3 Тарау Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға құқықтық сипаттама



жүктеу 0,71 Mb.
бет10/26
Дата29.04.2020
өлшемі0,71 Mb.
#30104
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Экон.кылм Word

192-бап. Жалған кәсіпкерлік

Бұл ьдылмыстың обьектісі-заңға негізделген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты қоғамдық қатынастар.

Қылмыстың обьективтік жағы-кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниеті болмаса да коммерциялық ұйым құру, нәтижесінде азаматтарға, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтіру.

Коммерциялық ұйым құру дегеніміз-пайда түсіруші мақсат тұтып заңды негізде ұйым құру үшін жасалынған іс-әрекет. Тіркелген және бірыңғай мемлекеттік тізімдікке кірген кезден бастап коммерциялық ұйым құрылған болып саналады.

Азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген жағдайда кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауапкершілік туындайды.

Қылмыс жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомға азаматқа не бес жүз есе асатын сомға ұйымға не мемлекетке зиян келтірсе, ол зиян ірі мөлшердегі деп танылады (ҚР ҚК 189-бабына ескертуді қара).

Бұл қылмыстың обьективтік жағының міндетті түрдегі нышаны -жалған коммерциялық ұйым құру мен ірі зиян келтіру түріндегі салдар арасында себептік байланыстың болуы.

Бұл қылмыс тікелей ниетпен жасалынады және оны жасағанда жалған кәсіпкерлік жолымен несие алуды немесе салық төлеуден босатуды, басқадай мүліктік пайда көруді, тыйым салынған қызметті бүркемелеу (лас ақшаны заңдастыру) мақсат тұтады.

Қылмыс обьектісі-жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.



193-бап. Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру.

Заңсыз жолмен тапқан ақшаны заңдастыру, яғни «лас ақшаны тазарту»-тауарлар мен қызмет көрсету саласындағы экономикалық қылмыстардың бір түрі.

«Ақшаны тазартқана» қылмыскер өз әрекетіне заңдылық кейіп беру үшін барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық институттарды және мүмкіндік тудыратын жағдайларды өте білгірлікпен пайдалану. Занды бизнесті ол, көбіне, өзінің ірі ауқымды заңсыз мәліметтерін бүркемелеу, заңсыз жолмен тапқан ірі мөлшердегі ақшаны шетелге аудару үшін пайдаланады. Экономикалық тұрғыдан алғанда, «ақшаны тазарту» дегеніміз-жасырын қорлар мен капиталды ашық экономикаға енгізу.

Ұйымдасқан қылмыстың мақсаты - алынған табыстың негізгі бөлігін сыбайластық байланыс арқылы заңдастыру.

Сарапшылардың болжамы бойынша халықаралық қылмыстық ұйымның ақшасы-әр түрлі жылжымайтын мүліктерге айналған, фирмалар мен кәсіпорындарға салынған, сондай-ақ 300 млрд. долларға жуығы банктік есепте. Сонымен қатар оның жылдық табысы 120 млрд доллар шамасында. Қылмыстық жолмен табылған «ақшаны тазарту» оның кімге тесілі екенін жасыруды және басқа жаққа ауыстырылуын қажет етеді.

Ұйымдасқан қылмыстың табысы болуы оның «ақшаны тазарту» қабілетіне негізделген. «Ақша тазартуды» бетімен жіберу-қаржы ұйымдарының әлеуметтік, экономикалық және саяси құрылымдарын ақсатады.

Заңсыз қаржыландырылатын кәсіпорындар бәсекені тұншықтырады.

Қоғамға түсетін салық салмағы артады.

Тікелей банктік құрылымдар арқылы қылмыстық жолмен табылған ақшаны тазартудың алдын алу мәселесі бірқатар халықаралық конференцияларда, атап айтқанда, 1990 жылғы Гаванада, 1991 жылғы Суздальда талқыланды. Бұл мәселені талқылаған кезде сарапшылар банктік құпияның «тазартуды» жеңілдететін және қылмыстық жолмен алынған активтерге бақылау жасауды қиындататынын тілге тиек етті.

Банк операциялары мен бақылау жасау практикасының ережелері бойынша БҰҰ Комитетінің принциптері туралы Мәлімдемеде де (Базелде қабылданған) бұл мәселелердің дұрыс шешілуіне көмегін тигізеі. Бұл мәлімдемеде клиенттің жеке басын анықтаудың қажеттігін, күдікті мәмілелер жасаудан банктің бас тартуын, әкімшілік органдармен салыстырмалы құпиялық ережесінің шеңберінде ғана қарым-қатынас жасауды қарастырады.

Бірқатар елдер жасырын банк есептеріне тыйым салу жөнінде шара қабылдады, дегенмен, бұл тұрғыда Австралия, Люксембург, Швеция «сияқты елдерге белгілі бір шектеулер әлі бар. Бірқатар елдердің банктерінде не барлық операциялардың, не ірі ақшамен операциялардың, не халықаралық операциялардың ішкі тіркеуін сақтаған.

Капиталдың түсуін бақылауды Швейцария қатайтты. 25 мың швейцар франкісінен артық сома түскен клиенттің есебін барлық банкілер тексеруге тиісті. Заңсыз ақша операциясына қатысқаны үшін белгіленген жаза қатайған, заңсыз жолмен алынған ақша тәркіленеді.

Уругвайда орнаған жаңа тәртіп бойынша, шыққан тегі күдік тудыратын ірі салымдарға және оларды ауыстыру операциясына қатаң бақылау орнатылған. Мақсат - қылмыстық жолмен табылған ақшаны тазартуға тосқауыл жасау.

Бұл елде бұрын орын алған салым құпиясы және банкирлердің онша талап қоймауы ұйымдасқан қылмыстың етек алуына мүмкіндік туғызған болатын. Ал, жаңа ережеге сәйкес кез келген ірі салымның шыққан тегі мүқият тексеріледі, құжат арқылы расталынады. Австралия заңы бойынша банк күдікті салым түскен бойда полицияға хабарлауы тиіс.



АКДІ-та банк құпиясы туралы Заң жұмыс істейді, Конгресс сол заңға сәйкес «ақшаны тазартудың» алдын алу операциясын заңдастыруға әрекет жасады. Қазір банк мекемесі 10 мың доллардан асатын әрбір салым бойынша валюта операциясы жөнінде есеп береді және басқа да есептер жүргізеді.

АКДІ-тың «Жасырын ақша қаражатын инвестициялау жөніндегі операциялар туралы» Заңы күдікті қаржы операциялары туралы құқық қорғау органдарына өз еркімен хабарлаған банкті айыппұлдан босатады. қылмыстық ақшаны тазарту, іздестіру, басып алу және тәркілеу жөніндегі Европа Конвенциясын Республикада практика жүзінде іске асыру мамандандырылған мемлекеттік органдар құруды қажет етеді. Мысалы, Францияда қылмыстық «Мүлік» термині-заттық немесе заттық емес, қозғалатын немесе қозғалмайтын мүліктің кез келген түрін қамтиды, сондай-ақ адамның сол мүлікке немесе ондағы үлесін куәлендіретін заңдық құжат немесе қағаз.

Ақша қаражаты түсінігіне ұлттық та, шетелдік те валюта, қолма-қол ақша да, қолма-қол емес те кіреді.

Баю, порнография, жезөкшелік мақсатында сексті пайдалануға, балалар мен кәмелетке толмағандарды сатуға тыйым салу жөніндегі Европа Кеңесінің 1991 жылғы 9 қыркүйектегі ұсынысы да балалар мен кәмелетке толмағандарды тән ләззаты үшін пайдаланудан түскен табысты алу және тәркілеу мүмкіндігін қарастырады.

Обьективтік жағы:



1) біле түра заңсыз жолмен алынған ақша қаражатымен немесе басқа
мүлікпен қаржылық операция жасау.

Мысалы, бағалы қағаздарды шығармен байланысты қаржылық операциялар жасау, несиелеу, ақша қаражатын депозитке салу, салықтар жинастыру және де қаржы заңымен реттелетін басқа операцшілар;



2) басқа мәмілелер жасау. Қазақстан Республикасы Азаматтық
кодексінің 147-бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер мәмілелер деп танылады;

3) ақша қаражатын немесе басқа мүлікті кәсіпкерлік немесе басқа
экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалану.

Кәсіпкерлік -өз меншігіндегі, қарызға алған және басқа қаражаттар мен мүлік есебінен, осы қызметке қатысушылардың барлығы үшін өзара тиімді нәтижелер мен табыстар алу мақсатындағы ынталы, күшіндегі заң шеңберіндегі, шаруашылықтық және басқадай қызмет. Қызметтің бұл ашық, заңды формасы қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын «тазартуға» пайдаланылады.

Басқадай экономикалық қызмет дегеніміз, мүлікті, оның ішінде, ақша қаражатын пайдаланумен байланысты, бірақ коммерциялық мақсаты көздемейтін кез келген қызмет.

Білгілі бір экономикалық міндетті орындау мақсатында ақша қаражатымен жасалған операция аяқталғанда ғана емес, бұл қаражаттың кез келген қозғалысында, оның ішінде, заңсыз иемденген мүлікті тазарту мақсатындағы мәмілені жүзеге асыру барысында бұл іс-әрекетті аяқталған деп санауға болады.

Субьективтік жағы. Кінәнің формасы-қасақана жасағандық. Ең басты мақсаты тек табыс табу болып саналатын адамдарды қылмыстық жауапкершіліктен босатуға болмайды. Олардың пайдалануындағы заңсыз екендігі белгілі ақша қаражатының шыққан тегіне немқұрайды қарау жанама ниеттің көрініс табуы болып табылады. Саралау үшін себеп пен мақсаттың маңызы жоқ.

ҚК-тің 193-бабының 2-бөлігі мынадай ауырлататын мән-жайларды қарастырады:



- егер қылмысты:

- адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

- әлденеше рет;

- адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаған болса.

Қызмет бабын пайдалану дегеніміз-мемлекеттік билік органдарының лауазымды адамының, мемлекеттік қызметкердің немесе жергілікті өзін-өзі басқару органы мекемеге басқарушылық міндет атқаратын адамның заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе мүлікті заңдастыруы (тазартуы). Қызмет бабында берілген өкілеттік олардың қылмыстық жолмен тапқан мүлікті заңдастыруын жеңілдетеді.

Қылмыстың субьектісі-жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.

Заңсыз жолмен табылған ақша қаражаты немесе басқадай мүлік нақгы кімнің қарамағында болса, сол адам жауапкершілік көтереді.

Оңдай мүлікті зандастыруға біле-тұра көмек көрсетуші адамдар, мысалы, нотариустар, ломбард қызметкерлері, қылмыстық бірлестікке көмектесушілер немесе қатысушьшар болып саналады.

193-баптың 3-бөлігі ұйымдасқан топ, қылмысты сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған немесе ірі мөлшерде жасалған әрекеттер сияқты саралаушы нышандар бар болғандығы жауапкершілікті қарастырады.

Ұйымдасқан топ, қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) түсінігі ҚР ҚК-тің 31-бабында қаралған.

Ірі мөлшер түсінігі ҚР ҚК-тің 193-бабаның ескертуінде анықталған.


жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау