланады, бірақ температураның тәуліктік тербелістері 1⁰С асады. Туберкулез, іріңді қабынулар кезінде (мысалы; жамбастың абцессі, өтқуықтың эмпиемасы, жарақатты инфекцияларда) бақыланады.
Қызба типтері
Ұстамалы қызба (интерметирующая) – тәуліктік тербелістері босаңситын қызбада сияқты 1⁰С асады, бірақ таңғы температурасы қалыпты. Белгілі бір уақыт аралығында ғана температура жоғарылайды(көбінесе түскі 12 және түнгі уақытта). Малярия, цитомегаловирустық инфекцияларда, инфекционды мононуклеоз және іріңді инфекцияларда (м; холингитте) кездеседі.
Қызба типтері
4. Қайтарылған (извращенная) қызба – таңғы температура кешкі температурадан жоғары болуымен ерекшеленеді. Туберкулез, сепсис және бруцеллез ауруларында бақыланады.
Қалжырататын (гектическая) қызба – таңертең қалыпты температура болады да, бірақ тәуліктік тербелістері 3-5⁰С асады және көп мөлшерде тер бөлінуімен сипатталады.
Келбетсіз ( нерегулярная) қызба – бірнеше типті қызбалардың көрінуімен сипатталады. Ревматизм, эндокардит, сепсис және туберкулезде кездеседі.
Қызба формалары
Толқын тәрізді қызба – белгілі бір уақыт аралығында температураның көтерілуі мен төмендеуімен сипатталады. Жиі бруцеллез бен лимфогранулематоза-
да кездеседі.
Қызба формалары
Рекурентті – қалыпты температура қызбалық периодтарымен кезектесіп жүреді. Жиі қайтармалы тиф пен малярияда кездеседі.
Температураның түсу жолдары: Бір тәулік ішінде температураның күрт және тез арада қалыпты нормаға дейін төмендеуін кризис д.а.
2-4 тәулік аралығында аса маңызды емес кешкі жоғарылаумен сипатталатын
біртіндеп, сатылап температураның төмендеуін лизис д.а.
Қызба кезінде ағзалар мен жүйелердің өзгерістері:
Тахикардия. Дене температурасы мен пульс арасындағы арақатынас аса маңызды көңіл бөлуді қажет етеді. Дене қызымының 1⁰С көтерілуі әсерінен жүректің жиырылу жиілігі минутына 8-12 рет жоғарылаумен сиппатталады.
Терлеу. Тер бөлу – жылу берілудің бір механизміне жатқызылады. Тердің көп мөлшерде бөлінуі температура төмендегенде бақыланады. Температураның жоғарылауы кезінде керісінше тері әдетте құрғақ және ыстық болады.
Қалтырау. Бұл термин науқас ішкі діріл мен суықты сезінген жағдайларда сипаттау үшін қолданылады. Қалтырау шеткері артериолалардың тарылуымен және “қаз тері” пайда болуымен қосарланады. Кейбір жағдайларда бұлшықеттік дірілдің көрінуі соншалықты, науқас сөйлей алмай, шайнай бұлшықеттердің треморы байқалады.Терінің суық болуына қарамастан, дене қызуы жоғары болады.
Герпес.
Фебрильді сіңір тартулар. 6 айлық пен 5 жас арасындағы 5% балаларда кездеседі. Сіңір тартулардың пайда болуы температураның көтерілу жылдамдығына байланысты. 15 минуттан аспайды. Көп жағдайда қызбаның басында кездеседі.
Зәр анализіндегі өзгерістер. Бүйрек аурулары кезінде зәр құрамында лейкоциттер, цилиндрлер және бактериялар анықталуы мүмкін.
Емдеу шаралары.
Ескерілуі тиісті жағдайлар:
Өздігінен қызба адам өміріне қауіп төндірмейді. Әдетте инфекциялық ауруларда температураны төмендетпеген жағдайда ол 41⁰С аспайды.
Есте сақтау қажет, қызба организмнің қорғаныштық реакцияның бір көрінісі болып табылады. Сондықтан температураны төмендету ылғи да тиімді емес болып келеді.
Қызбаны басатын дәрі – дәрмектер кері әсер беруі мүмкін (агранулацитоз, синдром Рея)
Қызба аурудың жалғыз симптомы болуы мүмкін.
Қызуды түсіретін дәрілік препараттар:
Анальгин (Метамизол натрия )
Ибупрофен
Парацетамол
Аспирин (ацетилсалициловая кислота)
Достарыңызбен бөлісу: |