3 Тарау Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға құқықтық сипаттама



жүктеу 0,71 Mb.
бет16/26
Дата29.04.2020
өлшемі0,71 Mb.
#30104
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Экон.кылм Word

203-бап. Бағалы кағаздарды ұстаушылар тізіміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу

Бұл қылмыстың тікелей обьектісі-бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімін жүргізу сияқты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында бағалы қағаздар рыногы саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастар (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңының 28-бабы).

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімін жүргізу қызметі дегеніміз-белгілі бір күнгі бағалы қағаздың меншік иелерін анықтауға мүмкіндік беретін дерекерді жинақтау, бекіту, өңдеу, сақтау және ұсыну қызметі. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі құжатталған немесе құжатталмаған нысандарда шығарылған атаулы бағалы қағаздарға қатысты жүргізіледі (34-баптың 1 және 3-бөлігі).

Ол бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін жүргізуге уәкілетті, бағалы қағаздар рыногының кәсіпкер қатысушысы бола алады. Фонд биржасындағы ондай тұлға-тіркеуші болып табылады, ол тиісті қызмет көрсету жөніндегі тіркеушімен шарт жасасқан эмитенттердің құнды қағаздарын ұстаушылардың ғана тізілімін жүргізеді. Егер ондай шарт жасалмаған болса, ондай бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін бағалы қағаздардың номиналды ұстаушылары жүргізеді.

«Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу туралы» 1997 жылғы 5 наурыздағы Заңның 6-бабына сәйкес тіркеушіге мынадай міндеттер жүктелген: бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізуге байланысты қызмет көрсету және бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу. Ол жұмыс шарт негізінде, бағалы қағаздарды ұстаушыларын тізілімін жүргізу жүйесін құрайтын деректерді жинақтау, тіркеу, өңдеу, сақтау және ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар тіркеуші: бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді және бағалы қағаздың қиындық фактілерін тіркейді, бағалы қағаз ұстаушыларының бағалы қағазға құқығын растайды, белгілі бір күнгі ұстаушылар санын анықтайды, тізімдерін жинақтайды, жүргізеді және сақгайды; эмитенттің тапсырмасы бойынша тізімде тіркелген бағалы қағаз ұстаушыларына хабарлама және ақпараттық хабар таратады; айналымдағы бағал қағаздар көлемімен эмиссияның тіркелген параметрлерінің сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады, заңда белгіленген тәртіпте, эмитенттің шешімі бойынша бағалы қағаздармен глобальды операциялар орындайды; эмитентпен шартта көзделген және Қазақстан Республикасының зандарына қайшы келмейтін қызметтер көрсетеді (9-бап).

Бұл қылмыстың қосымша обьектісі-бағалы қағаз ұстаушылардың меншігі, себебі, тізімі-бағалы қағаз иелерінің құқығын растаудың бір тәсілі болып табылады («Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңның 8-бабы).

Қылмыс заты-бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі-бағалы құнға жасалынады және ол ұстаушыларды, сондай-ақ оларға тиесілі бағалы қағаздардың түрін, номиналды құнын және санын теңдестіруге мүмкіндік береді («Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу туралы» Заңының 8-бабы).

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін эмитент немесе эмитентпен жасалған шартқа сәйкес тіркеуші жүргізеді («Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңның 34-бабының 4-бөлігі).

Бұл қылмыстың обьективтік жағы бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне көрінеу жалған мәліметтер кіргізу сияқты белсеңді әрекеттермен, бағалы қағаздарға құқықтың ауысуы сияқты қоғамға қауіпті зардаптармен, сондай-ақ осы әрекеттер мен зардаптардың арасындағы себептік байланыспен сипатталады, яғни бұл қылмыстардың құрамы-материалды.

Қылмыс субьективтік жағынан тікелей ниет түріндегі кінәмен сипатталады. Айыпты өзінің бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізіліміне көрінеу жалған мәліметтерді, яғни бұрмаланған, қате ақпаратты енгізгенін түйсінеді және соны қалады қоғамға қауіпті зардабы бойынша бұл қылмыстағы кінә тікелей ниетпен де, абайсыздықпен да болуы мүмкін.

Бұл қылмысы үшін арнаулы субьектің-ұйымның лауазымды адамы-тіркеушінің болуы қажет, ол-басшы, бас бухгалтер, бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың қорытындысы туралы есепке қол қойған тексеру комиссиясының төрағасы.

Бұл қылмыстың сараланған құрамы-ірі зиян келтіру.



Зиянның мөлшері ҚК-тің 189-бабына берілген ескертуде белгіленген.


жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау