3 Тарау Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға құқықтық сипаттама


АҚША-НЕСИЕ САЛАСЫНДАҒЫ КЕЙБІР ҚЫЛМЫСТАР



жүктеу 0,71 Mb.
бет14/26
Дата29.04.2020
өлшемі0,71 Mb.
#30104
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Экон.кылм Word

1.3 АҚША-НЕСИЕ САЛАСЫНДАҒЫ КЕЙБІР ҚЫЛМЫСТАР
Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдаланужөніндегі қылмыстың негізгі тікелей обьектісі-банктердің және несиелік мекемелердің несиелік қызметі саласындағы қоғамдық қатынастар.

Қылмысмың қосымша обьектісі-несие, демеу қаржы не несиелеудің жеңілдікті шарттары.

Несие дегеніміз-ақша қаражаты немесе тауар түріндегі берілген қарыз, оны қарыз алушы несие берушіге қайтаруға тиіс.

Бұл қылмыстың обьективтік жағы әрекет арқылы да, яғни несие, демеу қаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не өзге де мән-жайлар туралы көпе-көрінеу жалған мәліметтерді беру арқылы несие, демеу қаржы не жеңілдікті шарттар алу жолымен, сонымен қатар әрекетсіздікпен де, яғни несиелеуді, демеу қаржы не жеңілдікті шарттар алу жолымен, сонымен қатар әрекетсіздікпен де, яғни несиелеуді, демеу қаржы беруді тоқгатуға, жеңілдікті алып тастауға не бөлінген несиенің немесе демеу қаржының мөлшерін шектеуге әкеп соғуы мүмкін, кейін туындағын мән-жайларды банкке немесе басқа несие берушіге хабарламау арқылы да жүзеге асырылады. Бұл қылмысты жасаудың тәсілі-несие, демеу қаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепіддік мүлкі не басқадай мән-жайлар туралы көпе-көрінеу жалған мәлімет беру[10].

Қылмыстың құрамы-материалдық. Несиені заңсыз алу іс-әрекет ірі зиян келтірген кезде аяқталады, зиянның мөлшері ҚК-тің 189-бабына берілген ескертуде белгіленген.

Бұл қылмысты алаяқтық түріндегі ұрлықтан бөлектеп алу қажет, себебі, бұл жағдайда айыпкер несие берушіден мүлікті тегін алуды мақсат тұтпайды, келешекте оны қайтарамын деп ойлайды.

Қылмыстың субьективтік жағы-тікелей ниет түріндегі кінә. Жеке кәсіпкер немесе ұйымның бастығы несие, демеу қаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не басқадай мән-жайлар жөніндегі ақпаратты көпе-көрінеу жалған беріп, не несиелерді, демеу қаржы бөлуді тоқтатуға, жеңілдіктерді жоюға, не бөлінген несиенің немесе демеу қаржының мөлшерін шектеу әкеп соғатып мән-жайлар туралы ақпаратты банкке немесе басқа несие берушіге хабарламай несие, демеу қаржы не жеңілдікті шарттар алып отырғанын біледі және соны қалайды.

Қылмыс салдарының қоғамдық қауіптілігі тұрғысынан алғанда айыпкердің кінәсі ниет түрінде болады, яғни ол ірі зиянның болуы мүмкін екенін немесе қалайда болатынын алдын ала біледі және сондай зиян келтіруді қалайды, не оның болуына саналы түрде жол береді немесе оған немқұрайдылық танытады, не абайламай қаралады, яғни ондай салдардың болуы мүмкін екенін біледі, бірақ оны болдырмаймын деп ойлайды.

Қылмыс субьектісі-арнаулы жасы 16-ға толған, есі дұрыс жеке кәсіпкер немесе ұйым бастығы.

Бұл қылмыстың сараланған құрамының мәні-мемлекет кепілдігімен берілген несиені не мемлекеттік мақсатты несиені пайдалану, егер ол азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген болса.

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 19-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрілі Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан республикалық бюджетке көзделген сома шегінде несие беруге құқылы[11].

Мемлекет кепілдігімен берілген несие дегеніміз- несие салушы белгіленге мерзімде қайтаруға тиісті соманы төлей алмаса Қазақстан Республикасының үкіметі несие беруші алдындағы берешекті жарым-жартьшай немесе толық өтеуге өтеуге міндеттенеді.

Мемлекет кепілдігімен берілген несиенің ерекшелігі-оның қайтарылатындығында.

Несиені тікелей өз мақсатында пайдаланбау дегеніміз - оны несие шарттарында көзделмеген мақсаттарға жұмсау.

195-бап. Несиелік берешекті өтуден әдейі жалтару

Бұл қылмыстың негізгі тікелей обьектісі - банктерді және басқа несиелік мекемелерді несиелік қызметі саласында қалыптасқан қоғамдық қатынастар.

Қылмыстың қосымша обьектісі - несиені берушілердің мүліктік мүдделері.

Қылмыс заты-несиелік берешек.

Несиелік берешек дегеніміз-несие берушге белгілі бір мерзімде қайтарылуға тиіс, қарызға алынған ақша қаражаты.

Қылмыстың обьективтік жағы ірі мөлшердегі несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару болып табылады.



Несиелік берешекті өтеуден жалтару дегеніміз- несиені шартта көрсетілген мерзімде қайтармау. Егер, соттың тиісті шешімі күшіне кіргеннен кейін несие қайтарылмаса, ал несие алушының оны қайтаруға мүмкіндігі болса, онда бұл несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару деп аталады.

Айыпкердің іс-әрекетін осы бап бойынша саралау үшін несиелік берешек, осы бапқа берілген ескертуге сай, азамат-қарызгер үшін жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын сома немесе ұйым-қарызгер үшін екі мың бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын сома болуға тиіс.

Қылмыс құрамы - формальды. Бұл қылмысты аяқталды деп санау үшін тиісті сот шешімі занды күшіне енгеннен кейін, өтеуге мүмкіндік бола тұрып ірі мөлшердегі несиені қайтармау фактісі анықталса жеткілікті.

Бұл қарастырылып отырған қылмыстың субьективтік жағы-тікелей ниет түріндегі кінә. Кінәлі адам ірі мөлшерден несиелік берешекті өтеу жөніндегі заңды күшіне өзінің несиелік міндеттемелерін орындаудан жалтаруды қалайды.

Қылмыс субьектісі-арнаулы-16-ға толған азамат немесе ұйым басшысы.




жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау