|
3 Тарау Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға құқықтық сипаттама
|
бет | 15/26 | Дата | 29.04.2020 | өлшемі | 0,71 Mb. | | #30104 |
| Экон.кылм Word202-бап. Бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу
Мемлекет экономикасының маңызды сараларының бірі-бағалы қағаздар рыногы, ол Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 1997 жьшғы 5 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздармен мәмілені мемлекеттік тіркеу туралы» Заңмен, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының вексельдік айналым туралы» Заңымен реттеледі. Бұл нормативтікактілер бағалы қағаздарды шығару және айналымға жіберу, бағалы қағаздар рыногы субьектілерінің қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейді, бағалы қағаздар рыногының кәсіпкер қатысушыларының қызметін реттейді.
Бұл қылмыстың тікелей обьектісі-бағалы қағаздардың эмиссиясына байланысты бағалы қағаздар рыногында қалыптасатын қоғамдық қатынастар.
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңға сәйкес, эмиссия дегеніміз-бағалы қағаздарды шығару және орналастыру (2-бап). Эмиссия жарияланған жарғылық қапиталды құрастыру және өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында эмитент арқылы іске асырылады (өндіріледі), (13-бап). Эмиссияның нәтижесінде мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздар шығарылады және орналастырылады (14 және 15-баптар). Эмиссия әр түрлі әрекеттерді қамтиды, оның ішінде эмиссия проспектісінде инвесторлар үшін берілген ақпараттарды ашу және бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың қорытындысы бойынша есеп ұсыну (15).
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бағалы қағазды белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландырылатын құжат деп анықтайды (129-баптың 1-бөлігі).
Қылмыс заты-эмиссия проспекті немесе бағалы қағаздар шығару жөніндегі есеп.
Эмиссия проспектісі дегеніміз-эмитент, оның қаржылық жай-күйі және шығарылатын бағалы қағаздар жайындағы ақпараты бар құжаттар пакеті (заңның 2-бабы).
Бағалы қағаздарды шығару жөніндегі есеп дегеніміз-эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың қорытындысы туралы құжаттар пакеті, оны эмитент қағаздарды орналастыру кезінде әрбір алты айдың қорытындысы бойынша (әр алты ай бікен соң бір ай ішінде), сондай-ақ орналастыру біткен соң бір ай ішінде өкілетті органға ұсынады (заңның 24-бабы).
Бұл қылмыстың обьекттивтік жағы-көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін бекіту түріндегі, не бағалы қағаздар ышғару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіту түріндегі әрекет.
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңның 22-бабына сәйкес эмитет, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының бағалы қағаздарды орналастыру жүзеге асырушы кәсіпкер қатысушылары потенциадды инвесторларға, оларға бағалы қағаздарды сатып алғанға дейін бағалы қағаздар эмиссиясының проспектісімен (шығару шартымен), сондай-ақ эмитент қызметі туралы және ол эмитирленген[12].
Құнды қағаздар, мерзімі алты айдан аспаған ақпаратпен танысуға мүмкіндік жасайды.
Бұл қылмысты жасағанда айыпкер осы қылмыстың жалған акдарат бар затын растауы қажет.
Жалған ақпарат дегеніміз-потенциалдық инвесторларың мүддесіне қатысты эмитент істерінің нақты жай-күйіне байланысты бұрмалаған, дәл емес немесе толық емес мәліметтер. Оларға: эмитент органдарына кіретін адамдардың тізімін өзгерту, эмитент және олардың еншілес ұйымдары мен бағынышты акционерлік қоғамдарының органдарына кіретін (өкілдері кіретін) эмитент акционерлерінің (қатысушылардың) жарғылық капиталдағы (шығарылған) (төлеген) жарғылық капиталдағы үлесінің көлемін өзгерту, сондай-ақ акционерлердің (қатысушылардың) басқа ұйымдардың жарғылық капиталдағы (шығарылған) (төлеген) жарғылық капиталдағы үлесінің көлемін өзгерту, егер олар әрбір осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иемденген болса (халықтық ашық акционерлік қоғамының жарғылық капиталында бес және одан да көп пайызы); эмитенттің дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) он және одан да көп пайыздарына ие болған эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) тізімін өзгерту (халықтық ашық акционерлік қоғам үшін - бес және одан да көп пайыз); әр ұйымда эмитент дауыс беретін акциялардың (үлестердің) он және одан да көп пайызын (халықтық ашық акционерлік қоғам үшін-бес және одан көп пайыз) иемденген заңды тұлғалардың тізімін өзгерту; акционерлердің жалпы жиналысының (шаруашылық серіктестігінің жоғары органының) шешімдері; эмитентті, оның еншілес ұйымдары мен бағынышты акционерлік қоғамдарын қайта құру, эмитенттің есептері мен мүлкіне тыйым салу; эмитент лицензиясының әрекетін тоқтату немесе қысқарту не оны қайтарып алу; эмитенттің қызметін тоқтату немесе қысқарту; потенциалдық инвесторлар мен сондай деп танылған уәкілетті органдардың мүліктік мүдделеріне қатысты басқа да өзгертулер (заңның 22-бабының 4-бөлігі).
Бұл қылмыстың құрамы-формальды, яғни бағалы қағаз шығару жөніндегі көрінеу жалған есеп, не көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісі бекітілген кезден бастап қылмыс аяқталған болып саналады.
Бұл қылмыстың субьективтік жағы тікелей ниет түріндегі кінәмен сипатталады. Айыпты өзінің не көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін, не бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіткенін біледі, соны қалайды.
Қылмыс субьектісі-арнаулы - көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін бекіткен ұйым-эмитент басшысы, немесе уәкілетті органның бағалы қағаздар шығару жөніндегі кврінеу жалған есепті беьсіткен лауазымды адамы.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|