3 Тарау Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға құқықтық сипаттама



жүктеу 0,71 Mb.
бет11/26
Дата29.04.2020
өлшемі0,71 Mb.
#30104
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Экон.кылм Word

196-бап. Монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу

Нарықтық қатынастың болуының міндетті шарттарының бірі-бәсекелестік күрес, ол тиісті экономикалық, технология және әлеуметтік алғы шарттардың болуын талап етеді.

Қазіргі рынок өте күрделі құрылым, оны жаңа орында құру үшін ұзақ уақыт, көп күш керек. Тауар өндірушілердің Қазақстанда өркениетті бәсекелестігін ұйымдастыру үшін мемлекеттің экономикалық саясатын түбірімен өзгерту қажет, себебі ол соңғы кезге дейін мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласында өктем монополист болып келеді.

Алғашқы мүмкіндіктің, меншіктің барлық формаларының тең болуы, капиталдық бір саладан екіншісіне еркін ауысуымен байланысты экономикалық бәсекенің қалыптасқан тетігі болуы-бәсекелестіктің шарты. Нарықтық қатынасқа қатысушылардың экономикалық бостандықта болуы міндетті. Рынок жағдайында экономикалық нәтиже тез жеміс береді, ал жаза банкрот түрінде келеді.

Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі 1988 жылғы 20 наурыздағы Париж Конвенциясы өнеркәсіптік және сауда ісіндегі әділ дәстүрге қайшы келетін кез келген бәсекелестік актіні арам ниеттілік деп санайды.

Атап айтқанда, мыналарға тыйым салынуы керек:

-бәсекелестің кәсіпорнының, өнімдерінің немесе өнеркәсіптік не сауда қызметінің қандай да бір тәсілдерімен бұзылуына әкеп соғатын барлық іс-әрекеттер;

-бәсекелестің кәсіп орнының, өнімдерінің немесе өнеркәсіптік не сауда қызметінің беделін түсіре алатын коммерциялық қызметті жүзеге асырғанда жалған айту;

-коммерциялық қызметті жүзеге асыру барыснда пайдалану тауарлардың сипаты, дайындау тәсілі, қасиеті, пайдалануға жарамдылығы немесе саны жөнінде қоғамды шатыстыратын сілтемелер немесе анықтамалар.

Қазақстан Республикасының 1988 жылғы 9 маусымдағы «Арам ниетті бәсекелестік туралы» N232 заңына сәйкес, егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы көрсетілген заңдағыдан басқа тәртіп белгіленбеген болса, онда халықаралық шарттың тәртібі қолданылады.

Арам ниетті бәсекелестік дегеніміз-заңды және (немесе) жеке тұлғаның, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бәсекелестікті жою немесе шектеу арқылы кәсіпкерлік қызметте басымдыққа ие болуға бағытталған кез келген әрекеті (әрекетсіздігі).



Қазақ ССР-нің 1991 жылғы 11 маусымдағы «Бәсекені дамыту және монополиялық қызметті шектеу туралы» Заңға сәйкес бәсеке шаруашылық жүргізетін субьектілерді жарысы ретінде анықталған, ол белгілі бір рыноктағы тауарлардың айналымына әр субьектінің жеке ықпал жасауын шектейді, тұтынушыға қажет тауардың өндірілуіне жағдай туғызады.

Қазіргі уақытта батыс және жапон фирмалары тек табыс үшін ғана емес, рыноктағы өз үлесін көбейту үшін, яғни рынокты жайлау үшін де күреседі. Бәсекелестік қазір өз бетімен туындамайды, онда ұйымдасқаңдық немесе тіптен әкімшіліктік сипат бар. Өзара бірлескен әрекеттер «контрактік қатынастармен», стратегиялық жоспарлаумен реттеледі. Бұл кеңес өкіметі кезіндегі директивалық жоспарлау емес, бұл жоспар-тапсырыс, жоспар шар.

Қарастырылып отырған қылмыстың тікелей обьектісі-шаруашылықпен айналысатын субьектілердің әділ бәсекесін реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстың обьективтік жағы мынада:

Монопольді жоғары немесе монопольді төмен бағаны, бірыңғай бағаны
белгілеу және қолдау. Тауардың монопольді жоғары бағасы дегеніміз-тауар рыногында басымдылық көрсетуші, шаруашылықпен айналысатын субьект белгілеген баға, ол өндірістік шығындармен, тауардың сапасымен және рынок коньюктурасымен байланысты обьективтік факторлар әрекетімен анықталмайды. Монопольдік төменгі төменгі бағаны рынокта сатушы ретінде басымдық көрсетуші, шаруашылықпен айналысатын субьект әдейі белгілейді, тауарды оңай бағамен сату зиян шектіреді, бірақ ол бәсекелестерді рыноктан ығыстырып шығаруды мақсат тұтады. Басымдық көрсету дегеніміз- шаруашылықпен айналысатын субьектінің тауар рыногындағы ерекше жағдайы, бұл жағдай оған тиісті тауар рыногында тауар айналымының жалпы шартына шешуші ықпал жасау мүмкіндігін береді[6].

Рынокты бөлу арқылы бәсекені шектеу, рынокқа шығу мүмкіндігін
шектеу, одан экономикалық қызметтің басқа субьектілерін шектеу. Қазақстан Республикасының 1988 жылғы 9 маусымдағы «Арам ниетті бәсекелік туралы» Заңының 5-бабы баға, рынокты бөлу, басқа кәсіпкерлерді ығыстыру арқылы және бәсекелікті жоюға немесе елеулі шектеуге бағытталған қызметтің басқа да жағдайлары жайында бәсекелестер арасында қандай да бір келісім жасалуына және оны орындауға тыйым салған. Нарықтық қатынастың бір деңгейдегі
(көлденең) субьектілерінің бірігуіне жол берілмейді, себебі мұндай әрекет бәсекені жояды немесе елеулі шектейді.

Келісім дегеніміз-бәсекелікті шектеуге немесе жоюға, кәсіпкерлік қызметте негізсіз артыкдіылық алуға бағытталған тараптардың кез келген шарттық қатынасы (тіке, көлденең немесе конгломераттық).

Рыноққа шығу мүмкінігін шектейтін келісілген әрекеттер-сауда жасау үшін орын бермеу, тауарлардың бір аймақтан екінші аймаққа айналым жасауына дәлелсіз тыйым салу т.б. түрінде болуы мүмкін.

Экономикалық қызметтің басқа субьектілерін рыноктан шығу-тауарларды жою немесе бұлдіру, тауардың кейбір түрін өндіруге тыйым салу т.б. түрінде болады.

Қылмыстың бұл қарастырылып оытрған құрамы материалдық болып табылады. Қылмыстық жауапқа тарту үшін азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтіргендік түріндегі салдар туындауы және іс-әрекет пен салдардың арасындағы себептік байланыстың болуы қажет. Ірі зиянға түсініктеме ҚК-тің 189-бабына ескертуде берілген.

Субьективтік жағы-ниет формасындағы кінәмен анықталады.

Қылмыстың субьектісі-жеке адамдар. Олар экономикалық қызметтің субьектілері де, мемлекеттік билеу органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды адамдары да болуы мүмкін.

Бұл қылмыс үшін жауаптылық-16 жастан басталады.

196-баптың 2-бөлігі бірнеше рет, не адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топ жасаған, не адамның қызмет бабын пайдалануымен жасалған сияқты, жазаны ауырлататын мән-жайларды көздейді.

Бірнеше рет түсінігі ҚК-тің 11-бабында баяндалған.

Алдын ала сөз байласу және ұйымдасқан топ түсінігіне ҚК-тің 31-бабының 2 және 3-тармақтарында анықтама берілген.

Қызмет бабы пайдаланылғанда монопольдік әрекеттің қоғамдық қауіптілігі артады. Қазақстан Республикасының «Адам ниетті бәсекелік туралы» Заңы өкілетті органдардың тиісті ақпарат талап етіп, оны алуына кең құқық берген, арам ниеттік фактілерін қарауға қажетті ақпаратты олар заңды және жеке тұлғалардан, соңдай-ақ мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, олардың лауазымды адамдарынан талап етуге құқылы[7].

196-баптың 3-бөлігі күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытуды, сол сияқты бөтеннің мүлкін жойып немесе бүлдіргенде қорқытып алу белгісі жоқ жағдайларды қарастырады.

Күш қолдану дегеніміз-жәбірленушіні ұрып-соғу, оның денсаулығына әдейі жеңіл немесе орташа зиян келтіру, сондай-ақ ауыр зиян келтіру, бұл жағдайларда ҚК-тің 103-бабының 1-бөлігінде қарастырылған.


жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау