75. Қант диабеті: этиология, клиника, асқынулар. Қант диабеті кезіндегі өлім себептері.
Қант диабеті –бұл, ұйқыбезі гормоны – инсулиннің абсолюттік немесе қатысты жетімсіздігі салдарынан, қан құрамында қант деңгейінің созылмалы артуымен сипатталатын эндокриндік ауру. Ауру зат алмасудың барлық түрлерін, тамыр, жүйке жүйесі, сондай-ақ басқа жүйелер мен органдарды бұзуға әкеліп соғады.
Жіктемесі:
Ерекшеленеді:
1. Инсулинге тәуелді диабет (қант диабеті 1 түрі) негізінен балалар мен жас адамдарда дамиды;
2. Инсулинге тәуелді емес диабет (қант диабеті 2 түрі) әдетте 40-тан асқан, артық салмағы бар адамдарда дамиды. Бұл аса таралған аурудың түрі (80-85% жағдайда кездеседі);
3. Екінші қайтара болған қант диабеті;
4. Жүкті әйелдердің диабеті.
5. Тамақтанудың жеткіліксіздігінен болатын, диабет
1 түрдегі қант дибетінде, ұйқы безі жұмысының бұзылуына байланысты инсулиннің абсолюттік жетімсіздінен болады.
2 түрдегі қант диабетінде инсулиннің қатысты жетімсіздігі байқалады. Ұйқы безінің тіндері бұл кезде инсулинді (кейде тіпті артық мөлшерде) жеткілікті бөледі. Алайда, тіннің бетіндегі құрылым мөлшері азайған немесе қоршалған, бұл оның тінмен байланысын қамтамасыз етеді және глюкозаның қаннан тіннің ішіне түсуіне көмектеседі.
Тіндердегі глюкозаның жетімсіздігі инсулиннің одан да көп бөлінуі үшін дабыл болып табылады, бірақ бұл нәтиже бермейді, және уақыт өте келе инсулин өнімі біртіндеп азая түседі.
Себептері:
1 түрдегі қант дибетінің негізгі себебі ұйқы безінің тіндерін бұзатын, оған қарсы ағзада антителабөлінетін, иммундық жүйенің жаңылысынан болатын, аутоиммундық процесс болып табылады. 1 түрдегі дибеттің пайда болуын қоздырудың басты факторы, бұл ауруға генетикалық бейімділік фонындағы вирустық инфекция (қызылша, желшешек, гепатит, эпидемиялық паротит т.б.) болып табылады.
2 типтегі қант диабетінің дамуын қоздыратын негізгі факторлар екеу: семіздік және тұқым қуалаушылық:
1. Семіздік. Семіздіктің І дәрежесі болған кезде қант диабеті дамуының тәуекелі 2 есе, ІІ дәрежесінде – 5 есе, ІІІ дәрежесінде – 10 еседен артық артады. Аурудың дамуына семіздіктің абдоминалдық түрі – май іштің аумағына тарағанда көп байланысты болады.
2. Тұқым қуалаушылық. Ата-анасында немесе жақын туыстарында қант диабеті болғанда, ауру дамуының тәуекелдігі 2-6 есеге арта түседі.
Инсулинге тәуелді диабет біртіндіп дамиды және белгілерінің қалыпты көрінуімен байқалады.
Екінші қайталаған диабеттің болу себептері:
· ұйқы безі аурулары (панкреатит, ісік, резекция және т.б);
· гармонды табиғат (акромегалия, диффузиялы уытты жемсау,феохромоцитома) аурулары;
· дәрілер мен химиялық заттардың әсері;
· инсулин рецепторының өзгерулері;
· анықталған генетикалық синдром т.б.
Тамақтың жеткіліксіздігінен болатын диабет және жүкті әйелдердің қант диабетін жеке бөледі.
Диабеттің пайда болуына қандай себептер болуына қарамастан, салдары біреу:
ағза аспен түсетін глюкозаны (қант) толық көлемде пайдалана және оның артығын бауыр мен бұлшықеттерде қорлай алмайды.
Артық мөлшерде пайдаланылмаған глюкоза қанда (жартылай несеппен шығады) айналады, бұл барлық органдар мен тіндерге қолайсыз есер етеді. Өйткені, глюкозаның тінге түсуі жеткіліксіз, энергия көзі ретінде майларды пайдалана бастайды. Нәтижесінде, әсіресе бас миына, ағзаға артық мөлшерде кетондық дене деп аталатын уытты зат пайда болып, май, ақуыз және минералды алмасулар бұзылады.
Қант диабетінің симптомдары:
· шөлдеу (науқастар тәулігіне 3-5л және одан да артық сұйық ішуі мүмкін);
· жиі кіші дәретке (күндіз де түнде де) бару;
· ауыздың құрғауы;
· жалпы және бұлшықеттің әлсіздігі;
· тәбеттің жоғарылығы;
· терінің (әйелдерде әсіресе жыныстық мүшелері) қышуы;
· ұйқы басу;
· жоғары шаршағыштық;
· жараның нашар бітуі;
· 1 түрдегі қант диабетімен ауыратын науқастардың бірден арықтауы;
· 2 түрдегі қант диабетімен ауыратын науқастардың семіруі.
1 түрдегі (инсулинге тәуелді) қант диабеті әдетте, жылдам, кейде аяқ астынан дамиды. Инсулинге тәуелді диабет біртіндеп дамиды және белгілерінің қалыпты білінуімен ерекшеленеді.
Қант диабетінің асқынуы:
· жүрек-тамыр аурулары (тамырлардың атеросклерозы, жүректің ишемиялық ауруы, микард инфарктісі);
· перифериялық артерия атеросклерозы, оның ішінде аяқ артериялары;
· аяқтардың микроангиопатия (ұсақ тамырлардың зақымдануы);
· диабеттік ретинопатия (көз көруінің төмендеуі);
· нейропатия (сезімталдықтың төмендеуі, тері қабаттарының құрғауы және қабыршықтануы, аяқтарда болатын ауру мен тартылу;
· нефропатия (несеппен ақуыздың бөлінуі, бүйрек қызметінің бұзылуы);
· диабеттік табан – перифериялық жүйкенің, тамырлардың, терінің, жұмсақ тіндердің зақымдануынан табанның ауруы (жара, іріңді-некротиялық процестер);
· әртүрлі инфекциялық асқынулар (терінің жиі іріңдеп зақымдануы, тырнақ зеңдері т.б.);
· комалар (диабеттік, гиперосмолярлық, гипогликемиялық).
Бірінші түрдегі қант диабеті кейде әлсіздікпен, іштің ауруы, құсу, ауыздан ацетон исінің шығуымен көрінетін, жағдайының бірден төмендеуі. Бұл қанда уытты кетон (кетоацидоз) денесінің жинақталуы. Егер бұл жағдайды жылдам жоймаса, науқас есінен танады – диабеттік кома – және өліп кетуі мүмкін. Комотоздық жағдай инсулинді артық қолданған кезде және қанда глюкоза деңгейінің бірден төмендеуінен – гипогликемиялық кома кезінде пайда болады.
Қант диабетінің асқынуының алдын алу үшін үнемі емдеу және қан құрамындағы қанттың деңгейін ұқыпты бақылау қажет.
Қант диабетімен ауыратын науқас эндокринолог дәрігерде есепте тұруы тиіс.
Қант диабетін емдеуге кіретіндер:
· арнайы диета
инсулинді (инсулиндік терапия) күнделікті қолдану – бірінші түрдегі қант диабетімен ауыратын науқасқа және екінші түрдегі диабет күшейе түскен кезде қажет. Препарат жеңіл егу жасау жолымен арнайы қол-шприцінде шығарылады. Инсулинмен емдеу кезінде өз бетімен қандағы және несептегі (арнайы сызықтың көмегімен) глюкозаның деңгейін бақылау қажет.
· қандағы қант деңгейін төмендететін таблеткалар қабылдау. Әдетте, екінші түрдегі қант диабетін емдеуді осындай препараттардан бастайды. Ауру күшейе түскен кезде инсулинді тағайындау қажет.
Қант диабетімен ауыратын науқастарға дене жаттығулары пайдалы. Семіз пациенттерге салмағын төмендету емдік рөл атқарады. Өзіні өзі бақылау және дәрігердің ұсыныстарын нақты орындау аурулардың асқынуын болдырмауға және барынша төмендетуге мүмкіндік береді.
76. Түсініктердің мәні: денсаулық, ауру, аурудың сатысын және оның нәтижесін көрсету.
Нозология (гректің поsos — ауру, дерт, Іоgоз —- ілім) ауру туралы жалпы ілім. Егер организімнің сыртқы қоршаған орта (адам үшін әлеуметтік орта) жағдайларына бейімделу қабілеті бұзылмаса, онда олар дені сау адамдар қатарына жатады. Денсаулықтың физиологиялық өлшемі балып қалыптылық немесе белгілі бір түрақты өлшем (норма) есептеледі. Қалыптылық (қан қысымы-ның деңгейіг дененің температурасыг қан жасушаларының саны, қандағы әртүрлі заттардың глюкозаның, нәруыздың ж. б. деңгейі т. с. с.) көрсеткіштердің көпшілікке тән арифметикалық орташа деңгейімен анықталады. Ал, бұл көрсеткіштер әр жерде әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, таулы жерлердің тұрғындарының қанында эритроциттердің саны орташа арифметикалық деңгейден көп болуы мүмкін. Емтихан тапсырар алдында студенттердің қанында глюкозаның мөлшері мен кан қысымы көтерілуі байқалады. Тамақ ішкеннен кейін шеткі қанда лейкоциттердің саны көбейеді. Міне осындай ж. б. жағдайларда бүларды ауру адамның қатарына жатқызуға болмайды. Сондықтан орташа арифметикалық көрсеткіштермен денсаулық жайлы қорытынды жасау кейде ауыр қателіктерге әкеулі мүмкін. Сондықтан 1946 Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау үйымы (БДҮ) денсаулық туралы мынандай анықтама берді: «Денсаулық дегеніміз ол денеде дерт пен көзбен көретін ақаулардың болмауы ғана емес, адамнын көңіл-күйі мен әлеуметтік жағдайларының толық сәттілігі». Сонымен, ауру деп қоршаған ортаның ықпалдарына организімнің бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуімен көрінетін, оның қалыпты денсаулығының бұзылуын айтады.
Ауру деп айту үшін оның мынадай үш түрлі нышандары болуы қажет:
1. Тұлғалық әйгіленімдері (субъективтік симптомдары) немесе науқас адамның өзін-өзі сезінуі;
2. Дерттің дәлелімді әйгіленімдері (объективтік симптомдары);
3. қоршаған ортаның ықпалдарына науқас адамның икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуі.
Тұлғалық әйгіленімдердің негізінде адамды әлі ауру деп айтуға болмайды. Кейбір адамдар жоқ сезімді бар деп шағынуы мүмкін. Мәселен, ауыр қылмыс жасаған адам өтірік науқас болуға тырысатыны белгілі. Кейбіреулер осындай айлакерлікті соғысқа қатыспау үшін жасайды. Кейде өздерінің сезімін тым әсірелеп көрсетуі мүмкін. Сондықтан жекелеген аурулардың көріністерімен оқулық әдебиет арқылы таныса бастаудан 3-курстың студенттерінің арасында сол аурулардың белгілерін өздерінде табу жиілейді. Бұндай аурулар 3-курс студенттерінің . аурулары делінеді. Кейде науқас адам өзінде бар ауруды ұзақ уақыт сезбеуі ықтимал. Артериалық гипертензиялар, бүйрек аурулары, қантты диабет, ісіктердің ж. Б. Көптеген аурулардың бастапқы кезеңдері науқас адамдарға білінбей өтуі мүмкін.
Аурудың дәлелімді әйгіленістері (объективтік симптомдары) медициналық аспаптармен клиникалық және лабораториялық зерттеулер арқылы анықталады. Кейде бұл әйгіленістердің болуы да әлі ауру деуге негіз бермейді. Мәселен, адамның қанында глюкозанының тамақ ішкеннен кейін деңгейі әдеттегіден жоғары болады Таулы жерлердің тұрғындарының қанында эритроциттер көбірек болады.
Аурудың үшінші нышаны – қоршаған ортаның ықпалдарына науқас адамның икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуі, осыдан ересек адамның еңбекке қабілетінің төмендеуі байқалады.
Осы үш нышандары бірге қабаттасып адам бойында болғанда ғана оны ауру деуге болады.
Аурулардың жіктелулері
^ Пайда болу себептеріне қарай: туа біткен және жүре пайда болған аурулар деп ажыратылады. Туа біткен аурулар: тұқым қуалайтын тектік ерекшеліктерден немесе іштегі ұрықтың даму бұзылыстарынан немесе туылу кездеріндегі кесепаттардан дамитын болулары мүмкін. Жүре пайда болған аурулар: жұқпалы және жұқпалы емес болуы ықтимал.
^ Даму жолдарына қарай оларды аллергиялық, қабынулық, зат алмасулық, нервтік дистрофиялық т. б. аурулар деп ажыратады.
Даму жылдамдығы мен көріну қарқынына қарай:қауырт, жіті, жедел дамитын, тез дамитын, баяу дамитын, созылмалы ауруларға ажыратылады.
^ Арнайы дерттік өзгерістердің денедегі деңгейіне қарай: молекулалық, хромосомалық, ағзалық, жүйелік деп бөлінеді.
Науқас адамдардың жасына қарай: жаңа туған нәрестелердің, балалардың, ересек адамдардың және қарттардың аурулары болады;
^ Жынысына қарай: әйелдердің және еркектердің ауруларын ажыратады. Аурулардың өту кезеңдері
Аурудың өтуі үш кезеңге бөлінеді:
1. аурудың бастапқы кезеңі;
2. аурудың айқындалу кезеңі;
3. аурудың аяқталуы мен салдарлары;
Ауруалды деп қоршаған ортаның жағдайларына организімнің икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуімен көрінетін, сәйкес сауықтыру шаралары болмауынан ауруға ауысатын адамның жағдайын айтады. Бұл кезең жасырын және аурудың басталу сатыларынан тұрады. Жасырын сатысы ауру туындататын ықпалдың әсерінен бастап аурудың алғашқы клиннкалық көріністеріне дейінгі уақытқа созылады. Ол жұқпалы аурулар кездерінде инкубациялық, химиялық заттармен уланулар, сәулелік ауру ж. б. кездерінде латенттік, өспелер дамуында - өспе алды немесе обыралды делінеді. Бұл сатының ұзақтығы бірнеше секундтан (ұланулар кездерінде) бірнеше жылдарға дейін (өспелер дамуы кездерінде) созылуы мүмкін және бұл кезде аурудың ешқандай көріністері болмайды.
Артынан аурудың алғашқы хабаршы, бейнақты, белгілері: әлсіздік, көңіл-күйдің бей-жайлығы, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы, бас ауыруы т. с. с. пайда болады. Бұл аурудың басталу сатысын хабаршы (продромалық) сатысы дейді.
Осыдан кейін аурудың екінші айқындалу кезеңі басталады, оның барлық клиникалық әйгіленімдері (симптомдары) айқын байқалады. Олар дамыған ауруға ғана тән арнайы (спецификалық) және көптеген ауруларға жалпылама бейнақты (бейспецификалық) болып ажыратылады. Сонымен бірге, аурудың әйгіленімдері (симптомдары) тұлғалық (субъективтік) және дәлелімді (объективтік) болады.
Аурудың аяқталуы мен салдарлары көпшілік жағдайда ауру адамның сауығуымен аяқталады.
Сауығу - науқас адамның бұзылған ағзалары мен тіндерінің құрылымы мен әрекеттерінің және қоршаған ортаның ықпалдарына сәйкес оның бейімделу мүмкіншіліктерінің қалпына келуі. Ересек адам үшін сауығудың белгісі болып, оның еңбекке оралуы есептеледі. Бұл жағынан оны реабилитация (лат. Re - қайтадан, abilitas - жарамдық) - қайтадан еңбекке жарамдық дейді.
Сауығу толық немесе жартылай болуы мүмкін. Көрсетілген сауығу механизімдері жеткіліксіз болғанда, дұрыс ем тәсілдері қолданылмағанда ж. б. жағдайларда сауығу жартылай дамиды. Мысалы, ревмокардиттен кейін жүрек қақпақшаларында ақау қалыптасуы мүмкін. Қабынудан кейін ағзаның қызметін бұзатын көрнекті тыртықтар қалуы ықтимал. Кейде ауру туындататын әсер немесе оның даму жолдарында пайда болған өзгерістер тоқталмаған жағдайларда ауру созылмалы түрге ауысады. Дерттің созылмалы түрге өтуінің белгілері: ремиссия, рецидив (қайталану), асқыну.
Ремиссия - деп науқас адамның жағдайының уақытша түзелуін түсінеді, ол аурудың қайталануымен ауысады.
Қайталану (рецидив) - аурудың клиникалық көріністерінің уақытша жоғалуынан кейінгі қайталануы.
Асқыну - ол негізгі аурудың ерекшеліктерімен байланысты немесе өткізілген диагноздық және емдік шаралардың күтпеген салдарлары ретінде пайда болады. Көптеген дәрілерді науқас адамның денесіне жібергенде (антибиотиктер, новакаин, витаминдерді ж. б.) анафилаксиялық шок дамуы мүмкін.
Өлім - организмдегі тіршіліктің толық тоқтауы. Табиғи және мезгілсіз немесе патологиялық өлім болады. Табиғи өлім тұлға тіршілігінің заңды аяқталуы болып есептеледі, ол организмнің әбден қартайып тозуынан дамиды. Патологиялық өлім әрқашан мезгілсіз, кез-келген жаста. болуы мүмкін. Өлім үш сатыдан тұрады:
Ақтық (терминалдық) жағдай. Бұл сатыны агония (грек. agonia - жанталасу) деп атайды, бірнеше минуттан 2-3 тәулікке дейін, бұл кезеңде организмнің барлық өмірге маңызды қызметінің бұзылуы болады. Клиникалық өлім – агониядан соң басталады, бұл кезеңде қан айналым, тыныс алу тоқтайды, рефлекстер жоқ. Биологиялық өлім – ұлпаларда кері қайтарылмайтын өзгерістер болады, өмір сүру қабілеті орнына келмейді. Бұл нағыз өлім.
Өлу мен тірілту заңдылықтарын зерттейтін патологиялық физиология бөлімі – реаниматология.
Ағзаны қайтадан жандандыру шаралары (тірілту шаралары)- а/жасанды тыныс алдыру - тыныс алу тоқтағанда жүргізіледі, б/жүректің сыртқы массажы-жүректің соғуы тоқтағанда жүргізіледі.
Патологиялық анатомия зерттейді: аурудық шығу себептері (этиология), даму механизмі(патогенез), өлу үрдістерін(танатогенез).Патологиялық анатомия аурудық морфологиясын тек организмдік, ағзалық, тіндік, жасушалық деңгейде ғана емес, жасушаішілік(оргоноидтық) және молекулалық деңгейде зерттейді.Зерттеу әдістері: аутопсия, биопсия, эксперимент. Биопсиялық тексерулер нәтижесінде табылған морфологиялық өзгерістерді аурудың клиникалық көріністерімен салыстыра тексеріп, әр түрлі патологиялық үрдістерді, қатерлі ісіктерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.Аутопсия барысында клиникалық диагноз өлген кісі ағзаларындағы морф. өзгер. салыстыра қаралып, аурудың ең соңғы патологиялық анатомиялық диагнозы қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |