3 Тарау Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға құқықтық сипаттама



жүктеу 0,71 Mb.
бет13/26
Дата29.04.2020
өлшемі0,71 Mb.
#30104
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Экон.кылм Word

200-бап. Коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету

Нарықтық қатынасқа көшу, бәсекенің дамуы экономикалық, коммерциялық, технологиялық ақпараттарды мүқият қорғауды талап етеді. Ақпараттар, шын және жасырын болған жағдайда ғана нағыз байлық болып есептеледі.

Өнеркәсіптік құпияға тиісті құқылық интеллектуальдық өнімге деген құқықтық оны өндірушіге ғана тиісті екендігіне негізделген. Ақпаратты қорғау-мемлекеттің, ұйымның жеке адамның маңызды да ешкім ала алмайтын құқығы.

Дамыған елдерде құпияландырылған ақпараттардың 50%-не дейін өнеркәсіптік және коммерциялық құпиялар болып табылады. Өнеркәсіп құпиялығы-интеллектуальдық меншіктің көріністерінің бірі. Сондықган да мемлекет нені құпиялау керек екенін көрсетуге тиіс емес, бірақ ол құқықты қорғауға және оның мемлекет мүддесіне қайшы келмеуін бақылауға тиіс.

Қылмыстың тікелей бобьектісі-коммерциялық немесе банктік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.

Қылмыс заты-коммерциялық немесе банктік құпия.

Коммерциялық құпия дегеніміз-өзінің үшінші адамға белгісіздігімен құнды, оны еркін алуға болмайтывдығы заңға негізделген және еисі оның жасырындығын қорғау үшін шара қолданатын ақпарат (ҚР Азаматтық Кодексінің 126-бабы).



Банктік құпияға анықтама Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 дылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» N2444 заң күші бар Жарлығының 50-бабында берілген.

Банктік құпияда депозиторлар есебінің бар екендігі, оның иесі және нөөмірі, банк клиенттері мен корреспонденттері туралы, осы есептерді және банктің өз есебіндегі ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы, банк операциялары туралы (банктік операциялар жүргізудің жалпы шарттарынан басқа), шкафтарында және жайларында сақтауда тұрған мүліктерінің бар екендігі, оның иесі, сипаты және құны жайындағы деректер болады.



Банктік құпия тек есеп (мүлік) иесіне есеп (мүлік) иесінің банкте тікелей қатысуымен берілген жазбаша келісімі бойынша кез келген үшінші адамға, сонымен қатар, заңца қарастырылған жағдайларда, өкімет өкіліне ғана жария етіледі.

АҚШ-та жеке өнеркәсіптің техникалық және технологиялық жетістіктерінің басым көпшілігі «өндіріс құпиясы» ретінде қорғалады. Бұл түсінікке бәсекелік күресте қорғалмаған, фирма қорғамайтын сол фирманың техникалық, технологиялық, ұйымдық және әкімшіліктік жетістіктері кіреді. Мұндай құпиялары бар фирмалық құжатнамаларға «компания құпиясы» немесе «компания қызметкерлері үшін құпиялары» деген гриф танылады. Бұл текті барлық ақпараттар мұнда тауар терінде қаралады, олардың белгіленген құны болады, сондықтан да «оның интеллектуальдық тегі ескіріліп, жеке меншікті қорғау туралы заң бойынша күзетке алынады».

Америка заңгерлері «өндіріс құпиясы» терминіне мейлінше толық анықтама бере алмады, сондықтан да АҚШ конгресі 1960 жылы тиісті ұлттық заң қабылдау әрекетіне бас тартты. Дегенмен, мұндай заңдар елдің 22 штатында, жергілікті заң актілері аясында бар. Америка фирмалары өздерінің өндірістік құпияларын қорғауға міндетті түрде шара қолданулары тиіс-ақпараттарды басшылықтың қолына жинақтауға, қызметкерлерді жалғаңца олардың жұмыс істеген кезде де, жұмыстан шыкқанда да қызметтік ақпараттарды жария етпеуін шартқа кіргізуге, фирма сатылған жағдайда да құпияны қорғау кепілдігін көрсетуге тиіс.

Германияда да адам ниетті бәсекелік туралы заң бар, оны коммерциялық немесе өндірістік құпияны бөгде адамға хабарлағаны үшін, мұндай құпияларды білуге талпыныс жасағаны үшін жауаптылық көзделген. Коммерциялық құпияға, заң, фирма-ұйымдардың сауда атынастарына, қаражат айналымының көлеміне, өткізу рыногының жағдайына, дайындап берушілер мен тұтынушылардың банктік операцияларына қатысты мәліметтерді жатқызады.

Өндірістік құпияға - өнім өндіру тәсілдері, технология, еңбекті ұйымдастыру, техникалық жаңалықгар мен ашылымдар, зерттеу жұмыстарнының сипаты мен мақсаты жайындағы мәліметтер жатады.

Қылмыстың обьективтік жағы-құжаттарды ұрлау, коммерциялық немесе банктік құпияны білетін адамды немесе оның жақындарын сатып алу немесе қорқыту, байланыс құралдарынан ұстап қалу, арнайы техникалық құралдарды пайдалану жолымен, сондай-ақ заңсыз тәсілдер мен тиісті мәліметтерді жинау.

Қылмыста фирмальдық құрам бар және ол коммерциялық немесе банктік құпия болып табылатын мәліметтерді жинай бастаған кезден аяқталған деп танылады.

Қылмыстың субьективтік жағы-тікелей ниетпен сипатталады.

Субьект жалпы-жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.



ҚР ҚК-тің 200-бабының 2-бөлігі коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді олардың иесінің келісімінсіз, бұл құпия қызметіне немесе жұымысына байланысты сеніп тапсырылған адамның пайдакүнемдік немесе өзге де жеке басының мүддесіне жария еткені немесе пайдаланғаны үшін жауаптылық жүктейді.

Жария ету дегеніміз-коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз таратудың әр түрлі тәсілдері, нәтижесінде, олардың иесінің келісімінсіз бұл құпиялар білуге тиіс адамға белгілі болады. Мұндай мәліметтерді пайдалану дегеніміз-сол мәлімметерді коммерциялық немесе банктік құпияны иесіне зиян келтіре алатын кез келген қызмет үшін павдалану.

Осы мәліметтерді жария етудің немесе пайдаланудың нәтижесінде ірі зиян келуі мүмкін. Қылмыстың құрамы-материалдық, ол зиян келген кезден бастап аяқталады деп саналады, ондай зиянға мүліктік залал, клиенттердің сенімін жоғалту, өндірістік көрсеткіштердің төмендеуі, банкроттық, т.б. жатады. Ірі зиян түсінігі ҚР ҚК-тің 189-бапбына ескертуде берілген.

Қылмыстың субьективтік жағы кінәлінің қасақаналық формасымен сипатталады. Қылмыс жасаудың себебі - бас пайда немесе басқадай жеке бастың мүддесі. Басқадай жеке бастың мүддесіне іштарлық, кек, бәсекеден құтылу әрекеті, т.б. жатады.

Қылмыстың субьектісі-қызмет немесе жұмыс бойынша коммерциялық немесе банктік құпия сеніп тапсырылған адам.





жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау