31. Физиология ұғымы,бөлімдері


Перифериялық қан айналымының бұзылуы: артериялық гиперимия, веналық гиперемия, ишимия. Этиологиясы, белгілері және нәтижелері



жүктеу 223,32 Kb.
бет53/57
Дата16.05.2020
өлшемі223,32 Kb.
#30475
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Физиология жауаптар экзамен

86. Перифериялық қан айналымының бұзылуы: артериялық гиперимия, веналық гиперемия, ишимия. Этиологиясы, белгілері және нәтижелері.

ШЕТКІ ҚАН АЙНАЛЫМНЫҢ БҰЗЫЛУЫ

Шеткі (аймақтық) қан айналым бөліміне қанды органдар мен әр органның өз ішінде тарататын артериялар және органдардан ірі көктамырларға әкететін көктамырларр жатады.

Шеткі қан айналым бұзылуының бірнеше нышаны бар:

Артериялық гиперемия (артериялық толыққандылық)

Көктамырлық гиперемия (көктамырлық толыққандылық)

Ишемия (қаназдық)

Тромбоз

Эмболия.

Артериялық гиперемия

Артериялық гиперемия – артериялық қан көп әкелінетіндіктен, органда және тәнде қан мөлшері көбейетін үдеріс. Артериялық толыққандылықтың жергілікті және жалпы түрлері бар.

Артериялық жалпы толыққандылық кезінде қанның айналымдағы көлемі көбейеді.

Артериялық жергілікті толыққандылық мына жағдайларда дамиды

Жүйкелену бұзылып, магистрал артерияда қан ағысына кедергі туындағанда

Артерияны қысып тұрған ісікті немес лигатураны алғанда

Барометрлік қысым төмендегенде (ваккттық гиперемия) мысалы, медициналық оңқаны қойғанда

Қабыну үдерісі кезінде (қабынулық гиперемия).

Артериялық гиперемия да физиологиялық және потологиялық түрлерге бөлінеді.

Физиологиялық артериялық гиперемия – қызмет әрекеттік гиперемия. Ол белсенді әрекет еткен ортаны мысалы, әрекеттегі немесе психикалық жүк түскен мида дамиды.

Патологиялық артериялық гиперемия қабынулық, механикалық және басқа да факторлар ерекше тітіркендіргіш ретінде әсер еткенде дамиды. Экстра және интрарецепторлар тітіркенгенде қан тамырларының тонусы өзгеріп, саңылауы кеңіп, патологиялық артериялық гиперемия дамиды (мысалы, ішкі органдардағы патологиялық үдерістерден бет пен мойын қызарады). Гиперемияның бұл түрі парасимпатикалық жүйке жүйесінің әсерінен дамып, нейрогендік деп аталады.

Артериялық гиперемияның клиникалық бейнесі. Артериялық гиперемия дамыған жер әрекетке қосылған қан тамырларының саныкөбейіп, артериялар, көктамырлар мен капиллярлар кеңіп, қанның ағысы үдеп, қызарады және ол жердің температурасы жоғарылайды.

Көктамырлық гиперемия

Көктамырлық гиперемия (көктамырлық толыққандылық) – қан көктамырлар арқылы аз әкетіліп, оның органдағы немесе тіндегі мөлшері көбейетін үдеріс. Бірақ қанның артериялар арқылы келетін мөлшері өзгермейді.

Көктамырлық толыққандылық жалпы және жергілікті, жедел және созылмалы болуы мүмкін.

Көктамырлық жалпы гиперемия көбіне жүрек зақымдалғанда дамиды (миокардит, миокарл инфарктісі).

Көктамырлық жергілікті гиперемия органнан немесе дененің бір жерінен қан дұрыс әкетілмегендіктен дамиды. Көктамырлық жергілікті толыққандылық көктамыры тромб немесе эмбол бетегенде немесе оны ісік , т.б. заттар қысқанда орын алады.

Көктамырлық жедел гиперемия көбіне жүрек қызметінің жедел жеткіліксіздігі кезінде байқалады. Нәтижесінде гипоксия дамиды, гидростатикалық қысым жоғарлап, капиллярлар қабырғасының өткізгіштігі күрт артып, органдардың стромасында плазморрагия мен сулы ісіну орын алып, диапедездік негізде қан құйылады. Өкпені су жайлайды.

Жүректің сол жақ қарыншасы әлсіреген жағдайда қан кіші қан айналым шеңберіне іркіледі. Жүректің оң жақ қарыншасының қызметі жеткіліксіз болса, қанның басым бөлігі жоғары және төменгі қуыс көктамырлар жүйесінде іркіледі.

Көктамырлық созылмалы толыққандылықтан дамуына жүрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі себеп болады.оған созылмалы гипоксия тән, соған орай органдар мен тіндерде төмендегідей стереотиптік үдерістер орын алады.

Қан тамырларының өткізгіштігі артып, қан кернеген көктамырлардың сыртына эритроциттер шығып (диапедез), ыдырайды (гемолиз). Пайда болған бөлшектерді макрофагтар сіңіреді.

Қаннан шыққан өсіргіш факторлардың әсері жаңа дәнекер тіннің түзілу белсенділігін арттырады. Дәнекер тін өсіп, склероз дамып, тіндер қатаяды.

Фибробластлар мен біріңғай салалы бұлшықеттік жасушалардың және басқа да жасушалардың белсенділігі артып, эндотелидің базал мембранасы қалыңдайды, капилляр-паренхималық бөген қалыптасады.

Көктамырлық гиперемияның нышандары

Көктамырлық қан іркілгенде, әсіресе қол мен аяқтың ұштары (саусақ пен башпайлардың тырнағы), мұрын ұшының терісі көкшілреңді болады. Көктамырлық қан ұзақ іркілсе – гипоксия дамиды, қан тамырларында қысым көтеріліп, нәтижесінде капиллярлар қабырғасының өткізгіштігі артады.

Көктамырлық толыққандылықтың даму барысында қанның механикалық тұрғыдан іркілуінің ғана емес, жүйке-қан тамырлық реттеу әсерінің бұзылуынан да, көктамырлар қабырғасындағы бұлшықетті қабаттың әлсіздігі мен көктамырлық қақпақшалар жеткіліксіздігі сияқтыы тума факторлардың да маңызы зор.

Ишемия


Ишемия, яғни қаназдық – қанның артериялық қан тамырларымен келетін мөлшері жеткіліксіздігінен, дамитын тінде, мүшелерде, дененің жеке бөлімдеріндегі қан көлемі азаюымен сипатталатын процесті айтамыз..

Қан аздық артерияда спазм немесе оның саңылау тромб, эмбол, атеросклероздық түйнек бітегенде дамиды.

Ауырғанда немесе көру, есту органдарына қатысты және химиялық, тағы басқа да тітіркендіргіштер әсер еткенде симпатика-адреналиндік жүйелік белсенділігі артады, сондықтан тамырлардың саңылауы тарылып, рефлекторлық ишемия дамиды.

Органдардың тіндерінде қан азайып, гипоксия ұзаққа созылса – ол энергия алмасуына әсер етеді. Нәтижесінде жасушада анаэробтық гликолиз үдеп, жасушаның және бүкіл органның әрекеті әлсіреп, тіндерге толық тотықпаған өнімдер жиналады, ақырында ацидоз орын алады. Миокардттың ишемиясы жүрек қызметі жеткіліксіздігіне ұшыратады.

Энергия жеткіліксіздігінен нәруыздардың түзілуі тежеліп, жасушадағы құрылымдар қирайды да, жасуша жидіп жойылады (аутолиз). Мидың ишемиясы тыныс алу үдерісі мен қан айналымын бұзады. Ишемияның ақыры коллатералдық қан айналымның қалыптасу мүмкіндігіне байланысты. Қалыпты жағдайда әрекетке қосылмайтын коллатерлдар магистрал қан тамырлар бітелгенде ғана ашылып, іске қосылады. Коллатералдардың саңылауын тамырдың бітелген жерінен жоғары және төмен бөлімдердің арасындағы қысым айырмашылығының әсерінен төмен қарай құлдилаған қан ашады.


жүктеу 223,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау