68. Атеросклероздың клиникалық-морфологиялық сипаттамасы. Этиологиясы. Патогенезі
ЖҮРЕК-ТАМЫР ЖҮЙЕСІ АУРУЛАРЫ
Жүрек-тамырлар жүйесі ауруларына кең тараған аурулар, солардың ішінде, атеросклероз, гипертония ауруы (ГА) , жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА),жүректің қабыну аурулары және оның кемістіктері, сондай-ақ тамырлар аурулары жатады. Бүкіл жер жүзінде осы аталған дерттер халықтың ауыршаңдылығы және өлімі туралы құрылымда басты поталгия болып табылады.
АТЕРОСКЛЕРОЗ
Атеросклероз – ірі және орташа іріліктегі артериялардың (созылғыштық және бұлшықет созылғыштық түрі) , созылмалы дерті, негізінен липидтік және нәруыздық алмасуларының бүлінуімен байланысты дамиды. Барлық адамдарда 30-35 жастан асқанда атеросклероз пайда болады, әрине дәрежесі әртүрлі. Атеросклероз артерияларда липидтердің және нәруыздардың ошақты шөгінділері пайда болуымен сипатталады, олардың айналасына дәнекер тін өседі, осының нәтижесінде атеросклероздық бляшка (бұлтық) жасалады.
Этиология. Атеросклероз этиологиясы аяғына дейін ашылмаған, алайда, көпшілік полоэтиологиялық деп біледі. Оның пайда болуы майнәруыз алмасуында тіркескен өзгерістер және артериялар интимасының эндотелиясында жарақаттың болуы. Эпидемиологиялық ең бағалы әсерлерді талдап топтау нәтижесінде атеросклероздың қауіп-қатердің факторлары анықтады. Оған жататындар :
Адамның жасы (жас үлкейген сайын атеросклероз жиі және көрнектірек болады)
Жынысы (ерлерде бұл дерт әйелдерге қарағанда ерте басталады және ауыр жүреді)
Гиперлипидемия(гиперхолестеринемия) – бұл басты қауіп-қатердің факторы, қанда төмен және өте төмен тығыздықтағы липопротейдтер жоғарғы және өте жоғары тығыздықтағы липопротейдтерден басым көп болуымен байланысты, бұл өз кезегінше тамақтану ерекшеліктерімен байланысты;
Артериялды гипертензия ( тамыр қабырғаларынан өту жоғарылайды, қабырға өткізгіштігі күшейеді, сонымен бірге интима эндотелиясы жарақаттанады);
Стрестік жайлар – ең басты қауіп-қатер (олар психо-эмоциялық аса тырысуға әкеледі, ол майнәруыз алмасуының нейро эндокриндік реттелуінің бұзылуын және вазоматорлық бүліністер туғызады);
Темекі шегу – (темекі шеккендерде атеросклероз 2 еседей интенсивті дамиды және темекі шекпегендерге қарағанда 2 есе жиі кездеседі);
Гормональдық әсерлер – (көптеген гормондар майнәруыздық алмасуға әсер етеді, ол қантты диабетте және гипотиреозда ерекше көрнекті) сондай-ақ , пероралдық контерацептивтер (егер оларды пайдалану 5 жылдан асса );
Семіру және гиподинамия – (майнәруыздық алмасу бұзылуын шақырады және қанда төмен тығыздықты пипопротейд жиналады).
АТЕРОСКЛЕРОЗ
Атерсклероз пато және морфогенезі бірнеше сатыдан жасақталады.
Липоидтық сатыға дейін - артериялар интимасында майнәруыздық жиынтық саны сондай , оны құралсыз көзбен көруге мүмкін емес және осы жайда атеросклероздық бұлтықтардың жоқтығымен сипатталады.
Липоидоз сатысы – тамырлар интимасында майнәруыз жиынтығы жиналуымен көрінеді, олар майлы дақ және сары түсті жолақ түрінде белгілі болады. Микроскоптен олар құрылымсыз майнәруыздық масса болып анықталады, айналасында макрофагтар, фибробластар және лифоциттер көрінеді.
Липосклероз сатысы – майнәруыз массасы айналасында дәнекер тін өсуі нәтижесінде дамиды; фиброздық бұлтық жасалады, олар интима бетінен жоғарылап, биіктей бастайды.
Бляшка үстінде интима склерозға ұшырайды – бляшка жабыны жасалады, ол гиалинделуі мүмкін. Фиброздық бляшкалар артериялар қабырғасына көбірек гемодинамикалық әсер беретін жерлерде – тамыр тараулары аймағында және тамыр бұрылыстарында орналасқан.
Асқынулық жарақаттар сатысы 3 процестен тұрады :
Атераматоз, бляшка ортасындағы майнәруыздықмассаның ыдырауымен сипатталады, ботқа тәріздес детрит, онда тамыр қабырғасының коллагендік және эластикалық талшықтары холестерин кристалдары, май сабындануы, нәруыз ұйындылары бар. Тамырлардың қабығы бляшка астында жиі атрофияға ұшырайды.
Жараға айналу, жиі бұның алдында бляшкада қан ұйылуы болады. Осында бляшка жапқысы жыртылады, атероматоздық ботқа тамыр ішіне түседі. Бляшка өзінше бір атероматоздық жара болып көрінеді, ол қан қатпары массасымен жабылған.
Кальциноз. Ол атеросклероздық бляшкалар морфогенезін аяқтайды және оларға кальций тұзының түсіп тұрақтауымен сипатталады. Бляшкаларда кальцификация немесе тетрификация жүреді, сондықтан тастай қатты болады.
Атеросклероз дерті толқынды жүреді. Ауру үдеп дамығанда интима липоидозы көтеріледі, дерт бәсеңдегенде бляшка айналасында дәнекер тін өсуі күшейеді және оларға кальций тұзы тұрақтайды.
Клиника-морфологиялық түрлері.Атеросклероз көріністері, әлбетте қандай артериялар көбірек зақымдалғаны соған байланысты. Клиникалық тәжірибиеде қолқа, жүрек, аяқ-қол, әсіресе аяқтың артерияларының атеросклероз жарақаттары көп мән береді.
Аорта атеросклерозы - атеросклероздық өзгерістердің ең көп жиі локализациясы осында және үлкен дәрежеде көрнекті болады. Аортаның доғалық және құрсақтық бөліктері көрнектірек зақымданады, сонан басқа интима майда тамырларының шағар жерлеріне жақын жарақаттанады. Қай кезде бляшкалар жара мен атерокальциноз сатысына жеткенде қолқа қабырғасының созылғыш талшықтары бұзылады, ол аневризмдер жасалуына мүмкіндік береді, аневризм тамыр қабырғасының бұлтиып қапшықтануы, ішінде қанға және тромбалық массаға толады. Аневризм жарылып кетуі мүмкін, қан жоғалтуға және кенет өлімге әкеледі.
Ми артерияларының атеросклероздары ( аурудың церебральдық түрі ) қартайған адамдарға сипатты болады.Егер милық артериялардың біреуінің өзегі тромбымен толық жабылса, мидың ишемиялық инфарктісі пайда болады, оның сұрлы жұмсару ошағы түрінде болады. Атеросклерозбен зақымдалған милық артериялар морт сынғыш болады, ол жарылып кетуі мүмкін; бұл жайда қантөгіліс – геморрагиялық инсульт пайда болады, онда одан сәйкес мидың тіні өледі. Одан әрі оның ағымы және аяқталуы (геморрагиялық инсульттің) оның аайда болған орнына және аумағына байланысты.
Адам аяқтарының тамырларының атеросклерозы қарт адамдарды жарақаттайды. Тізе асты артериясының өзегі, сонымен қатар сирақ, табан артериялар тесіктері атеросклероздық бляшкалармен мәнді бітелсе аяқ тіндері ишемияға ұшырайды. Егер стенозбен тарылған артериялар бляшкамен немесе тромбымен жабылса, ондай аурулардың аяқтарында атеросклероздық гангрена (шірік) дамиды.
Атеросклероздың клиникалық көрінісінде бүйректік және ішектік артериялар жарақаттары ең айқын болуы мүмкін , бірақта дерттің бұл түрі сирек кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |