31. Физиология ұғымы,бөлімдері


Жүйелі қызыл жегі. Этиология, патологиялық анатомия, асқынулар. Аяқталуы



жүктеу 223,32 Kb.
бет43/57
Дата16.05.2020
өлшемі223,32 Kb.
#30475
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57
Физиология жауаптар экзамен

72. Жүйелі қызыл жегі. Этиология, патологиялық анатомия, асқынулар. Аяқталуы

Жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) – ұзаққа созылатын, қабынумен сипатталатын ауру. Себептері Жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) – аутоиммундық ауру, бұл кезде адамның өзіндік иммундық жүйесі қате түрде сау тіндерді зақымдайды. Яғни, тері, буындар, бүйрек, ми және басқа ағзалар зақымданады. Аутоиммундық аурулардың негізгі себептері толық зерттелмеген. ЖҚЖ ерлерге қарағанда әйелдерде жиі кездеседі. Ол кез келген жаста пайда болуы мүмкін, бірақ, 10-50 жас аралығында жиі кездеседі. Азиялықтар басқа нәсілдерге қарағанда жиі ауырады. ЖҚЖ кейбір дәрілік препараттарды қабылдау салдарынан да туындауы мүмкін. Симптомдары Әр адамда аурудың симптомдары әр түрлі болуы мүмкін, симптомдар пайда болып, жойылып отыруы мүмкін. ЖҚЖ шалдыққан барлық дерлік науқастардың буындары ауырады, және ісіну болады. Кейбірінде артрит дамиды. Көбінесе, саусақтың, білектің, тізенің буындары зақымданады. Басқа кең таралған симптомдары: Кеудедегі ауырсыну, терең тыныс алғанда Шаршау Қызба Жалпы жайсыздық, мазасыздық немесе дімкәстік Шаштың түсуі Ауыз қуысындағы ойықжаралар Күн сәулесіне сезімталдық «Көбелек» секілді бөріткен шамамен, ЖҚЖ шалдыққан науқастардың жартысында кездеседі. Бөріткен, көбінесе, жақта, кеңсірікте пайда болады, барлық денеде де болуы мүмкін. Бөріткен әдетте, күннің көзінде болғаннан кейін пайда болады. Лимфа түйіндерінің ұлғаюы

Басқа симптомдары организмнің қандай бөлігі зақымданғанына байланысты: Ми және жүйке жүйесі: бас ауыруы, ұйып қалу, шаншу, құрысу, көрудегі мәселелер, тұлғалық өзгерістер Асқазан-ішек жолдары: іштің ауырсынуы, жүрек айнуы және құсу Жүрек: жүрек ырғағының бұзылысы (аритмия) Өкпе: қан түкіру және тыныс алудың қиындауы Тері: терінің ала түсі, суықта саусақтың түсінің өзгеруі (Рейно феномені) Кейбір адамдарда тек тері симптомдары болады. Бұл дискоидтық қызыл жегі аталады

Диагностика Жүйелі қызыл жегі диагнозын қою үшін аурудың 11 мүмкін симптомының 4 болуы қажет. Дәрігер науқасты қарап, кеуде қуысын стетоскоппен тыңдайды. Бұл кезде белгісіз шу естілуі мүмкін, бұл перикардтың (жүректің сыртқы қабығы) үйкелу шуы немесе плевраның үйкелу шуы (өкпенің сыртқы қабығы) аталады. Дәрігер неврологиялық та тексеруді өткізеді. ЖҚЖ анықтау үшін қажетті тексерулер: Антиденеге талдау, оның ішінде, антинуклеарлық (АНА) Қанның жалпы талдауы (ОАК) Кеуде қуысы ағзаларының шолу рентгенографиясы Бүйректің биопсиясы Несеп талдауы Өзіңіздің жағдайыңыз туралы көбірек білу үшін, тағы келесі тексерулерден өтуге болады: Тиреоглобулинге антиденелер Антитиреоидтық микросомалық антиденелер Комплементтік құрамбөліктер (С3,С4) Кумбстың тік сынамасы Криоглобулиндер Эритроциттердің шөгу жылдамдығы (СОЭ) Бүйректің қызметтік қабілетін анықтау тестілері Бауыр қызметін бағалау үшін қан талдауы Ревматоидтық фактор Емдеу ЖҚЖ жазылмайтын ауру. Емдеудің мақсаты – симптомдарын бақылауға алу жүректі, өкпені, бүйректі, т.б. ағзаларды зақымдайтын ауыр симптомдарын сәйкес мамандардың көмегімен жиі емдеу қажет болады. Аурудың жеңіл түрлерін емдеуге болады: Стероидтық емес қабынуға қарсы препараттармен (НПВП), мысалы, ибупрофен (буын синдромы және плеврит болуында) Кортикостероидтық кремдермен (тері бөріткенінде) Безгекке қарсы препараттармен (гидроксихлорохин) және кортикостероидтардың төмен мөлшерлемесімен (тері синдромында және артритте). Жүйелі қызыл жегінің ауыр өтуінде емдеуге кіреді: Кортикостероидтардың немесе иммундық жауапты басатын препараттардың жоғары мөлшерлемесі Цитоуыттық препараттар (жасушалардың өсуін тежейтін дәрілер). Бұл препараттарды әдетте, кортикостероидтармен емдеуде әсер болмаса немесе оларды тоқтатқанда симптомдар нашарласа, тағайындайды. Бұл дәрілердің жанама әсерлері өте күрделі болуы мүмкін, сондықтан оларды қабылдағанда өзіңіздің жағдайыңызды мұқият қадағалауыңыз қажет. Егер сізде жүйелі қызыл жегі болса, сізге қажет: Күннің көзінде болғанда киініп, күннен қорғайтын көзәйнек киіп жүру, күннен қорғайтын крем қолдану қажет. Кардиологтан алдын алу ем-шарасын қабылдау қажет Иммунизацияға мұқият қарау, оның қажеттігін білу Остеопорозды (сүйектің жұқаруы) анықтау үшін скринингтік тестіден өту




жүктеу 223,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау