Ерназар ауылдық округі әкімінің 2017 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебінің тезисі



жүктеу 92,63 Kb.
Дата26.05.2018
өлшемі92,63 Kb.
#18119

Ерназар ауылдық округі әкімінің 2017 жылдың

әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебінің

ТЕЗИСІ

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығын іске асыру мақсатында және 2017 жылғы 31 қаңтарда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Президент Жолдауында еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру мақсаты қойылды. Үшінші жаңғырудың табысты болуы және жалпы еліміздің дамуының алға басуы – қазақстандық қоғамнан және жеке әр азаматтың ойы мен іс-әрекетіне байланысты. Үшінші жаңғырудың міндеттерін терең түсіну мен ұғынуды қамтамасыз ету маңызды, себебі, нәтижесінде еліміздің мүлдем басқа деңгейге шығу мақсаты қойылған. Жолдаудың міндеттері әр азаматқа тиесілі. Сондықтан бұл түсінікті әр адамның санасына жеткізу аса маңызды.

Бұл Жолдау қабылданған бағдарламалардың талдауы және ғылым мен технологиялардың жеделдетілген дамуын, еліміздің азаматтарының қажеттіліктерін ескеріп жасалған болашаққа бағдар. Елбасы экономиканың дамуын қамтамасыз ететін бес негізгі басымдықтарды атап айтты.

БЮДЖЕТ

Округ бюджетіне түскен жеке кірістер 5138,3 мың теңгені құрайды. Алгоритмдермен бекітілген іс-шаралар жүргізіліп, округ бюджетіне қосымша кіріс көздері бойынша 942335 теңге түсім түсті.

Округ бюджетінің шығыс бөлігі бойынша 2017 жылға 24,9 млн. теңгеге немесе 99,8 пайызға орындалды. 2016 жылмен салыстырғанда 25,9 млн. теңге немесе 99,5 пайыз.


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ.

2017 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімі:



  • Ет – 7435,5 цн немесе 112,9 пайыз, сүт - 54036 цн немесе 102 пайыз, жұмыртқа -668269 дана немесе 102 пайыз құрайды.

  • Ірі қара мал 5235 бас немесе 101 пайыз, ұсақ мүйізді мал 10937 бас немесе 100,2 пайыз, жылқы 1800 бас немесе 108,3 пайыз, шошқа 59 бас немесе 116 пайыз, құс 5745 немесе 102 пайызды құрайды.

2017 жылы округ бойынша 38 шаруа/ фермерлік қожалықтары тіркелген, оның ішінде мал шаруашылығымен айналысатын 22 шаруа қожалығы. Тұкым жаңалау жұмыстарымен округтың 7 шаруа қожалығы «Жанғырық», «Серикбол», «Темир», «Акаш», «Айдарбек», «Анар», «Максут» айналысады.

2017 жылы ауыл шаруашылық дақылдарын егу көлемі 1608,0 га құрады, оның ішінде 1003,0 га дәнді-дақылдар, 200 га күнбағыс, 21 га картоп, 10 га көкөніс.

Қатаң мал азығы 12000 тоннаға дайындалып, жоспар 100 пайызға орындалды.

Округте ветеринариялық пункт жұмыс істейді, қажетті құрал-жабдықтарымен, автокөлігімен қамтамасыз етілген. 2 мал қорымы бар. Жоспар бойынша сібір жарасына, аусылға, құтыруға, қарасанға, ІҚМ туберкулезіне қарсы егу жұмыстары жүргізілді. Ірі қара мал-1700 бас немесе 100 пайызы, ұсақ қара мал-3000 бас, жоспар бойынша 100 пайыз бірдейлендіру жұмыстары орындалды. ИСЖ деректер қорына еңгізілді.

Жыл көлемінде ауылдық округтің шаруалары ауданда, Семей қаласында және облыс бойынша өткізілетін жәрмеңкелерге қатысып, мал және өсімдік шаруашылығы өнімдерін ұсынды. «Туған жерге тағзым» әлеуметтік бағдарламаларына қатысып, әлеуметтік жағдайлары төмен отбастарына материалдық көмек, әртүрлі іс-шаралар өткізуге демеушілік көмек көрсетеді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан 2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында ауыл шаруашылығының модернизациялауды қажет ететіндігін атап өтіп, бірнеше мақсаттарды айқындады. Солардың бірі болып, ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерін құрып, олардың жұмысына жеке қосалқы шаруашылықтарды тарту болып табылады. Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі бөлігі жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі, сондықтан маңызды шешімдердің бірі ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мен сатуды орталықтандыру мақсатында сүт қабылдау пункттерін және бордақылау алаңдарын құру арқылы жеке қосалқы шаруашылықтарды ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтеріне біріктіру болып табылады. 2017 жылы округте ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және ІҚМ ұрықтандыру бағыты бойынша 63 мүшелі, 2 ауыл шаруашылық кооперативі тіркелді.
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

Округ бойынша шағын және орта бизнес субъектілері 24 бірлікті құрап, оның ішінде: 12 дүкен, 2 кафе, 1 жағар май стансасы, 1 дөңгелек жөндеу шеберханасы, 1 дәріхана, 1 шағын наубайхана, 1 шаштараз,1 тігін қызметін көрсету цехтары жұмыс істейді. Ерназар ауылының «Тройка» дүкенінде округ кәсіпкерлеріне ақпараттық көмек көрсету мақсатында онлайн орталық жұмыс істеуде.

2017 жылы инвестиция көлемінің басты капиталы 10,5 млн. теңге.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2017 жылы округте аула саны - 620, тұрғындардың саны – 2223 адам, 11 ұлтты құрайды, Ерназар ауылында – 354 аула, 1261 адам, Қоянбай ауылында- 156 аула, 619 адам, Морозов лесхозында- 110 аула,343 адам, экономикалық белсенді халықтың саны – 1245 адам, зейнеткерлер саны -352 адам, Ауған соғысының ардагерлері - 3 адам, тыл иегері – 34 адам, Алтын алқамен марапатталған-24, Күміс алқамен марапатталған-17, көп балалы аналар- 23, мүгедектер-52.

2017 жылдың 11 айы ішінде 97 адам жұмысқа орналастырылды. 7 жаңа жұмыс орындары ашылды ( «Крижик» ЖК -2, «Алтай» дүкені -1, ШҚ «Анар» - 1, ШҚ «Асель» -1, ШҚ «Темир» -1, «Нуртазин С.» ЖК -1)

2017 жылы 9 адам ақылы-қоғамдық жұмыстарға жіберілді, жылдық жоспардан 100 пайыз орындалды. ЖОО 6 түлегі жастар іс-тәжірибесі бойынша тартылды. Жұмыспен қамту орталығы арқылы кәсіптік даярлау және қайта даярлау оқуына 2 адам жіберілді, оның ішіндегі мамандықтар: "газэлектрмен пісіруші" 1 адам, ауыл шаруашылық көліктерді жөндеу бойынша шеберші -1 адам. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 9 отбасы (46 адам) тартылды, 12 адам жұмысқа орналастырылды.



ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» 1 отбасына, оның ішінде 4 алушыға 228503 теңге атаулы көмек тағайындалып, төленді. «18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар» 6 отбасына, оның ішінде 17 балаға 388439 теңге сомада тағайындалып, төленді. «Үйде оқып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» 2 балаға 156416 теңге сомада тағайындалып, төленді. «Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әлеуметтік төлемдер» 1 адамға 50000 теңге сомада көмек көрсетілді.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға және жалғыз басты қарт адамдарға 4 әлеуметтік қызметші үйлеріңде көмек көрсетеді. Барлық кызмет алушы 25 адам.

Қызмет алушы мүгедектерге, қарт адамдарға кепілді көлемде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Мүмкіндіктері шектеулі балалар ұйымдастырылған барлық мемлекеттік мерекелерге және ойын-сауықтыру спорт іс-шараларына қатысады.

Округ аумағында меншік нысанына қарамастан әлеуметтік нысандарда мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың кедергісіз кірулерін қамтамасыз ету мақсатында пандустар орнатылды (3 ұйым және 6 дүкен).

Мектептерде тыл ардагерлеріне, жалғызбасты қарттарға, еңбек ардагерлеріне, мүгедектерге және зейнеткерлерге көмек көрсету үшін «Тимуршылар тобы» жұмыс істейді.



БІЛІМ БЕРУ

Округте 2 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Мектептер бойынша 330 оқушы бар.

2017 жылы ҰБТ-дің орташа баллы 71 баллды құрады. Толық күнді келумен 50 балаға арналған 2 шағын орталық жұмыс істейді. 2017 жылдың жазғы уақытында әр түрлі дем алыспен189 бала қамтылды. Күндізгі лагерге 155 бала, еңбек лагеріне 120 бала қатысты. 3 бала «Үрджар - Айым» лагерінде барды. «ЭКСПО - 2017» 34 оқушы қатысты.

2017 жылы жалпы 54 оқушы ыстық тамақпен тамақтандырумен қамтылған (16 пайыз), оның ішінде 3 жетім бала. 10 бала аз қамтылған отбастарынан, демеушілік көмекпен ыстық тамақпен қамтылған («Айдар»ЖК).

Бүгінгі күні қамқоршылық және қорғаншылық органның есебінде 5 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала, оның ішінде 3 бала қамқорлықта және 2 патронаттық тәрбиеде.

Оқушылар облыстық, аудандық олимпиадаларға белсенді түрде қатысады және жүлделі орындарға ие болады.

Қатты отын (көмір) жеткізілді, көлемі 1120 тонна, оның ішінде Сосновка орта мектебіне – 500 тонна, Қоянбай орта мектебіне – 620 тонна.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Ерназар ауылында 1 дәрігерлік амбулатория және 2 (Қоянбай ауылы, Морозов лесхозы) медициналық пункт қызмет көрсетеді. Жалпы қызметкерлер саны 13.

2017 жылы 20 бала дүниеге келді, өлім жағдайы – 20 адам. Табиғи өсім (-0,8). 2016 жылмен салыстырғанда округте балалардың тууы – 13, қайтыс болуы – 22 адам. Табиғи өсім (-3).

Соңғы 3 жылда ана, бала өлімі тіркелген жоқ.

Туберкулезбен алғаш ауру 2016-2017 жылдары тіркелген жоқ. Флюрографиялық зерттеу мен алдын-алу мақсатында 1085 (жоспар бойынша 1058) адам қамтылып немесе 103 пайыз құрады, оның ішінде қозғалмалы флюорографиядан 650 адам өтті.

Денсаулық мемлекеттік даму бағдарламасының онкологиялық аурулардың алдын-алу және сақтандыру мақсатында жыл сайын скрининг бойынша тексеру жүргізілді:

Балалар: 2017 жылы-469; 2016-469.

Ересектер: 2017-339; 2016-213.



Инфроқұрылымды дамыту және абаттандыру :

2017 жылы 4 нысан жүзеге асырылды:

- өлке таңу мұражай -3,0 млн. теңге сомаға;

- қазақша күрес спорт кешені- 4,0 млн.теңге сомаға;

- Ерназар ауылында орта саябақта стадион ашылды, 3,0 млн. теңге сомаға;

- Ерназар ауылында сүт қабылдау пункті, 11 млн. теңге сомаға.

2017 жылдың қыркүйек айында «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша Ерназар ауылында қатымхана іске қосылды.

«Аймақтарды дамыту» бағдарлама бойынша Қоянбай ауылының Рысқұлов көшесіне 37 бағана орнатылды, жалпы құны 2070,0 мың теңге.

2017 жылы тұрғын үйді еңгізу қорытындысы бойынша 22,2 шаршы метрді құрайды.

Барлық елді мекендерде санитарлық жағдайын жақсарту үшін сенбіліктер және таза жұмалар, саябақты, ұйымдардың аумағын аббаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді, көшеттер салынды, гүлзарлар отырғызылды, ескерткіштерді ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді, мұсылман және християн зираттарында сенбілік өткізілді.

Елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары бойынша 300 шырша, 25 қарақат бұтағы, 680 шаршы метрде гүлзар және 850 га қарағай отырғызылды. «Семей орманы» МОТР РММ Морозов филиалы 850 га жерге қарағай көшеттерін отырғызды. 3000 тонн көн-қоқыс шығарылды. 25 бірлік техника және 1980 адам қатысты.

ІШКІ САЯСАТ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ

Округте Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Жолдауының ақпараттық–насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Ақпараттық саясатты жүргізу үшін 2 ақпараттық- насихат тобы жұмыс істейді, оның ішінде 1 топ діни мәселесі бойынша. Округ бойынша тұрғындармен 9 адамнан тұратын ақсақалдар кеңесі жұмыс істейді. «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің саны –174 адамды құрайды. Барлық 24 кездесу өткізілді. Қатысушылар саны – 1717 адам.

2 кітапхана жұмыс істейді, кітап қоры 36780 дананы құрайды.

Биылғы Жолдаудың негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен және экстремизммен күрес белгілеген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары әзірленіп, іс-шаралар жоспары бекітілді. Жұмыс тобы жоспарға сәйкес ай сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіп отырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 старатегиясының негізгі мақсатының бірі көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту болғандықтан, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге үлкен назар аударылады. 2017 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратында 653 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде: жеке қосалқы шаруашылығының бары туралы анықтама-590, мектеп жасына дейінгі жастағы балаларды кезекке қою-17, сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқық алу-12, жалпы білім беретін мекемелерге тегін жеткізу-34. 2017 жылы сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген жоқ. Аталған стратегияның орындау барысында және қызметтік көлікті қоғамдық бақылауға алу мақсатында арнайы белгілер орнатылды.

Округ әкімі аппаратымен әскери қатарына шақыру жұмыстары жүргізілуде. Көктемгі әскери қатарына шақыру бойынша 23 адам қамтылып, 3 адам әскери борышын атқаруға жіберілді. 2017 жылы Бесқарағай аудандық қорғаныс бөліміне 2000 жылы туған 5 азамат тіркелді. Округ бойынша әскери міндеттілер саны 91 адам, оның ішінде 11 адам офицер.

Округ аумағында 2 мұсылман мешіті жұмыс істейді. Мектептерде «Құзырет және діни таңу негіздері» атты оқу пәні жүргізіледі.

Округ аумағында конфессионалдықаралық жағдай тұрақты, миссионерлық қызмет көрсетушілері жоқ және жастардың бүлдіргіш діни секталарына кіргені тіркелген жоқ.

Денсаулық тұрмыс салтының өмірін насихаттау мақсатында және жастарды спортқа тарту мақсатында округте 2 спортзал және стадион жұмыс істейді. Округтің жастары аудандық және облыстық, спорт және мәдени іс- шараларға белсене қатысады.

Сосновка орта мектебінің қыздары аудан құрама камандасына кіріп 2017 жылы Өскемен қаласында 2001-2002 жылдағы қыздар арасында волейбол жарысына қатысып, бірінші орынға иеленіп, облыс чемпионы атағын қорғады.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП

2017 жылы округ аумағында 7 қылмыс тіркелді, тіркелген қылмыстардың 2 ашылған,2- жұмыс өндірісінде, 3- ашылған жоқ.

Барлығы 113 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 31 кішігірім бұзақылық, 37 жол жүрү ережесін бұзғандар және 65 қоғамдық тәртіпті бұзғандар.
СЫН- ЕСКЕРТПЕЛЕР МЕН ҰСЫНЫСТАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРУЛУ БАРЫСЫ

Сын- ескерпелер мен ұсыныстар бойынша 2017 жылдың 21 қаңтарында округ әкімінің есеп беруі кезінде 2 сұрақ түсті, олар:

1- Қоянбай ауылында көше шамдарын орнату. «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша Қоянбай ауылына көше шамдары орнатылды.

2. Қоянбай ауылынан РФ дейін облыс маңызындағы автомобиль жолдарын ұстау. Автомобиль жолдарын ұстау бойынша «Нурымжан» ШҚ-мен келісім- шарт жасалды.



2018 жылға тапсырмалар

  1. «Қоянбай орта мектебі» КММ ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу

  2. Ерназар ауылының орталық саябағын абаттандыру

  3. Су құбырларын тарту.

  4. Қоянбай ауылынан РФ дейін облыс маңызындағы автомобиль жолдарын ұстау.



Округ әкімі А.Сапарова
жүктеу 92,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау