190-бап. Заңсыз кәсіпкерлік. Заңсыз кәсіпкерлік қоғамға қауіптілігі сонда, мүны жасаудың нәтижесінде мемлекеттің экономикасына зиян келеді.
Бұл әрекеттің обьектісі-қалыпты экономикалық қызмет.
Азаматтар мен занды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өөтуі тиіс. Мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап азаматтың жеке кәсіпкер ретінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы бар. Заңды тұлғаларды тіркеу Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» заң күші бар Жарлығы негізінде жүзеге асырылады. Кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар 1997 жылғы 17 маусымдағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңы негізінде тіркеледі.
Кәсіпкердің лицензия алуды қажет ететін қызметпен айналысу құқығы сол лицензияны алған кезден бастап немесе онда көрсетілген мерзімде күшіне енеді, егер занда, өзге де құқықтық актілерде басқадай көрсетілмеген болса, мірзімі біткен соң лицензия күшін жояды.
Кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрін лицензиялау-тұтынушы мүддесін қорғауды қамтамасыз ету, халыққа қызмет ету сапасын жақсарту, қала құрылысы, экология және санитария нормаларын сақтау мақсатында жасалынады. Егер:
- тіркелмеген болса;
- арнайы рұқсат (лицензия) қажет болып, бірақ ол болмаса;
- лицензиялау шарты бұзылса кәсіпкерлік заңсыз деп танылады.
Бұл қылмыстың ұғымы болуы үшін заңсыз кәсіпкерлік азаматтарға, ұйымдарға немесе мемлекетке ірі зиян келтіруге, не ірі мөлшерде одан табыс табумен ұштасуға тиіс.
Азаматқа ацлық көрскткіштен жүз есе асатын сомға зиян келсе, 6л ірі зиян деп саналады (ҚК-тің 198-бабына ескертуді қара).
Субьективтік жағынан қылмыс қасақана жасалынады. айыпты адам кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз немесе арнайы рұқсат (лицензия) керек бола тұра онсыз жасап отырғанын немесе лицензиялау шартын бұзғандығы, өзінің іс әрекеті нәтижесінде азаматтарға, ұйымдарға не мемлекетке ірі зиян келуі мүмкін екендігін, не қалайда келетіндігін не өз іс-әрекетінің ірі мөлшердегі табыспен ұштасатынын біледі, сол қылмыстық салдардың болуын қалайда.
Бұл қарастырылып отырған қылмыстың субьектісі жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.
Заңсыз кәсіпкерлік-қылмыстың сараланған түрі деп сараланады, егер оны ұйымдасқан топ жасаса немесе ол ірі мөлшердегі табыспен ұштасса не оны заңсыз кәсіпкерлік немесе заңсыз банктік қызметі үшін бұрын сотталған адам жасаса.
Айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын табыс ерекше ірі мөлшердегі табыс деп саналады (ҚК-тің 190-бабына ескертуді қара).
Егер адам бұрын ҚК-тің 190 немесе 191-бабымен сотталып және оынң сол қылмыс үшін соттылығы жойылмаған не алынбаған болса, ондай адам заңсыз банктік қызметі үшін бұрын сотталған деп танылады.
191-бап. Заңсыз банктік қызмет. 191-бапта келтірілген қылмыстық-құқықтық норма заңсыз кәсіпкерлік (190-бап) үшін жауапкершілік жөніндегі жалпы нормамен салыстырғанда арнаулы норма болып табылады.
Заңсыз банктік қызметтің (191-бап) құрамы заңсыз кәсіпкерліктің (190-бап) жалпы құрамынан, тек сол заңсыз кәсіпкерлікті жүзеге асыратын сала бойынша ғана өзгеше.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың банктік қызметі міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.
Банктік қызмет мына актілермен реттеледі: ҚР Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы «ҚР-дағы банктер мен банктік қызмет туралы» Жарлығы; ҚР Президентінің 1996 жылғы 21 қаңтардағы «ҚР-ның ұлттық Банкі туралы», «ҚР-дағы банктер мен банктік қызмет туралы» заң күші бар Жарлықтары»; 1996 жылғы 27 қыркүйектегі «ҚР Президентінің «Жеке тұлғалар үшін шетел валютасында және теңгемен анонимдік есептер енгізу туралы» Заң күші бар Жарлығын күшін жоғалтты деп тану және анонимдік есептер бойынша ҚР-ның кейбір заң актілеріне өзгертулер енгізу туралы»; 1996 жылғы 7 желтоқсандағы «ҚР-ның кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»; 1997 жылғы 6 наурыздағы «ҚР Президентінің «ҚР-дағы банктер мен банктік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығына қосымша енгізу туралы, 1997 жылғы 11 шілдедегі ҚР-ның банктік қызмет жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы», 1997 жылғы 8 желтоқсандағы «ҚР-ның кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы».
Банктік қызметтің (банктік операциялардың) кейбір түрлерін лицензиялау тұтынушы мүддесін қорғауды қамтамасыз ету, халыққа қызмет ету сапасын жақсарту, тағы сол сияқты мақсаттарда жасалынады.
Егер, мына нышандардың біреуі болса:
1) тіркелмеген;
2) арнаулы рұқсат (лицензия) қажет болып, бірақ ол алынбаған;
3) лицензиялау шарты бұзылған болса банктік қызмет заңсыз деп танылады.
Бұл қылмыстың құрамы болуы үшін заңсыз банктік қызмет азаматтарға, ұйымдарға немесе мемлекетке ірі зиян келтіруге, не ірі мөлшердегі табыспен ұштасуы тиіс.
Қылмыс жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген айлық есептік көрсеткішпен жүз есе асатын сомға азаматқа не бес жүз есе асатын сомға ұйымға не мемлекетке зиян келсе, ол зиян ірі мөлшердегі деп табылады[4]. Айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе көп мөлшердегі табыс ірі табыс деп саналады[5]. Субьективтік жағынан қылмыс қасақана жасалынады. Айытпты адам өзінің банктік қызметті тіркеусіз немесе арнайын рұқсат (лицензия) керек бола түра онсыз жасап отырғанын немесе лицензиялау шартын бұзғандығын, өзінің іс-әрекеті нәтижесінде азаматтарға, ұйымдарға немесе мемлекетке ірі зиян келуі мүмкін екендігін не қалайда келетіндігін немесе өз іс-әрекетінің ірі мөлшердегі табыспен ұштасатынын біледі, сол қылмыстық салдардың болуын қалайды.
Бұл қарастырылып отырған қылмыстың субьектісі жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.
Заңсыз банктік қызмет қылмыстың сараланған түрі деп саналады, егер оны ұйымдасқан топ жасаса немесе ол ерекше ірі мөлшердегі табыспен ұштасса не оны заңсыз банктік қызметі немесе заңсыз кәсіпкерлігі үшін бұрын сотталған адам жасаса.
Ұйымдасқан топ-қылмыс жасау үшін жақсы ұйымдасқан, қылмыстың күрделі түрлерін бірлесіп орындай алатын топ. Ол тұрақты болады, бір немесе бірнеше қылмыс жасауды мақсат түрады.
Айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын табыс ерекше ірі мөлшердегі табыс деп саналады (ҚР ҚК-тің 190-бабына ескертуді қара).
Егер адам бұрын ҚК-тің 190 немесе 191-бабымен соталып және оның сол қылмыс үшін соттылығы жойылмаған не алынбаған болса, ондай адам заңсыз кәсіпкерлігі үшін бұрын сотталған деп танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |